Бюджеттік
қатынастар жүйесінде жергілікті
бюджеттерге маңызды орын беріледі.
Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды
жүзеге асыруда эор рөл атқарады.
Бюджеттен
тыс қорлардың арналымы арнаулы
мақсатты аударымдар мен басқа
көздер есебінен жеке нысаналы
шараларды қаржыландыру.
Мемл/к
кредиттің мазмұнын құрайтын
ақша қатынастары мемлекет қаржысының өзгеше бөлігі
боп табылады.
Мемл\к
қазына респуб/қ ж\е жергілікті
ұазына боп бөлінеді. Респуб/қ
қазына мыналарды қамтиды:
- Респуб/қ бюджеттің қаражаттары;
- Мемл/ң алтын валюта қаражаттары;
- Мемл/к меншіктің айрықша құқығының мүлкі /жер, оның қойнауы, өсімдік ж/е жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар/;
- Респуб/қ меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.
Жергілікті қазына
мыналарды қамтиды:
- Жергілікті бюджеттің қаражаттары;
- Коммуналдық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.
Үкіметтің экон/қ функцияларын орындаудың,
қоғамның өмір сүруінің әр кезеңінде оның
мақсаттары мен міндеттерін ижүзеге асырудың
негіздері ретінде «мемл/ң қаржысы» категориясының
рөлі мен маңызы білінеді.
Мемлекеттің экономикалық қызметі.
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам
дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси
құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге,
сыртқы факторларға қарай экономикалық
қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің
қоғамдағы экономикалық қызметі оның
мына функцияларында білінеді:
- Экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
- Монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
- Табыстар мен байлықты қайта бөлу;
- Экономиканы тұрақтандыру;
- Ресурстарды қайта бөлу.
Аталған функциялардың
іс әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы»
категориясын пайдаланумен байланысты
болып келеді: айтарлықтай дәрежеде бұл
байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші
және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе
табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде
айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды
қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың /үй
шарушылықтарының/ табыстарын теңестіру
үшін салық салудың, трансферттердің,
жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін
пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы
тұрақтандыру жөніндегі іс қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары
туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция
деңгейін бақылауды, сондай ақ экономикалық
өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды
қамтиды.
Экономикалық
ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта
нарықтық жүйенің жетілмегендігінен
барып туады:
- Бірқатар тауарларды өндірудің тепе теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;
- Ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.
Бірінші
жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің
бірқатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды
тікелей өндіруші немесе тұтынушылар
болып табылмайтын субъектілерде шығын
тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл
құбылыс «жанама нәтижелер» немесе «құйылымдар»
деп аталады және бұл шарушылық процестердің
қатысушылары емес адамдардың немесе
топтардың пайдалары немесе шығындары
болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы
ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің,
түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады.
Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының
бір бөлігін халыққа бөліп салады және
өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде
өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі
болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру
үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін
болады.
Құйылым шығындарын теңестіру
үшін мемлекет ұсынымды шалатын
мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:
- Қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
- Құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шарушылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе теңдіктің жай күйін қамтамасыз етеді.
Екі жағдайда да өнімге немесе
қызмет көрсетуге ресурстарды
тым көп бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру,
санитарлық профилактикалық шаралар,
медициналық көмек, ауа райын
болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер
көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл
игіліктерді нақты пайдаланушылар емес,
сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бқл
қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар
тек нарықтық сұранымды қалыптастырады,
ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге
дейін сұранымды толықтырады және қызмет
көрсетудің қажетті көлемін белгілейді.
Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге
ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін
сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі
мемлекеттің реттеуші іс қимылдары
сұраным мен ұсынымды көбейтуге
бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым
пайдаларын тудыратын тауарлар немесе
қызметтер көрсетуді сатып алу үшін қосымша
сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз
ету жолымен арттырылады, бұл олардың
шығындарын азайтады және өндірістерді
кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет қаржысының
қалыптасу көздері.
Мемл/ң қаржысы мемл/ң экон/қ,
әлеуметтік, саяси функцияларын
орындау үшін оны қажетті ақша
ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды
сферасы болып табылады және олар
экон/а мен социумдағы сан алуан өзара
байланыстарды қамтитын мемл/к сектордың
өндірістік ж/е әлеуметтік қатынастардағы
іс қимылымен байланысты.
Экон/қ
мәні жағынан мемл/ң қаржысы
мемл/ң, оның кәсіпорындарының
қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған
қаражаттарды мемл/т пен оның кәсіпорындарының
функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың
бір бөлігін бөлу ж/е қайта бөлумен байланысты
болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемл/т /өзінің билік пен басқару органдары
арқылы/, бір жағынан, жеке кәсіпорындар,
ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан,
бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері
болып табылады.
«Мемл/ң кірістері» мен «Мемл/ң
қаржы ресурстары» ұғымдарын
ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары уақыттың
бір мезетіндегі мемл/ң, кәсіпорындар
н/е шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі
ақша қорларының жиынтығы.
«Қаржы
ресурстары» ұғымы мазмұны жағынан
«мемл/ң кірістері» ұғымынан кең.
Мемл/ң кірістерінен басқа қаржы
ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын,
бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы
мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі
құрал жаюдықтарды /капиталдарды/ қалпына
келтірудің амортизациялық аударымдары,
айналымдағы қаражаттардың артығы, қуыным
мерзімі өткен кредиттік ж/е депоненттік
берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз
мүлікті /өлген адамнан қалған мүлікті/,
тәркіленген, мұрагерлік құқық бойынша
мемл/ке өткен, талап етілмеген /көліктегі
талап етілмеген жүк, талап етілмеген
депозит сомалары, таратылмаған пошталық
жөнелтім/ мүлікті өткізуден түскен түсімдер.
Бұл ақша қаражаттары /сондай ақ мүлікті
өткізуден түскен түсімдерде/ тура мағынада
табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты
белгілі бір қызметтің нәтижесі боп табылмайды.
Осындай себептерге байланысты әр түрлі
айыппұлдар, бересілер, өсім /өсімпұл/
кіріс боп есептелмейді. Мемл/к қарыздардан
түсетін түсімдер де қаржы ресурстары
/қарызды өтегенге дейін/ болғанымен мемл/ң
кірістері боп саналмайды, өйткені бұлар
қарыз қаражаттары. Қаржы ресурстарына
сондай ақ мемл/к сақтық органдардың қарамағындағы
қаражаттардың барлық сомалары жатады.
Мемл/к кәсіпорындардың тұрақты пассивтері
өсімнің сомалары ретіндегі ішкішаруашылық
ресурстар да мемл/ң кірістері боп саналмайды.
Сөйтіп, мемл/ң ұаржы ресурстары негізінен
мемл/ң кірістері мен басқа көздер есебінен
құралады.
Қаржы
ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің
барлық сомасын бөлу ж/е қайта
бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемл/ң
шығыстарын жабу бүкіл қаржы
ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
Мемлекеттің кірістері.
Мемлекет
қаржысының іс әрекеті кезінде
өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемл/к құрылымдардың
қарамағына қаржы ресурстарын
жұмылдыру ж/е қаражаттарды мемл/ң
әр түрлі қызметтеріне пайдалану.
Бұл процестердің алғашқысы өзінің
көрінісін мемлекеттің кірістері
ұғымында, екіншісі мемл/ң шығыстарында
табады.
Мемл/ң
кірістері деп экон/қ қатынастардың
жүйесін айтады, бұл қатынастардың
процесінде мемл\ң жұмыс істеуінің
материалдық базасын жасау үшін
мемлекеттің меншігіне түсетін
қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Мемл/ң
кірістері мемл/к кәсіпорындардың
қарамағына қаржы ресурстарын
қалыптастырумен байланысты болатын
қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бірге
жұмылдырылатын мемл/ң қаржы ресурстары
орталықтандырылған кірістер қатарына, мемл/к кәсіпорындардың
өарамағында қалғандары орталықтандырылмаған
кірістерге жатады.
Орталықтандырылған
қаржы кірістері негізінен салық
түсімдері, сыртқы экон/қ қызметтен
алынатын кірістер, халық төлемдері
есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың
өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан
құрылады.
«Мемл/ң
кірістері» мен «Мемл/ң қаржы
ресурстары» ұғымдарын ажырата
білген жөн. Қаржы ресурстары
уақыттың бір мезетіндегі мемл/ң,
кәсіпорындар н/е шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша
қорларының жиынтығы.
«Қаржы
ресурстары» ұғымы мазмұны жағынан
«мемл/ң кірістері» ұғымынан кең.
Мемл/ң кірістерінен басқа қаржы
ресурстарының құрамына кірістерге
жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге
пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді.
Мемлекет
кірістерінің көзі ұлттық табыс
боп табылады, ал қаржы ресурстары
жалпы қоғамдық өнімнің барлық
сомасын бөлу ж/е қайта бөлу
кезінде жұмылдырылады. Мемл/ң
шығыстарын жабу бүкіл қаржы
ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
«Мемл/ң кірістері» ж/е «мемл/к
бюджеттің кірістері» ұғымдары да бір
біріне тәң әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші
жағдайда қатынастардың неғұрлым кең
топтары туралы әңгіме боп отыр, өйткені
мемл/ң кірістері құрамына, мемл/к бюджеттің
кірістерінен басқа мемл/к кәсіпорындардың,
ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары,
мемл/к мүліктен алынған табыс, мемл/к
бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері
ж/е т.т. қамтылады, ал мемл/к бюджеттің
кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі
ғана кіреді.
Мемл/т
кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде
мемл\ң өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын
әдістеріне байланысты боп келеді. Нарықтық
эк/а жағдайында мемл/ң кірістерін жұмылдырудың
негізгі әдістері салықтар, қарыздар ж/е
эмиссия боп табылады.
Мемл/ң
кірістерін сыныптау олардың экон/қ мағынасын, құрамы
мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу
қағидаттарын, яғни мем\т кірістерінің
бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік
береді.
Меншік
нысандарын ұйымдық құқықтық
рәсімдеуге қарай мемл/ң кірістері
мыналардан тұрады:
- Мемл/к кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;
- Жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
- Халықтың салық төлемдерінен;
- Кооперативтік ж\е ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
- Қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу
сфераларына байланысты мемл/ң кірістері:
Материалдық өндіріс
сферасында қалыптасатын кірістер;
Өндірістік емес
сферада жасалатын кірістер.
Қаржылық мазмұны
бойынша мемл/ң кірістері:
Салықтық:
Салықтық емес.
Салықтық кірістерді
жұмылдыру жағдайында меншік
нысандарының ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері
бойынша кірістер орталықтандырылған
ж/е орталықтандырылмаған боп
жіктеледі.
Салық ұғымы.
Ұйымдық
құқықтық жағынан салықтар бұл
мемл/т біржақты тәртіппен заң
жүзінде белгілеген, белгілі бір
мөлшерде ж/е мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз
ж/е өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай
төлемдер.
Салықтардың
экон/қ мәні олардың өзінің
функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін мемл/т жұмылдыратын
ұлттық табыстың бір бөлігі
боп табылатындығында.
Салықтар
қаржының бастапқы категориясы боп табылады.
Салықтар
мемл/пен бірге пайда болды
ж/е мемл/ң өмір сүріп, дамуының
негізі боп табылады. Адамзат
дамуының бүкіл тарихы бойына
салық нысандары мен әдістері
өзгерді, игерілді, мемл/ң қажеттіліктері
мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар ақша
қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,
олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай
өрбиді. Мемл/т құрылымының өзгеруі, өркендеуі
әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен қабаттаса жүреді.