Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

(c)   ұйымның ХҚЕС-на сәйкес баланста танылмаған қаржыларын шолу.

Көптеген қаржы есептiлiгiнен басқа қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi есептер және, әсiресе қоршаған ортаны қорғау факторының зор маңызы бар және олардың қызметкерлерi пайдаланушылардың маңызды тобы болып есептелетiн салалардағы қосылған құн салығы туралы есептер сияқты ресми бюллетендер ұсынады. Қаржы есептілігінің шегінен тыс ұсынылатын есептер мен ресми бюллетендер Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында қолдану аясына кірмейді.

Әділ ұсыну және Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік. Қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы жағдайын және ақшалай қаражаттардың қозғалысын міндетті түрде адал көрсетуге тиіс. Адал ұсыну операциялардың, «Принциптерде» айтылған активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар үшін тану анықтамалары мен белгілеріне сәйкес басқа оқиғалар мен талаптардың ықпал етуін ұсынған кезде шындықты талап етеді. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын, қажет болған жағдайда - ақпаратты қосымша ашып көрсету арқылы қолдану адал ұсыну міндетін шешетін қаржы есептілігін қалыптастыруға жетектейді деп көзделеді.

Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.

              Іс жүзінде кез келген жағдайларда қолданылып жүрген Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік адал ұсынуға жеткізеді. Адал ұсыну сондай-ақ ұйымнан мыналарды талап етеді:

(а)              8-«Есеп саясаты, есеп айырысу бағаларындағы өзгерістер және қателіктер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес есеп саясатын таңдау және қолдану. 8 ІAS Халықаралық стандартында ұйым басшылығы үшін нақты бапқа қолданылған стандарт немесе түсініктеме болмаған жағдайға есептелген ресми тәлімдердің толық жиынтығы айтылған.

(b) мәнді, сенімді, салыстырмалы және түсінікті ақпарат қалыптастыруға келтіретіндей тәсілмен есеп саясатын қоса, ақпаратты ұсыну;

(с)              Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының тиісті талаптарын сақтау нақты операциялардың, басқа оқиғалар мен жағдайлардың ұйымның қаржы жағдайы мен қызмет нәтижелеріне ықпалын пайдаланушылардың түсіне алуы үшін жеткіліксіз болған жағдайларда ақпараттың қосымша ашып көрсетілуін қамтамасыз ету.

Сәйкес келмейтін есеп саясаты қолданылатын есеп саясатын ашып көрсетумен де, ескертулермен немесе басқа түсіндірме материалдармен де өтелмейді.

              Ұйым басшылығы тиісті Халықаралық стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптары жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады деген қорытындыға келетін өте-мөте сирек жағдайларда, ұйым, егер тиісті нормативтік актілер бойынша осылайша бас тарту талап етілсе немесе оған тыйым салынбаса, 18-параграфта сипатталған тәсілді пайдаланып, ондай талапты пайдаланудан бас таруға міндетті.

              Ұйым 17-параграфқа сәйкес жекелеген стандарт немесе түсіндірме талаптарынан ауытқыса, ол мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)              ұйымның басшылығы қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы нәтижелерін және ақшалай қаражаттардың қозғалысын адал ұсынды деген қорытындыға келсе;

(b)              адал ұсынуға жету мақсаттарында нақты талаптардан ауытқуды қоспағанда, ол қолданылатын Халықаралық стандарттарды және Түсіндірмелерді сақтаса;

(с)               ұйым ауытқыған Стандарттың немесе Түсіндірменің атауы, осы Стандартқа немесе Түсіндірмеге талап етілуі мүмкін есептеу тәртібін қоса, ауытқу сипаты, осы мән-жайларда есептеу тәртібінің жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болатын себеп;

(d) әрбір есепті кезең бойынша - ауытқу болмаған кезде қолданылатын талапқа сәйкес қаржы есептілігінде көрсетілетін қаржы есептілігінің әрбір бабына ауытқудың қаржылық ықпалы.

Егер ұйым алдыңғы кезеңдердің бірінде жекелеген Стандарттың немесе Түсіндірменің талаптарынан ауытқыса, және де бұл ауытқу қысқа мерзімді кезеңдегі қаржы есептілігінде танылған сомаларға ықпал етсе, ол 20-параграфтың (с) және (d) тармақтарында айтылған ақпаратты ашып көрсетуге тиіс.

21-параграф, мысалы, ұйым алдыңғы кезеңнің бірінде активтерді немесе мән-жайларды бағалау үшін жекелеген Стандарттың немесе Түсіндірменің талабынан ауытқыса, және бұл ауытқу қысқа мерзімді кезеңдегі қаржы есептілігінде танылған активтер мен мән-жайлардағы өзгерістерді бағалауға ықпал етсе, қолданылады.

Ұйым басшылығы тиісті Халықаралық стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптарын сақтау жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады, бірақ бұл жағдайда тиісті нормативтік база осы талаптан ауытқуға тиым салады деген қорытындыға келетін өте-мөте сирек жағдайларда, ұйым осы талапты сақтаудың ауытқуға әкеп соқтырады-ау деген жақтарын бар мүмкіндігінше кемітуге міндетті, және бұл үшін ол мына ақпаратты ашып көрсетеді:

(а)               тиісті Стандарттың немесе Түсіндірменің атауын, тиісті талаптың сипатын және ұйым басшылығы аталған жағдайларда осы талапқа сәйкес болу жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады;

және

(b) әрбір есепті кезең бойынша - ұйым басшылығы баптарды адал ұсынуға қол жеткізу мақсаттарында түзету қажет деген қорытындыға келген қаржы есептілігінің баптарын түзету.

Тиісті Стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптарын сақтау жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болатынын бағалаған кезде, ұйым басшылығы мынадай мәселелерді қарайды:

(а) осы нақты мән-жайларда қаржы есептілігінің мақсаттарына неліктен қол жетпейді;

(b) ұйымның жағдайы қалайша осы талапты орындайтын ұйымдардың жағдайларынан өзгеше болады. Егер басқа ұйымдар осыған ұқсас жағдайларда осы талапты сақтайтын болса, ұйымның осы талапты сақтауы Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарында қайшылық пайда болатындай деңгейде жаңылысқа әкеп соқтырмайтыны туралы теріске шығаратын болжам бар.

Қызметтiң үздiксiздiгi. Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолданылуын бағалау кезiнде, басшылық, ең болмағанда, баланс күнінен бастап он екі айды қамтитын, бiрақ онымен шектелмейтін болашақ туралы қолда бар ақпараттың барлығын ескереді. Осы ақпарат назарға алынатын деңгей әрбiр жеке жағдайда нақты фактiлерге байланысты болады. Ұйым белгiлi бiр кезең iшiнде пайдалы болса және қаржы ресурстарына қол жеткiзсе, онда қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол беру қолайлығы туралы қорытынды толық талдау жасалмай қабылдануы мүмкiн. Басқа жағдайларда басшылыққа, қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолайлылығы жөнiндегi пiкiр бекiтiлмес бұрын, бәлкiм, қысқа мерзімді және күтiлетiн пайдалылыққа, борыштық мiндеттемелерді өтеу кестелерiне және баламалы қаржыландырудың әлуеттi көздеріне байланысты факторлардың кең ауқымын қарауы талап етiлетін болар.

Есептеу әдісі бойынша есепке алу. Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті. Есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданған кезде, егер олар Принциптерде айтылған осы элементтерге арналған анықтамалар мен өлшемдерді қанағаттандыратын болса, баптар активтер, міндеттемелер, капитал, пайда және шығыстар (қаржы есептілігінің элементтері) ретінде танылады.

Елеулілік және қорыту. Ұқсас баптардың әрбiр елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеулі болып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.

Қаржы есептiлiгi операциялардың көп санын немесе сипатына, немесе мақсатына сәйкес құрылымы жағынан топтарға бiрiктiрiлген өзге де оқиғаларды өңдеу нәтижесi болып табылады. Біріктіру және сыныптау процесінің соңғы кезеңі жеке баптарды не тікелей баланста, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте, не ескертулерде қалыптастыратын ықшамды және сыныпталған деректердi ұсынудан тұрады. Егер қандай да болсын жеке баптың өзі елеулi болып табылмаса, ол тікелей қаржы есептiлiгiнде, не ескертулерде басқа баптармен бiрiктiрiледi. Қаржы есептiлiгiнің өзінде оны жеке ұсынуды талап ету үшiн бап жеткiлiктi түрде елеулi болмайтын бап, қайткенде де, оны ескертулерде жеке-дара ұсыну үшiн жеткiлiктi түрде елеулi болуы мүмкiн.

Елеулiлiк принципін қолдану, егер нәтижесiнде алынған ақпарат елеулi болмаса, қандай да болсын Стандарттың немесе Түсіндірменің ақпаратын ашып көрсетуге нақты талаптарды орындаудың қажет емес екендігiн бiлдiредi.

Өзара есепке алу. Активтер мен мiндеттемелер және кірістер мен шығыстар өзара есепке алынбауға тиiс, бұған ол рұқсат етілген немесе қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме талап ететін реттер кірмейді.

Активтер мен міндеттемелердің, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстардың жеке-жеке ұсынылуы маңызды. Пайдалар мен залалдар туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мәнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақшалай қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді. Бағалау резервтер, мысалы, ескірген босалқыларды жоюға арналған резерв және дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резерв шегерілген активтерді бағалау - өзара есепке алу болып табылмайды.

18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандарты түсімге анықтама бередi және ол ұйым беретiн барлық сауда-саттық және көтерме сауда жеңiлдiктерi ескерiлiп, алынған немесе кері алынуға тиiстi әдiл құн бойынша бағалауды талап етедi. Өзiнiң әдеттегi қызметiнiң барысында ұйым түсім әкелмейтiн, бiрақ түсім әкелетiн негiзгi қызметiмен қатар жүретiн басқа операцияларды да жүзеге асырады. Осындай операциялардың нәтижелері тиісті операцияның немесе оқиғаның мәнін көрсететін реттерде, ондай операциялардың нәтижелері бір операцияның нәтижесінде туындайтын барлық кірістерді және тиісті шығыстарды өзара есепке алу арқылы ұсынылады. Мысалы:

(а)               ұзақ мерзiмдi активтердiң, оның iшiнде инвестициялар мен операциялық активтердiң шығып қалуынан болған пайдалар мен залалдар есептерде активтiң шығып қалуынан алынған активтен активтiң баланстық құнының және оны сату жөнiндегi тиiстi шығыстар сомасын шегеру жолымен ұсынылады;

және

(b) 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын және үшінші тұлғамен шарттық келісімнің талаптары бойынша (мысалы, жеткізушінің кепілдік міндеттемелері туралы келісім) өтелетiн бағалау жағдайларымен байланысты шығындар тиiстi өтеуге қарсы есепке алынуы мүмкін.

Бұған қоса, осындай операциялар тобы бойынша туындайтын пайдалар мен залалдар, мысалы, оң және теріс бағамдық айырмалар және саудаға арналған қаржы құралдары бойынша туындайтын пайдалар немесе залалдар есептерде нетто-негiз бойынша ұсынылады. Солай бола тұрса да, ондай пайдалар мен залалдар, егер олар мәнді болса, бөлек көрсетіледі.

Есеп беру жиілігі. Кәсіпорын (салыстырмалы ақпаратпен қоса) қаржылық есептіліктердің толық жинағын ең кемінде, жыл сайын ұсынуы тиіс. Кәсіпорын есеп беру кезеңінің соңын өзгерткенде және қаржылық есептіліктерін бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезең ішінде ұсынғанда, кәсіпорын қаржылық есептілікте қамтылған кезеңге қосымша мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а)              бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезеңді қолдану себебін, және

(b)              қаржылық есептіліктерде ұсынылған сомалар толығымен салыстырмалы емес екендігін.

Әдетте, кәсіпорын қаржылық есептіліктерді тұрақты түрде бір жылдық кезеңдер үшін дайындайды. Дегенмен, тәжірибелік себептермен, кейбір кәсіпорындар, мысалы, 52 апталық кезеңде есеп беруді қалайды.

 

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Қаржылық есептілігін қалыптастырудың концептуалды негізінің қысқаша сипаттамасын беріңіз.

2.       Қаржылық есептіліктің мақсаты неден тұрады және оның пайдаланушылары болып кім табылады? 

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"