Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Бұл көрсеткіштер базистік және есеп беру кезеңдерінде өндірілген өнім пайдалылығын (табыстылығын) сипаттайды.
Тбо = По/СКо;
Тб1 = П1/ СК,, немесе
Тб0=(СК0-ӨҚо)/СК0;
Тб1 = (СК1ӨҚ1)/ СК1;
Тб = Тб1 - Тб0,
мұнда: П0, П1 - базистік жэне есеп беру кезеңдеріндегі сәйкестік пайда;
СК0, СК1 — өнімді өткізу сәйкес көлемі;
ӨҚ0, ӨҚ1 - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сэйкес өзіндік құны;
Тб - талдау кезеңіндегі табыстылықтың өзгерісі.
Өнім көлеміне фактордың әсер етуін есептеу арқылы табылады (тізбекті ауыстыру әдісі бойынша):
Тб = (СК1- ӨҚ0)/СК1- (СК0- ӨҚ0)/СК0 (39)
Осыған сәйкес өзіндік құнына әсері келесідей болады:
Тб5 = (СК1 - ӨҚ0)/СК1 - (СК1- ӨҚ0)/СК1 (40)
Факторлардың ауытқу сомасы кезең бойынша табыстылықтың жалпы өзгерісін білдіреді:
Тб = Тбр - Тбс
Көрсеткіштердің екінші тобы алдын ала төленген қаражаттардың: кәсіпорынның барлық активі; инвестициялык капиталы (меншікті қаражаттар + ұзақ мерзімді міндеттемелер); акционерлік капиталдың сипатына және көлемінің өзгеруіне байланысты табыстылықты есептеу аркылы қа-лыптастырылады. Мысалы:
Таза пайда / Барлық активтер > Таза пайда >
Инвестициялық капитал > Таза пайда / Меншікті капитал (42)
Осы көрсеткіштер мәнінің дәл келмеуі табыстылықты жогарылату үшін кәсіпорын каржылық тетігі болатын ұзақ мерзімді несиелер мен баска да несие қаражаттарын пайдаланғанын сипаттайды. Бұл көрсеткіштер іс жүзінде өте көп пайдасы тиеді. Олар катысушылардың мүддесін қорғайды. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігін барлық активтердің (барлық капиталдың) қайтарымы қызықтырса, ал ықтималды инвестор мен қарыз берушіні инвестицияланған капиталдың қайтарымы; меншік иесін жэне кұрылтайшыны - акцияның табыстылығы көп қызығушылық танытады.
Әрбір келтірілген көрсеткіштерді факторлардан тәуелділігін оңай өңдеуге болады. Келесі айқын тәуелділіктен көруге болады:
Таза пайда/Барлық активте = Таза пайда/Сату көлемі * Сату көлемі/Барлық активтер (43)
Бұл формула барлық активтердің (немесе өндірістік активтердің) табыстылығы, өткізу табыстылығы жэне қор кайтарымы (өндірістік қорлар айналымының көрсеткіші) арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Экономикалық байланыс көрсетіп тұрғандай, формула табыстылықты жоғарылату жолдарын тікелей көрсетеді: сатудың табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік активтердің айналымын жеделдету керек екенін көрсетеді.
Тағы да табыстылықтың факторлы үлгісін қарастырып көрейік.
Таза пайда / Меншікті капитал > Таза пайда /
Сату көлемі > Сату көлемі / Жинақты капитал > (44)
Жинақты капитал/ Меншікті капитал
Меншікті (акционерлік) капиталдың табыстылығы өнімнің табыстылық деңгейінің өзгеруіне, жинақты капиталдың айналым жылдамдылығына жэне меншікті және несиелі капиталдардың қарым-қатынасына байланысты. Мұндай тәуелділікті зерттеу кәсіпорынның каржылық жағдайын бағалау үшін, оның іс-әрекетінің нәтижелік дәрежесін бағалау үшін өте қажет. Бұл тәуелділіктен көріп тұрғандай, барлык. жағдайлар бірдей болғанда акционерлік капиталдың қайтарымы жинақты капиталдың ішіндегі несие үлесінің өсуіне қарай өсетіні көрініп тұр.
Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы табыстылықтың деңгейін есептеу негізінде қалыптасады, бірақ пайданың орнына есептеуде ақша қаражаттарының табысы қолданылады. Мысалы:
Таза ақша қаражаттарының табысы > Таза ақша
қаражаттарының табысы / Жинақты капитал > Таза (45)
ақша қаражаттарының табысы / Меншікті капиал>
және т.б.
Бұл көрсеткіштер өндірістік әлеуетті пайдалана отырып, кәсіпорын карыз берушілер, несие берушілер мен акционерлерді қолма-қол ақша каражаттарымен қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Ақша қаражаттарының табысы бойынша анықталган табыстылық тұжырымдамасы нарықтық эконо-микасы дамыған елдерде толық пайдаланылады. Ол өте басымдылықты, себебі ақшалай табыстарымен жүргізілетін операциялар өндірістің белсенді қимылын көрсететін нышаны, кәсіпорын экономикасының «денсаулығы» мен қаржылық жағдайын көрсететін белгісі. Бұл тұжырымдамаға көшу үшін кәсіпорынның есеп беру тәртібін қайтадан кұруды кажет етеді. Қазіргі кезде біз бұл жұмыстың басты сатысында тұрмыз.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек. Бұл ақпарат пайда мен залал туралы есептілігінде көрініс табады.
Пайда мен залал туралы есеп субъектінің кезеңдегі кірістері мен шығыстарын көрсетеді. Пайда мен залал туралы есеп өзіне Қазақстан ұлттық стандартында өзгеше көзделген атауларды қоспағанда, кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптарын қамтуға тиіс. Қазақстан ұлттық стандарты мынадай жағдайларда берудің өзгеше тәртібін ұйғарады:
1) есеп саясатындағы қателер мен өзгерістердің әсері олар туындаған кезеңдегі кірістер мен шығыстар түрінде емес, өткен кезеңдердің түзетулері ретінде беріледі; және
2) қайта бағалаудан мүліктің құнының өсуі, Қазақстан ұлттық стандартының тиісті бөліміне сәйкес шетелдік қызметтің қаржылық есептерін аудару нәтижесінде туындайтын кейбір пайда мен залал және хеджингтік құралдардың әділ құнындағы кейбір өзгерістер пайда немесе залал түрінде емес, олар туындаған кезде капиталда тікелей көрінеді.
Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде беруге тиіс ақпарат. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде берілетін ақпарат өзіне ең болмағанда мынадай сомалардың біріктірілген көрсеткіштерін қамтуға тиіс:
1) кіріс;
2) қаржыландыруға арналған шығындар;
3) үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ассоциацияланған ұйымға және бірлескен қызметке инвестициялардан түсетін пайданың немесе залалдың үлесі;
4) салықтар төлеу жөніндегі шығыстар;
5) тоқтатылған қызметтен салынатын салықтардан кейін пайдадан немесе залалдан жиынтық соманы құрайтын бірыңғай сома және Қазақстан ұлттық стандартының тиісті бөліміне сәйкес тоқтатылған қызметті білдіретін шығуға арналған активтерді немесе топты (топтарды) сатуға немесе шығаруға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн өзгерген кезде танылған салықтардан кейін өзге де кіріс немесе залал; және
6) пайда немесе залал.
Субъект мынадай баптарды тікелей пайда мен залал туралы есепте кезеңдегі пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашуға тиіс:
1) азшылықтың үлесіне жататын пайда немесе залал; және
2) басты ұйымның үлестік құралдарының иесіне жатқызылатын пайда немесе залал.
Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар тікелей пайда мен залал туралы есептің өзінде мұндай беру субъект қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін қолайлы болғанда беріледі.
Субъект пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде емес, оған ескертпелерде емес, «төтенше баптар» ретінде кірістер мен шығыстардың қандай да болмасын баптарын беруге немесе сипаттауға тиіс емес.
Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде немесе оған ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат. Едәуір құрайтын әрбір кірістер мен шығыстар бойынша субъект осындай құрауыштың сипаты мен сомасын жеке ашуға тиіс. Мұндай ашулар өзіне мыналарды қамтуға тиіс:
1) қорлар құнын аяқтауға және өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасына дейін қорлар құнын есептен шығару;
2) негізгі құралдар құнын өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ бағаға дейін негізгі құралдар құнын есептен шығару;
3) субъектінің қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға жұмсалатын шығындар бойынша бағалау міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша реверсивті жазбалар;
4) негізгі құралдар объектілерінің шығуы;
5) инвестициялардың шығуы;
6) тоқтатылған қызмет;
7) сот дауларын реттеу; және
8) өзге резерв түрлері бойынша реверсивті жазбалар.
Шығыстарды талдау. Субъект олардың сенімді және неғұрлым орынды ақпарат беретіндігіне байланысты шығыстар сипаттамасына не кәсіпорын шеңберінде шығыстар функциясына негізделген сыныптаманы пайдалана отырып, шығыстарды талдауды білдіруге тиіс.
Шығыстар функциясы бойынша талдау. Сыныптаудың осы әдісі шеңберінде шығыстар олардың функционалдық бағыттарына сәйкес олардың функциялары бойынша жинақталады (мысалы, өтімді шығыстар, әкімшілік шығындар). Осы әдіске сәйкес субъект, ең болмағанда сатудың өзіндік құнын басқа шығыстардан бөлек ашады.
Субъектілердің мұндай талдауды пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде беруі қолданады. Қазақстан ұлттық стандартына қоса берілетін иллюстрациялық қаржылық есептер өзіне берудің екі әдісінің мысалдарын қамтиды.
Шығыстарды функциялары бойынша сыныптайтын субъект материалдық және материалдық емес активтерді амортизациялауға жұмсалатын шығыстар мен қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалатын шығыстар туралы ақпаратты қоса алғанда, шығыстар сипаты туралы қосымша ақпаратты ашуға тиіс.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі. Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауар-лы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады. Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді. Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Маржиналдық табысты талдау. Пайданың кіріс түрі ретінде қалыптасуы кәсіпкерлік қызметтің негізі және оның соңғы қаржылық нәтижесі болып саналады. Пайдамен шығыстарды салыстыру кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды. Кәсіпкерлік қызметті басқарудың ыңғайлы әдісінің бірі операционалдық талдау болып есептеледі, ол шығындар – сату көлемі – пайда бойынша орындалады. Бұл әдіс өндіріс-коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижесі шығыс, баға, өндіріс көлемі және өнім өткізу өзгерістерінен тәуекелділігін көрсетеді. Операционалдық талдаудың нәтижелері кәсіпорынның коммерция-лық құпиясы болып саналады. Операциналдық талдау сезімталдықты, яғни өнім өндіру мен өткізудің ішкі және сыртқы факторлар өзгерістеріне қаржылық нәтиженің реакциясын көрсетеді.
Операционалдық талдау көмегімен көптеген басқару мәселелерін шешуге болады:
- өндіріс-сауда қызметінің пайдалылығын бағалау;
- кәсіпорын рентабелділігін болжамдау;