Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция
Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері
Несиелік ақшалар өз дамуында бірнеше сатылардан өтті. Несиелік ақшаның алғашқы тарихи түрі бұл вексель. Вексель бұл бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.
XIV ғасырдың соңында несиелік ақшаның тағы бір түрі банкнота пайда болды. Алғашқыда банкнотаны кез-келген банк эмиссиялады, кейіннен эмиссиялау ролын мемлекет өзіне алды.
XVI-XVII ғасырларда
қолма-қолсыз есеп айырысу
Ақша келесідей қызметтерді атқарады:
Ақшаның қызметтерінен ақша нарығының келесі қызметтері анықталады:
Ақша нарығының құралдарынан және Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктерінен ақша нарығы келесі сегменттерге бөлінеді (2-сурет).
Шығыскөзі: Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқу құралы, А.:2008
2-сурет. Қазақстанда ақша қаражаттары нарығының негізгі сегменттері.
Қазақстан Республикасының аймағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен айналыста келейсідей операциялар жүзеге асырылады:
Ақша нарығының төлем құралдары (қолма-қолсыз есеп айырысу формалары). Қазіргі кезде ақша қаражаттарының айналысында қолма-қолсыз ақша айналысы дамуда. Ол коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қолма-қолсыз ақшалар арқылы есеп айырысудың мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылды:
Жабдықтаушылар мен сатып
Төлем тапсырмасы шот иесінің өз шотынан алушының шотына тапсырмада көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банкке беретін жазбаша өкімін білдіреді. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлармен көрсетілген қызмет үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша, келісімшартта қарастырылған жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізіледі. Есеп айырысудың бұл формасы Қазақстанда кеңінен тараған.
Төлем талап-тапсырмасы. Сатушының талабы бойынша сатып алушыға тауар келісімшарты бойынша көрсетілген соманы шотына аудару туралы жазбаша өкімін білдіреді.
Аккредитив сатып алушы банкінің сатып алушының тапсырмасы бойынша жөнетілген тауарларды, сондай-ақ аккредитивтік өтініште қарастырылған басқа жағдайларды растайтын құжаттарды негізге ала отырып жабдықтаушыға төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкіне беретін тапсырманы білдіреді. Аккредитивтер жабық (депозиттік) және ашық (кепілдікті), қайтарып алынатын және қайтарып алынбайтын боп бөлінеді.
Төлеушінің жабдықтаушы есеп айырысу үшін қаражатты алдын-ала сақтап қоятын, әрекет яғни алғашқысының қаражатты өз есеп айырысу шотынан жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке аударатын әрекеті жабық аккредитив деп саналады.
Ашық аккредитив орындаушы банктен өзінің шотын жүргізетін эмитент-банктен аккредитивтің барлық сомасын есептен шығарып тастауын білдіреді.
Қайтарылып алынбайтын аккредитив жабдықтаушының қаражатты алушының келісімінсіз күшін жоймайды немесе өзгертілмейді. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда аккредитив қайтарып алынатын деп саналады.
Чек берушінің
чекті ұстаушыға чекте
Ақшалай чектер чекті ұстаушыға банктен қолма-қол ақша алу мүмкіндігін береді. Мысалы: еңбек ақы, шаруашылық қажеттіліктер үшін, іс сапар шығындар және т.б.
Вексель бұл бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай (соло) вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) – вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельдік және аллонжда (аваль ретінде есептеу деген жазумен рәсімделеді).
Банк қызметіне
механикаландыру мен
4-тақырып: Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері
1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі. Депозиттердің типтері.
2.Депозиттер коммерциялық банктердің ресурстық базасы ретінде.
3. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі.
Шаруашылық субъект ретінде кез-келген қаржы институты өз жарғылық қызметін іске асыру үшін қаржы ресурстарына, яғни ғимарат, құрылыс, техника мен технология сатып алу үшін, айналым капиталын жасақтау үшін, жалақы және бюджетке төлем жүргізу т.с.с. үшін ақша көздеріне мұқтаж болып табылады. Ол шығындар өз есебінің негізінен қаржыландырылуы, не заем мен тартылған қаржының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Оның негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың түрлі салымдары немесе депозиттер құрайды.
Депозиттік операциялар
алғашқы кезде алтын
Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар түрлі формаларға бөлініп, түрлі елдер бойынша әр түрлі болып табылады. Дегенмен кез-келген қаржы институты үшін салымшыларды тарту және несиелік ресурстардың негізгі көзі ретінде депозит базасын кеңейту басты мақсат болып табылады. Ақшалар жинақтаушы функциясын орындап депозиттерге айналады, ал олар халықтың, шаруашылық субъектілердің және т.б. жинаған қаржысы болып табылады. Клиенттің барлық салымдары депозит деп түсіндіріледі. Депозиттерге салынған қаржы көздері түрлі болуы мүмкін. Ол корпоративтік клиенттердің есеп шоттарындағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылары, жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша қолданылмай тұрған жалақылары.
Бүгінгі таңда коммерциялық банктер депозиттердің әр түрлі түрлерін ұсынып отыр. Қазақстанның банктік тәжірибесінде олардың мынадай түрлері бар:
1) Сұрағанға дейінгі
депозиттер немесе чектік
Чектік депозиттердің негізгі түрінің бірі сұрағанға дейінгі салымдар болып табылады, оның өз ерекшеліктері бар:
Көп клиенттер осы
депозит түріндегі ақшаның
Сұрағанға дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
2) Жинақтаушы салымдар. Бұл салымдар
халықпен жасалатын
Қазақстан банктері ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің негізгі түрлеріне жинақтаушы кітапшалар, депозиттік есепшоттар жатады.
Жинақтаушы кітапшалардағы есепшоттар пайыздық пайда әкелетін және оны бірден алуға болатын салым болып табылады.
Қазақстанның депозит нарығында мынадай жинақтаушы депозиттердің түрлері ұсынылады:
3) Мерзімдік салымдар-
бұл нақтыланып белгіленген
Қазақстанның депозит нарығының құрылымын институттар тұрғысынан және нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан да көрсетуге болады.
Институционалдық құрылым – қадағалаудың реттеуші органдары және шаруашылық субъектлердің байланысы болып табылады.
Депозит нарығының қаржылық институттары болып өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында салымдар тартатын ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы несие жүйесінің жоғарғы буыны ретінде коммерциялық банктер және мамандандырылған қаржы мекемелерінің қызметін реттейді.
Банктерде тұрғындардың жинағының өсуі, өзіндік тұрақтылық және сенімділік кепілі болып табылатын олардың несиелік қабілеттілігі мен өтімділігін арта түсіретін маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері