Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

- артық, қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құндылықтар;

- құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін, сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;

- несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық  жолда  келе  жатқан  материалдық  құндылықтар;

- шығындар сметасынан асатын және өнімнің өзіндік құнына кіргізілмеген немесе қысқа мерзімді табыстар және басқа көздер есебінен өтелмеген шығындар;

- кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жүргізілген іске қосуды реттейтін жұмыстар;

- бекітілген мерзімде қайта өңделмеген өткен жылдардың өнімінің ауыл шаруашылық шикізатының және аяқталмаған өндірісінің қалдықтары;

- дайындаудың жаңа мерзімінің басына дейін кәсіпорынның оны өңдеу жөніндегі өндірістік қуатынан    асатын   мөлшердегі    ауыл   шаруашылық шикізатының қоры;

-  аяқталмаған өндіріске, дайын өнімге және тиелген өнімдерге жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.

 

Кесте 4 - Қажет қарыздың бойынша                    200 _  жыл          есебі

                                                     заемның атауы

 

Көрсеткіштер аталуы

1/I

200  ж.

1/ІҮ

1/ҮІІ

1/Х

1/I

200 ж

1.

Тиелген, несиелеуге қабылдана-тын тауарларды қоса алғанда    барлық тауарлық-материалдық және өндірістік шығын-дардың     жоспарланған қалдығы

 

 

 

 

 

2.

ТМҚ мен шығындардың қалдығы несиелеуге қабылданбайды

 

 

 

 

 

3.

Айналым қаражаттарының мен-шікті қалыптасу кездері, олардың жетіспеушілігін уақытша толық-тыру ссудаларын қоса алғанда

 

 

 

 

 

4.

Несиеленетін ТМҚ мен өндірістік шығындарға жататын кредитор-лық борыш

 

 

 

 

 

5.

Ссуданың жоспарланған сомасы (1-2-3-4)

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорын басшысы

Бас бухгалтер

«.......» ---200—ж,

м.о.

   

Несие   алу  үшін  қарыз  алушы  банкке несиенің мақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың ( қысқаша   сипаттамасы   және   оны   жүзеге   асырудың экономикалық тиімділігі көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен (3 дана толтырылады) барады. Сол кезде ол несие   шоттарын   ашу   үшін   қажет   арыз міндеттеме береді. Несие шоттары банкте есеп айырысу шотын  ашу бойынша ашылады.

Несие  алу  үшін  қарыз  алушы,   оны  пайдалану мерзіміне тәуелсіз, банкке келесі құжатгарды өткізеді:

- несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;

- қарыз   алушының   қаржылық   жағдайын   және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік, статистикалық есеп берулер, табыстар мен шығындар  туралы  есеп  берулер  және  басқа  да мәліметтер;

- банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету  жөніндегі  міндеттемелер  (жедел  міндеттемелер, кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепіл-дікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар);

Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын ала ексеру жүргізуі және қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымның қортындысынталап етуі мүмкін,

Несиелік келісім-шарт жасауға дейін, қарыз алушыдан арыз және қажет құжаттарды алған кезде, банк  кәсіпорынның  өзінің  қарыз  міндетгемелері бойынша толық және бекітілген уақытта есептесе алады және жаңа несие алу үшін алғы шарттарды орындай алатын дабіеттілігін білдіретін, қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдауы қажет. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі несие алуға құқы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы несиелер бойынша есеп кезіндегі ұқыптылығы, қысқа мерзімді қаржы жағдайы және  қажет болған кезде ақша қаражатгарының әр түрлі көздерін  жұмылдыра алу мүмкіндігімен сипатталады.

Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және    банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

Кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізбестен бұрын төмендегідей жұмыстарды жүргізу керек.

1. Нақты бір кәсіпорынның қызметін зерттеу кезеңін белгілеу; материалдарды іріктеп алу және жүйелеу; көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру және өзара  салыстырмалылығын  бағалау.  Жеке  алғанда инфляциялық факторлардың әсерін жою керек, ол үшін елдегі жарияланатын индекстік бағалар негізінде базистік көрсеткіштермен салыстырылатын есеп беру көрсеткіштері қайта саналады.

2. Жұмыстың екінші  кезеңіндегі  сыртқы талдау өткізу кезінде әр түрлі алдын ала талдау есептері жүргізіледі.   Олардың   қатарына   есептік   көрсеткіштердін базалық көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы ауытқуларының есебі; қорытынды көрсеткіштеріндегі жеке баптардың үлес салмағын анықтау; төлем қабілеттігінің, табыстылықтың және т.б. салыстырмалы көрсеткіштерінің есептері жатады.

3. Үшінші кезеңде нағыз талдау жүргізіледі. Сандық өлшемдерді пайдалана отырып талдау, белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді, өйткені көптеген, жиі қарама-қарсы тенденциялар мен көрсеткіштерден карыз алушыға  несие   беру  туралы   мәселені   шешу үшін кәсіпорынның төлем қабілеттігі жағдайын дұрыс бағалау  үшін оның даму бағыттарын анықтай білу керек.

Кәсіпорынның   несиеге   қабілеттілігін   талдаудың міндеттері.

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

- қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;

- қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;

- несиелердің тиімділігін көтеру.

Несиелеу   шарттарын   талдау   мыналарды   білуді қажет етеді:

1)  бұрын  болған  несиелерін  өз  уақытында  өтеу, берілген есептердің сапалылығы, басшылықтың жауапкершілігі, басқа міндеттемелерге қатынасын құрайтын қарыз алушының атағы (репутация). Жақсы атақ дегеніміз - жеке билеушілік, міндеттілік, адалдық, әділдік, тәртіптілік және т.б. сияқты қасиеттері;

2) қарыз алушының бәсекеге қабілеті - өнімді өндіру және табыс алу, сонымен бірге несиені өтеуге қажетті қаржыны табу қабілеттілігі. Банктің қарыз алушының нақты шығындарын несиелеу кезіндегі табысын банктің орташа табыстылығымен салыстырып бағалау жүргізеді. Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәуекел   дәрежесімен   үйлестірілуі   тиіс.   Банк   қарыз алушыдан түсетін табыс мөлшерін қалыпты қаржылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі банкке пайыз төлеу мүмкіндігі көзқарасынан бағалайды;

3) ірі ресурстарды пайдалану мақсаттарын;

4) несие сомасын;

5) несиені өтеуді. Бұл зерттеу материалды, құндылықтарды өткізу, берілген кепілдемелер және кепіл беру пайдалану есебінен несиенің қайтарымдылығын зерттеу жолымен жүргізіледі;

6) несиенің қамтамасыз етілуін, яғни банктің берілген  несиеге, кепілге қарыз алушының активтерін бағалы қарыздарды қоса алуға құқығын анықтау көзқараснан жарғы мен ережені зерттеу;

7) активтерді иеленуін (егер кәсіпорынның несиеңі қайтару үшін қажетті активтері болмаса, онда ережеге сай оған несие берілмейді);

8) экономикалық коньюктура жағдайлары мен даму перспективалары (ссуда беру барысында банк саласындағы кәсіпорынның экономикалық роліне және алатын орнына назар аударуы керек. Несиелеу мерзімі қаншалықты ұзақ болса, экономикалық болжау соншалықты маңызды болады) және басқа факторлар.

Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептерінен жинақталған мәліметтер негізінде, қосымша хабарламалар, кәсіпорынның төлемді жиі кешіктіруі туралы фактілер, оның серіктестерге қатысты жауапсыздығы, бәсеке күресіндегі арамзалық, жиіркенішті әдістерін пайдалануы, меншік иесінің немесе кәсіпорын басшысының құлықсыз тәртіп және т.б. туралы құпия көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілуі тиіс.

Кейбір кәсіпорындарда олардың серіктерімен, әсіресе банктермен арнайы іс жүргізіледі. Бұл тек өзіне қандай да бір ұйымның қызметін түсінуге және дұрыс бағалауға ғана емес, сонымен бірге бұл ақпаратты баска пайдаланушыларға сатуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудын басты әдісі - оның ресми бухгалтерлік есеп берулеріи талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек,

1)  кәсіпорынның төлем қабілеттігін және өтімділігін:

2) айналым   қаражаттарын  және  алған  несиені пайдаланудың тиімділігін;

3) барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;

4)  шаруашылық айналымда меншікті айналым жаттарының болуын;

5) кәсіпорынның  табыстылығын (рентабельділігін)бағалау.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттігін бағалау белгілі бір уақытта және динамикада жүргізіледі.

Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру туралы қорытынды жасайды.

Несиеге қабілеттілігін талдау кезінде бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Ең маңызды болып өтімділіктің әр түрлі коэффиценттері, сонымен қатар таза табыстың авансталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталатын кәсіпорынның табыстылығы болып табылады. Соңғы көрсеткіштің өсуі қарыз алушының қызметінің табыстылығын  сипаттайды.

Банк мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулері керек. Осындай кәсіпорынға несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары тұрған буындардың негізделген өтініштері (ходатайство) бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек осы несиелерді қайтаруға кепілдеме алғаннан соң шешілуі мүмкін.

Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің аралық коэффициенттерімен қатар, өтімділіктің жалпы коэффициентін кең қолданады. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақтылы өндіріп алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің  1,5-тен жоғары деңгейінде  қарыздың қамтамасыз  етілуі   және   оның   қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады.

Несиеге қабілеттілікті талдау кезінде банктің қарыз беруші ретіндегі тәуекелділік дәрежесін зерттеуге көп көңіл   бөлінеді.   Тәуекелділіктің   жоғары   дәрежесінде пайыздық мөлшерлеме орташадан жоғары.  Тәуекелділік дәрежесі сараптамалық әдіспен анықталады.

Нарықтық қатынастарға өту несиеге сұранысты көбейтті, бұдан оны беру жағдайының қатаюы туындайды.

Сонымен несиеге қабілеттілігін талдау кезінде тек өтімділік көрсеткіштері мен табыстылық деңгейі емес, сонымен бірге айналым қаражаттарының айналымдылығы,  қолда бар меншікті айналым қаражаттары, өткізудің өсу қарқыны, өнім көлемінің өсу қарқыны мен банк несиесінің өсу қарқынының қатынасы, несиелер бойынша уақыты өткен қарыздардың сомалары мен мерзімдері, операциялар сонымен анықталатын есептік шотты жүргізуді оперативтілігі сияқты экономикалық көрсеткіштері зерттеледі.

Банк кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі:

Сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несиеге қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз(несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін. Егер қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қарастырылады (кепілдік, кепілдеме, қамтамасыз етуін ай сайын тексеру, кепіл құқығының шарттары, мөлшерлеме пайызын көтеру т.б.) Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несие келісімінде қарастырылған ерекше шарттарға сәйкес несие бере алады.

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"