Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Аралық өтеу коэффициентiн есептеу үшiн (немесе оның басқа аталуы: қауiптi өтім коэффициентi, өтімділіктің дәл коэффициентi) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткiштiң алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсiпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргiзу жағдайында болжамданған төлемдiк мүмкiндiгiн көрсетедi, яғни ағымдағы мiндеттемелердiң қандай бөлiгi тек aқшa қаражаты есебiнен емес, сонымен қатар өткізілген өнiмдер, орындалған жұмыстар немесе көрсеткен қызметтер үшiн түсiмдер есебiнен өтелeтiнiн сипаттайды.
Айналым қаражатының өтiмдi бөлiгiнiң (яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткiштiң есебi айналым құралдарының жеке категорияларының өтiмдiлiгi бiрдей еместігінен шығып отыр. Аралық өтеу коэффициентiнiң қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледi: Кар.ө ≥ 1.
В.Ф. Палий “бұл коэффициенттiң теориялық ақталған бағалануы 0,7-0,8 аралығында жатыр” деп есептейдi. Қауiптi өтімділік коэффициентi кәсiпорынның күтілетiн төлем қабiлеттiлiгiн дебиторлық борыштық айналымының орташа ұзaқтығына тең кезеңге сипаттайды. Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиiс, себебi жедел және қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң әр теңгесiне ақша қарaжатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмeyi тиiс.
Aғымдағы өтімділік коэффициентi (жалпы өтеу коэффицентi) барлық қысқа мерзімді активтердiң жедел және қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң көлемiне қaтынасын көрсетедi. Ол қысқа мерзімді активтер мен мiндеттемелердің қандай ececiн өтейтiнiн белгiлеуге мумкiндiк береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнiмдi тиiмдi өткiзу жағдайларында ғана емес, сонымен бiрге материалды айналым құралдарының басқа элементтерi қажет болған кезде сату жaғдайында бағаланатын кәсiпорынның төлемдiк мумкiндіктерін көрсетедi.
Жалпы өтеу коэффициентi өтiмдi құралдар жедел және қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiнiң сомасын өтейтінін белгiлеуге мүмкiндiк бередi және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесiн ғана емес, кәсiпорынның өзiнiң қысқа мерзiмдi қарыздары бойынша тез есептесе алу қабiлеттiлiгiн дәлелдейдi.
Нарықтық экономикасы дaмыған елдерде бұл көрсеткiшке кәсiпорынның aғымдағы өтiмдiлiгiн бағалау кезiнде ерекше мән берiледi. Оның кеңiнен қолданылуының негiзгi себептерi:
1) бiрiншiден, қысқа мерзімді активтермен қысқа мерзімді пассивтердiң өтелу дәрежесiн көрсетедi. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқa мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;
2) екiншiден, қысқа мерзімді активтердiң қысқа мерзімді пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтердi (aқшa қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезiнде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттiң қаншалықты күштipeк болуы, кредитор үшiн соншалықты тиiмдi. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс iстеүшi капитал немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттiлiк деп атайды.
Жалпы өтеу коэффициентi өндiрiс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейiне тиелген тауарлар мен көрсетiлген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндiрiс циклiнiң ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етедi. Берiлген көрсеткiш үшiн мына шектеу қалыпты мән болып табьшады: Кағ.ө ≥ 2. Берiлген шектеу кәсiпорынның өтiмдi құралдарға (немеce қаражаттарға) тиiмдi қажеттiлiк деңгейi ағымдағы мiндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендiгiн көрсетедi. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi барлық айналым қаражаттарының бiр айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегi кәсiпорынның күтiлетiн төлеу қабiлеттiлiгiн сипаттайды. Осы көрсеткiштiң нормативтi маңызына байланысты басқа пiкiрлер де кездеседi. Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиiс. Tөменгі шегі ағымдағы міндеттемелердi өтеуге жеткiлiктi болуы тиiс, жетпесе кәсіпорын төлеуге қабiлетсiз болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді активтердiң қысқа мерзімді мiндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен олардық тиiмсiз пайдалануын көрсетедi.
Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң 2-ге тең нормативтiк мәні Қазақстанда есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешiм қабылдау үшiн қажет белгiлердiң бiрi ретiнде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентiнiң нормативтiк мәні барлық кәсіпорын үшiн бiрдей, яғни шаруашылық субъектiсiнiң өндіріс түрі мен салалық ерекшелiктерi есепке алынбайды.
Көптеген отандық кәсiпорындарды банкроттық анықтамаға жатқызуға болады. Яғни, бұндай белгілермен aнықтау дұрыс емес, себебi көп кәсiпорындар ішінен нақты банкроттық шаралар қаупi төнген кәсіпорындарды бөлiп көрсетпейдi.
Бұл нормативтiк мән әлемдiк есептiк талдау тәжірибесiнде салалар және салааралық бойынша бөлшектеліп қолданылады. Осылай, AҚШ -тың Сауда министрлiгiнiң мәлiметтерi бойынша, салалар мен кәсіпорындар тобы бойынша жалпы өтеу коэффициентi 1990 жылы мынадай мәндерге ие болды. Өндiрiстiк сала корпорациясы - 1,47; тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi - 1,25; баспа қызметi - 1,67; химия өнеркәсiбi - 1,30; мұнай және көмір өндiру өнеркәсiбi - 1,0; машина жасау – 1,85; электр құралдары және электрондық техника өндірісі - 1,47; бөлшек сауда - 1,50. Қазақстанда да статистикалық материалдарды жинақтау мөлшерiне қарай бұл көрсеткiштiң мәнін салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп және активтiң өтiмдiлiгiн талдауда қолдану керек.
Кәсiпорын өтiмдi қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттiлiк шегiнде peттeyi қажет. Ол – әрбір кәсiпорын үшiн келесi факторларға байланысты:
- кәсiпорын және оның қызметiнiң көлемi, мөлшерi (өндiру және өткiзу көлемi қаншалықты көбiрек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);
- өнеркәсiп және өндipic салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
- өндiрiстiк цикл ұзақтыгы (аяқталмаган өндiрiс көлемi);
- материал қорын қалпына келтiруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтыгы);
- кәсiпорын жұмысының маусымдылығы;
- жалпы экономикалық конъюнктура.
Егер қысқа мерзімді активтер мен қысқа мерзiмдi мiндеттелердiң ара қатынасы 1:1 - төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзiмдi міндеттемелердiң теңдігін бiлдіредi. Активтер өтiмдiлiгiнің әр түрлi дәрежесiн ескере отырып, активтердiң барлығы тез арада өтiмдi деуге болмайды, яғни бұл жағдайда кәсiпорынның қаржылық тұрақтылыгына қауіп төнедi. Егер де Кағө мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсiпорынның өзіндік көздерi есебiнен құралатын бос ресурстарының едәуiр көлемi бар екені туралы қорытынды жасауга болады.
Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бiрге, менеджердiң көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсiпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігінің айырмашылығы мен арақатыннасына анықтама беріңіз.
2. Баланс активінің баптары қалай жіктеледі?
3. Баланс пассивінің баптары қалай жіктеледі?
4. Баланстың абсолютті өтімділік шарты қалай жазылады?
5. Өтімділік және төлемқабілеттілік түсініктері және арақатынасына анықтама беріңіз.
6. Баланс өтімділігі негізінде төлемқабілеттілікке қалай талдау жүргізіледі?
7. Өтімділік коэффициентеріне салыстырмалы талдау беріңіз.
8-тақырып. Ұйымның несие қабілеттігін талдау
Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.
Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.
Несиелік шартта мыналар міндетті түрде қарастырылады:
- несиенің объектілері;
- қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты;
-қарыздарды беру шарттары және өтеу мерзімдері олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына әсері;
- қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;
- қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары (кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар);
- материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеудегі меншікті айналым қаражаттарыньщ нормативі;
- несие беру және өтеу бойынша екі жақтьщ міндеттемелері, құқықтары және жауапкершілігі;
- құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімділігі және басқа жағдайлар.
Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделдіп оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді - бір жылдан асатын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның қысқа мерзімді қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады.
Несиелеудің объектілері:
- тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;
- жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;
- ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;
- театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.
Банк басшылығының ұйғаруы бойынша несиелеу объектісі болып тиеліп жіберілуі шаруашылыққа тәуелді емес себептерге байлаиысты кешіктірілген дайын өнімдер бола алады:
- өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;
- оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытында бермеуі;
- келісім-шартгы бұзатын ұқыпсыз төлеушілерге өнімді тиеуді тоқтату.
Тауарлы-материалдық құндылықтар мен шығындар несиелеуге қалдық баланстық, бірақ жоспарланғаннаң жоғары емес қүнымен қабылданады.
Жоспардан артық шығындар мөлшері жыл басынан бергі өткен уақыт ішінде тауар өнімінің өндірістік өзіндік қүнының қымбатгау пайызы бойынша анықталады.
Қарыз алушыларға несие беру алдыңғы берілген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздар болмаған кезде жүргізіледі және банк мекемесімен қарыз алушының бірігіп несиенің қажетгілігін зерттеу негізінде анықталатын белгіленген өлшемі көлемінде жүзеге асырылады. Қарыз алушы жоспарланған тоқсан адындағы жылдын IV тоқсанында банкке келесі жылдағы несиенің қажет-тілігінің тоқсан бойынша берілетін есебін келесі нысан бойынша ұсынады.
Есептеудің негізіне өндірістің, өткізудің көлемі бойынша алдыңғы жылдың жоспарланған есептік көрсеткіштері соңғы бірқатар жылдардағы баға мен тарифтердің өзгерілуі ескеріліп, несиелер бойынша қарыздар мен кредиторлық борыштар алынуы тиіс.
Жыл бойы бұл есептер банк пен қарыз алушының екі жақты келісімі бойынша қосымша анықталады,осымен қатар банктер қарыз алушының жеке көздерінің өсімінің қарқынын бақылау керек.
Несиелеуге мыналар қабылданбайды:
- дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары, тік қиындықтарға, ұқыпсыз төлеушілерге тоқтатуға байланысты өнімдерді тиеп жіберудің кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдік қалдықтарынан басқалары;
- өтімі шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;
- мерзімдік қалдықтарынан басқа аяқталмаған өндірістің нормадан тыс қалдықтары, сонымен бірге, жабдықтарды жөндеу кезіндегі өндірістің жоспарлы тоқтауынан немесе басқа да себептерден пайда болған жинақтау;
- өндірістің жылдық қажетгілігінен артық әкелінген, өндірілген, бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;