Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:56, курсовая работа
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.
Қаржының несиемен тікелей байланысты. Несиелік ресурстардың қаржы ресурстарын қалыптастырудағы көрінісінен көруге болады. қаржылық ресурстар шаруашылық жүргізуші субъектілердің айшалай қаражатқа деген қажеттілігін күнделікті қанағаттандырады, ал несиелік ресурстар уақытша қанағаттандырады. Қаржының көмегімен банктерде несиелік ресурстар пайда болады.
Қаржы ресурстары мен қорлары
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшылықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырылып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Қаржы ресурстары-бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориядан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары-қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері.
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді:
Оталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Орталықтандырылмаған қаржы ресустары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы және қоғамдық ұдайы өндірістегі оның орны туралы түсінік
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әртүрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің айрықша керектігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырлуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі(табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы- қоғамдық өнімнің –натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуның екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, несие және басқалары пайдалынады.
Қаржының айырышылықты белгілерін атаңыз
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші мен феодалдық формацияға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сиптта болады. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Қоғамдық өнімді алғашқы бөлу және оны қайта бөлу процесі қалай көрінеді?
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғмдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің к үрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлдерді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ
аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді
мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық-
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Несиелік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қаржы-несие жүйесінің түсінігі
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экон-қ тұрғыдан: ол мем-те іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара бай/ты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Қаржы қат-ң п.б. кезінде қаржы жүйесі, тек бір ғана буынмен: мем-к бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ң қаржы жүйесін екі негізгі буын: мем-к бюджет пен жерг қаржылар құрады.
Қаржы қатынастары негізінен мына 2 сфераны қамтиды: 1,мем-к бюджетке жинақталатын мем-ң орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен бай/ты болатын эк-қ ақша қат/ры, 2,кәс-ң орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экон-қ ақша қат/ры.
Қаржы жүйесін қаржы
суб-ң белгісі б/ша
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары
Қаржы жүйесін құрудың енгізіне мына қағидаттар қойылған:
1.Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мем-к қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және ш.ж.суб-ге кең құқық пен дербестік берілген. Салалық қаржыларды басқарудағы демокр-қ негіз ш.ж. органдарға капиталды бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
2.Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Қаржы жүйесін құрудағы ұлттық теңдіктің көрінісі мем-к қаржы органдары құрылымының ұлттық-мем-к және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мем-де бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.
3.Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мем-ң жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр.
4.Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мем-к бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды респ-ң Қаржы министрлігі мен эк-а және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады. Бюджеттен тыс қорлардың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
5.Ұлттық шар-ты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар деңгейінде де, сондай-ақ төменгі деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады. Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен аралас, кооперативтік, қоғамдық кәс-р мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері қамтып көрсетіледі.
Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қаз-ң әл-к-эк-қ дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қам/з ету, өндірістің барлық буындарында шар-қ-ком-қ есепті нығайту б.т.
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің міндеттері
ҚР қаржы жүйесінің қазіргі жағдайдағы басты міндеті- Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуын тұрақтандырып,одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту,ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету,өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есепті нығайту б.т.Қаржы және бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі ұлттық табысқа,макро және микроэкономика кәсіпорындарының,фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал- ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.Қаржы міндеттерінің ішінде инвестицияларды оңтайластыру,басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту,шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режимін қатаңдандыру қажет,экономиканың төменгі деңгейінде залалдылықты болдырмау,коммерциялық есепті дамыту,қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
Әлеуметтік - экономикалық процестегі қаржы саясаты мен қаржы механизмінің мәні және маңызы
Қаржы саясаты- бұл қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі,қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты,оның нақтылы нәтижесі.
Қаржы саясаты өзіне бюджет,салық,ақша,кредит,баға және кеден саясатын қамтиды.Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып,перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған,ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отьрады.Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды.Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады,оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады,қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді.Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.