Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

2.       Қысқа мерзімді активі баптарына не жатады және олардың экономикалық мазмұны неден тұрады?

3.       Ұзақ мерзімді активінің баптарына түсіндірме беріңіз.

4.       Қорлар, дебиторлық борыш және негізгі құралдарға экономикалық түсіндірме беріңіз

 


4-тақырып. Бухгалтерлік баланс пассивінің баптарын экономикалық түсіндіру

 

 

Қысқа мерзімді міндеттемелер. Субъект міндеттемені мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:

1)              субъект оны кәсіпорынның қалыпты операциялық циклі барысында өтеуді болжайды;

2)              субъект міндеттемені негізінен сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;

3)              субъект міндеттемені есепті кезеңнің аяғынан бастап он екі ай ішінде өтеуді болжайды; немесе

4)              субъектінің осы міндеттемені өтеуді есепті кезеңнен кейін кемінде 12 айға қалдыруға сөзсіз құқығы жоқ.

Барлық өзге міндеттемелерді ұзақ мерзімді ретінде сыныптауға тиіс.

Қаржылық есеп берудiң активтерiнiң қалыптасу көздерiне экономикалық түсіндірме беру үшін оның құрылымына төмендегідей кесте құрылады.

 

Кесте 3 - Корпорация ”Атамекен” 2008 жылдың басы мен соңындағы жағдайы негiзiнде кәсiпорынның авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы

 

 

 

 

 

N

 

 

Көрсеткiштерi

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгерiс

Құры-лымының өзгеруi, пункт (4гр.-2гр.)

сомасы, мың тг.

үлес сал-мағы %

сомасы, мың тг.

үлес сал-мағы, %

мың тг. (3гр.-1гр.)

% (5гр.:1гр.*100)

1

 

1.1

1.2

Авансталған капитал, соның iшiнде:

- меншiктiк       капитал

- қарыздық капитал,

 

оның iшiнде ұзақ мерзiмдi

551271

 

471955

 

79316

 

   -

100

 

85,6

 

14,4

 

-

571478

 

491172

 

80360

 

   -

100

 

86,0

 

14,0

 

-

+20207

 

+19217

 

+1044

 

   -

+3,7

 

+4,07

 

+1,3

 

-

х

 

+0,4

 

-0,4

 

-

2

Тәуелсiздiк коэффициент (1.1жол:1 жол)

 

х

 

0,856

 

х

 

0,86

 

х

 

х

 

+0,004

3

Қаржыландыру коэфициент (1 жол:1.2. жол)

 

х

 

6,94

 

х

 

7,14

 

х

 

х

 

+0,2

4

Қатыстырылған капиталдың меншiктiк капиталға қатынасы коэффициентi (1.2жол:1.1жол)

 

 

 

х

 

 

 

0,168

 

 

 

х

 

 

 

0,16

 

 

 

х

 

 

 

х

 

 

 

-0,008

             

Кестеден кәсiпорынның есеп беру жылындағы активтерiнiң қалыптасу көзi 20207 мың теңгеге немесе 3,7%-ға өскенi көрiнiп тұр. Алайда бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенiн дәлелдемейдi.

Меншiктi капиталды талдау. Бiздiң отандық тәжiрибеде кәсiпорынның меншiктi капиталының құралу көздерi болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервтi қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келiп түсулер), жалгенрлiк мiндеттемелер, баланс пассивiнiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген бөлiнбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылар мен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтерi, күмәндi қарыздар бойынша резервтер, 2004 жылы құрылған баланс пассивiнiң 2-шi бөлiмiнде көрсетiлген алдағы кезең табыстар. Меншiктi капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервтi капитал және бөлiнбеген табыс (жабылмаған зиян) кiредi.

Меншiктi капиталды зерттегенде өзiндiк айналым қаражаттарындағы болған өзгерiстерге ерекше назар аударылады, яғни меншiктi капиталдың қандай бөлiгi иммобильдiк сипаттағы құндылықтарға бекiтiлмегендiгiн және осы қаражаттарды азды-көптi еркiн жұмсауға мүмкiндiк беретiн нысанда тұрғандығы анықталады. Меншiктi айналым қаражаттарының көлемiн анықтау үшiн, меншiктi капиталдың сомасынан баланс активiнiң бiрiншi бөлiмiнiң жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

Жыл басына меншiктi айналым қаражаттарының көлемi 196813 мың теңге (471955-275142) құрады, жыл аяғына – 12275 мың теңгені (491172-250870), яғни 240302 мың теңгеге, немесе 51,1%-ға көбейген.

Тәжiрибе жүзiнде күрделi салымдарды  және негiзгi құралдарда сатып алу үшiн, меншiктi капиталға теңестiрiлiп қосылатын, ұзақ мерзiмдi несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзi ескерiлiп, алдағы көрсеткiштiң мөлшерi анықталады. Бұл көрсеткiш абсолюттi болып табылады, оның динамикадағы өсуi – оң, ал төмендеуi – терiс бағытты ретiнде қарастырылады. Бiздiң кәсiпорнымызда бұл көрсеткiштiң мөлшерi меншiктi айналым қаражаттарының мөлшерiне тең, себебi ұзақ мерзiмдi несиелердi кәсiпорын тапқан жоқ.

Қарастырылған капиталды талдау. Талдау жүргiзу үшiн қарыз қаражаттарының әрбiр баптарының есеп беретiн көрсеткiштерiн топтық қорытындылармен сәйкестендiру қажет, олардың базистiк көрсеткiштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердiң өзгерiстерiн көрсету керек. Бiздiң кәсiпорын есептi жылы ұзақ мерзiмдi ғана емес, қысқы мерзiмдi несиелердi де қатыстырмаған (тартпаған). Басқа сөзбен айтқанда,  қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни қысқа мерзімді мiндеттемелер кредиторлық борышқа тең, ал оның көлемi жыл соңында 80360 мың теңге, жыл басында 79572 мың теңге болған, яғни 788 мың теңгеге кеміген. Оның құрамында сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерден алынған аванстар азайған. Егер жылдың басында оның мөлшерi 29607 мың теңге болған болса, жыл аяғында 6316 мың теңге құраған, яғни 4,7 есеге кеміген. Бұдан кейiн талдаушы оны дебиторлық борышпен салыстырып талдау керек.

Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негiзiнен 2:1 болуы керек деп ұсынылған (25). Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етiлмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебi ол өзiндiк қаражаттың әлдебiр өтiмдi бөлiгiнiң ақшаға айналуын бәсеңдетуi мүмкiн. Егер кәсiпорынның коммерциялық несиесi дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсiп кетуi мүмкiн.

Бiздiң кәсiпорнымызда кредиторлық борыш жыл басында дебиторлық борыштан 0,96 (30262:31415), жыл соңында 2,5 есе төмен болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етiлуi, дебиторлармен де кредиторлармен де арақатынасы тиiмсiз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуiнен болады. Кредиторлық борыштың өсiп кетуi қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебi кәсiпорын бұл борышты зерттелiп жатқан уақытты қатыстырылған қаражат көздерi ретiнде пайдаланып жатыр деп айтуға болар едi. Бiрақ тауар, жұмыс және қызметтер үшiн ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша есеп айырысуда да үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсiпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиiмсiз жағынан сипаттайды.

 

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Ұйымның міндеттемелері қалай жіктеледі?

2.       Қысқа мерзімді міндеттемелерінің баптарын түсіндіріңіз.

3.       Ұзақ мерзімді міндеттемелерге не жатады және олардың экономикалық мазмұны неден тұрады?

4.       Ұйымның капиталының құрамы мен құрылымына сипаттама берініңз.
 

5-тақырып. Бухгалтерлік баланс активтері мен олардың қалыптастыру көздерін талдау

 

Баланс активтерiнiң құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсiпорынның барлық мүлiктерiнiң және оның жекелеген түрлерiнiң абсолюттi және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi.

Қаржылық есептiң маңызды элементi болып саналатын активтердi, талдау барысында, осы активтердiң нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерiстер зерттеледi. Активтердiң жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкiндiк бередi.

Активтердiң өсуi (артуы) кәсiпорынның болашақтағы дамуын көрсететiн болғандықтан, ол осы кәсiпорын жұмысының оң нәтижесiн сипаттайды. Алайда, кәсiпорын мүлiк құнының өсу себептерiн талдағанда, жоғары деңгейiбаланстық есептiң номиналды көрсеткiштерiнiң нақты көрсеткiштерден айтарлықтай ауытқуына әкелiп соқтыратын инфляция әсерiн ескерту қажет. Отандық тәжiрибеде инфляцияны есепке алу тек негiзгi құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргiзiледi.

Отандық есептiк-аналитикалық тәжрибеде өндiрiстiк қорлар, дайын өнiм және тауарларды қайта бағалау жүргiзiлмейдi. Сондықтан да олардың құнының өсуi, инфляциялық фактор әсерiнен болатыны күмәнсiз. Осы көрсеткiштен кейiн баланс валютасындағы қысқа мерзімді активтер үлесiн анықтау маңызды: қысқа мерзімді активтер құнының кәсiпорынның барлық мүлкiнiң құнына қатынасымен анықталған кәсiпорын активтерiнiң iске тартылу (мобильдi) коэффициентiнiң өсуi. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесiн сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсiпорынның үздiксiз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкiндiгi де арта түседi. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуi актив құрылымындағы жағымды өзгерiс болып табылады – яғни мүлiк әлдеқайда мобильдi (iске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиiмдiлiгiнiң өскендiгiн көрсетедi.

Талдау жүргiзiп отырған кәсiпорындарда (кестелер 1 және 2) бұл коэффициенттiң деңгейi жыл басында 0,50 (276385:551527), ал жыл соңында 0,56 (320603:571478) құрады.

Кәсiпорын активтерiн таратудың тиiмдiлiгiн сипаттайтын келесi көрсеткiш - мобильдi және иммобильдi қаражаттар қатынасының коэффициентi. Ол қысқа мерзімді активтер құнын ұзақ мерзiмдi активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауiптi көлемi, кәсiпорынның салалық ерекшелiктерiне байланысты. Өндiрiстiк кәсiпорындарда берiлген көрсеткiштiң деңгейi 0,5-тен төмен болмауы тиiс.

Талданып отырған кәсiпорында бұл көрсеткiш деңгейi жыл басында – 1,005=(276385:275142), ал жыл аяғында – 1,28=(320603:250875) құрайды. Бұл коэффициент деңгейi мобильдi қаражаттардың өсу қарқыны иммобильдi қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесiнде өсiп отыр. Есептi жылы бiрiншiлер, яғни мобильдi қаражаттар 1,16 есеге (320603:276385), ал екiншiлерi – 9,7%-ға (250875:275142*100) ғана өскен. Кәсiпорын ең төменгi қаржылық тұрақтылыққа, кәсiпорын мiндеттемелерi кепiлдендiрiлген түрде қысқа мерзімді активтермен өтелген жағдайда қол жеткiзедi және келесi шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгiсi болып табылады: қысқа мерзімді және ұзақ мерзiмдi активтер қатынасының коэффициентi қарыз капиталы мен меншiктi капитал қатынасының коэффициентiнен артық болуы керек.

Әрi қарай кәсiпорынның мүлiктiк жай-күйiнде қандай сапалық өзгерiстер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсiпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негiзгi қорлары болып саналатын, оның өндiрiстiк потенциалының маңызды элементiнiң жағдайын зерттеу қажет. Кәсiпорын мүлiктерiнiң жалпы құнындағы негiзгi құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруi, ерекше назар аударады. ´йткенi бұл көрсеткiш кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметiнiң көлемiн анықтаудағы басты бағыт болып табылады.

Кәсiпорын мүлiктерiнiң жалпы жиынындағы негiзгi құралдардың нақты құнының коэффициентiнiң мөлшерi баланс активтерiнiң  барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиiс.

Бiздiң мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негiзгi құралдардың қалдық құнының үлесi жыл басында –49,34%-ды, ал жыл соңында –42,15%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткiштiң теориялық мәнiне 3,53 пункт сәйкес келмейдi. Негiзгi құралдардың жалпы құнындағы оның активтi бөлiгiнiң (жұмыс машиналарының құны, өндiрiстiк жабдықтар мен тасымал құны) үлесiн анықтау өте маңызды және де бұл кәсiпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуi қор қайтарымдылығының өсуiне әкеледi.

Негiзгi құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткiш -  бұл осы негiзгi құралдардың тозу сомасының оның белгiлi бiр кезендегi бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициентi. Бiздiң кәсiпорынымызда негiзгi құралдардың тозу коэффициентi жыл басында – 0,44 (214781:486923), ал жыл соңында – 0,33 (117329:358146) құрайды, яғни 0,11 пунктке кеміген. Бұл мәлiметтер негiзгi құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ олардың 2/3-ден көбi табиғи (физикалық) тозғандығын және ескiргендiгiн көрсетедi. Кейбiр экономистердiң бағаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициентi жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсiпорын басшылығы осы кәсiпорынның материалды-техникалық базасының нығайтуға және жаңартуға қатаң көңiл аударуы тиiс.

Талдау жүргiзушiнiң келесi әрекетi баланс активiнiң құрылу көздерiн талдау болады. Бұл кезде кәсiпорын мүлкiнiң келiп түсуi, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсiпорнының өзiнiң де, қарызға алынған капиталдың да есебiнен жүргiзiлуi мүмкiн екендiгiнiң есте сақтау керек. Ал меншiктi капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетедi.

Нарық қатынасы жағдайында кәсiпорынның қызметi және оның дамуы көбiне өзiн-өзi қаржыландырумен, яғни меншiктi капиталдың көмегiмен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсiздiк аса маңызды орын алады, бiрақ онсыз әрине мүмкiн емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудiң ағымындағы активтерiнiң құрастырылу көздерiн шектеу керек. Оның ең аз бөлiгi өндiрiстiк бағдарламаны қамтамасыз ету үшiн өзiнiң кейбiр  кезеңдерiнде қысқа мерзімді активтерге  әдеттегiден жоғары, яғни қосымша қажеттiлiк туғанда, ол банктердiң қысқа мерзiмдi несиелерiмен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердiң қорлану көздерiн талдау кезiнде меншiктi және қатыстырылған капиталдың көрсетiлген көлемi  белгiленiп, есеп беру кезеңiндегi олардың өзгеру себептерi анықталып, оларға баға берiледi. Бұл кезде өз меншiгiндегi капиталға басты  назар аударылады, себебi өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетедi.

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"