Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
4. Ақша қаражатының қозгалысы туралы есеп беруді қандай әдістермен әзірлеуге болады және олардың арасындағы айырмашылық неден тұрады?
5. Ақша қаражаты қозгалысының талдауы қандай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі?
Кез келген іс-әрекет ету аясында бизнес ақша қаражаттарының нақты бір сомасымен басталады, яғни сол қаражатқа өнімді өндіру және сатуға қажетті ресурстар алынады. Капитал айналым шеңберінің үш сатысынан өтеді: дайындық, өндірістік және өткізу. Бірінші сатысында кәсіпорын өзіне қажетті негізгі қорлар мен өндірістік запастарды сатып алады. Екінші сатыда қаражаттардың бір бөлігі өндіріске запастар түрінде түссе, екінші бөлігі еңбекақыға, салық төлеуге, әлеуметтік сақтандыру төлемдеріне және басқа да шығындарға жұмсалады. Бұл саты дайын өнім өндірумен аяқталады. Үшінші сатыда дайын өнім сатылып, кәсіпорынға алғашқы сомадан алынатын пайда мөлшеріне артық сома келіп түседі. Бұл неғұрлым капитал тезірек айналса, соғұрлым кәсіпорын көп өнім сатып, белгілі бір кезең ішінде жұмсалған капитал мөлшерінде өнім өндіріп пайда табады дегенді білдіреді. Қаражаттардың кез-келген сатылардың біреуінде кідіріп қалуы капитал айналымын тежеп, қосымша қаржы тартуды талап етеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі.
Сызба 2 – Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамы
Айналымдылықтың жеделдетілуі қосымша қаржылық ресурстарсыз-ақ өнім өндіру көлемін арттырады. Бұдан басқа, пайда сомасы да артады. Егер өнімді өндіру мен сату шығынды болса, қаражаттар айналысының тездетілуі қаржылық нәтижелердің нашарлауын тудырады, яғни капиталды «жеп қояды» (жұтады).
Капитал – бұл пайда табу мақсатымен өз қызметін жүзеге асыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің қолында бар қаражаттары. Кәсіпорынның капиталы меншікті (ішкі) және тартылған (сыртқы) көздерден қалыптасады.
Қаржыландырудың негізгі көзі меншікті капитал болып табылады. Оның құрамына кіреді:
- жарғылық капитал;
- жинақталған капитал (резервті капитал, косылған капитал, жинақ қоры, бөлінбеген пайда);
- басқа да түсімдер (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналары және т.б.)
Жарғылық капитал деп жарғылық іс-әрекетті жүзеге асыруға арналған құрылтайшылардың салған ақша қаражаттарын түсінеміз. Мемлекеттік кәсіпорындарда жарғылық капитал деп мемлекет бекіткен, бірақ толық шаруашылық жүргізуге өкілеттілік берілген мүліктердің құнын айтамыз. Акционерлік кәсіпорындардағы жарғылық капитал – бұл акцияның барлық түрлерінің номиналды құны. Жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үшін жарғылық капитал болып меншік иелерінің үлесі сомалар, ал жалға алынған кәсіпорындар үшін - оның қызметкерлері салымдарының сомасы саналады. Құрылтайшы-лардың салымдары ақшалай, мүліктік және материалдық емес активтер түрінде де болуы мүмкін.
Сызба 3 – Тартылған капиталдың классификациясы
Қосылған капитал мүлікті қайта бағалау немесе акцияның нарықтық бағасынан артық бағада сатылуы нәтижесінде қалыптасады. Жинақтау қоры кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар және мүліктің бір бөлігін сату есебінен құрылады. Пайда есебінен жинақтау қоры, тұтыну қоры және резервті қоры құрылады. Мұнда бөлінбеген пайданың қалдығы болуы да мүмкін. Сонымен бірге қосымша акциялары шығарылады. Мақсатты бағытталған және арнайы қаржыландыру қаражаттары – бұл қайтарымсыз түрде алынған құндылықтар, қайтарылатын және қайтарылмайтын әлеуметтік соманы қаржыландыруға бағытталған бюджеттік ассигнациялар. Тартылған капитал – бұл банк несиелері, зайымдар, кредиторлық берешектер, лизинг, коммерциялық қағаздар және т.б. Тартылған капитал ұзақ (1 жылдан астам) және қысқа мерзімді (1 жылға дейін) болып бөлінеді.
Кәсіпорын капиталы негізгі құралдарды сатып алуға, өндірістік және өндірістік емес сипаттағы объектілерді салуға, шикізаттарды, отын, энергия, еңбекақы төлеуге, салықтарды төлеуге, несиелер бойынша пайыздарды жабуға, дивидендтерді төлеуге жұмсалады. Яғни капитал ұзақ мерзімді активтерге де, қысқа мерзімді активтерге де салынуы мүмкін. Ұзақ мерзімді активтер әдетте меншікті капитал мен банктердің ұзақ мерзімді несиелері және займдары есебінен қалыптасады. Қысқа мерзімді активтер меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржылық жағдайы капиталдың қалай орналастырылғандығына, қандай сфера мен қызметтерде пайдаланылатындығына тәуелді. Ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік баланс табылады.
Ұзақ мерзімді активтерге жатады: негізгі құралдар, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, аяқталмаған құрылыстар, жалға берушілермен есеп айырысулар және т.б.
Материалдық емес активтерге жататындар: патенттер, лицензиялар, тауар белгілерін пайдалану құқықтары, жерді пайдалануға, пайдалы қазбаларды, брокерлік орындарды пайдалану құқығы, бағдарламалық қамтамасыз етулер. Олардың материалдық-заттай негіздері болмайды.
Қысқа мерзімді активтер – бұлар өндірістің босалқылар аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар, есеп айырысулар, ақша қаражаттары және т.б.
Меншікті қаражаттардың қайнар көзі ретінде саналатындар: жарғылық қор, қорлар мен резервтер, бөлінбеген пайда, займдар.
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер – бұл банктердің, ұзақ мерзімді несиелері, облигациялар, зайымдар.
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер – бұл банктердің қысқа мерзімді несиелері, кредиторларға берешектер, еңбекақы бойынша берешектер, бюджеттің және бюджеттен тыс қорларға, әлеуметтік сақтандыру органдарының алдындағы берешектер.
Сызба 4 – Кәсіпорынның капиталын орналастыру
Капиталдың қалыптасу көздерінің құралы мен динамикасын талдау. Баланс пассивінде көрсетілетін мәліметтер мынаны анықтауға мүмкіндік береді:
- меншікті және тартылған капитал құрамында қандай өзгерістердің болғандығын;
- кәсіпорын айналымына қаншалықты ұзақ және қысқа мерзімді қарыздық қаражаттардың тартылғандығын.
Басқаша айтқанда, баланс пассиві қаражаттардың қайдан алыңғанын және сол үшін кәсіпорын кімге қарыз екендігін көрсетеді.
Меншіктілік дәрежесіне қарай капитал меншікті және тартылған болып бөлінеді. Пайдалану мерзіміне қарай тұрақты (перманентті) және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Кесте 7 - Капитал көздерінің құрылымы мен динамикасын талдау
Капитал көзі | Сомасы, млн. теңге | Капитал құрылымы, % | ||||
жыл басына | жыл соңына | өзгеруі | жыл басына | жыл соңына | өзгеруі | |
Меншікті капитал |
|
|
|
|
|
|
Тартылған капитал |
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
Қаржылардың жағдайын ішкі талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың құрылымы мен оның өзгеруінен себептерін анықтап, есепті кезең ішіндегі өзгерістеріне баға беру керек.
Кесте 8 - Меншікті капитал құрылымының динамикасы
Капитал көзі | Нақты ақша, млн. теңге | Ақша құрылымы, % | ||||
жыл басына | жыл соңына | өзгеруі | жыл басына | жыл соңына | өзгеруі | |
Жарғылық капитал |
|
|
|
|
|
|
Резервтік капитал |
|
|
|
|
|
|
Арнайы қорлар |
|
|
|
|
|
|
Бөлінбеген пайда |
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
Кестенің мәліметтері меншікті капиталдың көлемі мен құрылымындағы өзгерістерді көрсетеді.
Дәл сондай қалыппен тартылған қаражаттар құрылымы да талданады.
Кесте 9 - Тартылған капитал құрылымының динамикасы
Капитал көзі | Сомасы, млн. теңге | Капитал құрылымы, % | ||||
жыл басына | жыл соңына | жыл басына | жыл соңына | жыл басына | жыл соңына | |
Ұзақ мерзімді несиелер |
|
|
|
|
|
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
|
|
12- айдан кейін өтелетін несиелер |
|
|
|
|
|
|
Қысқа мерзімді несиелер |
|
|
|
|
|
|
Кредиторлық берешек: |
|
|
|
|
|
|
Жабдықтаушыларға |
|
|
|
|
|
|
Оның ішінде вексель бойынша |
|
|
|
|
|
|
Еңбекақы бойынша қызметкерлерге |
|
|
|
|
|
|
Әлеуметтік сақтандыру органдарына |
|
|
|
|
|
|
Бюджетке |
|
|
|
|
|
|
Басқа да кредиторларға |
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|