Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

2)              субъект шеңберінде активтердің функциясын; және

3)              міндеттемелер кезінде сомаларды, сипаты мен бөлуді.

Тікелей бухгалтерлік баланстың өзінде не ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат. Субъект баланстың өзінде не ескертпелерде мынадай кіші сыныптарды ашуға тиіс:

1) Қазақстан ұлттық стандартының тиісті бөлімінің ережелеріне сәйкес негізгі құралдар баптарының сыныптары;

2) сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі, байланысты тараптардан берешек, алдын ала төлемдер мен өзге де сомалар;

3) Қазақстан ұлттық стандартының тиісті бөлімініне сәйкес қорлар сыныптары – мыналар: тауарлар, өндірістік материалдар, аяқталмаған өндіріс пен дайын өнім сияқты;

4) қызметкерлерге сыйақы төлеу жөніндегі бағалау міндеттемелері мен басқа да бағалау міндеттемелері; және

5) капитал сыныптары – мыналар: төленген капитал, эмиссиялық кіріс, таратылмаған пайда Стандарттың талаптарына сәйкес тікелей капиталда танылуға тиіс кірістер мен шығыстардың баптары.

Баланс мәлiметтерi бойынша активтердiң құрамы мен олардың таратылуына түсіндіру үшiн келесi аналитикалық кесте құрылады.

Кесте мәлiметтерiнен активтердiң нақты құнын көрсететiн баланс валютасының есептi жылы 19951 мың теңгеге немесе 3,6%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсiпорынның әрi қарайғы дамуын көрсететiндiктен, оның жұмысының оң нәтижесiн сипаттайды. Алайда активтердi талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есептi жылы неге көбiрек көңiл бөлiнгенiн, сондай-ақ кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалы мен оның негiзгi құралдарының жағдайын және кәсiпорын мүлкiнiң мобильдiлiгiн (iске тартылу деңгейiн) анықтау қажет. Ол үшiн, ең алдымен кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалының көлемiн анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлi көзқарастар кездеседi. Бiрiншi әдiстеме бойынша оның құнына негiзгi құралдардың, өндiрiстiк қорлардың, аяқталмаған өндiрiстiң, өсiмдегi және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.

Екiншi әдiстемеде кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетiлгендерге қосымша, аяқталмаған күрделi қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қойылады. Бұл әдiстеме кәсiпорындарда болып жатқан даму процесiн әлдеқайда дәл сипаттайды. “Шаруашылық тәжiрибесiнiң мәлiметтерi негiзiнде, өндiрiстiк мақсаттағы мүлiк коэффициентiнiң келесi шегi, яғни қалыпты болып есептеледi” – деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткiштердiң мәнi ең төменгi (қатерлi) мәннен аз болған жағдайда, кәсiпорынның есептi кезеңдегi қызметiнiң қаржылық нәтижелерi активтердi меншiктi қаражат есебiнен толықтыруға мүмкiндiк бермейтiн болса, өндiрiстiк мақсаттағы мүлiктi арттыру үшiн ұзақ мерзiмдi қарыз қаражаттарын тартқан жөн.


Кесте 1 - 2008 жылдың басы мен соңындағы Корпорация “Атамекен”–дегі баланс активтерiнiң құрамы мен құрылуы

 

 

 

 

 

N

 

 

Көрсеткiштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгерiс (+,-)

Құры-лымының өзгеруi (4гр.-2гр.)

сомасы мың тг.

үлес сал-мағы

%

сомасы мың тг.

үлес сал-мағы

%

мың тг. (3гр.-1гр.)

%

5гр.:1гр.*

100

1

Активтер құны, барлығы соның iшiнде:

1.1.               Ұзақ мерзiмдi активтер:

а) негiзгi құралдар;

ә) қаржылық салымдар;

1.2.               Қысқа мерзімді активтер:

а) өндiрiстiк қорлар;

ә) дайын өнiм.

551527

 

272142

3000

276385

 

146508

78473

100

 

49,89

49,34

0,55

50,11

26,56

14,23

571478

 

250875

240875

10000

320603

187458

86657

100

 

43,9

42,15

1,75

56,10

32,80

15,16

+19951

 

-24267

-31267

+7000

+44218

+40950

+8184

+3,6

 

-8,8

-11,5

2,3 есе

+16

+28

+10,4

Х

 

-5,99

-7,19

+1,2

+5,99

+6,24

+0,93

 

Әрi қарай, келесi 2-аналитикалық кестенi құрастыра отырып, қысқа мерзімді активтердiң құрамы мен құрылымын талдау қажет.

 

Кесте 2 - Кәсiпорынның қысқа мерзімді активтерiнiң құрамы мен құрылымы

 

N

 

Көрсеткiштер

Жыл басында

Жыл соңында

Өсуi (+),

кемуi (-)

%

сомасы,

мың тг.

үлес

салмағы, %

сомасы,

мың тг.

үлес салмағы,

%

1

Қысқа мерзімді активтер,

соның iшiнде:

1.1.        Тауарлы-материалдық қорлар

1.2.        Дебиторлық борыш

1.3.        Ақша қаражаттары және қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар

1.4.        Басқа да қысқа мерзімді активтер

276385

 

 

224981

 

31415

19989

 

-

100

 

 

81,4

 

11,4

7,2

 

-

320603

 

 

274115

 

23025

23463

 

-

100

 

 

85,5

 

7,2

7,3

 

-

+16

 

 

+21,8

 

-26,7

+17,4

 

-

 

Келтiрiлген мәлiметтер кәсiпорының активтерiнiң жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетедi. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесiдей қортындыларды жасауға мүмкiндiк бередi. Ең мобильдi активтер – яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзiмдi қаожылық инвестициялар бiр жылда 3474 мың теңгеге немесе 17,4%-ға көбейген.

Ең мобильдi қаржаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдiк коэффициентiнiң жылдам төмендеуi кәсiпорынның төлеу қабiлетiнiң нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар едi. Алайда, нарық жағдаында айналым қаражаттарының төмен мобильдiлiгi әр дайым терiс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың әлi де болса кәсiпорынның төлем қабiлетсiздiгiн көрсетпейдi.

Кәсiпорынның материалдық айналым қаражаттары есептi жылы 21,8%-ға өстi және ол жыл аяғында 274115 мың теңгенi құрады. Олардың үлесi 21,8 пунктке жоғарылады. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулi сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтiмдiлiгi төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнiмдер, нормадан тыс шикiзат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндiрiстер жоқ па, соны анықтау үшiн олардың

Есептi жылы дебиторлық борыш та әжептеуiр өскен. Егер оның көлемi жыл басында – 31415 мың теңгенi құраса, жыл аяғында ол – 23025 мың теңгенi құрайды немесе 26,7%-ға кеміген, алайда қысқа мерзімді активтер құрамындағы оның үлесi 4,2 пунктке азайды (7,61-8,45). Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендiгiн және бұл бапты не үшiн түсiндiру керектiгiн зерттеп, қарыздарды өтеудiң болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәндi қарыздарды анықтау қажет. Кейбiр қолма-қол ақшалардың кемуi едәуiр дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Алайда, айта кеткен жөн, ақша қаражаттарының бiр бөлiгi есептi жылы ұзақ мерзiмдi инвестицияларға бағытталған.              Өтiмдi емес, өтiмдiлiгi төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсiресе, оның күмәндi бөлiгiнiң үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуiне әкелiп соқтырады және кәсiпорынның қаржылық жағдайына керi әсерiн тигiзедi.

Осылайша, мүлiктiң және қысқа мерзімді активтердiң мобильдiлiгiнiң өскенiне қарамастан, кәсiпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерiстердiң негiздiлiгiн және оның себептерiн бағалауы қажет, сондай-ақ кәсiпорынның қысқа мерзімді активтерiнiң жалпы сомасында маңызды көрсеткiштердiң бiрi болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.

Айта кеткен жөн, кәсiпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемi, қозғалысы және түрi, яғни бұл борыштың пайда болу себебi әсер етедi. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесi кезеңiндегi шаруашылық қызметтегi объективтi прцесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртiбiнiң бұзылуы нәтижесiнде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншiктi қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткенi оның бiр бөлiгi банктiк несиелендiрудiң нысаны болып табылады да кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiне ешбiр ықпал етпейдi.

Кәсiпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екiге бөлiнедi. Өтелінеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзiмi өтiп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиелiп жiберiлген тауарлар үшiн қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртiбiнiң бұзылуын көрсетедi. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негiзiнде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиiс.

Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейiн оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебi дебиторлық борыштың барлығы бiрден өндiрiлiп алмауы мүмкiн. Оның қайтарымдығы өткен тәжiрибенiң, сондай-ақ қысқа мерзімді жағдайлардың негiзiнде анықталады. Бухгалтерлiк тәуекелдiң мәнi, сол өткен кезең тәжiрибесi болашақтағы зиянға сай келмеуi мүмкiн немесе қысқа мерзімді жағдайлар толығымен ескерiлмей қалуы мүмкiн. Нәтижесiнде зияндар елеулi дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын бiлуi керек.

Қарыздың қайтарылмау пайызы бiрнеше жылдардың орташа мәлiметтерi бойынша есептеледi. Мысалы, есептеу үшiн 3 жылдың мәлiметтерi алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшiн дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттелiп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы, қайтарылиайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесiлердi зерттеу қажет:

- бiр немесе бiрнеше негiзгi қарыз тұлғалардың үлесiне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келедi (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);

- негiзгi қарыз тұлғалардың iшiнде бiреуiнiң борышты төлемеуi, кәсiпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;

- қалыптасу мерзiмi бойынша дебиторлық борышты қалай бөледi;

- ескi вексельдердi ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердiң қандай үлесiн көрсетедi;

- тұтынушының пайдасына жеңiлдiктер (бағасын кемiту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнiмдi қайтару құқы.

Дебиторлық борыштың өтiмдiлiгi және сапалық көрсеткiштерiн зерттеу маңызды болып табылады. Сапа дегенiмiз - бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзiмiне байланысты болады. Тәжiрибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзiмi қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу ықтималдығы соншалықты төмен болады. Дебиторлық борыштың мөлшерлi мезгiлiн сипаттау үшiн, оларды пайда болу мерзiмi бойынша топтастыру керек.

 

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Бухгалтерлік балансының активтері қалай жіктеледі?

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"