Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын келесі үлгіде көрсетуге болады (1-сурет).

Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және каржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.

Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

Валюта  нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.

Бағалы  қағаздар нарығы. Басқа да қаржы кұралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жақсы әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты ресімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісімшартты бекітіп барып қана бере аласын. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр. Қаржы тәуекелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін туынды бағалы қағаздар болады, ал оларды беру (тапсыру) кейінірек жүзеге асырылады, яғни базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша, бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді. Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары.

Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысты күмәнін азайтады. Сақтандыру тәуекелі батыстың қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның қаржылық стратегияларының негізгі құраушыларының бірі, бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлері болады: әрбір субъект өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың, ресурстардың орнын толтыратын және оларды болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру - бұл қайта бөлісу қатынасы. Ол әдетте барлық субъектілерді, бүкіл ел аумағын немесе аймақтарды толық қамтымаса да, бұлардың бір бөлігіне материалдық, не болмаса басқадай зиян шектіріп кететін кездейсоқ залалға қарсы түру үшін туған амал. Бұл бір субъект зиян шеге қалған жағдайда басқа сақтандырылған субъектілердің ынтымақтастығымен залалдың орнын толтыруға мүмкіндік береді, 1998 жылға дейін Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейтін буын жұмыс істемейтін ұрпақты қамтамасыз етеді, ал алдыңғы ұрпақ еңбекке жарамсыз болғанда оның орнын өз кезегінде жаңа ұрпақ алмастыруын басты назарда ұстайтын ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасына негізделген болатын. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі азаматтардың дербес аударымдарына негізделген. Бұл арадағы төлем мөлшері тұлғаның салым ақшасының сомасына қарай болады. Зейнетақы және сақтандыру қорлары көптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері болып табылады, яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде тартылады. Осылайша, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары арқылы шоғырландырылған халықтың қаражаты түпкі есебінде ұдайы өндіріс процесіне тартылады. Сондықтан да сақтандыру және зейнетақы нарықтары, бір жағынан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе, екіншіден - ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына кіруі қажет.

Барлық типтегі  нарықтардың өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шартын анықтап береді, яғни:

  • ретке  келтірілген тауар нарығының  болуы  (кез  келген 
    түрдегі және бағыттағы тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерілімдігі);
  • ақша айналысын реттеу, елдің Ұлттық банк тарапынан қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз айналымдар бойынша эмиссияны бақылау;

• несие нарығын толық белсендендіру және коммерциялау. Қазақстан нарығындағы қаржы институттарын нығайту үшін осы ұйымдардың рейтингілерін анықтау маңызды болып табылады.

Қаржы нарығын  реттеу және өзін-өзі реттеу құралдарының ең ықпалдыларының бірі ретінде ұйымдарға белгілі бір артықшылықтар беретін қатысушылардың рейтингін айтуға болады:

  • жаңа клиенттерді тартудың және нарық үлестерін ұлғайтудың мүмкіндіктері;
  • қызмет тиімділігін арттыру мүмкіндігі;
  • компанияның     сенімділік     деңгейіне сәйкес қызмет көрсетудің ақыларын белгілеу;
  • компанияның   инвестициялық   тартымдылығының   өсуі және т.б.

Компания сенімділігінің рейтингі - бұл компаниялардың менеджерлерімен кездесудің нәтижесінде алынатын және жария түрде де, арнайы да сұралатын ақпарат, мәліметтер талдауына негізделген төлем қабілетін кешенді бағалау болып табылады. Сонымен бірге агенттікпен кез келген көздер бойынша алынған барлық нақтыланған акпараттар есепке алынады. Рейтинг қаржы ұйымдарының имиджін, беделін көтеруге, клиенттерді тартуға, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғалардың алдында мәртебелерін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең маңызды міндеттердің біріне ұйымдардың да, клиенттердің де мүдделерін танытатын рейтингтік агенттіктерді құру жатады.

 

2-тақырып. Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы

 

1. Әлемдік қаржы  нарығының мәні мен мағынасы. Әлемдік қаржы нарығының түсінігі. 

2. Әлемдік қаржы нарығы дамуының алғы шарттары мен қызмет етуі.

 

Әлемдік қаржы нарығының құрылуы  ХХ ғасырдың 30-жылдарына жатады. Бірақ  екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс сауда-экономикалық байланыстарды бұзды. Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру 1944 жылы болған Бреттон-Вуд конференциясынан басталады.

Әлемдік қаржы нарығы түсінігіне қатысты экономистердің пікірі әр түрлі тарқатылады. Біреулері  оны қарыз капиталы нарығының  құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас тұрғысынан, екіншілері оны ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігі мақсатында әлемдік қаржылық ағымдардың жинақталу мен қайта бөлінуін қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Олар әлемдік қаржы нарығы үлкен жинақтарды иеленетін елдерден оның жетіспеушілігі байқалатын елдерге капитал ауысуы функциясымен ғана шектеуге болады деп есептейді. Олар өздерінің қорытындыларын жасаған кезде дамыған саланың экспортталатын капиталдарын дәл сондай дамыған салалар мен офшорлы аймақтарға ауысуын негіз етіп алады. Олар әлемдік қаржылардың негізгі арналымы тәуекелдікті басқару, құқықтық реттеу мен салық салудан жалтару деп есептейді. Басқа экономистер валюта нарығынан алыпсатарлық операцияларды бөліп алу қажет деп есептейді. Бірақ тәжірибеде алыпсатарлық мәмілені хеджирлеу мәмілесінен ажырату өте қиын деп айтылады, себебі екі жағдайда да шаруашылық жүргізуші субъектілерге ашық валюталық ұстанымды қабылдауға тура келеді. Әдістемелердің тұтастығы сауда нарығын – ақша нарығының қысқа мерзімді активтері және капитал нарығын – ұзақ мерзімді активтері деп бөлуден тұрады. Бұдан басқа барлығы дерлік қызметті халықаралық қаржылар саласымен шектелмейтін еуронарықты бөліп шығарады, сондай-ақ әлемдік қаржы нарығында мынадай - әр түрлі резиденттері өз арасында активтерді жай айырбастау деген ерекше белгіні енгізуге тырыспайды.

Алайда капитал ауысуының  күшейуі қаржы нарығына халықаралық  сипат береді, сондықтан толық  көлемде ел экономикасына салынған шетел капиталын бөліп алып, шетелде орналастырылған ұлттық капиталды есепке алу қиын. Сондықтан да «өзін үздіксіз көбейтетін құн ретінде» капитал қозғалыссыз өмір сүре алмайды, ол ұдайы өндіріске құйыла отырып, жаңа құн құрып үнемі айналымда болуы қажет. Сондықтан егер капитал үнемі өте пайдалы салымдарды іздеуде болса, онда оны осы жай бір елден басқа елге ауысуға мәжбүрлейді.

Сонымен әлемдік қаржы  нарығы – бұл түбінде капитал  экспортеры, оның рецепиенттері және осы рөлдерге сәйкес, мысалы, транзит  капиталы сияқты әр түрлі рөлдерге шыға отырып, барлық елдер қатысатын экономикалық қатынас. Мұнда постиндустриалды елдерге көбірек мән беріледі. Бұдан басқа оларда есеп айырысу орталығы болып табылатын банктер орналасады. Мысалы, Лондон, Гонконг, Токио және басқа жерлерде орналасқан субъектілер арасында жүретін мәмілелер бейнеленуі мүмкін, сондықтан оларды өздерінің ақша-қаржылық жүйесі әлемдік қаржы нарығының негізін құрайтын капитал клирингінің елдері деп атауға болады.

Әлемдік қаржы нарығына валюталық нарық жатады, мұның  қатысушылары:

  • тауар және қаржы нарығындағы операцияларды жүзеге асыруға қажет бастапқы кезең конверсия болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;
  • осы операция түрлерін жүзеге асыратын алыпсатарлар мен арбитражерлар;
  • валюталық тәуекелділіктен сақтайтын хеджерлер;
  • барлық қатысушылар үшін валюта айырбастау қызметтеріне мамандандырылған делдалдар;
  • валюталық-қаржылық жүйені тұрақтандыру мақсатында валюта нарығын реттейтін мемлекеттік және мемлекет аралық ұйымдар.

Әлемдік қаржы нарығына тікелей ұзақ мерзімді несиелеу нарығын жатқызуға болады. Дегенмен, үлкен бөлік бойынша қысқа мерзімді алыпсатарлық мәмілелер ақшаларды тартады және әлемдік нарықтың өзінің негізгі қозғалу үрдісінен қысқа мерзімді ауытқуы нәтижесінде жылдам пайда алуға негізделеді деп есептеледі. Салық салудағы айырмашылығы басқаша заңнамалық негіз жағдайында кейде қысқа мерзімді, бірақ револьверлік ауысу шартымен несиелік келісімді қайта жасау формасында елдер арасында әр түрлі үлгіде қаржылық және экономикалық қатынастарды рәсімдеу пайдалы болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар нарығы капиталға ақша ретінде негізделсе, онда ол қор деп аталады және ол осы сипатта ауқымы мен көлемі бойынша қаржы нарығының негізгі операциясының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы кезде қор нарығы бағалы қағаздар нарығының үлкен бөлігі екендігін белгілеп кету қажет, сондықтан осы екі түсінікте ғылыми әдебиеттерде синонимдер болып есептеледі. Сонымен бірге негізгі және туынды қор құралдарының анықталуына берілмейтін бағалы қағаздардың қалған бөлігі нақты шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін айналым құралдарын уақытша толықтыру көзі ретінде шыға алады. Сондықтан да қайта орнын босататын және қайта орнын босатпайтын борыштық бағалы қағаздар айналатын бағалы қағаздар нарығының бөлігі қаржы нарығына жатады.

Сақтандыру нарығы және зейнетақы активтерінің нарығы жинақталатын қатынастар жиынтығын тікелей қаржыландыруға жатады. Мысалы, нарықтың субъектісі өзі үшін толтырып отыру көзін құра отырып, тәуекелділіктер мен материалдық қаражаттарды, ресурстарды алмау ықтималдылығын сақтандыратды.

Зейнетақы және сақтандыру қорлары ақшаны өндіріске инвестициялайды, яғни олар жаңа құн құрайтын ұдайы өндіріс процесіне белсенді қатысады. Сонымен халықтың қаражаттары сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары арқылы ұдайы өндіріс процесіне түседі. Осыған байланысты сақтандыру нарығы анықталған елдің қаржылық нарығы құрылымына, ал ол сол арқылы халықаралық қаржы саласына кіреді.

 

3-тақырып: Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары

 

1.Ақша нарығының  түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні.

2.Экономикада ақша нарығының ролі. Ақша нарығының құралдары.

3.Қолма-қол және қолма-қолсыз (айналыстағы) қаржыларды пайдалану арқылы төлемдер.

 

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, олардың ағымдық өтімділігі, сатушылар мен сатып алушылардың  ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу механизмін қамтамасыз етуде ақша нарығында қаржы құралдары маңызды рөл атқарады. Кез-келген қаржы құралдарының негізінде ақша жатады.

Қоғамдағы ақшаның  қажеттілігі тауар өндірісі тауар  айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал, бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни

                                                     өндіріс құралдары


                                      Т-А                                              өндіріс – Т/ - А/ 

                                                     еңбек күші

 

сызбасы бойынша  жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді.

Ақшаның бастапқы формалары қабыршақ, мал және  т.б. болды. Кейіннен олардың орнын  алтын, күміс және мыс монеталары ауыстырды. Ақшаның монеталық формаларын ауыстыратын несиелік ақшалар пайда  болды.

Несиелік ақшалар  – айналымдағы толық құнды  ақшаларды алмастыратын және несие  белгісі ретінде әрекет етуші  қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік  құны болмайды, балама тауарда көрсетілген  құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі  эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері