Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция
Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері
Валюталық операциялардың көбісі төмендегідей типтерге бөлінетін келісімдер шеңберінде жүзеге асады:
Шұғыл келісімдер – бұл келісімге отыру уақыты мен оны орындау уақыты бір-біріне сәйкес келмейтін келісімдер, яғни жүзеге асыру шарттары мен баға бүгін келістіріліп, ал операция тікелей белгілі бір уақыт өткеннен кейін болашақта орындалады. Форвардтық келісім белгілі бір мерзім өткеннен кейін, алдын ала анықталған бағада, алдын ала белгіленген валюта санын (көлемін) сату немесе сатып алуды көздейді.
Кассалық – бұл
келісімді жасау уақытынан
«Своп» келісімі айырбас операциясы болып табылады. Ол өз ішіне «спот» шарттарының негізінде валютаны сатып алуды және оны бір уақытта «форвард» шарттарының негізінде сатуды қамтиды. Сонда бұл жерде «ұзын» да, «қысқа» да позиция пайда болмайды, себебі валютаны алу мен оны сату бір уақытта орындалады.
Арбитражды келісімдер – бұл пайда табу мақсатында қатысушылардың әр түрлі валюта нарықтарында орнатылатын валюта бағамдарындағы айырмашылықтарды пайдалана тоырып жүргізетін операциялары. Арбитражды келісімдер кеңістігі мен уақыты бойынша валюталық арбитраждар күрделі және қарапайым, пайыздық болып бөлінеді.
ҚР-ның валюталық заңнамасының негізі «Валюталық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы», «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы», «Банктер мен банктік іс туралы» Заңдар және өзге де валюталық қатынастар жүйесіне тиесілі заң актілеріболып табылады.
Қазақстанда шектеу тарапынан валюталық операциялардың жүзеге асырылуын баұылау, сонымен қатар аталған тәртіпті анықтау, ескерту және оның алдын алу шараларын өкілетті мемелекеттік органдар – ҚР-ның Ұлттық банкі, ҚР-ның Қаржы министрлігі, ҚР-ның Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау жөніндегі Агенттігі, валюталық бақылау органдары жүзеге асырады.
Валюталық құндылықтарды пайдалану себебінен немесе соған байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу ережелерінің жиынтығы валюталық құқықтық арақатынас деп атайды. Құқықтық арақатынастың екі түрі бар: ішкі мемелекеттік және халықаралық.
8-тақырып: Әлемдік валюта нарығы
1. Әлемдік валюта нарығы, әлемдік валюта жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде.
Халықаралық валюта қатынасы – бұл әлемдік ақша қызметімен байланысты сыртқы сауда капиталы және жұмысшы күшінің миграциясы, табыс аударымы қарыздар мен демеу-қаржылар, ғылыми-техникалық айырбас сияқты әр түрлі халықаралық шаруашылықтың байланыс түрлеріне қызмет көрсететін экономикалық қатынастар. Егер елдің ұлттық валюта жүйесі ақша жүйесімен ұдайы байланыста болса, онда әлемдік валюта жүйесі, халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарының заңды формасын белгілейді. Оған алтын-валюта жүйесі халықаралық есеп айырысудың ақша бірлігі, халықаралық валюта өтімділігінің құрамы мен құрылымы, халықаралық несиелер және бағамдар режимі, валютаның өзара айналу шарттары кіреді.
Әлемдік экономистердің анықтамасына сәйкес, әлемдік валюта жүйесі әлемдік экономиканың дамуымен шарттастырылған және мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілген халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы болып табылады. әлемдік валюта жүйесінің анықтаушы элементтері болып табылатындар:
Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының негізгі мақсаты - өздері үшін «сәтті» операцияларды жүзеге асыру. Олар негізінен мынадай: валюта айырбастау алыпсатарлық және арбитражды, шетелдік инвестициялау, төлемдердің халықаралық трансферті (бір елден басқа елге ақша қаражаттары, пайда және басқа да валюталық құндылықтардың аударымы) түрлеріне бөлінеді.
Жаһандану нарығында әлемнің ірі қаржылық орталықтарында валюталық қызмет жүзеге асырылады:
9-тақырып: Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы
1. Жекешелендіру, экономиканы қайта құрастыру процессі ретінде. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.
2.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.
3.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.
Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттік аумақтық органдары жүзеге асырады.
Қазакстанда жекешелендіру процесін реттейтін құқықтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Казақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативтік актілерді қамтиды.
ҚР жекешелендіру бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:
Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.
Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11 000 нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.
Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.
Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алғанда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықгарды жарым-жартылай өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн аса купон кітапшалары таратылып, халықтың шамамен 90%-ы қамтылды. Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жекешелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық купондар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖИҚ) ғана салынатын болды. ЖИҚ өз кезегінде купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензияланған ЖИҚ қатыса алды .
Жаппай жекешелендіру бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Содан кейін 10%-ға дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар түрінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖИҚ үшін купондық аукцион арқылы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке ең көп шамада 39%-ы қалуы тиіс болды.
1994 жылдың мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды, онда номинал құны 1261,5 млн теңгені құрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.
Республика халқына берілген купондардың жалпы саны — 1,5 млрд, оның 1131,5 млн халық ЖИҚ-қа табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.
1996 жылдың басында
жекешелендірілген кәсіпорындар
Үшінші кезең — жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.
Мұндай тәсілдердің мақсаты — әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жекешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет үлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісімшарттарды жүзеге асыру көзделді.
Ауыл шаруашылығы салалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторында да жекешелендіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжымдастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.
Агросервис пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.
Қазақстан-2030 даму стратегиясында көзделген міндеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің жекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.
1999-2000 жылдарға
арналған меншікті
Кәсіпорындарды жекешелендіру олардың қызметіне оң әсерін тигізді. 15% жекешелендірілген нысан өкілдеріне сауалнама жүргізілді. Онда мына мәселелер қозғалды: жұмыс істеудің шарты мен әдістері, жұмыскерлердің материалдық өтемақысының деңгейі, басқару әдістері, салық салудың ережесі, үкімет органдарының араласуы және т.б. Сауалнаманың нәтижелері мыналарды көрсетіп берді:
Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері