Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.,
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Несие алудағы қаржылық есептіліктің маңызы мен рөлін түсіндіріңіз.
2. Несиеқабілеттігін талдаудың мақсаты мен міндеттері неден тұрады?
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын орнатудың негiзiнде көрсеткiштердiң көптеген факторларға байланысты болатын өлшемiнiң деңгейi алынады. Мысалы, нормаланатын активтер есебiнен өтiмдi қаржылардың жалпы көлемiнiң артуы; сұранысқа ие болмайтын дайын өнiм қадығының өсуi кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының кепiлi бола алмайды. өтiмдiлiк және өтеу коэффициенттерi шамасының артуы да қарыз мiндеттемелерiнiң қысқаруымен тұсiндiрiледi. Тиiстi коэффициенттердiң деңгейiне әсер ететiн факторларды талдау кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына баға берудiң мiндеттi элементi болып табылады. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мына жағдайларға байланысты төмендеуi мүмкін:
дебиторлық қарыз немесе дайын өнiм қалдығының өсуi нәтижесiндегi өтiмдiлiк коэффициентiнiң артуы;
өтiмдi қаржылар құрылымының нашарлауы;
дайын өнiм қалдықтарының артуы нәтижесiнде өтеу коэффициентi мәнiнiң жоғарылауы;
кәсiпорынның тәуекелмен байланысты қызметiмен байланысты меншiктi айналым қаржыларымен қамтамасыздығы көрсеткiшiнiң артуы т.б.
Дебиторлық берешектi тиiмдi басқару мақсатында, келесi шараларды жүргізу маңызды:
төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған немесе мерзiмi Ұзартылған дебиторлармен есеп айрысу барысына бақылау жасау;
ақша қаржылары тұсiмiне кепiл болатын өнiмдi сатуға қажеттi жағдайлар қалыптастыру.
дебиторлық берешек көлемiн ұмiтсiз қарыздар сомасына азайту;
дебиторлық және кредиторлық берешектерiнiң арасындағы қатынастың сақталып отыруына бақылау жасау;
факторингтi пайдалану мүмкіндiгiн бағалау.
Ал кәсiпорын үшін маңызды болып табылатын қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өз тауарларының рыногын жете зерттеп, өнiм сапасын арттыру мен баға деңгейiн төмендету арқылы өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, тұтынушылардың сұранысын зерттеу, өнiм ассортиментiн көбейту және тағы сол сияқты көптеген қаржы көрсеткiштерiне оң әсерiн тигiзетiн шараларды жүргізу қатаң бәсекелiк ортада қызмет ететiн кәсiпорын үшін маңызды.
Кез келген кәсiпорынның балансын талдау активтердің өтiмдiлiгiн талдаудан басталады. Активтердің өтiмдiлiгi – кәсiпорынның немесе банктiң материалдық құндылықтарының, активтерiнiң пассив бойынша мiндеттемелерiн төлеу үшін тез арада ақшаға айналу мүмкіндiгi. өтiмдiлiктi талдауды жеңiлдету мақсатында баланс баптарын төрт негiзгi топқа бөлiп қарастырамыз.
Баланс өтiмдiлiгiн анықтау үшін келтiрiлген топтар бойынша активтi пассивпен салыстыру қажет. Баланс өтiмдi деп есептелiнедi, егер де активтiң әрбiр топтарының баптары толығымен пассивтегi тиiстiмiндеттемелердi жауып отыратын болса, керi жағдайда баланс өтiмдi емес болып саналады.
Кәсiпорын үшін өтiмдi қаржылардың жетiспеуi ағымдық операциялар бойынша төлемдердi кiдiртуге алып келедi де баланстың өтiмдiлiгiн төмендетедi. Өтiмдi қаржылардың артық болуы да терiс құбылыс. Мұнда айналымдағы активтер тиiмсiз пайдалануы мүмкін.
Талдаушының келесi маңызды жұмысы – кәсiпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығын дәрежесi бойынша топтауға мүмкiндiк беретiн абсолюттi көрсеткiштерiн зерттеу.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттi көрсеткiштерi – тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерiмен қамтамасыз етiлу дәрежесiн көрсететiн көрсеткiштер.
Тауарлы-материалды қорлардың қалыптасу көздерiн сипаттайтын үш негiзгi көрсеткiш анықталады:
1. Меншiктi айналым капиталының бар болуы (). Бұл көрсеткiш меншiктi капитал мен (баланс пассивiнiң 1 бөлiмi) ұзақ мерзiмдi активтердiң (баланс активiнiң 1 бөлiмi) арасындағы айырма ретiнде анықталады. Ол меншiктi айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюi кәсiпорынның қызметiнiң болашақтағы дамуын көрсетедi. Құрылысына қарай меншiктi айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады:
(10)
Мұндағы: - баланс пассивiнiң 1 бөлiмi;
- меншiктi капитал;
- баланс активiнiң 1 бөлiмi;
- ұзақ мерзiмдi актив.
көрсеткiшi бiрқатар маңызды талдау коэффициенттерiн есептеп табу үшiн пайдаланылады: кәсiпорынның қысқа мерзімді активтерiн жабу коэффициентi (бұл көрсеткiштiң нормативтi мәнi 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициентi (бұл көрсеткiштiң нормативтi мәнi – 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалар.
2. Таурлы-материалдық қорлардың меншiктi және ұзақ мерзiмдi қарыздың қалыптасу көздерiнiң бар болуы. ()
Бұл көрсеткiш алдыңғы көрсеткiштi, яғни меншiктi айналым капиталының ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:
(11)
Мұндағы: - ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер;
- меншiктi айналым капиталы;
- баланс пассивiнiң 11 бөлiмi.
3. Таурлы-материалдық қорлардың негiзгi қалыптасу көздерiнiң жалпы мөлшерi алдыңғы көрсеткiштi қысқа мерзiмдi несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
(12)
Мұндағы: - негiзгi көздер;
- қысқа мерзiмдi несиелер мен қарыздар.
Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткiшiне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерiмен қамтамасыз етiлуiнiң үш көрсеткiшi сәйкес келедi.
1. Меншiктi айналым капиталының () артықтығы (+) немесе жетiспеушiлiгi (-)
(13)
Мұндағы: КШ – тауарлы-материалды қорлар мен шығындар.
2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншiктi және ұзақ мерзiмдi қалыптасу көздерiнiң артықтығы (+) немесе жетiспеушiлiгi (-) ()
(14)
3. Қорлардың негiзгi қалыптасу көздерiнiң (НК) жалпы мөлшерiнiң артықтығы (+) немесе жетiспеушiлiгi (-):
(15)
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерiмен қамтамасыз етiлуiнiң үш көрсеткiшiн есептеу кәсiпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесi бойынша келесi төрт типке бөлуге мүмкiндiк бередi:
1) қаржылық жағдайдың абсолюттi тұрақтылығы;
2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржылық жағдайы;
4) дағдарысты (қауiптi) қаржылық жағдайы.
Қаржылық жағдайдың абсолюттi тұрақтылығы мына теңсiздiкпен сипатталатын уақытта қалыптасады.
немесе (16)
Бұл теңсiздiк тауарлы-материалдық қорлар меншiктi айналым капиталымен жабылатынын көрсетедi, яғни кәсiпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсiз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседi. Оның үстiне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкiн, себебi әкiмшiлiк негiзгi қызмет үшiн қаражаттың сыртқы көздерiн пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейдi немесе пайдалануға мүмкiндiгi жоқ.
Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсiздiкпен сипатталады.
(17)
Бұл келтiрiлген қатынас тиiмдi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшiн әр түрлi “қалыпты” – меншiктi және қатыстырылған қаражат көздерiн пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келедi.
Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесi теңсiздiкпен сипатталады:
немесе (18)
Бұл қатынас кәсiпорын өзiнiң тауарлы-материалдық қорларының бiр бөлiгiн жабу үшiн “қалыпты емес” болып, яғни негiзделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерiн тартуға баруына тура келетiн жағдайға сәйкес келедi.
Қорытындылай келе айта кету керек, арнайы әдебиеттерде кәсiпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайға бұдан да басқаша жiктеу берiлген. Оларды келесi атаулармен 4 топқа бөледi:
- қаржылық жағдайы жақсы кәсiпорындар;
- қаржылық жағдайы орташа кәсiпорындар;
- қаржылық жағдайы нашар кәсiпорындар;
- банкрот кәсiпорын.
Бұл кезде өндiрiстiк кәсiпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың келесi негiзгi бағыттары бойынша қарастырылады:
1) қалыпты (бiркелкi) өндiрiстiк-шаруашылық және ұдайы өндiру қызметiн қамтамасыз ету;
2) ұзақ мерзiмдi несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;
3) кәсiпорынның дамуы бойынша көлемдi жобаларды қаржыландыру мүмкiндiгi (нарықтың жаңа секторларын игеру, өндiрiс көлемiн кеңейту, өнiм мен технологияның жаңа түрлерiн игеру және т.б.).
Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн негiзге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсiбiр топқа жатқызудың өз әдiстемесiн ұсынады.
Айталық, егер кәсiпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкiндiк берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек. Егер алдыңғы екi функциялар орындалып, ал үшiншiсiн орыедауға қаражат жетпесе, онда оның жағдайы орташа болады. Ал егер қаражат алдыңғы екi функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсiпорынның қаржылық жағдайы банкрот болуға (құлдырауға) жақын.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қаржылық тұрақтылықтың түсінігін беріңіз.
2. Қаржылық тұрақтылықты қандай абсолютті көрсеткіштер сипаттайды?
3. Қаржылық тұрақтылығы бойынша ұйымның қаржылық жағдайын қалай бағалауға болады?
5. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын орнатудың қандай бағыттары бар?
6. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы қандай жағдайларға байланысты төмендеуi мүмкін?
Қазақстан Республикасында банкроттық механизмінің негізгі нормативтік-құқықтық базасы ретінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» № 67-1 Заңы болып табылады. Осы заң дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткізудiң, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртібін белгiлейдi.
Банкрот - дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер, ал банкроттық – борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі.
Сот тәртібімен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады. Дәрменсіздік - ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі.
Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi.
Банкроттық кредиторлардың немесе «Банкроттық туралы» Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi.
Егер кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтық берешегі бойынша талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса немесе өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсіпкерлерге - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.
Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады. Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданатын әдісі бегілі американ экономисі Э.Альтман ұсынған Z модельдері. Осы модельдердің ішінде ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады. Э.Альтманның пікірі бойынша, банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті немесе ағымдағы өтімділік, яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэфффициентіне байланысты болады. Эмпирикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффициентердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.