Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес акционерлік қоғам құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Қазақстанда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадан дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар және дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.

Облигация — бұл оны, номинал құны немесе басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік құқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.

Қосымша қаражатты  тарту үшін эмитепт оны пайда  болған уақытынан бастап үшінші жылынан кешіктірмей оларды толық төлеу шартымен және жылдық баланстың осы уақытына бекітуге жатқызу шартымен жарғылық қордың мөлшерінен аспайтын сомада шығаруға құқьілы.

Облигация —  бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару — капитал қарызының бір формасы.

Мерзімді қарыздық міндеттеме ретінде облигацияны өтеудің кепілдігіне эмитент тарапынан берілетін жалпылама кепілдік жатады. Ол облигация ұстаушыға - эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын береді.

 

10-тақырып: Сақтандыру нарығы

 

1.Сақтандыру  нарығының  мәні  мен  қызметтері.

2.Қазақстанның  сақтандыру  нарығының  құрылымы.

3.Қазақстанның  сақтандыру  нарығының  ағымдық  жағдайы  және  даму  перспективалары.

 

Қаржы  нарығының  маңызды  сегменттерінің бірі сақтандыру  нарығы. Сақтандыру бұл  бір жақтың  екіншіні  сақтандыруға келісім  беру  арқылы  тәуекелділікті бөлісу туралы келісім. Сақтандыру  әртүрлі  қауіптердің  салдарынан  адамдарды  қорғаудың  көне  формасы  болып табылады. XVIII ғасырдың  ортасында мүліктік және  жеке сақтандырудың 100 шақты түрін орындайтын көптеген  кәсіби  сақтандыру  қоғамдары пайда болған.

   Сақтандыру  нарығында  сақтандыру  қызметіне  мұқтаж  сақтанушылар  және  сол  сұранысты  қанағаттандыратын  сақтандырушылар (сақтандыру  компаниялары), сақтандыру  делдалдары  және  сақтандыру  инфрақұрылымының  ұйымдары  әрекет  етеді. Оның  қалыптасуының  объективті  негізі – күтпеген  қолайсыз  жағдайлардан  жәбірленушіге  ақшалай  көмек  көрсету   жолымен  өндірістік  процестің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  болып  табылады.

   Сақтандыру  нарығы, сақтанушы  мен  сақтандырушы  арасында  тығыз  байланыс орната отырып, сақтандыру  өнімін  сатып алу-сату  жұмыстары  бойынша  экономикалық  қатынастардың  барлық  жиынтығын  өзіне  жинайды. Бұл  нарықта  сақтандыру  қызметтерін  қоғамның  тануы  жүзеге  асырылады  және  оның  қызмет  етуінде  негізгі  экономикалық  заңдары  болып  құн  заңы  және  сұраныс пен  ұсыныс  заңы  табылады.

   Сақтандыру  нарығының  келесі  негізгі  қызметтерін  бөліп  қарастыруға  болады:

  • реттеушілік – басқа  нарықтар  сияқты бұл да  мемлекеттік  реттеуге  жатады;
  • коммерциялық – сақтандыру  бойынша операцияларды жүзеге асырудан  табыс  алуды  қамтамасыз  етеді;
  • бағалау – компанияның  сақтандыру  қызметтері  бағаларының қалыптасуын  қамтамасыз  ету;
  • сенімділік  қызметі – қолайсыз  және  басқа да  жағдайлардың  болуынан сенімділікті сақтандыру операциялары  қамтамасыз  етіледі;

  Сақтандырудың   келесі  түрлері  бар:

1.Салалық  көріністері   бойынша:

- өмірді  сақтандыру  нарығы (бұған сақтандырудың барлық  түрлері жатады: яғни, зейнетақы, денсаулық, неке қиюға, аннуитет және т.б.)

- мүлікті  сақтандыру  нарығы;

- жауапкершілікті   сақтандыру  нарығы;

- бақытсыз  жағдайларды  сақтандыру  нарығы;

2. Масштабтылық  бойынша:

- ұлттық

- аймақтық

- халықаралық

3. Сақтандыру  индустриясының  ұйымдастырушылық-құқықтық  формаларына   байланысты:

- мемлекеттік  сақтандыру

- акционерлік  қоғамдар  жүргізетін  сақтандыру

- сақтандыру  қорларымен  құрылатын  өзара  сақтандыру

4. Жүзеге  асыру   формаларына байланысты:

- міндетті

- ерікті

5. Объектілер  бойынша:

- жеке

- мүліктік

Міндетті  сақтандыру – бұл  заң  актілерінің  талаптары  негізінде  жүзеге  асырылатын  сақтандыру.

Ерікті  сақтандыру –  жақтардың  өз  еріктерімен  орындалатын  сақтандыру. Оның түрлері, шарттары, тәртібі жақтардың келісімімен  анықталады.

Жеке  сақтандыру –  объектісіне азаматтардың өмірі, денсаулығы және  еңбекке  қабілеттілігі  жатады.

Мүлікті  сақтандыру – жеке  адамдар мен шаруашылық субъектілері  тарапынан  меншігін  тікелей  және  жанама  зияндардан  қорғау  ретінде жүзеге  асырылады.

Қазақстанның сақтандыру  нарығының  құрылымы  оның  қатысушылары  және сақтандыру салаларымен көрсетіледі. Берілген нарықтың  қатысушыларының қызметтері Қазақстан Республикасы  Ата заңына, Қазақстан  Республикасы  азаматтық  кодексіне, «Сақтандыру  қызметі  туралы» Заңға және басқа да Қазақстан  Республикасының  құқықтық  нормативтік актілерге негізделген нормативтік-құқықтық актілермен  реттеледі.

  «Сақтандыру  қызметі  туралы» заңға сәйкес Қазақстан Республикасы  сақтандыру нарығының қатысушылары болып келесілер  табылады: сақтандыру  ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтанушы сақтанған  актуарий, уәкілетті аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру  қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы жеке және  заңды  тұлғалар.

   

11-тақырып: Зейнетақы  нарығы

 

  1. Қазақстанның  зейнетақы  нарығының  қалыптасуы  және  дамуы.
  2. Қазақстанның  зейнетақы  нарығының  құрылымы.
  3. Қазақстанның  зейнетақы  нарығының  ағымдық  жағдайы.

 

   Қазақстанда  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесіндегі объективті  қиыншылықтардың  туындауы  нетижесінде, яғни жалпы тұрғындар арасында жасы ересек азаматтардың көбеюінен мемлекеттің зейнетақы жүйесін реформалау қажет болды. Оны жүргізудің негізгі принципі болып ұрпақтардың ынтымақтастығы принципінен жеке зейнетақы жинақтау принципіне мемлекеттіктен  мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесаіне көшу таблады. Мұндай модель алғаш рет 1980-ші жылдары Чилиде қолданыла бастады.     

Осыған бай ланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау концепциясын» қолдады және 1997 жылдың 20 маусымында «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету турасы» ҚР заңы қабылданды.

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі тоқырау  жағдайлардың болуының негізгі себептері  мынадай:

  • тұрғындардың қартаюы, халықтың туылуының төмендеуі, жұмыссыздықтың көбеюі нәтижесінде жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер жалпы қатынасының азаюы.
  • бюджеттен тыс қорларға міндетті аударымдардың жоғары мөлшері.
  • жеке зейнетақы саламдары есебінің жоқтығы жеке жауапкершілік пен қарттықты қамтамасыз етуге қызығушылықтың жоқтығына әкелуде.
  • тұрғындардың өзіндік жұмысына бақылаудың толығымен жоқтығы.
  • бюджеттен тыс қаражаттарды бақылаусыз қолдану.
  • жергілікті түсімдерден зейнетақы төлеу бойынша түрлі табыстардың әртүрлі мүмкіндіктердің болуы.
  • обылыстарда биліктің орталықтандырылмаған басқарудың әкімшілік құрлымын екіжақтылыққа алып келуі, бір жағынан министірліктің бөлімдеріаймақтық деңгейде жүргізетін операциялары, ал екінші жағынан барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынды.
  • Зейнеткерлерге 10-даған миллиард теңгеге жеткен зейнетақы төленбеуі.

  ҚР-да зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жеткілікті дәрежеде институционалдық құрылымы құрылған яғни оған жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтері инвестициялық басқару бойынша компания, банк-костодиондар, бағалы қағаздар бойынша брокерлік компаниялар, екінші деңгейдегі депозиттік банктер, қор биржасы,  орталық депозитарлы, мемлекеттік реттеуші органдар.

Қазақстанның зейнетақы нарығының  құрлымын келесідей етіп көрсетуге  болады:

 


 

 



 


 

 




 

 

 

Ескерту: Мәліметтер негізінде  құрастырылды.


3-сурет. Қазақстанның зейнетақы нарығының құрлымы

 

Мемлекеттік зейнетақы  төлеу орталығы мемлекеттік кәсіпорын  формасында құрылған. Бұл органның негізгі қызметтері:

  • республикалық бюджет қаражаттары есебінен зейнетақымен қамтамасыз етулі құқылы тұлғаларға зейнетақы төлемдерін жүргізу.
  • агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын  аудару және т.б.
  • азаматтарға әлеуметтік жеке код беру.

Мемлекеттік зейнетақы  төлеу орталығынан зейнетақы  төлемдерін алуға келесі категориядағы  азаматтар құқылы:

  • 1998 жылдың бірінші қаңтарына дейін зейнетақы алатындар
  • әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының, ҚР Әділет министірлігінің қылмыстық – орындаушы жүйесі комитеті, Қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қызметкерлері
  • 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі мерзімде төтенше және радиациялық тәуекелділік зоналарды 50 жастағы, жалпы стажы 25 жыл ерлер және 45 жастағы, жалпы стажы20 жыл әйелдер 10 жылдан кем емес тұрған азаматтар
  • 5 және одан да балалы және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа жеткеннен кейін зейнетақы алуға құқылы. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 зейнетақы қоры қызмет етеді:

1.

«БТА Банкі» АҚ-ның еншілес  ұйымы «БТА Қазақстан Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ

2.

«Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік  қоғамы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы

3.

"Қазақмыс Жинақтаушы  зейнетақы қоры" АҚ

4.

"НефтеГаз-Дем" Жинақтаушы  зейнетақы қоры" АҚ

5.

«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ

6.

"ГРАНТУМ Жинақтаушы  зейнетақы қоры" АҚ (“Казкоммерцбанк”  АҚ еншілес ұйымы)

7.

«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ

8.

«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы(бұрынғы атауы - «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (ашық))

9.

«РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

10.

"Ұлар Үміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры (ашық)" АҚ

11.

"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН"  Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (бұрынғы атауы "Д.А. Қонаев атындағы Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ)

12.

"Нұрбанк" АҚ еншілес  ұйымы "Атамекен" жинақтаушы  зейнетақы қоры" АҚ

13.

"ГНПФ" Жинақтаушы Зейнетақы  Қоры" АҚ


Шығыскөзі: www.afn.kz ҚҚА сайты.

 

12-тақырып: Шет елдердегі зейнетақы жүйесі

 

  1. Шет елдердегі зейнетакы жүйесі. Чилидің зейнетақы жүйесі.
  2. АҚШ, Франция және Германияның зейнетақы жүйесі. Латвиядағы зейнетақы реформасы.

 

Чилидегі зейнетақы  реформалары капитал нарығының, тұрғын үй құрылысы, сақтандыру және басқа да нарықтардың дамуына әсер етті.

Чили зейнетақы жүйесі – бұл салымшылар жүргізген зейнетақы жарнамаларының жеке капиталына негізделген біркелкі рөлде біртіндеп өтеуі бар жеке жинақтаушы жүйе. Бұл жерде салымшылар әкімшілік акционері болып табылмайды және өз қарттығын қамтамасыз етуге жауапты.

Чилиліктерде мемлекеттік  және жеке қорлар арасында таңдау құқығы болмады. Оларда тек зейнетақы қорларының әкімшілігі (ЗҚӘ) деп аталатын жеке жинақтаушы қорлар арасында таңдау болды.

ЗҚӘ толық операторлар  болып табылады. Ол зейнетақы жарналарын тарту, сондай-ақ қаржылық құралдарға зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен айналысады.

Зейнетақы активтерін басқаруды  ЗҚӘ - нің өзі жүргізеді, ал кастодиан  тек есеп айырысуды жүргізеді  және бағалы қағаздарды сақтауды жүзеге асырады.

Әр елдің зейнетақымен қамтамасыз ету индустриясының тарихында әрбір елдің зейнетақымен қамтамасыз ету формасының, құрылымының, мазмұнының, сондай-ақ міндеттемелерінің әр түрлі екені белгілі.

АҚШ-та жергілікті және штаттық деңгейдегi зейнетақымен қамсыздандыру жоспарлары ХIХ-ғасырдың екiншi жартысынан бастап дами бастады. Осындай жоспарлардьң алғашқысы болып 1869 жылы құрылған Нью-Йорк қаласы тұрғындарының зейнетақы жүйесi болды. Жергiлiктi және штаттық зейнетақы жүйелерiнiң дамуы ХХ-ғасырдьң екiншi жартысында байқалды, әсiресе жергiлiктi және штаттық бағдарламалардағы зейнетақы активтерi 10 есе көбейген 80-90 жылдарда болды. 2000 жылы зейнетақы активтерiн 2,2 трлн. долларды құрады. Осылайша 1980 жылы осы бағдарламалар шеңберiндегi инвестициялық кiрiс барлық түсiмдердiң 35%-iн құраса, 2000 қаржылық жылда 78%-тi құрады.

 Зейнетақыны міндетті сақтандыру туралы бірініші аң АҚШ-та тек 1935 жылы қабылданды.

Толық көлемде зейнетақы  алу үшін американдықтар жыныс ерекшелігіне қарамай – ақ 65 жасқа жеткенде зейнеткерлікке шығады. Сондай-ақ бұдан  басқа – зейнеткерлікке үш жыл  бұрын шығу сияқты нұсқасы да бар, бірақ бұл жағдайда зейнеткердің зейнетақысы үш жыл бойы 20 пайызға кем болады.

Франциядағы зейнетақы  жүйесі – Еуропадағы ең күрделі  жүйелердің бірі болып табылады. Француздық зейнетақы жүйесі екі негізгі  қағидаға негізделеді: бірініші жағдайда зейнетақы еңбек ету кезіндегі клиенттер аударып отырған қаражаттардан төленеді. Екінші жағдайда зейнетақы жұмысшының жұмыс істеген кезіндегі жұмыс істеген алымдарынан төленеді.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері