Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
5) Баланстың құны. Актив пен міндеттеме баланстың есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады. Мысалы, тауарлы- материалдық босалқылар әдетте бастапқы құны және сату құны бойынша есепке алынады.
Қаржылық есеп беруді жасау бойынша маңызды кезеңі болып есеп беру кезеңінің соңында бухгалтерлік есептің барлық операциондық, яғни калькуляциялық, жинақтаушы- бөлуші, салыстырушы, қаржы-нәтижелік шоттарының жабылуы табылады.
Бұл жұмысты бастамас бұрын, синтетикалық және талдау шоттарында барлық бухгалтерлік жазулар жүзеге асырылуы тиіс
Қазіргі ұйымдардың көпшілігі түрлі бағыттар бойынша қолданылғандықтан, өнімнің өзіндік құнын есепке алу мен калькуляциялаудың күрделі объектісі болып табылады. Сондықтан шоттарды жабу жүйелілігінің тұрақтылығы өте маңызды болып саналады.
Бухгалтерлік балансты талдаудың жалпы мақсаты - қаржылық есептілікті пайдаланушыларға шешім қабылдау үшін, ұйымның қаржылық жағдайы, оның ұйымдастырылуы мен даму келешегінің қалыптасуын ашып көрсету.
Бухгалтерлік балансты талдаудың негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
- ұйымның мүліктік жағдайын сипаттайтын бухгалтерлік баланс активтерінің құрылымы мен құрамын зерттеу;
- активтерді қалыптастыру көздері болып табылатын, ұйымның капиталы мен міндеттемелерінің құрылымы мен құрамын зерттеу;
- бухгалтерлік баланстың әрбір тобының өтімділіктерін талдау;
- ұйымның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін талдау;
- ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау;
- ұйымның банкроттылыққа ықтималдылығын талдау.
Балансты талдау барысында екі негізгі мақсаттқа ерекше назар аудару қажет. Біріншіден, балансқа талдау жасаудың өзіндік мақсаты бар, ол ұйымның мүмкіншіліктері туралы ақпараттарды алу мен пайда көзін табу. Мұндай аспект дивиденттерді төлеу бойынша шешім қабылдауда, және бизнесті дамыту мен кеңейту мүмкіндіктерін болған жағдайда маңызды болып табылады. Екіншіден, балансты талдаудың мақсаты ұйымның қаржылық жағдайы мен мүліктік жағдайы туралы ақапараттарды алу болып табылады.
Осы аталған екі бағыт бойынша талдауларды жүргізу, ұйымның қаншалықты тұрақты екендігін көрсетеді.
Балансты жеткілікті түрде талдау үшін мынадай жағдайларды жасау қажет:
- ұйымның шаруашылық–экономикалық жағадайын талдауды және оның мақсаттарының дамуын жете түсіну;
- есепті жүргізу және есептілікті құру қағидалары туралы ақапараттарыд қолдану;
- балансты зерттеу мен оны талдау әдістерін үйрену.
Бухгалтерлік балансқа сапалы түрде талдау жүргізу үшін оны зерттей білу қажет.
Балансты зерттей білу - бұл оның топары мен бөлімдерінің арасындағы өзара байланыстарды, әрбір бабының мазмұнын, оларды бағалау әдістерін, ұйымдағы оның ролін, басқа баптарымен байланыстарын білу қажет.
Балансты тану келесілерді жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді:
- ұйымның көлемді түрде ақпараттарын алу;
- ұйымды меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анқтау;
- қысқа мерзімді активтердің көлемі қандай баптардың әсерінен өзгергендігін ескеру қажет;
- талдау көрсеткіштерінсіз ақ, ұйымның қаржылық жағдайын бағалау.
Балансты зерттемес бұрын, алдымен ұйымың ХҚЕС сәйкес құрағанын және оның бұрынғы формасынан ерекшеліктері бар екендігімен танысу қажет.
Баланстың жаңа түрі горизантальді емес, вертикальді формада болады. Оның рет ретімен берілген бес бөлімі болады: бірінші екі бөлімі баланс активтерін көрсетсе, үшінші, төртінші бөлімі – баланс міндеттемелерін, бесінші бөлімі ұйымның меншікті капиталын көрсетеді.
Баланс активтері өтімлік белгілері мен қағидалары бойынша құралған: жоғары өтімділіктен төмен өтімділікке, яғни өтімділіктің кему деңгейі бойынша орналасқан.
Меншікті капитал мен міндеттемелер жататын, активті қалыптастыру көздері, төлемдерді жеделдету белгілері мен қағидалары бойынша оранласқан: ең жедел мерзімі мен баяу мерзімге дейін, яғни міндеттемелерді жабу мерзімінің өсу деңгейіне қарай орналасқан.
Балансты тану талданатын мерзімдегі баланстың жалпы қорытындысының (валюта) өзгерістерін бекітуден басталады.
Баланс валютасы қаржылық жағдайдың индикаторларын есептеу үшін негізі және ұйымның тұрақтылық деңгейі мен қызмет көлемінің маңызын сипаттайды. Ұйым мүліктерінің құндарын білу үшін жыл аяғындағы баланс сомасы мен жыл басындағы баланс сомаларын салыстырады. Баланс валютасының жоғарылауы, инфляциялық жағдайларды есепке алмағанда, ұйымның өндірістік мүмкіндіктерінің жоғарылағандығын көрсетеді және мұндай жағдайға жақсы баға беруге болады, ал бұл көрсеткіштің төмендеуі – төмен бағаға сай келеді.
Мысалы, «Сымбат» ЖШС баланс валютасы жыл басында 549 034 мың теңгені құрады, жыл басымен салыстырғанда 812806 мың теңгеге жоғары, яғни баланс валютасы 15,83% артты.
Баланс валютасының абсолюттік өзгерістерін анықтаумен қоса, оның жоғарылау қарқыны мен валюталық пайда және қызмет көрсетумен өнімді өткізуден түскен пайданың жоғарғы қарқыны мен салыстыру қажет. Салыстыру нәтижесінде анықталған валюталық пайда және қызмет көрсету мен өнімді өткізуден түскен пайданың жоғарғы қарқыны, берілген ұйымдағы құралдарды қолданудың жақсарғандығын дәлелдейді, және керісінше, аталған көрсеткіштердің деңгейлерінің төмендеуі, ұйым құралдарының қолдану деңгейінің төмендегенін көрсетеді.
Баланс қорытындысының өзегерісін зерттеуде, оның баптары мен жекелеген бөлімдерінің өзгерістерін зерттеу қажет. Нәтижесінде пайда болған оңды өзгерістер, баланс активтеріндегі бағалы қағаздардың қалдықтарының, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің ұлғайғандығын, ал активтерді қалыптастыру көзі болып табылатын капиталда бөлінбеген пайданың көлемін көрсетеді.
Талданып отырған ұйымда, есепті жылдың аяғында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар мүлдем болған жоқ. Есепті кезең соңында негізгі құралдар есепті кезеңнің басымен салыстырғанда 3,6% төмендеді, ал материалдық емес активтердің көлемі 2,9 есеге ұлғайды.
Талдаушының балансты талдау барысындағы маңызды қызметтерінің бірі баланстың «ауру» баптарын ашып көрсету қажет, яғни, ұйым қызметіндегі экономикалық диагностика тәсілдерінің бірі болып табылатын ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Мұндай баптар, сонымен қатар баланс баптарының арасындағы кейбір қатынастар, ұйымның қанағаттанарлықсыз деңгейде жұмыс атқаруын немесе жұмыс барысында бірқатар айтарлықтай кемшіліктердің болғанын дәлелдейді. Ескерте кететін жағдай, баланстың «ауру» баптары өткен мерзімдегі ұйым қызметінің нашарлауын көрсетумен қатар, келешектегі шаруашылық жағдайлардың дамуына да кері әсерін тигізеді. Бухгалтерлік баланста мұндай бапқа «Жабылмаған зиян» жатады. Жабылмаған зиян сомасының нақтылығы, теріс қаржылық нәтижені, яғни келіп түскен түсімдердің шығыннан немесе жоғалтулардан аздығын көрсетеді. Бұл ұйым жұмысының маңызды кемшілігі болып табылады.
Қаржылық есептер нысанын айқындау. Субъект қаржылық есептердің және оларға қосымшалардың әрқайсысын нақты бөліп көрсетуге және оларды сол құжаттағы өзге де ақпараттан бөлуге тиіс. Бұдан басқа, субъект мынадай ақпаратты бөлуге және оны мұндайлар ұсынылатын ақпаратты түсіну үшін қажет жағдайларда қайталауға тиіс:
1) есеп беретін субъектінің атауы және өткен есепті кезеңнің аяғынан бастап өткен оның атауына кез келген өзгерістер;
2) қаржылық есептілік жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамтиды ма екендігін көрсету;
3) есепті кезеңнің және қаржылық есептерде қамтылған кезеңнің аяқталған күні;
4) есептілік валютасы;
5) қолайлы болған жерде – қаржылық есептердегі сомаларды ұсынған кезде пайдаланылған дөңгелектеу дәрежесі.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қаржылық есептілігінің компоненттерін не құрайды?
2. Қаржылық есептілігінің элементтеріне не жатады?
3. Активтер дегеніміз не және оларды тану критерийлері қалай сипатталады?
4. Міндетеммелер дегеніміз не және оларды тану критерийлері қалай сипатталады?
5. Өз капиталына сипаттама беріңіз.
6. Шығыстар дегеніміз не және оларды тану критерийлері қалай сипатталады?
7. Табыстар дегеніміз не және оларды тану критерийлері қалай сипатталады?
8. Қаржылық есептіліктің дайындау және ұсынуға қойылатын талаптарды айтыңыз.
9. Қаржылық есеп беруде қандай бағалау әдістері қолданылуы мүмкін?
10. Бухгалтерлік баланстың талдау мақсаты және қызметтері неден тұрады?
Мақсаты және бухгалтерлік баланстың өзінде тікелей беруге тиіс ақпарат. Бухгалтерлік баланс субъектілердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын білдіреді.
Субъект бухгалтерлік баланстың өзінде тікелей беруге тиіс ақпарат өзіне ең болмағанда мынадай сомалардың біріктірілген көрсеткіштерін қамтуға тиіс:
1) ақша қаражаты мен ақша қаражатының баламалары;
2) сауда және өзге де дебиторлық берешек;
3) қаржылық активтер (осы тармақтың 1), 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген сомаларды қоспағанда);
4) қорлар;
5) негізгі құралдар;
6) материалдық емес активтер;
7) биологиялық активтер;
8) үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілген инвестициялар;
9) Қазақстан ұлттық стандартының тиісті тармақтарына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған ұзақ мерзімді активтердің және істен шығуға арналған топтарға енгізілген және сатуға арналғандар ретінде сыныпталған активтердің қорытынды сомасы;
10) сауда және өзге де кредиторлық берешек;
11) қаржылық міндеттемелер (осы тармақтың 10) және 15) тармақшаларында көрсетілген сомаларды қоспағанда);
12) ағымдағы салықтар бойынша міндеттемелер мен активтер;
13) кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер мен кейінге қалдырылған салықтық активтер (бұл активтер барлық уақытта ұзақ мерзімді активтер ретінде сыныпталуға тиіс);
14) сату үшін ұсталатындар ретінде сыныпталатын шығуға арналған топтарға енгізілгендер;
15) бағалау міндеттемелері;
16) басты ұйым акционерлерінің капиталынан жеке берілген азшылықтың үлесі;
17) басты ұйым акционерлеріне жататын капитал.
Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар мұндай беру субъектінің қаржылық жағдайын түсіну үшін қолайлы бухгалтерлік баланстың өзінде тікелей берілуге тиіс.
Субъект қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтерді және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтімділік негізінде беру сенімді және неғұрлым қолайлы ақпаратты беретін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан ұлттық стандартына сәйкес баланстың өзінде жеке сыныптама түрінде береді. Бұл ерекшелік қолданылғанда барлық активтер мен міндеттемелер үлгілі өтімділік тәртібімен еркін ұсынылады.
Қысқа мерзімді активтер. Субъект активті мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:
1) субъект активті сатуды болжайды немесе активті қалыпты операциялық цикл барысында сатуды немесе пайдалануды ұйғарады;
2) субъект негізінен активті сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;
3) субъект активті есепті кезеңнің аяғынан бастап 12 ай ішінде сатуды болжайды; немесе
4) бұл актив ақша құралдарын немесе міндеттемелерді есепті күннен кейін кемінде 12 ай ішінде өтеу үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға шектеу болатын жағдайларды қоспағанда, ақша қаражатына баламалы активті білдіреді.
Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде сыныпталады. Субъектінің қалыпты операциялық циклі дәл анықталмаса, оның ұзақтығы 12 айға тең болып қабылданады.
Баптарды берудің кезектілігі мен оларды бухгалтерлік баланста беру форматы. Қазақстан ұлттық стандарты баптардың немесе баптар берілуге жөн форматтың баяндалу кезектілігін белгілемейді. Тиісті тармақ тек өзінің сипаты немесе функциясы бойынша ол баланстың өзінде жеке берілу үшін негіз болуы үшін жеткілікті түрде ерекшеленетін баптар тізбесін білдіреді. Бұдан басқа:
1) баптың сипаты мен функциясы немесе ұқсас баптардың жиынтығы субъектінің қаржылық жағдайын түсіну үшін жеке беру қолайлы болғанда, жекелеген баптар қосылады;
2) пайдаланылатын атау және баптардың орналасу тәртібі немесе ұқсас баптардың бірігуі субъектінің қаржылық жағдайын түсіну үшін қолайлы ақпаратты ұсыну үшін субъект қызметінің және оның операцияларының сипатына сәйкес өзгеруі мүмкін.
Қосымша баптарды жеке ұсыну керек пе деген түсінік мыналарды бағалауға негізделеді:
1) активтердің сипаты мен өтімділігін;