Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Меншiктi капиталдың көлемiн ғана анықтап қоймай, сонымен бiрге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткiш арнайы әдебиеттерде әр түрлi атпен берiлген, бiрақ оның мәнi бiр ғана – бұл коэффициентке қарап кәсiпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсiз екендiгiн және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсiздiк коэффициентiн меншiктi капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтыйды:
(1)
Мұндағы: - тәуелсiздiк коэффициентi;
- меншiктi капитал;
- авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коффициенттiң өсуi кәсiпорынның қаржылық тәуелсiздiгi жоғары екендiгiн көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятынын көрсетедi.
Батыс экономистерi тәуелсiздiк коэффициентiнiң неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебi бұл қаржы көздерiнiң тұрақты құрылымын сақтауға мүмкiндiк бередi. Инвесторлар, несие берушiлер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебi ол кәсiпорынға өздерiнiң мiндеттемелерiнiң кепiлдiгiн жоғарылатады. Неғұрлым кәсiпорынның қаржаты көп болса, соғұрлым үздiксiз жұмыс қамтамасыз етiлiп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседi. Сондықтан кәсiпкерлер әртүрлi резервтердi құру жолымен және жарғылық қорға бөлiнбеген табысты тiкелей қосу арқылы өзiндiк капиталды көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан кiтаптардың бiрқатар авторлары инвесторлар мен несие берушiлердi қамтамасыз ететiн, меншiктi капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәнi 0,6 болып табылады деп есептейдi. А.Д. Шеремет, А.М. Ковалев; В.П. Привалов, О.В. Ефимова және т.б. бұл көрсеткiштiң 0,5 деңгейiдегi мәнi кәсiпорынның барлық мiндеттемелерiн өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгi көрсеткiш бола алады деп санайды. АҚШ және Еуропа елдерiнде тәуелсiздiк коэффициентiнiң жоғары жетерлiк деңгейi болып, 0,5-0,6 тең болатын меншiктi капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушiлердiң тәуекелдiгi төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүлiктiң жартысын сатып, кәсiпорын өзiнiң қарыз мiндеттемелерiн жабуына болады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келiсiм-шарттық мiндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берiлген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсiздiк коэффициентiне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейiн төмендетуге болады).
Жоғарыда келтiрiлген меншiктiк коэффициентiн 0,5-0,6 деңгейiнде шектеудi орындау, қарызға берушiлер ғана емес, кәсiпорынның өзiне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерiн орналастырудың тиiмдiлiгiн белгiлеуге мүмкiндiк беретiн, құрлымына зерттеу жүргiзiп баға беру қажет.Нарық жағдайында ол ақпарат iшкi және сыртқы пайданушылармен жүзеге асырлады. Меншiктi капиталдың үлесi төмендегенде тәуекелдiк өседi. Кәсiпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсiпорын қызметiнiң кеңейгенi немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкiндiк бередi. Қысқа мерзiмдiк несиелердiң төмендеуi және меншiктiк капиталдың өсуi кәсiпорын қызметiнiң қысқарғанын көрсетедi. Бiрақ бiрiңғай мұндай қортынды жасауға болмайды, себебi бұл қаражаттардың үлесi басқа факторлардың несие үшiн және дивидентке пайыздық мөлшерлемелер әсерiнен болуы мүмкiн. Егер несие үшiн пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердiң мөлшерлемелерiнен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсiрген дұрыс, ал егер керiсiнше болса, онда меншiктi капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелдi болады.
Бұны тәуесiздiк коэффициентiне керi көрсеткiш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейдi. Оны тәуелдiлiк коэффициентi деуге де болады. Ол мына формуламен анықталады:
немесе .(2)
Мұндағы: - тәуелсiздiк коэффициентi;
- қатыстырылған капитал;
- авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);
- тәуелсiздiк коэффицентi;
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесiн сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсiпорынның сыртқы қаржыландыру көздерiнен тәуелдiлiгi жоғарылайды. Бiздiң кәсiпорнымызда оның деңгейi жылдың басында 0,143 (1-0,857), ал жыл соңында 0,231 (1-0,769) болды (кесте 3). Бұл көрсеткiш бiршама өскенiмен, талданып отырған кәсiпорын өзiнiң қаржылық тәуелсiздiгiн жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуелсiздiк коэффициентi оның қалыпты мәнiнен айтарлықтай жоғары.
Келесi, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншiктi капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететiн қаржыландыру коэффициентi болып табылады.
(3)
Мұндағы: - қаржыландыру коэффициентi;
- меншiктi капитал;
- қатыстырылған капитал.
Бұл коффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктермен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенiмдi кiрiседi. Бұл коэффициент кәсiпорын қызметiнiң қандай бөлiгi өз қаражатымен, ал қандай бөлiгi қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетедi. Қаржыландыру коэффициентi <1 болатын жағдай (кәсiпорын мүлкiнiң көп бөлiгi қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабiлеттiлiгiнiң өте қауiптi жағдайға жеткендiгiн және несие алуды қиындатқанын көрсетедi. Бұл көрсеткiшке ұсынылып жатқан мәндi сөзбе-сөз түсiнуден сақ болу керек. “Кейбiр жағдайда, - деп жазады О.В. Ефимова – меншiктi капиталдың оның жалпы көлемiндегi үлесi жартысынан да аз болуы мүмкiн, бiрақ сонда да кәсiпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бiрiншi кезекте, қызметi активiнiң жоғары айналымдылығымен, сатылатын өнiмге тұрақты сұранысымен, тұрақты жабдықтау және өткiзу арналары бар, шығындардың төменгi деңгейiмен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар) сипатталатын кәсiпорындарға қатысты.
Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтерiнiң айтарлықтай үлес салмағы (мысалы, машина жасау өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары) қаражаттар айналымы ұзақ капиталды көп қажет ететiн кәсiпорындар үшiн қарыз қаражаттарының үлесi 40-50% болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауiптi болуы мүмкiн.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентiнiң керi көрсеткiшi кеңiнен қолданады, қатыстырылған капиталдың меншiктiк капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншiктi қаражаттар қатынасының коэффициентi:
(5)
Мұндағы: - қарыз және меншiктi қаражаттар қатынасының коэффициентi;
- қатыстырылған капитал;
- меншiктi капитал.
Бұл коэффициент кәсiпорын активтерiне салынған меншiктi қаржаттың әрбiр теңгесiне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетедi. Бiздiң кәсiпорнымызда бұл көрсеткiш келесi берiлгендермен сипатталады: жыл басында – 0,168 (79316:471955); жыл аяғында – 0,141 (80360:571478). Бұның мәнi кәсiпорын есеп беру кезеңiнiң басында активтерге салынған меншiктi қаражаттардың әрбiр теңгесiне қарыз қаражатының 17 тиынын тартқанын дәлелдейдi. Есеп беру кезеңiнiң iшiнде қарыз қаражаттары меншiктiк салымдардың әрбiр теңгесiне 14 тиынға дейiн кеміген. Демек, кәсiпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бiрақ өзiнiң қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.
Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткiш үшiн қалыпты шектеу: . Егер оның мәнi 1-ден асып кетсе, онда кәсiпорынның қаржылық тәуелсiздiлiгi мен тұрақтылығы қауiптi нүктеге (жағдайға) жетедi, бiрақ жауап әр уақытта бiр жақты бола бермейдi.
Қарыз және меншiктi қаражаттар қатынасының коэффициентi салалық ерекшелiктерге, кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдылығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткiштерi және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезiнде коэффициенттiң қауiптi мәнi бiрден де асып кетуi мүмкiн, ал сонда да кәсiпорынның қаржылық дербестiгiне ешқандай әсерiн тигiзбейдi.
Кәсiпорынның ең төменгi қаржылық тұрақтылығын сақтау үшiн бұл коэффициент қысқа мерзімді және ұзақ мерзiмдi активтердiң қатынас коэффициентiнiң мәнiмен шектелуi қажет.
Кәсiпорынның тәуелсiздiк (дербестiк) дәрежесiн сипаттайтын ең бiр маңызды көрсеткiштердiң бiрi қаржылық тұрақтылық коэффициентi болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициентi деп атайды. Ол меншiктi және ұзақ мерзiмдi қарыз капиталының жалпы (авнсталған) капиталдағы үлесiн сипаттайды және мына формуламен анықталады:
(6)
Мұндағы: - қаржылық тұрақтылық коэффициентi;
- ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер;
- авансталған капитал;
- меншiктi капитал.
Бұл дербестiк коэффициентiмен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткiш. Батыс тәжiрибесiнде бұл коэффициенттiң қалыпты мәнi 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуi қауiптi.
Жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштер арқылы кәсiпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердiң құрылымының өзгерiсiндегi әртүрлi тенденцияларды көрсететiн және көрсеткiштердi де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бiрiншi кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзiмге тарту коэффициентi жатады. Ол ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң меншiктi капитал мен ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткiштi есептеу формуласы келесiдей:
(7)
Мұндағы: - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзiмдi тарту коэффициентi немесе ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер коэффициентi;
- меншiктi капитал;
- ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудiң активтерiн қаржыландыру үшiн меншiктi капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзiмдi несиелер мен қарыздардың үлесiн көрсетедi, кәсiпорын өндiрiстi жаңарту мен кеңейту үшiн қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивтi пайдаланып жатқанына баға бередi.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиiмдiлiгiн анықтау үшiн жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштермен қатар инвестициялау коэффициентiн де қолданы ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңiнен қолданылады және меншiктi капиталдың негiзгi құралдарға қатынасымен анықталады.
Активтердi құрудың ең дұрыс жолы болып, меншiктi капитал барлық негiзгi капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бiр бөлiгiнiң жабатын кездегi жол саналады. Кәсiпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмiр сүре беретiн болады. Кәсiпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бiр қызық ой – меншiктi капиталды тек қана негiзгi құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (қысқа мерзімді активтер) келесi жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзiмдi қарыздар есебiнен, ал 3/4 - қысқа мерзiмдi қарыздар есебiнен. Кәсiпкер, егер өзiнiң капиталы аз, ал басқанiкi көп болса, жақсы жұмыс iстейтiн болады. Нарықтық қарым-қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады.
Меншiктi, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авнсталған) капиталдың қатынасын әр түрлi тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттерiмен қалыптасқан жағдай, меншiктi және қатыстырылған капиталдың (мiндеттемелердiң) құрылымын және оның есеп беру кезеңiндегi өзгерiстерiн зерттеуге қажет етедi.құрамы мен құрылымына тереңдетiлген талдау жүргiзудi қажет етедi. Бiздiң кәсiпорнымызда материалдық қысқа мерзімді активтер негiзiнен дайын өнiм есебiнен көбейген, олардың көлемi (дайын өнiмнiң) жыл аяғында 86657 мың теңгенi құрады, бұл жыл басындағымен салыстырғанда – 8184 мың тенгеге көп.
Талдау кезiнде айналым капиталының абсолюттiк мөлшерiн анықтаумен қатар оның жалпы меншiктi капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткiш кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының әлде қайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны iс жүзiнде жұмсау (маневрлық) коэффициентi деп аталады. Ол кәсiпорынның меншiктi қаржаттарының қандай бөлiгi, осы қаражаттарды еркiн жұмсауға болатын, мобильдi нысанда екендiгiн көрсетедi және келесi формуламен анықталады:
(8)
Мұндағы: - жұмсау коэффициентi;
- меншiктi айналым капиталы; - меншiктi капитал
Бұл коэффициенттi А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфуллин, Е.В. Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзiмдi қарыз қаражаттары негiзгi құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, В.В. Ковалев, Э.А. Маркарян және Г.П. Герасименко бұл коэффициенттi меншiктi капиталға ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi қосып есептейдi. В.Ф. Палий бұны “дұрыс” десе де бiз оған қосыла алмаймыз, себебi сөз жұмыс капиталы жөнiнде емес, меншiктi айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентiнiң төмен мәнi кәсiпорынның меншiктi қаражатының көп бөлiгi иммобильдi сипаттағы құндылықтарда бекiтiлгендiгiн көрсетедi, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуi және жоғары днңгейi кәсiпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншiктi қаражаттар мобильдi, олардың көп бөлiгi негiзгi құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентiнiң өсуi кәсiпорын мүлкiнiң нақты құрылымындағы мүмкiн болатын шектерiнде ғана тиiмдi. Егер коэффициент негiзгi құралдардың құнының азаюынан емес, негiзгi құралдарға қарағанда меншiктi қаражат көздерiнiң тез өсуiне байланысты көбейсе, онда коэффициенттiң жоғарылауы шынымен кәiпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейдi.
Оптимальдi мөлшерi ретiнде жұмсау коэффициентi 0,5-тен көп немесе тең деп алынуы мүмкiн, бiрақ iс жүзiнде көрсеткiштiң тұрақты қалыптасқан мәндерi жоқ. Бұл көрсеткiштiң ұсынылып отырған деңгейi кәсiпорынның менеджерiмен оның меншiк иелерi өз қаражаттарын мобильдi және иммобильдi активтерге салудың тепе-теңдiк принцiпiн сақтау керек екендiгiн көрсетедi, бұл баланс өтiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Жұмсау коэффициентiнiң мәнi, кәсiпорын қызметiнiң сипатына байланысты: оның әдеттегi деңгейi материал сыйымдылығы жоғары өндiрiстерде төмен болуы керек (себебi қор сыйымдылығы жоғары өндiрiстерде меншiктi қаражатының айтарлықтай бөлiгi негiзгi өндiрiстiк қорларды жабудың көзi болып табылады).
Кәсiпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерiмен қамтамасыз етiлуiнiң абсолюттi көрсеткiштерi қаржылық тұрақтылықты талдау үшiн басты роль атқаратынына сәйкес, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткiштерiнiң бiрi болып қорларды қалыптастырудың өз көздерiмен қамтамасыз етiлу коэффициентi саналады, ол меншiктi айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткiштi тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициентi деп атайды. Ол келесi формуламен есептеледi: