Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Келісімшарттық тұрғын-үй жинақтардың өзге модельдері Франция мен Ұлыбританияда қызмет етеді. Мәселен, Францияда тұрғын-үй жинақтау шоттарының 2 түрі бар. Біріншісі – А жинақтау кітапшасы деп аталады. Бұл шотта 100 мың франкіге дейін қаражаттарды жинақтап, содан соң 150 мың франк көлемінде жылдық пайызы 3,75 болатын жеңілдетілген тұрғын-үй несиесін алуға болады, оған қоса жыл сайын бұл мақсатты салымға 7,5 мың франк көлемінде мемелекеттік премия қосылып отырады.

Тұрғын-үй жинақтау шотының 2-түрі – РЕ (тұрғын-үй жинағының жоспары) шоттары деп аталады. Бұл шоттарда 400 мың франкіге дейін қаражаттарды жинақтып, кейін 600 мың франк көлемінде жылдық пайызы 4,8 тең болатын жеңілдетелген тұрғын-үй несиесін алуға болады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемелер нарықтық мөлшерлемелерден 4-5% төмен.

АҚШ-та Ф. Рузвельт тұсында  тұрғын-үй құрылысы мен оны жеке меншікке алуды қоса қарастыратын ипотекалық несиелеудің тармақталған жүйесі қалыптаса  бастады.

Американдық ипотека  ондаған жылдар бойынша мемелекет  тарапынан үлкен қолдау алып отырды және тек дамыған экономика шарттарында ғана ол тұрғын-үй алудың алдыңғы қатарлы формасына айналды.

АҚШ-ның ипотекалық тұрғын-үй несиесі – бұл тұрғын-үйді алу  мақсатында міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін алынып жатқан үй кепіл  болатын, сәйкес банкпен (несие ұйымымен) немесе заңды тұлғамен (несиелік емес ұйымымен) жеке тұлғаға 3 жыл немесе одан да ұзақ мерзімге берілетін несие немесе займ АҚШ-да тұрғын-үйді қаржыландырудың осы күнгі жүйесі – бұләр түрлі мекемелердің үлкен саны қызмет ететін, өзіне ипотекалық банктерді, жинақтау және несиелік ассоциацияларды, коммерциялық және жинақтау банктерін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын және т.с.с. қамтитын жалпыұлттық көлемдегі күрделі нарық.

 

7-тақырып:  Валюта нарығы және валюталық операциялар

 

1.Валюта  нарығы: түрлері және оның дамуындағы  негізгі кезеңдер.

2.Валюта нарығының қатысушылары.

3.Валюталық реттеудің нысандары мен әдістері.

 

Валюта нарығы – бұл  қаржы нарығының құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, оның анағұрлым маңызды бөлігі болып табылады. Бұл валютаны тұтынушылар мен сатушылар арасында өзара құқықтық және экономикалық қатынастарды орнатуға көмектесетін механизм, ол төмендегідей негізде келісімдерді жасауға мүмкіндік береді:

    • Бөлшек сауда келісімдері, мұнда сату-сатып алу кезінде банк тікелей клиентпен өзара әрекет етеді;
    • Банкаралық көтерме сауда келісімдері, мұнда екі банк валюталық брокердің көмегімен өзара әрекет етеді, соның нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.

Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңнамамен анықталатын, елдің валюта қатынастарын ұйымдастыру формасын көрсетеді. Оны келесідей негізгі элементтер сипаттайды:

  • Ұлттық валюта бірлігі;
  • Ресми алтын валюта қорлардың (резервтердің) құрамы;
  • Валюта паритеті және валюта бағамын орнату механизмі;
  • Валюта қайтарылымының шарттары, валшюталық шектеулердің болуы немесе болмауы;
  • Елдегі сыртқы есеп айрысулардың тәртібі;
  • Ұлттық валюта және алтын нарықтарының режимі, елдің валюта қатынастарынреттейтін ұлттық мекемелердің дәрежесі.

Мұндай жүйенің ерекшеліктері  ел экономикасының даму деңгейі және шарттарымен, сонымен қоса оның сыртқы экономикалық байланыстарымен анықталады. Халықаралық сауда келісімдері төңірегінде әр түрлі сауда орталықтарының банктері өзара әрекет ететін, екі немесе одан да көп ұлттық нарықтардың арасында жүзеге асады. Олар сондай-ақ, өз ішіне, екі немесе бірнеше нарықтарда жүргізіліп жатқан арбитражды операцияларды қамтуы тиіс.

Валюта – қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрсетілген  және халықаралық есеп айрысуларда  қолданылатын кез келген төлем құжаты немесе ақшалай міндеттеме. Ол шетелдік, яғни сәйкес шетел мемлекетінде айналыста жүрген және оның заңды төлем құралы болып табылады. Банкнота, қазыналық билет немесе монета түрінде болуы мүмкін. әрбір мемлекетте оның барлық ақша-несие жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын, сонымен бірге ақшаны басып шығарудың (эмиссиялаудың) монопольді құқығын иеленетін, коммерциялық банктердің уақытша бос қаражаттары мен міндетті қорларын сақтайтын орталық банкісі болады. Қазіргі кезде Қазақстанның валюта нарығы мен шетел валюталарымен орындалатын операцияларды жүргізумен шектелген.

Валюталық айырбас –  бұл бір ел валютасының екінші бір ел валютасына айырбасталуы. Банктер, экспортерлер, трансұлттық компаниялар, қаржылық мекемелер, инвесторлар, үкіметтік  агенттіктер, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар – валюта нарығының негізгі қатысушылары болып табылады. Олардың баршасының әр түрлі қажеттіліктері болады, оған валюта нарығында ашық позицияларды хеджирлеу (сақтандыру) қажеттілігі, сонымен қоса қаражаттарды әлемнің түрлі аймақтарына инвестициялау мен бір елден екінші бір елге сатып алушылық қабілетті ешбір кедергісіз беру мүмкіншілігі кіреді.

Валюта нарығының қатысушылары ақшаны аудару, хеджерлеу, клиринг және несиелеу тәрізді операцияларды  жүзеге асырады. Ақша аударымы – анағұрлым қарапайым операция болып табылады. Хеджерлеу кезінде валюта нарығының қатысушылары потенциалды шығындар тәуекелінің астындағы валюталық позициялардан қорғануға ұмтылады. Мәселен, теңге бағамы долларға шаққанда өсуі мүмкін, сонда лаынатын тауардың долларлық құны да артады. Осындай жағдайда қатысушы теңгені сатып ала отырып хеджерлеуді жүзеге асыра алады. Теңгені осылайша форвардтық түрде сатып алу тауардың долларлық құнын бір орынға тұрақтандырып, валюта бағамының өзгерісінде қажетті қорғанысты қамтамасыз етеді.

Валюта нарығы халықаралық  төлемдерді жүргізгенде клиринг  механизмін қамтамасыз етіп отырады, ол механизм басқа қаржы орталықтарында орналасқан банк-корреспонденттерде сақталып жатқан шетел валютадағы депозиттердің  айналымы арқылы жүзеге асады.

Валюта нарықтарында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:

  • Мерзімі көрсетілмеген (мерзімсіз) салымдар (немесе талап етуге дейінгі депозиттер) қаражаттарының телеграфтық немесе электрондық аударымдары;
  • Ұсынушыға арналған банк вексельдері;
  • Коммерциялық траттар.

Кез келген мемлекеттің  ақшалай бірлігі валюта болып  табылады, егер ол ақшаның барлық қызметтерін, тар мағынада айтылатын ішкі ақша айналымның тұрғысынан емес, ал анағұрлым  кең мағынаны білдіретін – халықаралық  экономикалық қатынастар мен есеп айрысулардың қатысушысы ретінде орындаса.

Валюта бағамы кез  келген елдің барша маңызды экономикалық факторларының, яғни ақша айналысы, өндіріс  өнімінің көлемі, баға деңгейі, еңбек  өнімділігінің деңгейі және т.с.с. жағдайын көрсетеді. Валюта бағамының  өзгерістері бір елдің екінші бір елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің арту немесе кему процестерін бейнелейді.

Валюта бағамына әсер ететін келесідей негізгі факторларды  бөлуге болады:

  • Жалпы ұлттық өнім;
  • Сактып алу қабілетінің паритеті бойынша валюта бағамы;
  • Нақты пайыздық мөлшерлемелер деңгейі;
  • Инфляция;
  • Өнеркәсіп өндірісінің индексі;
  • Жұмыссыздық.

Валюта бағамы екі  ел ақша бірліктерінің арақатынасын көрсетеді немесе басқа мемлекеттің  ақша бірлігінде көрсетілген берілген елдің ақша бірлігінің бағасын білдіреді.

Кез келген мемлекетте «валюта» түсінігі белгілі бір анықталған мағынада қолданылады және алатын дәрежесі бойынша валюта былай жіктелінеді:

  • Ұлттық валюта – берілген мемлекеттің ақшалай бірлігі.
  • Шет ел валютасы – шет мемлекеттің ақшалай бірлігі.
  • Резервті валюта – халықаралық резервті төлем құралы статусын иеленетін қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы.

Ұлттық валютаның төлем  құралы ретінде басқа барлық валюта түрлеріне тез арада және минималды  жоғалтулармен айырбасталу қабілеті оның өзара қайтарылымдығы мен айналымдылығында жатыр. Жіктеудің бұл критерийі бойынша барлық валюталарды келесідей топтарға бөлуге болады:

  • Еркін айналымды (конвертация);
  • Ішінара айналымды;
  • Айналымсыз (тұйық).

Резидент және резидент емес тұлғалар үшін кез келген операция түрлері бойынша валюталық келісімдерді жүзеге асыру, заңмен бекітілген шеңбердегі еркін валюта айырбасы мен еркін айналымды валюта болған жағдайда ғана орындалады. Ішінара айналымды валютаға валюталық келісімдер бойынша сандық шектеулері бар елдердің валютасын жатқызуға болады.

Валюта нарығының қатысушылары арасында валюта айырбасы болмайынша және бір ел валютасының басқа  елдің валютасына пропорционалды тәуелділігі  анықталмайынша валюталық операциялардың жүзеге асырылуы мүмкін емес. Аталған  механизм валюта котировкаларвн орнату арқылы жүзеге асады.

Валюта котировкасы  – елдер арасындағы валюта бағамдарын анықтау. Оның негізінде айырбас  үшін ұсынылған сол мемлекеттердің ақшалай бірліктерінің арақатынасы  орнатылады. Берілген арақатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты үнемі өзгеріп отырады.

Валюталық операциялар  – бұл ақша нарықтарында айналымда  жүрген шетел валюталарымен және шетел валютасында шығарылған төлем  құралдармен болатын операциялар. ҚР-ның территориясында валюталық  операцияларды резидент және резидент емес тұлғалар, соған өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары, сонымен қатар олардың айырбас орындары арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген мекемелерден тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға ҚР-да тыйым салынған.

Валюталық операцияларды  келесідей критерилер бойынша жіктеуге болады:

1) объектісі бойынша:

  • Шетел және ұлттық валютамен операциялар;
  • Шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар;
  • Бағалы металдар және тастармен операциялар.

2) субъекті бойынша:

  • Заңды және жеке тұлғалардың орындайтын операциялары;
  • Мемлекеттік, әкімшілік-аймақтық және жергілікті (муниципалды) құрылымдардың жүргізетін операциялары.

3) жүзеге асыру режимдерінің  саны бойынша:

  • әмбебап операциялар, яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді емес операциялар;
  • жеке (индивидуалданған), яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді болатын операциялар.

4) жүзеге асыру аймағы  бойынша операциялар:

  • ішкі;
  • шет елдік (сыртқы).

5) өз ішінде валюталық  операцияларды орындауды қамтитын  құқықтық арақатынас түрлері бойынша операциялар:

  • қаржы-құқықтық – салық төлемдерін өтеу үшін аударымдар;
  • әкімшілік-құқықтық – шетел валютада айыппұлдарды төлеуді жүзеге асыру;
  • халықаралық жеке-құқықтық – аударым келісімшарты негізінде көліктік ұйым-резиденттің пайдасына резидент-импорттаушының валюталық төлемдері;
  • халықаралық жалпы-құқықтық – халықаралық ұйымдар пайдасына жүргізілетін валюталық аударымдар.

Еліміздің заңнамасына  сәйкес валюталық операцияларболып табылады:

      1. жеке меншік құқығының және басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операциялар;
      2. кез келген тәсіл арқылы валюталық құндылықтардың ҚР-на енуі мен қайта жөнелтілуі, сондай-ақ ҚР-нан шығарылуы мен қайта жөнелтілуі. Валюталық құндылықтар – бұл өздерімен жүретін операциялар мен резидент және резидент емес тұлғалармен жүзеге асырылған жағдайда ғана валюталық құндылық болатын, номиналы шетел валютасында көрсетілген шетел валютасы, бағалы қағаздары мен төлем құжаттары; және номиналы ұлттық валютада көрсетілген аффинирленген құймадағы алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.

«Валюталық реттеу туралы»  ҚР-ның Заңына сай валюталық операциялар  екі категорияға бөлінеді:

        • ағымды операциялар;
        • капитал қозғалысымен байланысты операциялар.

Ағымды операцияларға  жатады:

  • 180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;
  • Салымдық, инвестициялық, займдық және өзге де операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыны және басқа да кірістерді алу мен аудару;
  • Саудалық емес нысандағы аударымдарды жүргізу, оларға гранттармен қоса мұрагерлік, еңбекақы, зейнетақы, алимент және т.б. соммаларды аудару жатады.

Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға жатады:

  • Инвестицияларды жүзеге асыру;
  • Интеллектуалды меншік объектілерімен байланысты құқықтырдың толықтай берілуін көздейтін келісімдер негізінде есепайрысуларды жүзеге асыру үшін қажет болатын аударымдар;
  • Жылжымайтын заттарға теңестірілген мүліктен басқа, сол жылжымайтын мүлікпен байланысты меншік құқықтардың тобын жүзеге асыру үшін қажетті аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;
  • Зейнетақы қорларын жинақтаумен байланысты келісімдер және жинақтау нысанындағы сақтандыру келісімшарттары бойынша жүргізілетін аударымдар;
  • Валюталық құндылықтарды сенімді басқаруға тапсыру.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері