Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция
Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері
1997 жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: ОрталықАзия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдау тендерінде Қазақстан қор биржасы мен Қазақстандық Банкаралық қор биржасы жеңіске жеткен болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты.
1998 жылдың жазында Қазақстан қор биржасы листинітік емес бағалы қағаздармен мәмілені тікелей баға белгілеу әдісі арқылы жасау үшін арналған сауда жүйесін іске асырды. Бұл республикадағы биржадан тыс нарықтық баға белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті.
ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасының мүшелері тек қана биржада орындары бар және осы қор биржасының листингіне кіргізілген бағалы қағаздармен саудаға қатысатын кәсіби қатысушылар ғана бола алады. Биржа мүшелсрінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардың арасында ҚР бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлғалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді биржалық кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды. қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқтатылуын, сонымен қатар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қор биржаеыпың мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде «С» санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР аумағынан тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін.
КАSЕ мүшелері қаржылық құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:
Бір ұйым қор биржасында бірнеше санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады.
Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы Биржалық кеңеске, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес комитетіне, биржа мүшелерінің жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтердің сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.
КАSЕ айналымына жіберілетін бағалы қағаздар:
Қор биржасындағы саудаға листинг рәсімінен өткен бағалы қағаздар ғана жіберіледі. Қазақстан қор биржасының бағалы қағаздарының листингі туралы жағдайына сәйкес осы рәсімнен өткеннен кейін, биржалық саудаға ҚР заңдарына және ҚР-да айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік емес бағалы қағаздар жіберіледі.
Листинг рәсімін Қазақстан Республикасында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік бағалы қағаздар, сонымен қатар туынды бағалы қағаздар үшін талап етілмейді. Листингтік компанияның мәртебесін алушы заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
Эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімге қосуда заңды тұлғаның өтініші жөне қосымша талап етілетін құжаттары биржаның листингтік комиссиясында қаралып қабылданады.
Сонымен қатар биржа листингтік компанияның алдында мыналарға міндеттеледі:
Бүгінгі күні Қазақстан қор биржасында мынадай қаржылық құралдар айналыста:
20-тақырып: Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі
2. Қаржы нарығын реттеудің түрлері
Әлемдік тәжірибеде қоғамдық дамудың таңдаған жолына байланысты қаржы нарығын реттеудің әр түрлі үлгілерін ерекше атауға болады. Саудаға қатысушылардың қызметін реттейтін өкілетті органдар: эмитенттер, инвесторлар, кәсіби қор делдалдары, нарық инфрақұрылымының ұйымдары. Осы процесс мемлекетпен қабылданған әлеуметтік-саяси бекітулерді шешуге бағытталған. Мысалы, Қазақстанда мұндай бекітулер халықтың өмірлік деңгейін жүйелі түрде көтеру, шаруашылық жүргізуде нарықтық және мемлекеттік үлгілерді синтездеу негізінде әлемдік қауымдастықта елдің экономикалық және саяси рөлін қалпына келтіру, экономикаыың нарықтық дамуы және мемлекеттің реттеушілік рөлінін сәйкестігі болып табылады.
Қаржы нарығын реттеу деп — қатысушылардың қызмет көрсету процесінде пайда болатын қатынастарын реттеу, сондай-ақ олармен осы қызметтерге өкілетті ұйымдар тарапынан операцияларды жүргізу, олардың барлық қатысушыларын, қызметтерінің барлық түрін қамтитын қатынастарды айтамыз.
Қаржы нарығын реттеу бірқатар бағыттар бойынша қаржы нарығының әрбір кәсіби қатысушысының міндеттері мен құқықтарын анықтайтын зандар мен басқа да нормативті актілердің орындалуын талап ету мақсатында жүргізіледі. Ол бағалы қағаздардың шығарылуын тіркеуден бастап, қаржы нарығын реттеу бойынша мемлекеттік басқару органдарынын құқықтарымен аяқталады.
Экономикасы дамыған шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, мемлекет мынадай негізгі функцияларды атқаруы қажет:
Реттеу процесі алғашқы және қайталамалы нарықтарда жүргізіледі. Алғашқы нарықта мемлекеттік реттеудің міндеті айналымға қаржылық құралдарды шығарғанда және оларды тіркегенде біркелкі талаптарды қолдау. Қайталамалы нарықта мамандандыру туралы куәліктер, сонымен қатар қаржы нарығында қызметті жүргізуге құқық беретін лицензия беріледі және нарықтын кәсіби қатысушыларынын аттестациясы жүргізіледі.
Қаржы нарығын реттеудің мақсаттары:
• қаржы нарығының барлық қатысушыларының жұмыстары үшін тәртіпті үстану және оларға жағдай жасау;
Қаржы нарығын реттеудің қағидалары:
Қаржы нарығын реттеудің түрлері.
Қаржы нарығын реттеу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Тәжірибеде оның мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1. Мақсаттар және тәсілдер көзқарасы бойынша:
2. Реттеудің қай тарап арқылы жүргізілуіне байланысты:
3. Реттеу әдістеріне байланысты;
Сыртқы реттеу нарықтың барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін заңды және нормативті актілердің орындалуына негізделеді. Ішкі реттеу тікелей нарық қатысушысымен қабылданған жеке нормативті құжаттарға, жарғыларға, ережелерге негізделеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық деңгейде осы елдегі ішкі реттеуде мемлекеттің өзінің барлық заңдары мен нормативтерінің орындалуы, ал сыртқы реттеуде — халықаралық сипаттағы нормативті актілердің орындалуы қажет.
Мемлекеттік реттеу — қаржы нарығында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік билік пен өкілетгі органдардын реттеуі. Жекелей алғанда, Қазакстанда оны жүзеге асыратындар: Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты, Үкімет, ҚР Ұлтық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және т.б.
Мемлекеттік реттеу органдары нарықтың барлық қатысушыларына тікелей бірқатар өкілеттіктерді беру арқылы өзін-өзі реттеу қағидасын қалыптастыруға ұмтылады. Бірақ мемлекеттің ережелерге және нұсқауларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Өз кезегінде мемлекеттік реттеу оның қызметіне тікелей (әкімшілік реттеу) араласуы немесе нарыққа жанама (экономикалық реттеу) шаралар арқылы әсер етуі мүмкін.
Тікелей реттеу әдістері: қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне міндетті талаптарды бекітетін заңды және нормативтік актілердің шығарылуы; эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу және ондағы көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттердін, орындауын бақылау; кәсіби қатысушылардын қызметін, қор биржасын, биржадан тыс нарықта айналыста болатын қаржылық құралдар саудасын бағалайтын және техникалық қамтамасыз ететін ұйымдарды лицензиялау; қаржы нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және заңнаманы бұзғаны үшін сәйкесінше санкцияны қолдану; қаржы нарығында заңнаманы бұзатын тұлғаларды табу және жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдау, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру болып табылады.
Қаржы нарығын жанама реттеу мемлекеттің қарамағындағы экономикалық тұтқалар арқылы жүргізіледі. Олар: салық саясаты; ақша саясаты; мемлекеттік капиталдар; мемлекеттің меншігі мен ресурстары; сыртқы экономикалық саясат; сыртқы экономикалық қызмет.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік реттеу органдары: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, эмитенттерінің қызметтеріне және олардың стандарттарына міндетті талаптарды бекіту; бағалы эмиссиялық қағаздарды және эмиссиялық проспектілерді шығаруды тіркеу және оларда көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттің орындауын бақылау; қаржы нарығының кәсіби қатысушылар қызметін лицензиялау; иелердің құқықтарын қорғау жүйесін құру және қаржы нарығының эмитенттері, кәсіби қатысушыларымен олардың құқықтарды ұстануын бақылау; лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату және алдын алу, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру сияқты міндеттерді шешеді.
Кейбір елдерде қаржы нарығын реттеу мемлекеттің басым функциясы болып табылады. Мемлекет өкілеттіктің аз ғана бөлігін қаржы нарығының біріккен кәсіби қатысушыларына тапсырады. Мысалы, Францияда осындай жағдай қалыптасқан. Ал басқа елдерде керісінше, өкілеттіктің ең жоғары шамадағы көлемі өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі, ал мемлекет негізгі қаржы нарығын бақылап отыруды сақтап қалған. Бұл жүйе Ұлыбритания мен Жапонияда қалыптасқан.
Өзін-өзі реттеу — бұл нарыктың кәсіби қатысушылар бірлестіктері тарапынан қаржы нарығын реттеуі. Ол қаржы нарығы қатысушыларының мүдделерін қорғауға бағытталған, ал кәсіби қызметті жүзеге асырудың міндетгі ережелерін, кадрларды кәсіби дайындауда, қаржы нарығындағы қызметі үшін міндетті болып табылатын талаптарды бекітуді өзіне қалдырады.
Қоғамдық реттеу де маңызды рөл атқарады. Ол қоғамдық пікір арқылы реттеу жүргізуді білдіреді.
21-тақырып: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
1.Қазакстан
Республикасы Ұлттық Банктің қы
2.Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері.
3.Экономиканы ақша-несиелік реттеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиялау қызметі.
Қазақстан Республиксының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі деңгейдегі банктер болып табылады.
Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері