Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

 

   (9)

 

Мұндағы - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз  етiлу коэффициентi;

- меншiктi айналым капиталы; - тауарлы-материалдық қорлар.

В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншiктi айналым және ұзақ мерзiмдi қарыз қаражаттарының сомасы кәсiпорынның қорлары мен шығындарының құнына қатынасымен анықтайды.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициентi қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншiктi қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтiнiн көрсетедi.

“Шаруашылық тәжiрибенiң статистикалық орташаланған мәлiметтерiнiң негiзiне алынған оның қалыпты мәнi, - деп жазады А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфуллин, - келесi түрде болады”:

Қорлар мен шығындардың меншiктi айналым қаражаттарымен қамтамасыз етiлудiң қалыпты коэффициентi, меншiктi қаражат көздерiмен қажеттi қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзiмдi қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бiрақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемi, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негiзделген қажеттiлiкке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшерi негiзгi қажеттiлiктен асып кетсе, онда меншiктi айналым қаражаттары материалдық қорлардың бiр бөлiгiн ғана жаба алады, яғни көрсеткiш бiрден кiшi болады. Керiсiнше кәсiпорынның материалдық қорлары үздiксiз жұмыс жасауға жеткiлiксiз болғанда көрсеткiш бiрден үлкен болуы мүмкiн, бiрақ бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендiгiн көрсетпейдi. Сондықтан материалдық қорлардың меншiктi айналым қаражаттарымен қамтамасыз етiлу көрсеткiшiнiң деңгейiн ең бiрiншi материалдық қорлардыңжағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.

 

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Ұйымның активтерінің құрылымын қандай көрсеткіштер сипаттайды және олардың экономикалық мәні неден тұрады?

2.       Ұйымның пассивтерінің құрылымын қандай көрсеткіштер сипаттайды және олардың экономикалық мәні неден тұрады?

3.       Кәсiпорын активтерi таратылуының тиiмдiлiгiн таладауда қандай көрсеткiш қолданылады және оның оптималды деңгейі қандай болуы тиіс?

4.       Қарыз және меншiктi қаражаттар қатынасының коэффициентiн талдаудың маңыздылығын түсіндіріңіз.

 

 


          6-тақырып. Ұйымның өтімділігін талдау
7-тақырып. Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау

 

 

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің   борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін   орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік -бұл қысқа мерзімді активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді. Профессор В.В. Ковалев: "қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша қаражатына   түрлену,    айналу   қабілеті",   -   дейді.    Ол  "өтімділік    дәрежесі,    оның    түрлену    уақыты    жүзеге асырылатын  уақыттың ұзақтығымен  анықталады,  уақыт қысқа   болған   сайын,   осы   активтің   өтімділігі   жоғары болады", - деп жазады. Бұл қорытынды профессор А.Д.    Шереметтің    қорытындысымен    үндес:    "Берілген актив   ақшаға   айналу   үшін   уақыт   неғұрлым   аз   керек болса,  соғұрлым оның өтімділігі жоғары". Өтімділікің    екінші    тұжырымдамасымен    келісе    отырып    біз, өтімділік кәсіпорынның  міндеттемелерін  ақшаға  айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен   жабу   дәрежесімен   анықталады   деп   санаймыз.   Осы   айналу   қаншалықты   тез   жүруіне   кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді   болады.   Басқа   сөзбен   айтқанда,   кәсіпорынның  өтімділігі  өзінің міндеттемелерін  уақыты келгенде телеу үшін,    қолда    бар    қаражаттарды    (активтерді)    тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр.  Өтімділік  кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен     міндеттемелердің     арасындағы     жалпы     сомасы   бойынша да,  келіп  түсу  уақыты  бойынша да  әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде  баланс  өтімділігін  көрсетеді.   Сондықтан   кәсіпорынның   төлем   қабілеттілігін   бағалау   үшін   бухгалтерлік баланстың  көрсеткіштерін   тереңінен   зерттеу   керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен   топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің   төмендеу  тәртібі  бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар)- айналым  қаражатының ең мобильді  бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттеме-лерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып  алушылар уақытында геленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі тәлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырьь сады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебигорлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық -тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.

A3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің "Тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің I бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.

Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатьш алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті; егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайьшдауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мумкін, Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің қунына қосуға жол беріледі.

А4. Қиын өткізілетін активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманьщ бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басгы орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады - кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және қысқа мерзімді шоттардағы ақша қаражаттары.  Бұдан кейін  бағалы  қағаздарға  салынған  қысқа мерзімді қаржылық  инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің  бұл  қарастырылған баптары   негізінен  кәсіпорынның  "өтімділігін" (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі   бұдан  төмен   элементтер тауарлы-материалдық  қорлар  мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

ПІ1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойын-ша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін   неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2 .  Қысқа  мерзімді  міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3 .  Ұзақ  мерзімді  міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4 . Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

 

 

 

 

Басқа сөзбенайтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда   келтірілген   жуйедегі   алғашқы   үш   теңсіздіктің   орындалуы   төртінші   теңсіздікті   орындау   қажеттілігін    туғызады,    сондықтан    актив    пен    пассив бойынша   алғашқы   үш   топтың   жиындарын   салыстыру маңызды   орын   алады.   Төртінші   теңсіздік   "баланстау" сипатын   алады,   сонымен   қатар   терең   экономикалық мәні  бар:  оның  орындалуын  қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер  бір  жүйенің   бір  немесе  бірнеше  теңсіздігінің қолайлы  варианттағыға  қарама-қарсы  мәні   болса,   онда баланс   өтімділігінің   абсолютті   өтімділіктен   азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің   бір   тобы   бойынша     қаражат   жетіспеушілігі   олардың   басқа   топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық  мөлшері  бойынша  жүзеге  асырылады,  өйткені    нақты    төлем    жағдайында    аз    өтімді    активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

 

                 (18)

 

Мұндағы:                Көж - жалпы өтімділік коэффициенті;

а1, а2, а3 - салмақтық коэффициенттер;

А мен  П -   актив   пен   пассив   бойынша сәйкес топтарының жиындары.

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның  барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі  мен міндеттемелердің өтелуін  есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның   міндеттемелерінің   барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффициенттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

                           (19)

 

Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.

Баланс өтімділігі үшін ең өтімді активтер мен мерзімі ең қысқа міндеттемелер бірінші орында болатындықтан, бірінші коэффициент 1-ге тең деп алынады. Осы жағдайды ескере, 2-ші және 3-ші салмақтық ко-эффициенттерге шектеулер жүйесі былай болады:

 

                                   (20)

 

Бұдан   шығатыны   a3 < 0,57.

Бұл шектеулерге, мысалы, келесі салмақтық коэффициенттердің жиыны сәйкес келеді.

а1= 1; а2 = 0,5;  а3 = 0,3.                       (21)

Сонда  өтімділіктің  жалпы  көрсеткішінің  берілетін  түрі:

 

       (22)

 

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен  қатар, кәсіпорынның төлем  қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың  жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі қысқа мерзімді активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады.

Кәсiпорынның перспективтi төлем қабiлеттiлiгiн анықтау үшiн кәсiпорын активiндегi ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтiмдiлiктiң статистикалық көрсеткiшiтерi кеңiнен пайдаланылады.

Үш көрсеткiш жиi қолданылады:

1)      абсолюттi өтімділік коэффициентi;

2)      аралық өтеу (жабу) коэффициентi;

3)      жалпы өтеу (жабу) коэффициентi.

Абсолюттi өтімділік коэффициентi (жеделдiк коэффициентi) ақша қаражаттары мен тез өткiзiлетiн бағалы қағаздардың мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасы ретiнде есептеледi. Ол баланс жасалған мерзiмiнде немесе жақын мезгiлде ағымдағы қарыздардың қандай бөлiгi өтелетiнiн көрceтeді. Осы көрсеткiштiң дұрыс шектеуi келесi түрде болады: Каө ≥ 0,2 ÷ 0,5. Бұл – қысқа мерзімді мiндеттемелердiң қандай бөлiгi жедел өтелуi керек екендiгiн көрсететін төлем қабiлеттігінің қaтaң белгiсi. В.П.Палий бұл коэффициенттiң  мәні 0,2- 0,25-тен жоғары болуы керек деп санайды.

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"