Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Субъект төленген пайыздарды, алынған пайыздар мен дивидендтерді операциялық қызметтен түскен ақшалай пайданы немесе залалды анықтаған кезде қосылады. Балама ретінде субъект төленген пайыздар мен дивидендтерді тиісінше қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы және инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы ретінде сыныптай алады, себебі олар тиісінше қаржылық ресурстарды тартуға жұмсалатын және инвестициялық қызметтен кіріс алу болып табылады.
Субъект дивидендтер төлеуді қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы ретінде сыныптай алады, себебі олар қаржы ресурстарын тартуға жұмсалатын шығындар болып табылады. Балама ретінде субъект төленген дивидендтерді операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы ретінде сыныптай алады, себебі мұндай төлемдер операциялық қызмет шеңберінде түскен ақша қаражатынан жүргізіледі.
Пайдаға салынатын салық. Корпоративтік табыс салығын төлеуге байланысты туындайтын ақша қаражатының қозғалысын субъект жеке ашуға және мұндай қозғалыс қаржылық қызметке немесе инвестициялық қызметке нақты байланысты болуы мүмкін жағдайлардан басқа жағдайларда, операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы ретінде ашылуға тиіс. Ақша қаражатының салық ағындары бірден астам қызмет түріне жататын болған кезде субъект төленген салықтардың жалпы сомасын ашуға тиіс.
Ақшалай емес операциялар. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке субъект ақша қаражатын немесе ақша қаражатының баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржылық операцияларды қамтымайды. Мұндай операцияларды субъект қаржылық есептердің басқа бөлімінде бұл ашулар субъектінің мұндай инвестициялық және қаржылық қызметі туралы барлық қолайлы ақпаратты беретіндей ашылуға тиіс.
Инвестициялық және қаржылық қызметтің едәуір бөлігі ол субъектінің капиталы мен активтерінің құрылымына әсер етсе де, ақша қаражатының ағымдағы қозғалысына тікелей әсер етпейді. Ақшалай емес операцияларды ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен алып тастау осы есептің мақсатына жауап береді, себебі бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысына әсер етпейді. Ақшалай емес операциялардың мысалдары мыналар болып табылады:
1) не өзіне тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып не қаржылық жалдау арқылы активтер сатып алу;
2) субъектінің капиталды шығару арқылы сатып алуы; және
3) борыштық міндеттемелерді капиталға аудару.
Ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының құрамдас бөліктері. Субъект ақша қаражаты мен олардың баламаларының құрамдас бөліктерін ашуға және сомаларды ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте бухгалтерлік баланстағы баламалы сомаларымен салыстыруды өзінің есебінде беруге тиіс.
Субъект субъектіде бар, бірақ субъект пайдалану үшін қол жетімсіз ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының едәуір қалдықтарының сомасын ашуға тиіс. Ашудан басқа субъект осы сомалар бойынша басшылықтың тиісті түсіндірмесін келтіруге тиіс. Субъектінің пайдалануы шектеулі болуы мүмкін ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының мысалдарының біріне пайдалануы валюталық немесе қандай да болмасын өзге реттеу заңнамасымен шектелген қаражатты келтіруге болады.
Белгілі бір есепті кезең аралығындағы ұйымның ақша қаражатының жағдайы мен қозғалысына қысқа мерзімді инвестициялық және қаржылық қызмет нәтижесі тікелей әсер етеді. Осы кезең ішінде ұйымның ақша қаражаты өрісінде болған біршама өзгерістер жан-жақты түсіндірілуі керек. Сонымен қатар, ұйым әкімшілігі ақша жөніндегі қорытынды есеп көрсеткіштерін өтеушілік коэфицентін шығару және дивиденттік төлемдерді анықтау, қосымша алынған инвестициялардың ұйымның жалпы жағдайына тигізген әсерін бағалау үшін де қолданады.
Ақша қозғалысының арнаған қорытынды есепте қалыпты өндірістік және қаржылық жағдайда қалыптасқан ақша қаражаты мен сыртқы көздерден алынған ақша қаражаты арасындағы өзгерістерді дәлме-дәл ажыратылып көрсетілуі керек. Ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп ақша қозғалысы есебін жүргізуге арналған жекелеген шоттардағы мәліметтер негізінде жасалынып, есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы қалған ақшаның қалдығы мен салыстырылымын көрсетеді.
Халықаралық есеп жүргізу тәжірибесенде ақша қозғалысы есебін жасауда екі – тікелей және жанама әдіс қолданады. Бұл әдістерде қолдану арқылы дайындалып тапсырылатын ақша қозғалысы жөніндегі ақпараттар мазмұнын сипаттауға болады. ҚР-да операциялық қызметтен түскен ақша қозғалысы тікелей және жанама әдістерге жұмсау үшін жинақталады. Онда тікелей әдісті қолдану арқылы түскен және төленген ақшаның негізгі ағыны мен түрлері көрсетіледі.
Сызба 1 - Ұйымның жалпы ақша ағыны
Қаржы-шаруашалық қызметінің нәтижесінде пайда болған ақшаның жалпы айналымындағы ағыны тікелей және жанама әдістерді қолданып жасаған ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп мәліметтерін өзгертіп отырады. Жанама әдісті қолдану барысында таза табыс немесе шеккен зиянның қысқа мерзімді активтер және міндеттемелер өзгерісіне тигізетін әсерін, ақшалай емес операцияларды, сондай-ақ инвестициялық және қаржылық қызметтер нәтижелерін өткен кезеңдермен салыстыру мен реттеп отыру үшін де қажет. Бұл әдіс бухгалтерлік баланстағы және табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есептегі ақпараттарға негізделген. Жанама әдіс қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі жөніндегі қорытындының әрбір жекелеген баптарын реттеу үшін қолданылмайды. Осы әдіске байланысты таза табыс (шеккен зиян) соммасы осы есепті кезеңдегі өзгерген соммаларды өткен есепті кезеңдегі өзгерген соммалармен өзара салыстырып отыру үшін де қажет.
Қаржылық қорытынды есеп құрамы және мұның жекелеген элементтерін тануға байланысты мәселелерді қарастыра отырып, біздер қорытынды есеп жасаудың кез-келген қолданбалы әдістері сабақтастық байланыстылықты қамтамасыз ететін көптеген қосымша көрсеткіштерге, мысалға, сатуға, қаржы нәтижесіне, бухгалтерлік балансқа байланысты қалыптасатындығын зерделеп отыруымыз керек. Негізгі қорытынды есеп үлгісіне тән қосымша ақпараттарды қолдану (ескертпелер, қосымшалар, жіктеулер т.б.) халықаралық стандарттар талабына қайшы келмеуі керек.
Кәсіпорынынң ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдагы міндетгемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және акшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғанын білдіреді. Осыған байланысты кәеіпорындағы акша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.
Бұндай талдаудың әр түрлі тәсілдері бар. Атап айтқанда, қаржылық қиыншылықтың туындауының барометрі кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерінің көлемінің өсуі жағдайында, оның қысқа мерзімді активтері құрамында ақша қаражатының үлесінің азаю үрдісі болып табылады, ондай жағдай біздің кәсіпорынымызда орын алып отыр. Сонымен, егер ақша қаражатының қысқа мерзімді активтердегі үлес салмағы жыл басында 10% құраса, жыл соңында оның мөлшері 6,5% болды, яғни 1,6 есе азайды, ал қысқа мерзімді (қысқа мерзімді) міндеттемелер 4643 мыңнан 9681 мың теңгеге дейін, яғни 2,1 есе өсті. Сондықтан ақша қаражаты мен жедел міндеттемелердің (уақыты қысқа мерзімді айда бітетін) арақатынасын ай сайын талдау, кәсіпорындағы ақша қаражатының шамадан тыс көптігін (жетіспеушілігін) жеткілікті түрде сипаттап береді.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
К Д.СО = ДСО / ДСС (72)
Мұнда: К Д.СО - ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;
ДС° - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
ДСС - ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бой («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Валюталық арнайы шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:
ДСС= ДСО1/2 + ДС2+ ДС3 + .........+ ДСn /2 / n-1
Мұнда: ДСС - п айының басындағы қалдықтар;
п - кезеңдегі айлар саны.
Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 1040 "Есептесу шотындағы барлық" шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілігі өздерінің кон-трагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалы, кызметкерлердің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.
Меншікті қаражат есебінен банкте арнайы шот ашып, оны пайдалану (чек кітапшалары, аккредитивтер) да есептесу шотынан сәйкес арнайы шотқа қаражат аударумен байланысты болады. Бұл жағдайда акша шоты бойынша несие айналымдарының сомасының айналымы шамасын есептеу үшін пайдалану қосарлас шотқа яғни, оның қорытындысында кәсіпорындағы ақша қаражатының айналымдылық көрсеткіші айтарлыктай бұрмалануына әкеліп соқтырар еді. Егер кәсіпорында есептесудің едәуір бөлігі касса арқылы өтетін болса, орындаушылар, жабдықтаушылардың қызметі мен өнімге төлемдер қолма-қол ақшамен жүргізілсе және арнайы шоттарды құру заемдық негізде іске асырылса онда 1010-тармақтың «Кассадағы барлық» және 1070 тармақтың «Банктегі арнайы шоттағы ақша қаражаты» шоттарының кредиті бойынша өткізілетін сомалар «Есептесу шотындағы барлық» шотында өзінің ала көрсетілуін таппайды. Аталған ақша қаражатының шығыны 1040 «Есептесу шотындағы барлық" кредитгік айналым сомасына қосылуы керек.
Талдау жүргізген кезеңдегі айналымдар санын көрсететін ақша қаражатының айналымдылық коэффициентімен қатар, олардың жеткілікті екендігін бағалауға мүмкіндік беретін ақша қаражатының айналымы кезеңінің ұзактығы анықталады, Осы мақсатга мына формула колданылады:
ДДС О = ДСС * ДР / ДСО (73)
Мұнда: ДДС О - ақша қаражатының айналым кезеңі;
ДСС - ақша каражатының орташа қалдығы;
Др- талдау кезеңінің ұзақтығы;
ДС° - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы.
Формула бойынша есептелген біздің серіктестіктегі ақша қаражатының айналым кезеңі 2,08-ден (наурыз) 4,86 (тамыз) күнге дейін ауытқыды. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның шотына ақша түскен мерзімінен оның шығып кетуіне дейін, орташа үш күннен аз уақыт өтті (4,86-2,08). Бұл серіктестікте қаражаттың айқын жетіспейтіндігін білдіреді, ол дебиторлық борыш есеп беру жылының соңында едәуір көлемде 1671 мың теңге, яғни өткен жылдың басымен салыстырғанда 46,6% артық жағдайда, бұл өте қауіпті болып табылады.
Серіктестіктегі ақша қаражатының іс жүзіндегі қозғалысын ашып көрсету, оның ырғақты түсуі мен жұмсалуын бағалау және кәсіпорьшдағы қол жеткізген қаржы нәтижесі шамасын байланыстыру үшін ақша қаражатының түсуі (кемуі) мен шығуының (кетуі) барлық бағыттарын бөліп және талдау керек.
Ақша қаражаты қозғалысының көрсетілген бағыттарын операциялық (қысқа мерзімді), инвестициялық және қаржылық қызмет ауқымында карау қажет.
Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті (Кж.) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді. Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен белімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
(Кж.) = _________Өнім өткізуден түскен табыс________,
Күрделі шығындар + Дивиденд төлеу + Айналым
каражатының өсуі
1-ге тең ақша қаражатының жеткіліктілікті коэффициенті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.
Кжа кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.
Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэфициенті (Кск) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:
(Кск) = ____өткізуден түскен табыс-төленген дивидендтер____ (75)
алгашқы құны бойынша негізгі құралдар + инвести-
циялар+баска активтер+меншікті айналым капиталы
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті болып саналады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткішітері кеңінен пайдаланылады.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Ақша және ақша баламаларына анықтама беріңіз.
2. Ақша қаражатының қозгалысы туралы есеп берудің мақсаты, міндеттері мен құрылымын сипаттаңыз.
3. Ұйымның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен туындайтын ақша ағындарының айырмашылықтарын көрсетіңіз.