Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорынның банкроттық ықтималдылығын болжау үшін жай және айрықша акцияларының нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э.Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол болжаудың бес факторлы моделін ұсынған. Осы модельдерді жасаған кезде Э.Альтман өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап тексерген. Оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшщін ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э.Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетіледі:

 

Z = 1,2хК1 + 1,4хК2 +3,3хК3 + 0,6хК4 + 1,0хК5

 

Мұндағы коэффициентер келесі түрде есептелінеді:

 

К1

=

Меншікті айналым қаражаттары

        Барлық активтер

 

К2

=

Бөлінбеген табыс

Барлық активтер

 

К3

=

Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс

     Барлық активтер

 

К4

=

Меншікті (акционерлік) капиталдың нарықтық бағасы (жай және айрықша акциялар)

Қатыстырылған капитал (баланс бойынша заем қаражаттарының сомасы)

 

К5

=

Өткізуден түкен табыс

Барлық активтер

 

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э.Алтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (Z<2,675 болғанда) және (Z>2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Кестеде Z-шотының мәні мен банкроттық ықтималдығы көрсетілген.

 

Кесте  5  - Z-шотының мәні сәйкес банкроттық ықтималдылығының деңгейі

 

Z-шотының мәні

Банкроттық ықтималдығы

1,81және одан төмен

өте жоғары

1,81-ден 2,70 дейін

жоғары

2,71-ден 2,90 дейін

мүмкіндік бар

3,0 және жоғары

өте тқмен

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі әзірлеген және 1995 жылы  5 қаңтарда бекітілген «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстарға» сәйкес баланстың құрылымының қанағаттарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.

1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу) қысқа мерзімді активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кісіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер)  қысқа мерзімді активтер құнына қатынасымен анықталады.

Кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанғысыз, ал кәсіпорын төлем қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:

-          есепті кезең соңындағы  ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2,0- ден кем;

-          есепті кезең соңындағы меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,1-ден кем.

 

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының негізгі ережелеріне сипаттама беріңіз.

2.       Дәрменіздік дегеніміз не?

3.       Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес қайсы жағдайларда ұйымдардың банкроттық туралы істерін сот қарайды?

4.       Баланстың  қанағаттандырылмаған құрылымын бағалауда қандай көрсеткшітер қолданылады және олардың шекті мәндері қай дәрежеде болуы тиіс?

5.       Банкротқа ұшырау тәуекелділігін талдау.

6.       Банкротқа ұшырау тәуекелділігін болжаудың Э.Альтманның екі факторлы моделінің кемшіліктері неден тұрады?

7.       Э.Альтманның бес факторлы моделін жазыңыз және оның артықшылықтарын атап өтіңіз.


11-тақырып. Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау

 

 

Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылык (пайдалылық) болып саналады. Табыстылық - бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық кызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс корына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықгың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Кәсіпорындарда табыстылық деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:

-  өндірілген өнім көлемінің өсуі;

-  өнімнің өзіндік кұнының төмендеуі;

- өндірістік негізгі корлар мен айналым қаражаттарының айналым уақытының қысқаруы;

-  пайда көлемінің өсуі;

-  қорлардың дұрыс пайдалануы;

- кұрал-жабдыктарға, ғимаратка және кұрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі;

- материалдық ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс анықтау жэне оны тиянақты ұстап тұру:

-  жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен техниканың алдыңғы катарлы жетістіктерін ендіру;

-  еңбек ресурстары мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.

Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығы және өнім табыстылығы   болып екіге бөлінеді.                                                           

Бірінші көрсеткіш пайданың (П) өндірістік негізгі қорлар (НҚ) мен айналым қаражаттарының (АҚ) орташа жылдық кұнына катынасын білдіреді:

 

                                Тбөнд= Пх100/(НҚ+ АҚ)%       (37)

 

Екінші көрсеткіш пайданың (П) өнімнің өзіндік құнына (ӨҚ) қатынасын көрсетеді:

 

Тбөнім   =Пх100/ӨҚ %     (38)

 

Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың деңгейі жэне оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы болғаны көп жағдайда табысты-лықтың деңгейін дәлелді аныктауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады. Сөйтіп, табыстылықты анықтау және жоспарлау әдістерінің дәлелділігі баға қалыптастыру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болады. Пайда көлемі, соньмен қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның өзгеруіне тәуелді.

Өндіріс табыстылығының түсінігінде көбінесе өнім дайындау үдерісінде калыптасқан жинақтау осы кәсіпорынға алғашқы бөлінген өндірістік қормен салыстырылады. Өндіріс табыстылығы кәсіпорын карамағындағы болатын мүліктердің тиімді пайдалануын көрсететін өлшеуіш болып табылады.

Табыстылықтың экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылыгы болады. Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық жэне саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады.

Өндіріс шығындарынын қадамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уакытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана Айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады.

Өндіріс табыстылығын жоғарылату үшін әр түрлі қаражаттар қолданылады. Өндіріс табыстылыгының өсуінің бірден бір басты көзі ретінде кәсіпорын тапқан пайданың көлемі болып табылады. Өткізілген өнімнің әр түріне келетін пайданы сактай отырып, алынған пайданың жалпы сомасын көбейту аркылы бұл өсу өндіріс шығынын азайтуы, өндірілген өнімнің құрылымының өзгеруі, осыган байланысты өндіріс ауқымы өзгеруі аркылы қол жеткізіледі.

Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады. Алайда пайданың көлеміне әсер ететін баска да бірнеше факторлар бар, олар: өнім бағасының өзгеруі, өткізілмеген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс кұрылымы жэне т.б. Бірінші фактор алдыңғы уакытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана ескеріледі. Өндіріс табыстылығының жоғарылауы алдын ала жұмсалған әрбір теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді, сондықтан оларды онан да артық пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз.

Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық нәтижесі мен іс-әрекетінің тиімділігін көрсететін салыстырмалы сипаттама болады. Олар кәсіпорын іс-эректінің әрбір тұғырынан алынған табыстарды өлшейді және экономикалық үдеріс, нарықтық айырбастауға қатынасатын қатысушылар-дың мүддесіне байланысты топтастырылады.

Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның пайдасын (және табысын) калыптастыруға әсер ететін факторлар ортасының негізгі сипаттамасы болып табылады. Сол себептен олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын салыстыр-малы талдау мен бағалау үшін міндетті бөлегі болып табылады. Өндірісті талдаған уакытта табыстылық көрсеткіштері инвестициялық саясат пен бағаны қалыптастырудың аспабы ретінде пайдаланылады.

Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын табыстылықтың негізгі көрсеткіштері ретінде келесі топтарға біріктіруге болады:

- өнім табыстылығының көрсеткіштері;

- капитал (активтер) табыстылығының көрсеткіштері;

- қолма-қол ақшалар табысы бойынша саналатын көрсеткіштер.

Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорын есебінде көрсетілген пайданың көрсеткіштері бойынша табыстылық деңгейін аныктау аркылы қалыптасады. Мысалы:

Жалпы пайда / сату көлемі > Өткізуден түскен пайда / Сату көлемі > Салык алынатын пайда / Сату қөлемі > Таза пайда / Сату көлемі.

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"