Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция
Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері
Қызмет көрсету саласының, атап айтқанда бухгалтерлік есептің, маркетингтің және жарнама ісінің дамуы мен клиенттерді қанағаттандыруда жоғары деңгейге жеткенін қоса ескергенде жекешелендіру процесінің басқа да маңызды нәтижелерін айта кетуге болады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесінде шетелдік инвесторларды толғандырған мәселелердің бірі - олардың құқықтық қамтамасыз етілуі болды. ҚР зандарына сәйкес шетелдік инвесторлардың құқығы отандық инвесторлардың құқығымен бірдей, олар өз мүдделерін сотта және басқа да кез келген құқық құралдарының көмегімен қорғай алды. 1995 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған «Шетелдік инвестицлялар туралы» Заң шетелдік инвесторларды ұлтшылдықтан, сондай-ақ саяси ахуал мен заң өзгерістерінен қорғайды, әрі зиян шеге қалған жағдайда (әрине, еліміздегі белгілі бір өзгерістердің салдарынан) оларға келген залалдың орнын толтыруға кепілдік береді. Аталған заңға сәйкес шетелдік инвесторлар халықаралық төрелік сотқа жүгіну арқылы өз мүдделерін қорғауға құқылы.
Қазақстан жекешелендіру процесінде ШАГО жобалары арқылы шетелдік сарапшылар мен кеңес берушілердің көмегін және шетелдік компаниялардың жәрдемін пайдаланды. Бұл шетелдік инвесторлар үшін процесті анық және түсінікті етті.
Жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі болып табылды. Акционерлік қоғамдардың құрылуы акциялардың шығарылуына жол ашты. Бұл акциялар аукциондарда, тек алғашқы нарықта ғана сатылды, яғни олардың алғашқы орналасуы ғана болды. Акционерлік қоғамдардың ашылуы, акциялардың шығарылуы, ЖИҚ-тың құрылуы бүгінгі таңдағы Қазақстан бағалы қағаздар нарығын калыптастырған базис болды.
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалык қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:
• алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
• қайта бөліну;
• баға және қаржы тәуекелдіктерін
сақтандыратын функция.
Қайта бөліну функциясы қосалқы
үш функцияға бөлінеді:
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік. және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет;
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметгің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін — арнайы мемлекеттік органдардың біліктілік куәлігі қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие болды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші денгейлі 23 акционерлік банк кіреді.
Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жаңа ақшаны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі ақша берудің екі негізгі тәсілін — несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналысқа шығаруды таңдап алу тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның әлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз — ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы — өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.
Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар — бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі — оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).
Бағалы қағаздар — бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі — оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б, жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.
Осылайша бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласын — міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқықпен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісімшартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды.
Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:
Негізгі бағалы қағаз — олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар. облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
Үлестік бағалы қағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.
Борыштық бағалы қағаз — қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.
Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:
Атаулы бағалы қағаз — олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.
Ордерлік бағалы қағаздар — ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.
Ұсынбалы бағалы қағаз — осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.
Құжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі. Құжаттандырылмаған - шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.
Нарықтық бағалы қағаз — бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық бағалы қағаз — дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.
Қайтарылымды бағалы қағаз — мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін.
Қайтарылымсыз — айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:
Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Акция — акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндеттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндетгемелеріне жауап береді. Сондықтан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаны қайтарып алудың кепілдігі болмайды.
Акцияларды былайша жіктеуге болады:
1. Акция бір акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:
Атаулы акция — оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.
Ұсынбалы акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.
2. Табысты алу құқығына қарай:
Бұлардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Қоғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда өздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артықшылықты акция ұстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ескеріледі, алайда жай акция ұстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бұрын ескеріледі.
Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері