Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Германия әлемдегі қарттығы айқын байқалатын елдердің бірі. Мұндай жағдайда жұмыс істеуші халықтың зейнетақы жарналарының тұрақты өсуін шарттастырады. Сондықтан зейнетақы аударымдарының бір бөлігін (50 пайызға дейінгі) жұмыс берушілер алады. Бұл жағдай немістерде зейнеткерлікке кететін 65 жасқа дейін жалғасады.

Латвия зейнетақы реформаларының негізгі мақсаты – бұл алдағы кезең уақыттарына төленген жарналарға тәуелді қарттық бойынша зейнетақы мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында жеке жарналарға негізделген қаржылық тұрақтылық пен тиімді әлеуметтік сақтандырудың зейнетақы жүйесін құру. Латвиядағы зейнетақы жүйесінің реформасы басқа да ТМД елдеріндегі сияқты халықтың қартаюының үдемелі үрдісімен байланысты туындайды.  

 

13-тақырып: Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар

1.Қаржы делдалдығы туралы түсінік

2. Қаржылық  делдалдардың негізгі санаттар

 

Қаржы нарығының тауарлы сату-сатып алу, мәселен, белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарының келісілген сомасын қайтару секілді қаржылық міндеттемелермен жүзеге асады. Несие берушінің қаржы міндеттемесіне ие болуы үшін оның белгіленген мерзімде нақты ақша қаражаттарын алатын құқыққа ие болуы керек.

Мұндай міндеттеме қаржылық талап деп аталады. Оны делдалдар түпкілікті инвесторға бұдан былай тартымды болмайтындай етіп қайта құрады. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалды, ал оны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Олардың көмегі арқылы несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қиындықтар жойылады. Олар тікелей қаржылық талапты сатып алып, оны басқа сипаттамасы (өтеу мерзімі, номинал құны) бар тікелей болмайтын талапқа айналдырады да сатады. Түрлендірудің мұндай процесі делдалдық атауына ие, ал субъектілер қаржылық делдалдар немесе қаржы институттары деп аталады.

Қаржылық  делдалдар көптеген артықшылықтарға  ие. Ең алдымен, олар өз ісін жетік білуге қарай мәмілелерді ауқымының тиімділігі есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөлшерде жүзеге асырады. Екіншіден, қаржылық делдалдар трансакциялық шығындарды оңай азайтады. Үшіншіден, олар ақпаратқа қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар оның шынайылығын оңай анықтай алады.

Қаржылық делдалдарға уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарына мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржылық делдалдардан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады.

Төртіншіден, делдалдар иесие нарығының қауіпін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа қарай немесе басқаша жолмен бірлестірілген несиені беру барысында несие берушілерге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті әртараптандырады. Қаржы делдалдары болмаса, несие қауіпі жоғарылап кетеді. Тек делдалдар ғана қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін жүйені жасайды және өз қызметін тарататын жүйені ұйымдастырады, оның бұл әрекеті де несие қауіпі мен несиелеу шығынын кемітеді.

Бесіншіден, қаржы институттары өз клиенттерінің өтімділік деңгейінің тұрақты болуын және қолма-қол ақшаны алудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді, өйткені қаржы институттарының өздері қолма-қол ақша формасында өз активтерінің белгілі бір үлесін ұстау мүмкіндігіне ие. Екінші жағынан, мемлекет кейбір қаржы институттары үшін өтімділікті реттейтін заң нормаларын белгілейді. Мәселен, коммерциялық банктер үшін резервтеудің нормативтері арқылы орталық банктің және кассаның шоттарында ақша қаражаттарының ең аз шамасындағы қалдығын қолдау заңмен қамтамасыз етіледі.

Тәжірибеде  қаржылық делдалдардың мынадай топтары бөліп көрсетіледі:

  • депозит типіндегі қаржы мекемелері;
  • жинақ мекемелері;
  • инвестициялық қорлар;
  • басқа да қаржы ұйымдары.

Осылардың ішінде депозит типіндегі қаржы мекемелері кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар жатады.

Қаржы нарығында бос ақша қаражаттарды уақытша тарту және әр түрлі несиелерді беру бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктер маңызды рөл атқарады. Елдің ақша-несис жүйесінде маңызды орын алатындықтан оларды мемлекет қатаң бақылап отырады.

Сондай-ақ қаржы нарығында ұсақ жинақтар мен табыстарды шоғырландыратын жинақ мекемелері де маңызды орын алады: жинақ банктері мен кассалары, өзара жинақ банктері (АҚШ-тағы әр түрлі кооперативтік банк мекемелері), сенім-жинақ банктері (Ұлыбритания), ссудалық-жинақ қауымдастыктары (АҚШ), несие кооперативтері (одақтар, қауымдастықтар).

Жинақ банкі  — бұл кассалық есеп айырысу қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыратын, бағалы қағаздар мен операцияларды, еркін айырбасталатын валютаны сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомаға салым ақшаны қабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі.

Келісімшарт негізінде әрекет ететін жинақ мекемелеріне сақтандыру компанияларын және зейнетақы қорларын жатқызуға болады. Олар сақтандыру полисі иелерінен және зейнетақы қорында шоты бар азаматтардан қаржыны тұрақты алуымен, яғни тұрақты қаржы ағынына ие болуымен сипатталады және қаражатты табысы жоғары болатын ұзақ мерзімді қаржылық құралдарға инвестициялай алады.

Инвестициялық қорлар өздерінің бағалы қағаздарын (акцияларын, инвестициялық пайларын) инвесторға сатады және алынған қаражатты тікелей қаржы міндеттемесін сатып алу үшін пайдаланады. Олардың негізгі түріне өз пайын инвесторға сататын және түскен қаражатқа көбінесе акциялар мен облигацияларды сатып алатын пай (өзара) қорлары жатады. Пайдың құны өзгеріп отырады (әдетте, өседі) және бұл инвесторға, егер ол пайды пай қорына сататын болса, табыс алуына мүмкіндік береді.

Экономикасы дамыған елдердің қаржы нарығында  пай қорларының маңызы жоғары. Мәселен, АҚШ-та ең серпінді дамып келе жатқан инвестициялық қорға алғаш рет 1972 жылы пайда болған ақша нарығының пай қорлары жатады. Олардың айырмашылығы мынада: оларды номинал құны 1 млн доллар және одан жоғары болатын және төлемсіздік тәуекелі төмен қысқа мерзімді бағалы қағаздарға инвестициялайды. Көптеген инвесторлар мұндай бағалы қағаздарға олардың құнының жоғары болуына байланысты қол жеткізе алмайды. Ақша нарығының пай қорлары ұсақ инвесторларға нарықтың пайыз мөлшерлемесі бойынша өз салымынан табыс алуына мүмкіндік береді және мұнда қаражаттың қайтарылмай қалу тәуекелі аз болады.

Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі типтегі қаржылық компаниялар жатады. Олар ақша қаражаттарының негізгі бөлігін қысқа мерзімді міндеттемелерді коммерциялық қағаз түрінде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтік актілерімен реттеледі:

Қаржы компанияларының мынадай түрлері бар:

  • несиелік және лизингтік операцияларға мамандандырылған компания;
  • бөліп-бөліп төлеу құқығымен тұтыну несиесін  беруші компания;
  • бөлшек сауда кәсіпорындарына несие беруші компаниялар.

Қаржы делдалдарымен  жүзеге асыратын операциялардың мөлшері артып келді. Бұл арада дамыған елдерде қызмет мөлшерінің салыстырмалы түрде өзгергені және бір мезгілде жекелеген қаржылық институгтардың актив мөлшерінің де салыстырмалы түрде өзгергені байқалады. Мәселен, АҚШ-та соңғы 30 жылдың ішінде өзара және мемлекеттік зейнетақы қорларының үлесі айтарлықтай өсіп, ал депозиттік институттардың үлесі кеміп кеткен. 1975 жылы қаржылық делдалдардың жиынтық қаржы активтерінде коммерциялық банктердің үлесі 40%-ды құраса, 1998 жылы ол шамамен алғанда 27%-ға дейін кеміген, ал өзара қордың үлесі 2-ден 19%-ға дейін өскен. Банк жүйесінен ақша-несие ресурстарының құйылуына тек нақты нарықтық күштер ғана емес, сонымен бірге өзіндік капитаддың мөлшеріне қатан талап қойған және сақтандыру шығындарын арттыру бойынша ережесі белгіленген АҚШ банктерінің өз саясаты да әсерін тигізеді. Қазақстанда соңғы жылдары қаржы делдалдарының нарықтағы үлесі айтарлықтай өсті. Мұнда 2000 жылға дейін оның негізгі көпшілігін коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары құрса, соңғы жылдары әр түрлі несие серіктестіктері мен қаржы компанияларының саны біршама артқан.

 

14-тақырып: Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

 

1. Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны.

2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер эмитенттер мен инвесторлар ретінде.

3. Коммерциялық банктердің брокер-дилерлік қызметі. Банктердің кастодиандық қызметі. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары.

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан нарығында қаржылық институттар, қаржылық делдалдық қызметті орындаушы  жүйе қалыптасты. Солардың бірі банктер.

Қазіргі кезде коммерциялық банктер – бұл заңды тұлғалар, ҚР заңнамасы негізінде депозиттік, кассалық, аударым, ссудалық және басқа операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым.

Банктер қызметіне байланысты екіге бөлінеді:эмиссиондық және эмиссиондық емес.

Эмиссиондық – бұл  орталық банк, ақша белгілерін айналымға шығару құқы бар.  Әр елде ол әр түрлі аталады: халық, ұлттық, орталық, резервтік. Қазақстанда бұл ҚР ҰБ. Оның басты міндеті ақшаны айналымға шығару, банктер арасында ақша саудасы тауарлары, банк жүйесіндегі несиелік және есеп айырысу қызметін басқару. Ол мемлекеттің банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.

Басқа барлық банктер  эмиссиондық емес, айналымға ақша шығару құқы жоқ.

Банк, депозиттер түрінде  жатқан уақытша бос ақшалай ресурстардың қайта бөліну қызметін жүзеге асыра  отырып, жеке немесе заңды тұлғаларға несиелерді ұсынғанда, артық ақша қаражаттарын иеленушілер мен оларда уақытша тапшылық сезіп отырғандар арасында делдал ролін атқарады.

Сатып алушыдан сатушыға, басқаша айтқанда, қарыз алушыдан қарыз берушіге ақшалай қаражаттарды аудару, яғни қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асыру банктің орындайтын бірден-бір негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Ақшалай қаражаттардың қолма-қол айналымы вексель, чек, төлем карточкалары, әр түрлі типтегі төлем құжаттары тәрізді қаржылық құралдары арқылы орындалуы мүмкін. Бүгінде банктер олардың көптеген түрлерін ұсынуда. Есеп айырысулардағы делдалдық- әмбебеп коммерциялық банктердің жүзеге асыратын анағұрлым көлемді де күрделі қызметі б.т. Сол себепті бүгінгі таңда банктер ел ішінде де сондай-ақ, оның шекарасынан тыс та ақшалай соммалардың әр түрлі түрдегі аударымдарын жүзеге асыруда.

Қаржылық делдал ретінде  банктер келесідей операцияларды  орындайды: 1. несмиедегі делдалдық, 2. есеп айырысулардағы делдалдық, 3. кастодиандық қызмет, 4. брокерлік-дилерлік қызмет және т.б.

Банктер биржаның үздіксіз қатысушылары б.т. Олар өз бетінше, яғни дербесм биржалық операцияларды  ұйымдастыруды, бағалы қағаздардың  саудасы бойынша операцияларды  орындауы мүмкін.

Коммерциялық банктер  өз клиенттеріне әр түрлі сипаттағы депозиттер түрінде ақшалардың сақтаудың ыңғайлы формасын ұсынып отыр. Ал бұл өтімділіктегі клиенттің қажеттілігін қанағаттандырып, ақшалардың саққталымын қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек банк өз қызметінде пассивтік және активтік операцияларды, жеке (меншікті) операцияларды жүзеге асырады.

Пассивтік операциялар  банктердің меншікті, тартылға немесе эмиссияланған қаражаттары арасында өз ресурстарын қалыптастырумен  байланысты.

Меншікті қаражаттарға акционерлі, резервті капитал мен  бөлінбеген табыс жатады. Олар маңызды ролді ойнайды, өйткені меншікті капиталдың үлесмін тиөмендету, кейбірде, банктердің банкроттыққа ұшырауына алып келеді. Коммерциялық банктердің активті операцияларын жүзеге асырудың негізгі көзі тартылған қаражаттар болып табылады.

Банктің негізгі тартылған ресурстары ретінде әр түрлі депозиттер шығады, оларды клиенттердің барша салымдары деп түсіну қажет. Депозиттерге салынатын қаражаттардың шығу көздері түрліше болып келеді. Бұл кәсіпорын шоттарындағы, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы шоттарыдағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар шоттарындағы уақытша бос қаражаттар.

Банктерде күнделікті төлем  операцияларын жүргізу қомақты  шығындарды бөлуді талап етеді. Бірақ  талап етуге дейінгі шоттарды иеленетін клиенттер ондағы бар  ақша қаражаттарды көбіне толық көлемде пайдаланбағандықтан шығындар, қалайда болса төмен не жоғары дәрежеде өтеледі. Банктерде өздерінің коммерциялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін тартылатын «қатты» қолдығы болады, яғни ол пайда табу мақсатымен белгілі бір көлемде қарызға не қысқа мерзімге несиеге берілуі мүмкін.

Банктік ресурстардың маңызды  бір көзі ретінде банкаралық несиелер, яғни басқа банктерден алынған ссудалар шығады. Олар коммерциялық банк, вексельдерді қайта есептеу немесе кепілге  қалдыру формасында Ұлттық банктен ала алады.

Контокоррент – бұл  клиент пен банк арасында барлық есеп айырысу және несиелік операцияларды  жүргізуге мүмкіндік беретін  бірыңғай шот. Клиентте қаражаттар бар  болған жағдайда пассивті б.т., ал болмаған жағдайда, яғни клиент банкке төлем тапсырмасын немесе чекті жазып бергенде, шот активті болады.

Банктер өздері неғұрлым ұзақ кезең пайдалана алатындай  клиенттің қаражаттарын тартуға  ерекше қызығушылық танытады. Оларға банктің эмиссияланған қаражаттары: облигациялық займдары, банктік вексельдері және т.б. кіреді.

Активті операциялар  банктің ресурстарын орналастырумен байланыцсты. Бірінші кезекте, оларға несиелік операциялар кіреді.

Вексельдік операциялар  вексельдерді есепке алу және оларды кепілге ала отырып несиелеу операцияларына бөлінеді.

Вексельді есепке ала  отырып, банк, оның иеленушісі болады және оны есепке алуға эмиссиялаған немесе ұсынған тұлғаға белгілі бір  ақша сомасын төлейді. Бұл операциясы үшін банк клиенттен есепті пайыз  немесе дисконт деп аталатын белгілі  бір пайызды ұстап қалады.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері