Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Несиелік серіктестіктерді мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы  өндірісін несиелеу үшін тиісті жылдың бюджеттерінде қарастырылған сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Несиелік серіктестіктің құрылтайшылық құжаттары құрылтайшылық келісімшарт және жарғы болып табылады.

Құрылтайшылық келісімшартта ҚР заң актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар болуы керек:

  • серіктестікке кіргенде төленетін міндетті салымның ең аз 
    шамадағы көлемі;
  • қатысушылардың  міндетті  төлемдерді  төлеу шарттары 
    және тәртіптері;
  • таза табысты бөлу тәртібі;

Жарғыда ҚР заң  актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар болуы керек:

  • фирманың атауы және орналасқан жері;
  • қатысушылардың міндеттері және құқықтары;
  • қатысудың шарты және тәртібі;
  • жарғылық капиталдың көлемі туралы мәлімет;
  • қатысушылардың  қосымша  жарналарын   төлеу   шарты және тәртібі;
  • несиелік серіктестіктің органдары туралы ереже, шешім 
    қабылдау тәртібі, соның ішінде қатысушылардың жалпы 
    жиналысында   бар   және   ұсынылған   қатысушылардың төрттен үш бөлігінің көпшілік дауысы қажет сұрақтар бойынша ережелер;
  • несиелік серіктестіктің органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлу;
  • ақшаны орналастыру тәртібі;
  • жарғыға өзгертулер және толықтыруларды енгізу тәртібі;
  • резервтік    капиталды қолдану    және    қалыптастыру тәртібі.

         Қаржы нарығындағы үлкен бөлікті әр түрлі қаржылық компаниялар алады. Олар коммерциялық банктерден қол жетерлік және арзан несие ала алмайтын жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді, сонымен қатар лизингтік несиелерді беруге негізделеді. Көбіне қаржылық компаниялар несиелерді жоғары деңгейлі тәуекелмен береді. Бұл ұйымдардың қаражаттары банктік несиелер есебінен, коммерциялық қағаздарды сатудан, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерді эмиссиялау есебінен қалыптастырылады. Олардың капиталының негізгі бөлігі — қарыз қаражаттары. Олардың меншік капиталына деген арақатынасы 10:1. Қаржылық компаниялардың көптеген депозиттік институттардан айырмашылығы — олар ұсақ депозиттерді тартпайды.

Қаржылық компаниялардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы әр түрлі болуы мүмкін: жеке меншік құқығындағы корпорациялар, ашық акционерлік коғамдар, сонымеы қатар еншілес кәсіпорындар, толығымен өндірушілер, коммерциялық банктердің холдингтік компаниялары, өмірді сақтандыру бойынша компаниялар немесе басқа да корпоративті меншік иелері толық ие болатын кәсіпорындар.

Қаржылық  компанияларды былайша бөлуге болады:

  • тұтынушылық несиелеумен айналысатын, мысалы, шағын ссудалар;
  • кәсіпорьшдарды несиелеумен айналысатын;
  • факторингтік;
  • лизингтік;
  • ипотекалық;
  • инвестициялық компаниялар;
  • алғашқы ұйымның өнімдерін сатып  алуды  қаржыландырумен айналысатын;
  • «кэптивтік» компаниялар;
  • форфейтинггі және т.б.

Ломбард дегеніміз қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті органның тиісті лицензиясы болған  кезде ұлттық валютадағы банктік және басқа да операциялардың түрлерімен айналысуға құқығы бар, банк болып табылмайтын, заңды тұлғаны, коммерциялық ұйымды білдіреді. Ломбард мынадай опсрациялармен айналыса алады:

  • ломбардтық  операциялар:   депозитке   салынған,   жеңіл сатылатын бағалы қағаздарды және басқа да жылжитын мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несие беру;
  • лизингтік қызмет;
  • бағалы металдары мен тастары бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды 
    және бөлмелерді кепілге қоюмен қоса, құжаттық түрде шығарылатын бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

Ломбардтық, лизингтік операцияларды, бағалы металдары мен асыл тастары бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату бойынша операцияларды жүргізуге арналған тиісті мемлекеттік органның лицензия беріледі.

Сейфтік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы белгіленген формада  болған кезде ғана ҚР Ұлттық банкі береді.

Ломбардтар өз қызметін шаруашылық етуші серіктестіктер түрінде де құрып атқара алады. Ломбардтың толық атауында міндетті түрде «ломбард» сөзі болуы тиіс. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар — ҚР резиденттері және резидент еместері бола алады.

Тұрғын үй құрылыс  жинақ ақша жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларына несие бөлудің сапалы жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ТМД аумағында  орта және ортадан төмен кірісті тұрғындарға арналған осы жүйенің қағидалары мен талаптарын  іске асыруды бастаған алғашқы мемлекет.

Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақша туралы» Заңының енгізілуімен басталды.

Тұрғын үй құрылысын  ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімділігін жетілдіру, көтеру және ипотекалық кредиттеу жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы № 364 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» қаулысы негізінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Банк Құрылтайшысы және Акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесінің германдық үлгісін және әлемнің көптеген елдерінің жинаған тәжірибесін пайдаланды. Чехия, Словакия, Венгрия, Франция, Люксембург секілді елдер осы жүйені табысты жетілдірді және бұл өнім тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларын қаржыландырудың үлкен әлеуетті мүмкіндік екенін дәлелдеді.  
Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тұрғын үйді сатып алу және ауыстыру үшін, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысын, жөндеу және жаңартуларды қоса алғанда, заем алу мақсатында жеке жинақ ақшасын жинақтауға негізделген, тұрғын үйді қаржыландырудың қолайлы механизмін ұсынады.

Тұрғын үй құрылыс  жинақ ақша жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасы үшін тұрғын үй саясатын жүргізудің бірден бір  құралы болып табылады. Ол нарықтағы  тұрғын үйлерді сатып алу, меншігіндегі тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй жағдайларын жақсарту сияқты халықтың неғұрлым экономикалық белсенді бөлігіне бағытталған шараларды жүзеге асырады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ын құрудағы мақсат  – Қазақстан азаматтары үшін жеке меншік баспанаға арнайы ақша жинау мүмкіндіктерін беру. Қазақстан Республикасы Үкіметі банктің тұрақты қызмет етуі үшін қажетті мөлшерге дейін банктің тиісті қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Биржа тізіміне кіретін мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен, сондай-ақ, Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен шетел валюта саудасына қатысу құқығымен "В", "К" және "Р" санаттары бойынша «Қазақстанның қор биржасы» АҚ мүшесі болып табылады.

2001 жылы құрылған  Қазақстанның Даму Банкі бүгінгі  күнде мемлекеттік инвестициялық  саясаттың ең басты жолсеріктерінің  бірі болып табылады.

Өнеркәсіптің  шикізатқа жатпайтын салаларында  бәсекеге қабілетті өндірістер құруды қаржыландырып және елдің инфрақұрылымын дамыта отырып, Банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.

Банктің инвестициялық  қызметі елдің барлық өңірлерінде  және өңдеуші өнеркәсіптің маңызды  салаларында танытылған. Банктің  қаржыландыру көмегімен енгізілген жаңа және жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнеркәсіптік және экспорттық қатаюына және өңіраралық интеграцияға іс жүзінде елеулі үлесін қосып отыр.

Қазақстанның  Даму Банкі экономиканы жаңғыртудың  ең басты қатысушыларының бірі болып табылып, бұдан әрі де серпінді және кластерлік жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруда өз озаттығын нығайта беретін болады.

Банктің міндеттері:

Экономикаға тікелей  инвестициялар тарту  
- ҚДБ-нің несие рейтингтерi: «ұзын» және «арзан» ақшаларды тарту; 

-Сенімді серіктес: сапалы сараптама және әкімшілік қолдау;

- Елеулі тәжірибесі: мемлекеттiк бағдарламалардың агенті.

Экономиканың  басым секторларының жобаларын  қаржыландыру;        
- Елеулі экономикалық әсер ететін жобаларына назар аудару;  
- ҮИИДБ шеңберiнде Үкіметпен мақұлданған жобаларын қаржыландыру.

Басым салалардағы  ірі жобаларды жүзеге асыру: энергетика, көлік, металлургия, химия және фармацевтика, мұнай химиясы, мұнай өңдеу, машина құрылысы, басқа да салалар (құрылыс материалдары, туризм, агроөнеркәсіптік кешені және т.б.).  
Қазақстанның даму банкінің несиелік құралдары

  • Инвестициялық жобаларға арналған қарыздар: 5-тен 20 жылға дейін, ең төменгі сомасы - 5 млн. $;
  • Қаржылық лизинг: 3-тен 20 жылға дейін, ең төменгі сомасы - 1 млн. $; 
  • Жобалық қаржыландыру; 
  • Кепілдерді беру; 
  • Мемлекеттік жобаларға агенттік қызмет көрсету.

 

19-тақырып: Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы

 

  1. Биржаның функциясы мен мәні
  2. Қазақстан қор биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыруы

 

Қор биржасы  нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.

«Биржа» терминінің пайда болуы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латын тілінен аударғанда әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді; неміс тілінде және итальян тілінде де сол мағынаны береді.

Екіншісі бельгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты голландық көпестің атынан пайда болды делінеді. Ол тұрған үйде үш әмиянның суреті бар таңба болған. Оның үйі орналасқан жер сатушылардың жиналуына ыңғайлы алаң болатын, мұнда олар ақшаларын ауыстырып, өздерінін істерін жасайтын, сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі бір төлемге алғашқы биржашыларға берген.

Қазіргі заман  талаптарына сай сырт көрінісі өзгергенмен, бұл сөздің мағынасы сол күйінде сақталған.

Егер заң  тұрғысынан қарайтын болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі, бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр. Құқықтық қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін қызметшілер жалақысына жібереді. Кірістер шығыстардан асып түскен уақытта, сол ақша қаражаттары сауда процесін жүргізуге және оған қызмет көрсетуге, ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сыйақы беруге, сауда алаңдарын кеңейтуге, жаңа құралдарды сатып алуға, жаңа технологияны енгізуге және зерттеуге кетеді.

Биржаның  табысы мен мүлігі листингтен бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.

ҚР «Бағалы  қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасы — акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР мемлекеттік органдарына тәуелді емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктерді де аша алады.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналыса алады:

  • бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;
  • бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;
  • бағалы қағаздарға баға белгілеу;
  • өз  мүшелеріне ұйымдастырушылық,  ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету;
  • жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу;
  • құқықтық қатынастар   субъектілері   арасында  клиринг жүргізу.

Қазақстан қор биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыруы

Бүгінгі таңда  біздің елде Қор биржаларының еуроазиялық федерациясының  мүшесі және Қор биржаларының халықаралық федерациясының корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Қазақстан қор биржасы (КАSЕ) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері