Каржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:56, курсовая работа

Описание работы

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.

Работа содержит 1 файл

каржы.doc

— 402.50 Кб (Скачать)

Бұл теорияға сәйкес салық  мөлшерлемесінің белгілі бір  шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің  өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған.

Американ ғалымдарының пікірі бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті  ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға  арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық төлемдері төмендейді.

 

Қаржы нарығының  құрамы мен құрылымы

Қаржы нарығы – бұл  ең алдымен дербес экономикалық категория  ретінде бағалы қағаздарды сату мен  қайта сату жөніндегі операцияларды  жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық инситуттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамсыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.

Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып  табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып  отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырп кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Ақша рыногы дегеніміз  қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем  қаражаттарының рыногы.

Кредит рыногы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының  қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы рыногында сатып  алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.

Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын  экономикалық қатынастар болып табылатын  бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады.Қор құндылықтарының –бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қр рыногы деп те атайды. Қор рыногы термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.

Қаржы нарығының  қатысушылары

Бағалы қағаздар рыногының  кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы  құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы құралдарының түрлері бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.

Сауда-саттықты ұйымдастырушысының кірісі оның негізгі қызметінен алатын қаражат есебінен құрылады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:

Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелігіне кіргені үшін;

Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;

Бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін;

Ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай  жарналар мен алымдар алады.Биржадан тыс бағалы қаңаздар рыногының баға белгілеу ұйымы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу арқылы айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға. Бұл ұйымның негізгі мақсаты оның клиенттері арасындағы бағалы қағаздарға баға белгілеудің алмасу жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілейтін ұйымның клиенттері бола алады.

Қаржы рыногының жұмыс  істеуі мемлекеттік реттеуді талап  етеді. Ол бағалы қағаздар рыногының  субъектілер қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік-құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді элементтердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау мен олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функциялардағы жүзеге асырушы уәкілетті орган Ұлттық банктің құрамындағы Бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол эмитенттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктағы әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде.

Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері

Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және и-ң түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады: Бағалар өсуінің қарқыны б/ша: баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде, өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде, әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде. Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі б/ша: теңдестірілген и-я кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген и-я кезінде олардың бір біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады. Болжаулық дәрежесіне бай/ты: күтілген, болжалды және күтілмеген. Шығу немесе п.б. орнына қарай: импортталынған және экспортталынған. Сұраным и-сы заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен бай/ты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары б.т. Шығындар и-сы кәс-ң еңбекке ақы төлеуге, кредиттер б/ша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі и-ны тудырады. Импортталатын и-да шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Экспортталатын и-я тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады

Қор биржасы

Қор биржасы – акционерлік  қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында  құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметіне өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.

Қор биржасы:

1) сауда жүйелерін  пайдалану және қолдау;

2) қор биржасының тізіміне  бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып  отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін(жіберілген) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдыарына талап қою;

3) қор биржасында айналысқа  жіберілген бағалы қағаздармен  және өзге де қаржы құралдарымен  мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда –саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;

4) өз мүшелеріне ұйымдық,  консультациялық, ақпараттық және  өзге де қызметтер көрсету;

5) бағалы қағаздар  рыногы және өзге де қаржы  құралдары мәселелері бойынша  талдамалық зерттеулер жүргізу;

6) банк заңнамасында  белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қор биржасы бағалы қағаздардың  қайталама рыногының ұйымдастырушысы  болып табылады. Биржада бағалы қағаздарың ескі шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор биржасы инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.

Қор биржасы заңнамаға  сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен  биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында  лицензия алады.

Бағалы қағаздар эмиссиясы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары

Бағалы қағаздардың  эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды  қалыптастыру немесе қарыз қаражатын  тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.

Бағалы қағаздарды айналысқа  шығару – эмиссия –бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне – инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.

Бағалы қағаздар эмиссиясы:

1) акционерлік қоғам  құрған кезде және акцияларды  оның құрылтайшылары арасында  орналастырған кезде;

2) акциялар шығару  жолымен акционерлік қоғамның  бастапқы жарғылық капиталының  мөлшерін көбейткен кезде;

3) облигациялар және  басқа борыштық міндеттемелер  шығару жолымен мемлекет, заңи  тұлғалар, жергілікті билік органдары  қарыз қаражаттарын тартқан кезде  жүзеге асырылады.

Эмиссиялық бағалы қағаздар –бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып бөлінеді. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнінен қстаушының құқықтарын куәландыратын ээмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз –Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық объектісі  ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.

Бағалы қағаздардың  эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.

Бағалы қағаздар рыногының  қатысушылары жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзін-өзі реттейтін  ұйымдар болып табылады.

Инвесторлар -өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институтық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.

Эмитенттер – қолданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғалар.

Бағалы қағаздар рыногының  кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционерлік  қоғамның ұйымдық - құқықтық  нысанында  жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби өкілдеріне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

Брокер – бағалы қағаздар рыногының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді.

Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарт құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.

Кастодиан – бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды  және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады.

Информация о работе Каржы жүйесі