Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Инвестициялық компания – бұл осы қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын  бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың қаражатын жабық инвестициялық қор. Өз акционерлерінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алуға міндетті болмайды, ал оның жарғылық капитаы жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз қосымша акцияларды шығару арқылы көбейтілмейді немесе акциялардың бір бөлігін өтеу арқылы кемітілмейді. Инвестициялық компанияның акциялары қор биржасында айналысқа түседі. Компанияның күн сайын акция бағасын белгілейтін міндеттемесі болмайды, артықшылығы бар акцияны шығаруға құқығы бар.

Үлестік және акционерлік  инвестициялық қорлары болып көрсетіледі.

  • ашық – пайды 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;
  • жабық – жарнашының пайда сатып алуға құқығы болмайды;
  • интегралды – пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алу керек.

Оның жарғылық капиталы құрылтайшылардың салым қаражатының үлестерінен құралады. Оның басқа қызмет түрлерін атқаруға құқығы болмайды, бағалы қағаздар ұйымдастырылға нарыққа түспейді.

Сонымен қатар акионерлік қор акцияларды айналысқа шығару жолымен жарғылық қорды қалыптастырады.

Инвестициялық қордың акционерлік формасының артықшылығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дағы секілді акцияны сатып алуды талап ете алады.Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы мынада: ол басқа қызмет түрлерін жүзеге асырмайды. Қордың бағалы қағаздары ұйымдастырылған нарықта айналысқа түспейді, ал жарғылық қор акиялардан құралады.

Қор инвестициялық стратегиясының сипатына қарай шартты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:

  1. Бағамдардың тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капиталды инвестициялаушы.
  2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.
  3. Қаржылық активтерді әртараптандырушы.
  4. Ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданушы.

Бірінші санатқа көбінесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын және тәуекелі төмен бағалы қағаздарға жатқызылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алатын ұжымдық инвестиция мекемесі жатады.

Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны және акцияны сатып алады. Мұндай компанияның клиенттеріне қаупі жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір бөлігін орналастыруға келісімін берген тұлғалар жатады.

Үшіншісіне әр түрлі  бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді қаражат  салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, өйткені бұл капиталдан айырылып қалудың қаупін азайтатын сенімді  әдіс болып табылады. Мұндай инвестициялық  стратегияны жүргізу үшін үлкен  капиталға ие болу керек.

Төртінші топ ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін  капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қысқа мерзімді инвестицияларды жүзеге асырады, тіпті  бір күндік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті де капиталдан айырылып қалудың қаупі аз болады. Портфелдік инвестицияның құрылымы мен мұндай инвестициялық қорлардың клиентурасы  әр түрлі – банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз ақшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеке тұлғалар мен фирмалар.

Әрбір елдегі инвестициялық қорлардың қызметі қор нарығының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Көптеген елдердің портфельдік инвестициясының құрамында акциялар емес, облигациялар мен қысқа мерзімді бағалы қағаздар басымдылықтарға ие.

Нарықтық экономикасы  дамыған мемлекеттерде көбінесе акция, мемлекеттік облигация, қысқа мерзімді бағалы қағаздар және т.б. секілді акцияның белгілі бір типтерін басқаратын маманданған инвестициялық қорлар көптеп кездеседі. Мысалы, ипотека қоры, корпорация облигациясының қоры, ұзақ мерзімді муниципалдық бағалы қағаздар қоры, қаражатын кәсіпорын акциясына салатын өсім қоры, опциондық табыс қоры кездеседі. өздерінің бағалы қағаздар портфельінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін олар эмитенттің бағалы қағаздарына салым ақшаны аз салады немесе шектейді. Қауіптің деңгейін осылайша азайтады. өнеркәсіп компаниясының акциясына қаражат салынар кезде оның салалық әртараптандыруы (жан-жақтылығы) жүзеге асырылады.

 

17-тақырып: Сақтандыру компаниялары және қорлары

 

1.Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының алғашқы буыны ретінде.

2.Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметі.

 

   Сақтандыру  компаниялары  қаржы  нарығының  маңызды  делдалдары  болып  табылады.Сақтандыру  нарығында  сақтандыру  қорлары  қалыптастыру  және  қолдану  процестері  жүзеге  асырылады,экономикалық  қатынастар  құрылады  және  жеке  топтың  ұжымдық  қызығушылықтары  да  жинақталады.

    Сақтандыру  компаниялары  сақтандыру  қоры  қызмет  етуінің  анықталған  қоғамдық  формасы  болып   табылады.Наықтық  экономикаға   көшу  оның  экономикалық  қатынастар  жүйесіндегі  рөлін,ұйымдық  құрылымын  және  орнын  анықтайды.

      Сақтандыру  компаниялары  өзіне  берілген  лицензия  негізінде  келісім   шарт  жасау және  орындау   бойынша  өз  қызметін  жүзеге  асырушы  коммерциялық  ұйым  екенін  білдіреді.Қазақстанда  сақтандыру  ұйымдары  АҚ  формасында  құрылады  оның  құрылтайшылары  мен  акционерлері  ретінде  Қазақстан  Республикасында  резидент  және  резидент  емес  заңды  тұлғалар  бола  алады.Мемлекетке  сақтандыру  ұйымының  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  атанан  құрылтайшысы  бола  алады.

         Сақтандыру  ұйымының  жарғылық  капиталы  міндетті  түрде   Ұлттық  валютадағы  ақшалармен  төленеді.Ал,тартылған  және  борышқа   алынған  қаражаттарды  акцияларды  төлеу  үшін  қолдану  тиі  салынған.Сақтандыру  ұйымын  құру  үшін  шешімді  Қазақстан  Республикасы  қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  және  қадағалау  Агенттігі  келесідей  құжаттарды  ұсынған  кезде  береді:

  • сақтандыру  ұйымын  құру  үшін  рұқсат  алу  өтініші;
  • құрылтайшылық  құжат;
  • сатандыру  ұйымын  құру  туралы  шешім;
  • құрылтайшылар  туралы  мәліметтер  және  т.б.

Сақтандыру  қызметін   жүзеге  асыруға  лицензия  алу  үшін  Агенттікке  келесідей  құжаттар  беру  қажет:

  • лицензия  беру  туралы  өтініш;
  • мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәліктің  және  статистикалық  карточканың  нотариуспен  бекітілген  көшірмелері;
  • құрылтайшылық  құжаттардың  нотариалды  бекітілген  көшірмелері;
  • жарғылық  капиталдың  төменгі  мөлшерінің  толық  төленгенін  растайтын  және  меншікті  капиталдың  мөлшері  бойынша  минималды  талаптарды  орындағаны  туралы  құжаттар;
  • басқарушы  қызметке  тағайындалатын  тұлғалар  туралы  мәліметтер;
  • сақтандыру  тәртібі;
  • ішкі  аудит  туралы  ережесі  және  т.б.

    Сақтандыру  ұйымдары  сақтандыру  жарналары  есебінен  өздерінің  ресурстарын  қалыптастырады  және  жинақталған  қаражаттарды  инвестициялық  салымдарды  жүзеге  асыруға  бағыттайды.

   Сақтандыру  ұйымдары  негізгі  қызметтерінен  басқа  келесілерді  орындай  алады:

  • инвестициялық  қызмет;
  • жинақтаушы  сақтандыру  келісім  шартына  сәйкес  көрсетілген  сатып  алу  соммасы  шегінде  өз  сақтанушыларына  қарыз  беру;
  • сақтандыру  ұйымының  қызметін  автоматтандыру  үшін  қолданылатын  мамандандырылған  бағдарламаның  қамтамасыздықты  сату;
  • сақтандыру  бойынша  арнайы  әдебиеттерді  сату;
  • өз  қажеттіліктері  үшін  ертеде  алынған  мүліктерді  сату  және  жалға  беру;
  • сақтандыру  сұрақтары  бойынша  консалтинг;
  • сақтандыру  және  қайта  сатандыру  саласында  мамандардың  біліктілігін  арттыру мақсатында  білім беруді  ұйымдастыру және  өткізу;
  • сақтандыру  агенті  ретінде  сақтандыру  делдалдығы.

1992 жылы  сақтандыру  туралы   Қазақстан  Республикасы  заңының  қабылдануынан  кейін   сақтандыру  ұйымдары  ашу   тәртібінің  қолайлылығы,соның   ішінде  жарғылық  капитал  мөлшерінің  аздығы, олардың  қызмет  етуі  үшін  жағымды  шарттардың  болуы  Қазақстанда   Сақтандыру  ұйымдарының  көбеюіне  алып  келуі.Егер де  1991 жылдың  аяғында  бірнеше  ғана  тіркелген  болса,ал  1994  жылдың  сәуір  айында  500-ден  астам  ұйымдар  тіркелді.

    Бұл  заңның  барлық  дұрыс  жақтарын есептей   отырып,біршама  кемшіліктері  болды:

  • сақтандыру  ұйымдарына  талаптардың  деңгейінің  төмендігі;
  • өзінің  негізгі  қызметінен  бөлек  кәсіпкерліктің  басқа да  түрлерімен  айналысуға  рұқсат  беруі;
  • салықтық  реттеудің  кемшіліктері;

    1994 жылы  19  сәуірінде «сақтандыру нарығын қалыптастыру  және  дамыту  бойынша ұйымдастыру – құқықтық  шаралары » Президенттің  жарлығымен  сақтандыру  бизнесін  мемлекеттік реттеу  жүйесі   енгізілді.Бұл жарлыққа  сәйкес  сақтандыру  компаниясы  сақтандыру  қызметін  жүзеге  асыруға құқық алу үшін  2 млн теңгеден  кем емес  жарғылық  капиталға ие  болу  қажет болды.Бұдан басқа сақтандыру  компанияларына  өз  қызметтерінен  басқа қызметтермен  айналысуға  шек қойылды.Нәтижесінде 1995 жылдың аяғында сақтандыру  ұйымдарының жалпы саны  53-ке  дейін азайды. 01.01.2000 жылы 70  сақтандыру  ұйымы өз  қызметін  жүзеге  асыру үшін  лицензиялары  бар еді. Алайда  2000 жылдың  аяғында  тек  42 ұйым  ғана  сақтандыру  келісім  шартын  жасасқан болса, 2011 жылдың басында 38 сақтандыру ұйымының қызмет етуге лицензиясы болды:

1.

«Альянс Полис» СК” АҚ

2.

«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы»  Сақтандыру компаниясы» "Kaspi Bank" АҚ-ның  Еншілес компаниясы" АҚ

3.

«АСКО» СК» АҚ

4.

«Алатау» СК АҚ

5.

"БТА Банкінің еншілес компаниясы  «БТА Страхование» АҚ

6.

“БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы”  АҚ

7.

"Trust Insurance" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы

8.

"Виктория" СК» АҚ

9.

«КазЭкспортГарант» Экспорттық кредиттік  сақтандыру корпорациясы» АҚ

10.

"Евразия" Сақтандыру компаниясы”  АҚ 

11.

"Астық сақтандыру компаниясы" Акционерлік Қоғамы

12.

"ДСжМСҚК "Интертич" АҚ

13.

«Халық- Казахинстрах» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ

14.

«Мемлекеттік аннуитеттік компания”  Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ

15.

"Қазақмыс" СК” АҚ

16.

«Казкоммерц-Полис» СК» («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұымы)

17.

"Коммеск-Өмiр" СК" АҚ

18.

"БТА Банкі" АҚ еңшілес  ұйымы СК "Лондон-Алматы" СК " АҚ

19.

«Нұрбанк» АҚ еншілес ұйымы «Нұрполис» СК” АҚ

20.

"Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ 

21.

“НОМАД Иншуранс”СК” АҚ

22.

"Пана Иншуранс" СК" АҚ

23.

"САЯ" СК” АҚ

24.

"СЕНТРАС ИНШУРАНС" СК АҚ

25.

"ТрансОйл" СК» АҚ

26.

"Цеснабанк" АҚ ЕҰ "Цесна  Гарант" Сақтандыру компаниясы" АҚ (бұрынғы атауы "Сақ Иншуранс" СҚ" АҚ)

27.

"ЦАСО" СК" АҚ

28.

"ЭкоПолис"СК” АҚ

29.

"Чартис Қазақстан Сақтандыру  Компаниясы" АҚ (бұрынғы атауы - «ЭйАйДжи Қазақстан» Сақтандыру компаниясы» АҚ)

30.

«Қазақстан Халык Банкі Еншілес  ұйымы «Халық-Life» АҚ

31.

«Казкоммерц-Life» ӨСК» («Казкоммерцбанк» АҚ-ның еңшілес ұымы)

32.

Өмірді Сақтандыру Компаниясы "GENERALI LIFE" "Assicurazioni Generali S.p.A." еншілес компаниясы» АҚ (бұрынғы атауы - «Өмірді Сақтандыру – Қазақстан Чех Сақтандыру Компаниясы, «Чешска поиштовна» АҚ еншілес компаниясы» АҚ)

33.

"Amanat Insurance" СК" АҚ

34.

«Allianz S.E.» Еуропалық Акционерлік  Қоғамының Еншілес компаниясы «Allianz Kazakhstan» (Альянз Қазақстан) С К» АҚ

35.

"Архимедес Қазақстан" МСК"  АҚ

36.

"Астана-Финанс" Сақтандыру компаниясы" АҚ

37.

"Астана-Финанс" Өмірді Сақтандыру  компаниясы" АҚ

38.

"Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру  компаниясы» АҚ


Шығыскөзі: www.afn.kz ҚҚА сайты.

 

    Қазақстанның  сақтандыру  нарығының  дамуында  шетелдік  сақтандыру  ұйымдарының  қызметіне  қатысты  мәселелер  маңызды  болып  табылады. «Сақтандыру  қызметі  туралы » Қазақстан  Республикасы  Заңына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  териториясында  Қазақстан  Республикасының  резидент  еместері  сақтандыру  ұйымдарын  және  қайта  сақтандыру  ұйымдарын  сонымен  қатар  резидент  емес  сақтандыру  брокерлеінің  филиалдары мен  өкілеттіліктерін  ашуға  рұқсат  етілмейді. Мұндай  филиалдардың  қызметіне  бақылау  жасау  өте  қиын,және  тек  қана  сыртқа  ақша  аудару  көздері  болуы  мүмкін.

 

 

 

18-тақырып: Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар

 

1. Банктік емес ұйымдардың несие беруі. Несиелік серіктестіктің қызметі мен түрлері.

2. Ломбардтардың қызметі.

3. Арнайы мамандандырылған банктердің қызметі. Қазақстандағы Даму банктерімен инвестициялық жобаларды несиелеу. Қазақстандағы Тұрғын үй-құрылыстық жинақ банкінің қызметі.

 

Экономиканың жекелеген  салаларында қызмет ететін қаржы институттарына несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржылық компаниялар және т.б. жатады.

Қаржылық  нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субъектілерін қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар өз қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізуде елдің тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзеге асырады. Мұндай мемлекеттік өкілетті орган ретінде елдің орталық банкі шығады. Жекелей алғанда, Қазақстанда мұндай орган ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Несиелік серіктестіктер төмен пайыздар арқылы жеке тұлғаларына салымдарын тарта алады. Сонымен қатар, олар шағын бизнестің шаруашылық субъектілеріне немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге үлкен емес сомаларда несие беруге мүмкіндіктері бар.

Құрылтайшылық келісімшарт негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік серіктестіктің қатысушыларының саны 3-тен кем болмауы керек, олар оның міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізген міндетті салымдар мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметімен байланысты зияндар тәуекелін көтереді.

Несиелік  серіктестік өз міндеттері бойынша  барлық мүлкімен жауап береді және өзінің қатысушыларының міндеттері бойынша жауап бермейді.

Ол коммерциялық ұйым бола отырып, тиісті мемлекетті органның лицензиясы негізінде жекелеген банктік және басқа да операцияларды орындайды. Несиелік серіктестіктер мүлкіне меншік құқығы негізінде ие болады және ол оның қатысушыларының міндетті төлемдері мен қосымша жарналары, олар алған табыстар, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тиым салымбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері