Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Дисконт вексельде көрсетілген  осма немесе вексель ұстаушыға төленетін  сома арасындағы айырма.

Банктердің активті  вексельдік операцияларына акцептің және авальді операциялар қатысты.

Акцепті операция кезінде  банк клиентке вексельдерді жазып беруге құқықты тапсырып, оларды акцептеуге, яғни вексельдер бойынша төлемдерді өз есебінен жүргізуге кепіл береді. Ал бұл жағдайды пайдаланып отырған клиент, вексель мерзімі аяқталғаннан кейін, оның төлемін жүргізу үшін банкке сәйкес соманы қайтаруға міндеттенеді.

Вексельдік несиені  пайдаланудың маңызды формасы аваль  б.т. Мұндай жағдайда, вексель бойынша  төлем, тікелей вексельді ұсынушымен орындалады, ал аваль тек төлем  кепілдемесі қызметін атқарады. Вексель  ұсынушының вексельдің төлемін жүргізуге  қабілеті жетпеген жағдайда, төлемді орындау жауапкершілігі авальді қойған банкке жүктеледі. Банктердің активті операцияларының маңызды түрі тауарлы несие б.т. Тауарлы несиелер бұл – тауарды не варрант (тауар қоймаға жауапкершілікті сақтануға алынған жөнінде куәлік); темір жол накладнойы, яғни коносамент (жүктің кемеге қабылданғанын куәландыратын құжат) ; жүктітасымалдау накладнойы секілді және т.б. тауарға билік етуге рұқсат беретін құжаттарды кепілге ала отырып банкпен ұсынылатын несиелер.

Қазіргі нарық жағдайында тауарлы қамсыздандыруға несиелерді бергенде, банктер жоғары тәуекелге барады, себебі несие мерзімінде қайтарылмаған кезде, ол қамсыздандыру қызметін атқарып отырған және оларды сатудан түскен түсім есебінен, клиент, қарызын өтеуі мүмкін таурларды қамауға алады. Алайда бұл жерде барлық уақытта тауарларды өткізу мүмкіндігі болмайтынын да ескеру қажет, ал бұл өз алдында бір мәселе б.т.

Банктердің активтік операцияларының бір түрі- ол қор  операциялары, оларда объекті қызметін әр түрлі түрдегі бағалы қағаздар атқарады.

Сондай-ақ, бағалы қағаздарға банктік инвестициялармен байланысты операциялар бар, оның нәтижесінде  банк бағалы қағаздар портфелінің иегері болады. Мұн.дай сатып алудың мақсаты  – не бұл қағаздарды болашақта  қайта сатуға ұмтылыс, не ұзақ мерзімге капиталды салу.

Банктермен берілетін  несиелер бойынша кепіл ретінде  жылжымайтын мүлік, басқа банктің  немесе сақтандыру ұйымының сақтандыру кепілдемелері де шығады.

Банктердің делдалдық  операцияларының маңыздылары қатарына инкассолық, аккредитивті, аударым  және саудалық-коммиссиондық операциялар жатады. Сондай-ақ, лизингтік және сырттай делдалдық операцияларға ұқсас, бірақ оның шеңберінен шығып кететін сенімдік (трасттық) операциялар ерекше орын алады.

Инкассолық операциялар  арқылы банк, клиенттің тапсырысы  негізінде ақшалай немесе тауарлы-есепті құжаттар бойынша ақшаларды алады. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар, шетел валютасы және т.с.с. қабылданады. Инкассолық  операцияны орындай отырып, банк, мөлшері, операция түріне байланысты болатын комиссияны ұстап қалады.  

 

15-тақырып: Зейнетақы қорлары

 

  1. ҚР зейнетақы жүйесінің экономикалық маңызы мен мәні.
  2. Зейнетақы жүйесінің буындары.
  3. Зейнетақы қорларына салымдарды инвестия ретінде қолданылуы.

 

1998 жылға дейінгі   Қазақстанда әрекет еткен ынтымақтастық  зейнетақы жүйесінде зейнетақылар кәсіпорындар өз жұмысшыларының зейнетақы салымдары есебінен төленетін. Бұл жүйеде мемлекет зейнетақы төлеуге талап ететін қаражаттардан аз салым көлемі аударылуы мүмкін еді. Бұл мәселе жұмыссыздық деңгейі жоғарылағанда, экономикалық дағдарыс кезінде жаңа зейнетақы жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу қажет болды.

Жүйенің өзгеруінің басқа  маңызды себептерінің Қазақстанда  күнделікті жұмыс істейтін тұрғындардың төмендеуі, және жаңадан туылған  балалар санының азаюы болып  табылады. Бұдан шығатыны зейнетақы алуға құқылы адамдардың саны көбейеді ол зейнетақы салымдарын салатын адамдардың саны азаяды. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі бұл жағдаймен күресуге және зейнетақыларды үздіксіз төлеуді қамтамасыз ете алмайды.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінде әрбір тұлға өз табысынан салым салу арқылы жеке зейнетақысын жинайды. Бұл зейнетақы жинақтары оның жекеменшігі болып табылады. Осылайша тұлғаның зейнетақысы демалысына шыққанда жұмыс істейтіндер санына байланыссыз болады. Зейнетақы тұлғаның жеке зейнетақы шотынан төленеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде адамдардың салымдарына өсімақылар (инвестициялық табыс) есептеледі. Бұл аударымдар жинақтық тез өсуін және оларды инфляциядан қорғайтын болады.

  Әрбір азамат дұрыс зейнетақы қорын таңдауы үшін, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары істейтін негізгі принциптердің кейбіреулерін білу қажет. Зейнетақы қорлары жүйедегі орталық буынды құрайды. Зейнетақы қорлдары келесідей қызметтерді жүзеге асырады.

- салымшылармен жұмыс  істеу 

- міндетті және ерікті зейнетақы салымдарын алуды жүзеге асырады

- мемлекеттік органдар  және өз салымшылары алдында  есеп береді

- алушыларға зейнетақы  төлемдерін жүзеге асырады.

Қор зейнетақылық активтерді басқару бойынша компаниямен және банк кастодиандармен келісімшарттар жасауы қажет.

Зейнетақы активтерін басқару бойынша компания (ЗАБК)- бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жұмыс істейтін схемада екінші маңызды буыны.

ЗАБК зейнетақы қорының  активтерінің инвестициялау мүмкіндіктерін қарастырады.

Қор мен бірге инвестициялық саясатты жетілдіреді және бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссияның (БҚҰК) рұқсат берген шекте активтер алу туралы шешімдер қабылдайды. ЗАБК жинақтаушы зейнетақы қоры және БҚҰК алдында қызмет туралы үнемі есеп беріп отырады және өз қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады. Сонымен қатар ЗАБК әр жұмыс күнінің соңында қор активтерінің нарықтық құнын анықтауға жауап береді.

Банк кастодиан – бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үшінші буыны және клиент қаражаттарын жауапкершілікпен сақтауға және есептеу бойынша қызмет көрсететін банк – сақтаушы болып табылады. Сонымен қатар бұл банк компания басқарушысының инструкциясына сәйкес қордың активтерін саудалауға және инвестициялауға қатысады.

Осы үш ұйымның барлығы  бір –біріне тәуелсіз заңды тұлға болуы қажет. Заңда қарастырылған салымшылардың қаражаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы қаражаттарды арналуы бойынша қолданбауы үшін жалпы құрылтайшылары болмауы керек.

Егер ЗАБК зейнетақы  қорының пікірі бойынша өз қызметтерін және инвестициялық табысын қанағаттанарлықсаыз орындаса, онда қор кез –келгенуақытта алдыен жасалған келісімшартты бұзуға құқылы. Сонымен қатар қор банк қызметінің жұмысые қанағаттанарлықсыз деп тапса, банкті ауыстыруына болады.

Ал зейнетақы жүйесінде зейнетақы қорларының бірнеше болуының себебі қорлар арасында бәсеке төтеп бере алатын мықты болуына алып келеді және салымшыларға өз зейнетақы жинақтарын қай қорға сенуге болатындығына мүмкіндік береді.

БҚҰК – мен зейнетақы қорларының активтерінің қалайша инвестициялау қажет екендігі туралы инструкция қабылданған.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері  келесі қаржылық құралдарына инвестициялауына болады.

  1. ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары.
  2. Төлемдегі халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына (активтерінің  10 % аспайтын бөлігі)
  • МБРР
  • ЕБРР
  • Америкааралық даму банкі
  • Халықаралық есептеу банкі
  • Азияның даму банкі
  • Африканың даму банкі
  • Халықаралық қаржы корпарациясы
  • Ислам даму банкі
  1. ҚРжәне СДВ банктік депозитті сертификаттары  (40%).  

 

16-тақырып: Инвестициялық компаниялар және қорлар

 

1. Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қалыптасуы.

2. Инвестициялық  қорлардың түрлері мен типтері

 

«Инвестиция» ұғымы  кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселелені шешу үшін тиісті қаржы институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.

Ол қаржы нарығында  инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені  ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

Инвестициялық қор өзіндік  акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.

Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға  және тиісті табыс алу мақсатында портфелді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.

Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:

  • Инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
  • Бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
  • Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
  • Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.

Инвестициялық қор өндіріспен және сауда саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез келген тәсілмен  береді, сонымен бірге опциондық және фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап сату» мәмілелерімен айналысады.

Инвестициялық қордың ұйымдық  құрылымын былайша көрсетуге  болады: акционерлердің жалпы жиналысы—басқарма—инвестициялық  қордың басқарушысы.

Кез келген АҚ акционерлерінің  жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:

    • Инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;
    • Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
    • Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандарымен келісімшартқа отыру туралы.

Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда  қарастырылған құзыреттілігінен өзге де өз құзыреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).

Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілген келісімшарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық қормен бекіте алады, алайда бұл арада инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.

Инвестициялық қордың қызметі  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының  заңдары инвестициялық қорлардың  белгілі бір типтерін анықтап  береді.

Екі негізгі типі: өзара  қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіледі.

Өзара қор барлық тілек  білдіруші инвесторлардың қаражатын  тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып  алуға міндеттеме қабылдаған ашық инвестициялық қор болып табылады. Олар қосымша эмиссияны жүзеге асыру қажет болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз акцияны шектеусіз мөлшерде шығара алады. Ол (өзара қор) артықшылығы бар акцияны шығармайды. Сонымен қатар өзара қор былайша сипатталады: оның акциялары ұйымдастырылмаған нарықта айналысқа түседі, акцияға бағаны күн сайын белгілеп отыру міндеттемесі заңмен анықталған.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері