Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:56, курсовая работа
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.
Қаржы ұғымы
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен шыққан) ұғымын әдетте «ақша» деп түсінеді, бірақ қаржы деп мемлекеттік түрде ұйымдастырылған ақша қаражаттарының жиынтығы. Алғашында ежелгі Римде тұрғылықты халық пен мемлекет арасындағы төлемдер түрінде пайда болған, кейіннен қаржы ұғымы кең таралып мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ұғымын білдіреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың («Афин
республикасының кірістері
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацмяланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы-ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының ақшадан мазмұны
жағынан да, функциялары жағынан
да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен
ассоциацияландырылған
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы-бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Инфляция іс-әрекеттерінің факторлары
Инфляция /и/ - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі,тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.
И-ң ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақщаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шар-қ сәйкестігінің бұзылуы,экономиканың циклдік дамуы,өндірістің монополизациялануы,инвест-ң теңгерімсіздігі,әл-к-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мем-к қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мем-к борыштың өсуі,ақша эмиссиясы, ақша айналысының жылдамдығының артуы нәт-де несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік
құрылымдық дағдарыстар, басқа
елдерге и-ны экспортқа
И-ң іс-әрекетін
қаржы проблемаларымен
Белгілі бір салық
нысандары мен әдістерін
Нарықтық экономика
кезінде қаржы и-қ процеске
бірқатар факторлар арқылы
Бірінші фактор
– мем-т шығыстарының өсуі, бұл
ерекше төлейалушылық
Қаржының қажеттілігі мен экономикалық мәні
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процессіндегі рольі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты ақша-тауар қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының мәні – бұл шрауашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстары мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процессінде пайда болатын ақша қатынастарын айтады.
Ақшаның қажеттілігі объективті мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттілігін ескере отырып оларды пайдаланудың әр-түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беру үшін қажет. Бұл мақсатта арналымның ақша қорларының қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалынатын ақша ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайда ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процесстерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазыр жалпы ішкі өнімнің 20%-дан астамын және жиынтық қоғамдық өнімнің 10% (Қазақстан бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аймақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Қаржының функциялары мен рөлі
Қаржының функциясы қаржының экономикалық табиғатын ашады. Қазіргі уақытта қаржы функциясына байланысты екі тұжырымдама бар:
Бөлгіштік тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының екі функциясын айқындады:
1. бөлу функциясы
2. бақылау функциясы
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі-ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесі. Бөлу функциясы қоғамдық өнімді бөлу кезінде алғашқы және кейінгі немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде қаржы басқа экономикалық категориялармен-бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы-Қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен-кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Несиелік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қаржының бөлгіштік функциясы а
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы-бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп саналады, олардың пікірінше қаржы үш функцияны атқарады:
1. құру функциясы (ақшалай табыстар мен қорларды жасау)
2. пайдалану функциясы
(ақшалай табыстар мен
3. бақылау функциясы
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.
Қаржылық бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржылық бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асуымен және оның жай-күйімен, белгіленген нормалар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен байланысты болуы мүмкін.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
Қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізіледі. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
Қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының(пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;
Кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара әрекеттестігі
Қоғамдық өнімді бөлу
процесі өте күрделі, мұның барысында
өндірісте жасалған құн шаруашылық
жүргізуші субъектілер
Баға құндық бөліністің ең басты категориясы, өйткені ол еңбек бөлінісінің натуралдық-заттық бөліністен ақшалай түрін белгілейді. Баға арқылы өнімді өткізуден түскен табыс пайда болады. ал қаржы арқылы бұл табыс қорларға бөлінеді.
Қаржы жалақымен де тығыз байланысты. Материалдық өндіріс саласында жалақы қоры өнімді өткізуден түскен табыстан қаржы арқылы бөлінеді. Ал өндірістік емес салада жалақы қоры бюджеттік қорлардан алынады және бюджеттің қаржылық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.