Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың  салымдарын сақтандыру жүйесі қызмет етуде. Оның орталық органы болып  Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына кепіл беру (сақтандыру) қоры табылады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктердің салымшыларының қызығушылығын қорғау мақсатында акционерлік қоғам формасында құрылған. Бұл жүйеге келесі бағыттар бойынша белгілі талаптарға сай коммерциялық банктер жатады. Олар:

  • халықаралық стандарттарға өту бойынша  бағдарламаларға енгізілген;
  • банктің меншікті капитал мөлшері бекітілген нормативтерге сәйкестігі;
  • қорға өтініш беру уақытына дейін 3 ай ішінде пруденциялық нормативтердің сақталуы;
  • берілген сұрақ бойынша Ұлттық банктің ұсынысының болуы (ұсыныс құпия құжат болып табылады және қорға міндетті түрде жіберіледі);
  • Ұлттық банктің тізіміндегі халықаралық аудиторлық ұйым мен бекітілген соңғы жылғы банктің жылдық қаржылық есеп беру.

Банктің өтініш беруінен кейін қор Ұлттық банктің ұсынысы  негізінде банктің берген құжаттарын есепке ала отырып жүйеге енгізу мүмкіндігін  талдайды. Қор басқармасының шешімі өтініш берген күнен бастап 1ай мерзімінде қабылдануы тиіс.  

 

5-тақырып: Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні

 

1.Қаржы  нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны.

2.Қазақстандағы несие нарығының жағдайы.

3.Несие түрлері.

 

Несие нарығы – бұл  қаржы құралдарын қажет ететін шаруашылық субъектілері мен халық арасында, сонымен қатар сол қаражаттарды белгілі бір шарттар негізінде ұсына латын (қарызға беретін) шаруашылық субъектілері мен халық арасында қарым-қатынасты орнатуға көмектесетін механизм. Ақшалай капитал қайта босағанда, яғни қайта өндіру процесі жүрген кезде зайымдық капиталдың жинақталуы,  бөлінуі және қайта бөлінуі несие нарығы арқылы жүзеге асырылады. Ақшалай капитал ссудалық капитал түрінде нарыққа, одан қайта қарыз берушіге (кредиторға, яғни банкке немесе т.б. қаржы-несие институтына) оралады. Несие нарығының мәніонда қандай: өзіндік немесе сырттай, аккумурленген, т.б. ақшалай капитал пайдаланып жатқанмен байланысты емес, яғни банктің өзінің жеке ме, әлде өзінде депонирленген капитал арқылы ма қызмет ететіндей маңызды айырмашылық жоқ.

Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішінде капиталдардың қозғалуы, ақшалай жинақтардың капитал салымдарына өтуі, ғылыми-техникалық революцияның іске асуы, негізгі капиталдың жаңаруы жүзеге асырылып отырады.

Оның қаржы нарығының  құрамдас бөлігі ретіндегі маңызды ролі шағын және жекелеген ақшалай қаражаттарды біріктіру болып табылады, ал бұл, өз кезегінде, нарықтық өндіріс пен капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына белсенді түрде әсер етуіне мүмкіндік береді. Ақшалай капитал жалпы ссудалық ақшалай капитал түрінде жинақталады, соған байланысты мұндай жинақ жекелеген процесс ретінде емес, ал ең алдымен, барша өндіріс ағымына әсер ету тұрғысынан ақшалай капиталдың жинақталуы нақты жинақпен тығыз байланыста әрекет етеді. Ақшалай капитал негізінен халық жинақтарының есебінен құрылатыны мәлім, ал олардың мөлшері елдің ЖҰӨ-де капитал салу үлесінің жасалуында маңызды роль ойнайды.

Несие нарығының мәні мен ролін оның қызметтері анықтайды, оларға:

  • Несие арқылы тауарлы нарыққа қызмет ету;
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сонымен қатар шет ел клиенттерінің ақшалай жинақтарын тарту;
  • Ақшалай қорларды тікелей ссудалық капиталға аудару және оны өндіріс процесіне қызмет ету мақсатында капитал салу түрінде пайдалану;
  • Мемлекеттік және тұтынушылық шығындарды жабу үшін капитал көзі болып табылатын мемелекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сонымен қатар қуатты қаржы-өндірістік топтардың құрылуына жәрдемдесу.

Несие нарығының негізгі  қатысушылары қарыз беруші мен қарыз  алушы болып табылады. Қарыз беруші (кредитор) – несиелік келісімнің қарызды ұсынушы жағы. Тауарлы өндірістің алғашқы кезеңінде кредитор ретінде жеткізушілер шыққан. Кейін тауар өндірістің дамуымен ақшалай кредиторлар ретінде банктік мекемелер шыға бастады. Ал тауарларды ссудаға өткізгенде кредитор ретінде тауар өндірушілер шығады. Қарызды беру үшін қарыз беруші белгілі бір қаражаттармен қамтылуы қажет. Қарыз көзі ретінде, өз кезегінде, өндіріс процесінің өзге субъектілерінен қайтарымды негізде алынған ресурстар мен өзіндік жинақтар шыға алады. Қазіргі кездегі нарықтық шаруашылық жағдайда банк-кредитор мен өзінің жеке ресурстары есебінен ғана емес, сондай-ақ өзінің жеке есеп шотында сақталып отырған немесе бағалы қағаздарды орналастыру арқылы тартылған қаражаттар есебінен де ссуда бере алады.

Қарыз алушы – бұл  несиелік қатынастың несиені алушы  және алынған ссуданы белгіленген  мерзімде қайтаруға міндетті жағы. Тартушылық кезеңінде несиені шаруалар, қолөнерші-ұсталар, сонымен қоса жер  иеленушілер немесе жалпы бай  адамдар пайдаланған. Кейіннен банктердің пайда болуына байланысты қарыз алушыларды бір жерге шоғырлануы жүреді, олар үшін банк жалпы кредитор ретінде шыққан.

Қарыз алушы қарыз  берушіге қарағанданесиелік келісімде  келесідей ерекшеліктерді иеленеді:

  • Ол қарыз қаражаттардың иегері емес, ал олардың уақытша иеленушісі болып табылады, яғни ол оған тиесілі емес өзге ресурстармен жұмыс істейді;
  • Қарыз алушы қарыз қаражаттарды айналым да, өндіріс те салаларында пайдаланады. Кредитор қарызды тікелей өндіріске араласпай, айырбас фазасында ұсынады;
  • Қарыз алушыөз шаруашылығында айналысын тоқтатқан ссудалық ресурстарды қайтарады. Қарыз алушы қайтарымды қамтамасыз ету үшін өзінің өндіріс процесін кредитормен есеп айрысуға жеткілікті қаражаттардың босатылуы жүретіндей етіп ұйымдастыруы қажет;
  • Қарыз алушы уақытша пайдаалнысқа алынған құнды қайтарып қана қоймай, онымен қоса ссудалық пайызды да төлейді. Бұл жерде қарыз алушы өз еркіндігі бойынша «ереже» орнататын кредиторға тәуелді болатынын айта кету керек.

Несие қозғалысының заңдылықтары несие нарығында кредитор мен қарыз алушы расында туындайтын қарым-қатынастарды неғұрлым толық түсінуге мүмкіндік береді.

Несие нарығының құралы ретінде айырбас фазасында пайда  болатын, құн қозғалысының үздіксіздігін  қамтамасыз ететіндей ссудалық келісім формасын қабылдайтын несиені айтады. Құн қозғалысы несие қозғалысының өзегі болып табылады.

Несие мүмкіншіліктері  жүзеге асуы үшін белгілі бір шарттар  қажет. Біріншіден, кредитор да, қарыз  алушы да экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуы материалды түрде қамтамасыз ететін (кепілдендіретін), заң тұрғысынан жеке субъектілер ретінде шығулары қажет. Екіншіден, қарыз алушы мен кредитор қызығушылықтарының үйлесуі болған жағдайда ғана несие қажет болады. Несиелік келісім жасауы үшін оның қатысушылары бір жақтан ссудалық ақшалай құралдарды ұсыну, екінші жақтан –оны алу аясында өз қызығушылықтарын білдіруі қажет.

Нарықтық шаруашылық шарттарында банктік несие негізгі  форма болып табылады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі  сипаты бойынша жіктеуге болатын несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен негізгі қарыз алушы топтар бойынша: шаруашылық, халыққа, мемлекеттік үкімет органдарына берілетін несие.

Пайдалану мақсаты бойынша  несие: тұтынушылық, өндірістік, сауда, ауылшаруашылық, инвестициялық, бюджеттік болып бөлінеді.

Қызмет ету сферасына  байланысты экономикалық барлық салаларында  қызмет ететін шаруашылық субъектілеріне ұсынылатын банктік несиелер екі  түрлі болуы мүмкін:

  • Негізгі қорлардың ұлғаймалы өндірісіне қатысатын ссудалар;
  • Айналым қорлардың ұйымдастырылуына қатысатын, яғни өндіріс саласы мен айналым саласына бағытталатын несиелер.

1. Пайдалану мерзімі  бойынша несиелер талап етуге  дейінгі және шұғыл болып табылады.

2. Мөлшері (көлемі) бойынша  несиелер ірі, орташа және шағын  болып бөлінеді. әрбір банк оларды өзінің несиелік салымдарына байланысты жеке дара анықтайды.

3. Қамтамасыз ету бойынша  несиелер қамсыздандырылмаған және  қамсыздандырылған болады. Соңғылары:

  • Кепілмен;
  • Банктік гарантпен;
  • Сақтандырумен қамсыздандырылады.

Несиені қамтамасыз ету оның қайтарылмай қалу тәуекелін төмендетудің бірден-бір тәсілі болып табылады. Қамсыздандырылмаған несиелер банкпен бұрыннан бері жақсы партнерлік қарым-қатынасты орнатқан, несиеге қабілеттілігі бойынша бірінші реттік клиенттерге ұсынылады.

4. Беру әдісі бойынша банктік ссудаларды компенсациялық және төмендік деп бөлуге болады.

5. Өтеу әдістері бойынша  бөлшектеп өтелетін және бірдестен  өтелетін (белгілі бір күнде) банктік  ссудаларды бөледі.

Өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер мен өзге де ұйымды-құқықтық құрылымдарды банктік несиелеу несиелеудің қағидаттарын қатаң ұстанған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

 

6-тақырып: Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары

 

1. Дамыған және  дамушы елдердің ипотекалық нарықтарының сипаттамасы. Әлемдік шаруашылықтың АҚШ-тағы орны. Әлемдік экономикадағы дамушы елдердің ролі.

  1. Ипотекалық нарық және оның АҚШ, Германия, Жапония, Франция және басқа елдердегі даму деңгейі.

 

 «Ипотека» термині  алғаш рет біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) VI ғ. Грецияда пайда болған (оны архоит Солон енгізген ) және сол кездің өзінде ол белгілі бір жер иеліктері арқылы қарыз алушының кредитор алдында жауапкершілікті қамтамасыз етумен байланысты болады.

Алғашқы кезде Афина  қаласында мұндай міндеттеменің кепілі ретінде қарыз алушы тұлғаның өзі тұрған, яғни ол қарызды өтеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда құлшылыққа салынған. Жеке жауапкершілікті мүліктікке ауыстыру үшін Солон қарыз алушының иелігіне «бұл жер белгілі бір соммаға шағым келтіруді қамтамасыз ету үшін арналған» деген жазуы бар баған орнатуды ұсынды. Мұндай баған үстіне жер иемденушінің мойнына түсіп жатқан барлық қарыздары түсірілген. Уақыт өте келе аталған мақсат үшін ипотекалық деп аталатын, арнайы кітаптар пайдалана бастады.

Баршаға мәлім болатындай, ипотекалық жүйенің мақсаты –  бұл жылжымайтын мүлікке, жариясыз әдістер арқылы, құқықтарды орнатумен  байланысты болатын қауіптің алдын  алу. Жер – бұл оңай алмастырылатын тауар, сол себепті барлық уақытта  сатып алушылар үшін де, несие берушілер үшін де мұндай жеке меншіктің кепілге салынып немесе қарыздардан босатылмай тұру тәуекелі бар. Осылайша, ипотека мүліктің басқа бір иемденушіге өтуіне жол берген жоқ, себебі қамтамасыздық иемденуші тұлғаның өзіне емес, ал оның мүлігінің құнына шоғырланды. Уақыт ағысымен «ипотека» сөзі кепілді белгілеу мақсатында қолданыла бастады.

Ипотека біртіндеп ортағасырлық Европа нарығына да ене бастады. Германияда ол XIV ғ. Пайда болса, ал Францияда  ол XVI ғ. Аяғынан бастап жариясыз ипотека  түрінде әрекет етті. Ипотека тек ерекше кітапқа арнайы жазбаны енгізгеннен кейін ғана сенімді заттай құқық ретінде танылды.

Алғашқы ипотекалық банк 1770 ж. Силези қаласында ашылды. Ол ірі  шаруашылық қожалықтарына қаржылық көмек көрсететін мемелекеттік банк болған. Қаражаттарды тарту үшін банк кепілдемелерді (закладной) шығарды.

Қазіргі кезде тұрғын-үй саласына инвестиция салу технологиясы 3 негізгі принциптерге сүйенеді:

  • Келісімшарттық жинақтар;
  • Ипотекалық несиелеу;
  • Мемлекеттік қолдану.

Дегенмен, бұл прициптерді  жүзеге асырудың бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

Европаның ипотека нарығы облигацияларды шығару жөнінен банктердің тәуелсіздігін көздейді және нарық, көп жағдайда, қауіпсіздікті (секьюритизацияны) қамтамасыз ететін қандай да бір агентіктердің  болуын талап етпейді. Несиелеу схемасы анағұрлым қарапайым болып табылады: банктер тек төмен бағада жылжымайтын мүлікті несиеге алуды қамтамасыз ететін қарыз алушылардың, сонымен қатар өтімді, табысты, аса сенімді бағалы қағаздарды қажет ететін инвесторлардың мұқтаждықтарын реттей отырыпнарықта делдал ретінде ғана әрекет етеді. Банктер әуелі жылжымайтын мүлік үстіне бірінші-реттік кепілдемелерді (закладная) шығарып несиелерді ұсынады, содан кейін бұл несиелер біріңғай тұлғаларға топталады. Келесі қадам – ипотекалық облигацияларды – яғни қамтамасыздығы бірінші реттік ипотекалық несиелерді пұлы және банктердің өз кепілі болып табылатын құнды қағаздарды шығару. Осылайша ипотекалық облигациялар берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін қызмет етеді. Бұл жерде келесі прициптер орындалуы шарт:

  • Жабу приципі;
  • Сәйкестік приципі.

Жабу приципі кепілдеме  бойынша салынған қор құны мен  соның негізінде шығарылған облигация  құнының сәйкес болуын білдіреді, яғни кепілге салынған мүлік құны , ең кемінде шығарылған облигациялардың  құнына тең болуы керек.

Сәйкестік приципі қор  және тартылған қаражаттар бойынша  мерзімдердің бір-біріне сәйкес болуын талап етуді білдіреді, яғни банк қор (активтер) мен міндеттемелерді  өтеу мерзімдері біріне-бірі сәйкес келуін қадағалап отыруы тиіс.

Германияда 1990 ж. бастап ипотекалық банктердің арнайы торабы қызмет көрсетуде. Сол уақыттан бері олардың біреуі де банкроттыққа ұшыраған жоқ. Олар, тіпті, кепілдеме қағаздары бойынша төленетін пайыздарды өз салымшыларына I-ші және II-ші дүниежүзілік соғыстар кезінде де төлеп отырған. Сонымен қоса, XVIIIғ. Соңынан бастап Германияда келісімшарттық жинақтардың классикалық түрі әрекет етуде, оған құрылыс-жинақтау кассаларын жатқызуға болады. Олар келесідей қарапайым принцип бойынша жұмыс істейді, егер бір үй салу үшін 10000 ақша бірлігі қажет болса, ал әрбір тілек білдіруші жыл ішінде үй салуға тек мың ақша бірлігіне дейін қаражат үнемдей алса, онда ол 10 жылдан кейін ғана өзіне үй ала алады. Ал осындай тілек білдіруші он адамның жинақтары біріккен жағдайда олардың біреуі бір жылдан кейін-ақ, 2-шісі – 2 жылдан кеін және т.с.с. өзіне үй ала алады. Қазіргі кездегі құрылыс-жинақтау кассалары осы механизмді жүзеге асырады және Германияда тұрғын-үй саласындағы негізгі инвестициялау институттарының бірі болып табылады.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері