Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

- кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау;

- қиын  жағдайдан шыгудың оптималды жолдарын таңдау;

- инвестициялар пайдалылығын бағалау;

- кәсіпорын үшін ең қолайлы ассортименттік саясатты жүргізу.

Өндіріс және тауар сатудың сын көлемі, пайдалылық шегі  және қаржылық  төзімділіктің қоры  операционалдық талдаудың негізгі элементтері  болып саналады. Операционалдық талдау  өндірістік  (операционалдық) тетік (СВПР) түсінігімен тығыз байланысты.

 

       (46)

 

СВПР маржиналдық табыстың пайдадан қанша есе артқандығын көрсетеді. Өндірістік тетік жоғары болған сайын, кәсіпкерлік тәуекелділік де өсе береді. Тәжірибеде мынадай жағдайлар кездеседі:

1.      Маржиналдық табыс 0-ге тең. Бұл жағдайда сатудан түсетін түсім тек қана айнымалы шығындарды жабады, яғни кәсіпорын тұрақты шығындар мөлшерінде зиян көріп  жұмыс істейді.

2.      0 МД  тұрақты шығындар. Мұндай жағдай тауар сатудан түсетін түсім айнымалы шығындарды және тұрақты шығындардың белгілі бөлігін жабатын кезде туындайды.

3.      МД= тұрақты шығындар. Тауар сатудан түсетін түсім барлық шығындарды (айнымалы және тұрақты) толық жабатын кезде пайда 0-ге тең болады.

4.      МДтұрақты шығындар. Тауар сатудан түсетін түсім барлық шығындардан асқан жағдайда кәсіпорынның қызметі пайдалы болады.

Өндіріс тиімділігінің табалдырығы келесі формула арқылы табылады:

 

(47)

 

Маржиналдық табыстың коэффициенті өнім сатудан түсетін түсімнің үлес салмағын көрсетеді.

 

                   (48)

 

Бұл коэффициент пайыздық түрде немесе бірлік үлесінде көрсетіледі. Тұрақты шығындар деңгейі төмен кәсіпорындардың  қаржылық нәтижесі  өндіріс көлемі өзгеруіне көп тәуелді емес. Тұрақты шығындардың үлесі жоғары кәсіпорындар өндіріс және сату көлемдерінің төмендеуінен қауіптену  керек.

Қазіргі таңда кәсіпорындар үшін пайданың өсуі  емес, оның қажетті параметрлерде қалуы маңыздырақ.  Бұл салық төлемдер шамасының және  өндірістік пен әлеуметтік төлемдер оптималды арақатысы арасын қамту үшін қажет. Сезімталдықты талдау негізінде өндіріс көлемі жатыр.

1.     Тұрақты шығындар (СР) өзгерген кезде физикалық түрдегі  өндіріс көлемі (Q1) мынадай формуламен анықталады:

 

   (49)

 

МД  - қысқа мерзімді кезеңде маржиналдық табыс

К0мд – базистік кезеңде маржиналдық табыстың коэффициенті

Ц0 – базистік кезеңде өнім бірлігінің бағасы

2.     Айнымалы шығындар (ПР) өзгерген кезде физикалық түрдегі  өндіріс көлемі (Q2) келесі формула арқылы есептеледі:

 

      (50)

 

3.     Баға өзгерген кезде (Ц)  физикалық түрдегі өндіріс көлемі (Q3) мынадай формуламен табылады:

 

                  (51)

 

МД0 – базалық және жаңа маржиналдық табыс

К0мд и Кмд – маржиналдық табыстың базалық және жаңа коэффициенттері, бірлік үлесі

Ц0 и Ц1 –  өнім бірлігінің базалық және жаңа бағасы

Маржиналдық талдаудың негізгі мүмкіндіктері мынада тұрады:

- тұрақты және айнымалы шығындар мен бағаның ара қатысы берілген жағдайда зиянсыз сату көлемін (рентабельділік шегі, шығындардың өтелімділігі) анықтау;

- кәсіпорынның қауіпсіздік (зиянсыз) зонасын анықтау;

- пайданың берілген шамасын алу үшін сатудың қажетті көлемін есептеу;

- маржиналдық табыстың деңгейі берілгенде тұрақты шығындардың ең жоғары деңгейін анықтау;

- тұрақты және айнымалы шығындардың деңгейі мен сату көлемі берілген кезде сатудың көтерінкі бағасын табу.

Маржиналдық табыстың көмегімен басқа да басқару шешімдері қабылданады:

- өндірістік құаттың өзгеруінің варианттарын таңдау;

- өнім ассортиментін таңдау;

- жаңа өнімге бағаны анықтау;

- жабдықтардың варианттарын таңдау;

- өндіріс технологиясын таңдау;

- толықтырма өнімдерді (комплектующие изделия) сатып алудың варианттарын анықтау;

- қосымша заказ алудың тиімділігін бағалау.

Маржиналдық талдаудың негізгі кезеңдері:

1.      Талдау өткізуге қажетті бастапқы ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу

2.      Өнімді өндіру мен сатуға жұмсалатын тұрақты және айнымалы шығындардың сомасын анықтау

3.      Зерттелетін көрсеткіштердің шамасын есептеу

4.      Зерттелетін көрсеткіштердің деңгейін салыстырмалы талдау

5.      Зерттелетін көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруін факторлық талдау

6.      Өзгеріп тұратын ортада олардың шамасын болжамдау

Маржиналдық талдау әдістемесі бойынша есептерді жүргізу үшін бір қатар шарттар орындалу  керек:

- шығындардың екі бөлімге – тұрақты және айнымалы – бөлінудің қажеттілігі;

- айнымалы шығындар өнім өндірудің (сатудың) көлеміне пропорционал түрде өзгереді;

- тұрақты шығындар өнім өндірудің (сатудың) маңызды көлемі шамасында өзгермейді;

- өнім өндірудің  және сатудың тепе-теңдігі, яғни дайын өнімнің қорлары қалдығы,   елеулі өзгермейді;

- өндірістің тиімділігі, өнім бағасының деңгейі және пайдаланатын өндірістік қорлар зерттелетін кезеңде елеулі құлдырауға ұшырамайды;

- сатылатын өнім көлемінің сатудан түсетін түсімге пропорционалдығы.

 

Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Пайданың экономикалық мәнін қалай сипаттауға болады?

2.       Пайда мен залал туралы есеп берудің мақсаты және құрылымын түсіндіріңіз.

3.       Таза табыс  (залал) факторларын бағалау мен қалыптастырудың жалпы моделін жазыңыз.

4.       Жалпы пайдаға қандай факторлар әсер етеді?

5.       Кезеңдік шығыстардың құрамына сипаттама беріңіз.
6.       Маржиналдық табыстың түсінігін беріңіз және оның негізінде маржиналдық талдаудың маңыздылығын көрсетіңіз. 
 

12-тақырып. Рентабельділік көрсеткіштерін талдау

 

 

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштерімен көрінеді. Экономикалық тиімділіктің көрсеткіші жалпы түрде келесі формуламен анықталады:

 

    (66)

 

«Экономикалық тиімділік» көрсеткіші ретінде бухгалтерлік (жалпы) пайда, өнім сатудан алынатын пайда және таза пайда (салық салынғаннан кейін) алынады. «Қорлар немесе шығындар» ретінде қорлар (инвестициялар), мүлік (активтер), сатылатын тауарлардың өзіндік құны.

              Тәжірибеде қаржылық және экономикалық рентабельділік көрсеткіштерді  ажыратады. Экономикалық рентабельділік – бұл бизнес-жоспардың инновациялық немесе инвестициялық жобада көрсетілетін болжамдау пайда шамасынан есептелінетін параметр. Қаржылық рентабельділік  кәсіпорынның қаржылық (бухгалтерлік) есептемесіне еңгізіліп нақты пайда негізінде анықталады. Рентабельділік талдаудың маңызды аспекті сату көлемнің табыстылығын бағалауда және оған әсерін тигізетін факторларды (өнімнің бағасы және өзіндік құны)  есептеуде тұрады.  Өнімнің өзіндік құн және бағаның өзгерудің  әсерін есептеу  тізбекті  ауыстыру әдіспен анықталады.

1.      Сатудан түсетін түсімнің (ВР) өсуіне байланысты сатудың рентабельділігін өзгеруін есептеу:

 

    (67)

 

ВР0 и ВР1 – базистік және ағымдық кезеңде өнімді сатудан түсетін түсімдер

С0 –  базистік кезеңде сатылған өнімнің өзіндік құны

2.      Сатылған өнімнің өзіндік құнның (ΔDC) өсуіне байланысты сатудың рентабельділігін өзгеруін есептеу:

 

   (68)

 

С0 и С1 –  базистік және ағымдық кезеңде сатылған өнімнің өзіндік құны

3.      Екі фактордың жалпы әсерін  оларды қосындылау арқылы анықтайды.

Талдаудың басқа маңызды аспекті активтердің айналымдылығы мен сатудың рентабельділік көрсеткіштері  арасындағы  өзара байланыстарын зерттеуде тұрады.

 

    (69)

 

Ра –  активтер рентабельділігі, %

БП -  бухгалтерлік пайда      

   – есеп айыратын кездегі  активтердің орташа құны

ВР –  өнім сатудан түсетін түсімдер (сату көлемі)

1.      Активтер рентабельділігінің өзгеруін олардың айналымдылығының тездетілулігіне         байланысты келесі формуламен анықтайды:

 

   (70)

 

Ра (Оа) – активтер айналымдылығының  тездетілулігіне байланысты олардың рентабельділігінің өзгеруі

Оа1 и Оа0 –  базистік және қысқа мерзімді кезеңдерде активтердің айналымдылығы

Рn1 –   қысқа мерзімді кезеңде сатудың рентабельділігі, %

2.      Сату табыстылығының тербелуіне байланысты активтер рентабельділігінің өзгеруі:

 

    (71)

 

Ра (Рп) –  Сату табыстылығының тербелуіне байланысты активтер рентабельділігінің өзгеруі

Ра1 и Ра0 –  базистік және қысқа мерзімді кезеңдерде сатудың рентабельділігі, %

3.      Екі фактордың жалпы әсерін  оларды қосындылау арқылы анықтайды.

Арнайы есептердің негізінде инвестициялар және өндіріс рентабельділіктің өзгеруіне кейбір факторлардың әсері анықталады.

              Инвестиция айналымдылығымен олардың рентабельділік мөлшері арасында өзара байланыстарын келесі түрде көрсетуге болады:

 

 

Ри –  инвестиция рентабельділігі, %

БП – бухгалтерлік пайда (салық салынғанға дейінгі пайда)

ОП – сатудың көлемі

И – бухгалтерлік баланс бойынша инвестициялар сомасы (меншікті капитал + ұзақ мерзімді несиелер және займдар)

Тәжірибеде инвестициялар рентабельділігін 2 әдіс бойынша көтеруге болады:

- сату көлемінің 1 теңгесіне келетін  пайда мөлшерін жоғарылату;

- инвестициялар айналымдылығын тездету.

Инвестициялар айналымдылығын келесі факторлар арқылы тездетуге болады:

- инвестициялардың  бұрынғы мөлшерінде  сату көлемін жоғарылату;

- сатудың жеткен деңгейіндегі қалпын ұстауға қажетті инвестициялардың көлемін төмендету.

 

Кесте  6 - Рентабельділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіш

Есептеу тәсілі

Анықтамасы

1. Өнім сатудың рентабельділігі

1.1. Өнім сатудың рентабельділігі

(Р рп)

Пр – тауар сатудан алынған пайда

Срп – тауар сатудың толық өзіндік құны

1 тенге толық шығындар-ға  келетін өнім сатудан алынатын  пайданың қанша  болатындығын  көрсетеді

1.2. Өнім рентабельділігі

(Р онім)

П – шығындар калькуляциясы бойынша бір өнімге (немесе өнім тобына) келетін пайда

С –  шығындар калькуляциясы бойынша өнімнің өзіндік құны

Бір өнімнің (немесе өнім тобының) 1 тенге шығындарына келетін  пайданы көрсетеді

 

 

2. Өндіріс рентабельділігі (Рп)

БП – баланстық пайда (салық салынғанға дейін жалпы пайда)

–  есеп айыратын кезеңдегі негізгі қорлардың орташа құны

–  есеп айыратын кезеңдегі мате-риал-өндірістік қорлардың орташа құны

Кәсіпорын өндірістік қорларының  (материалдық активтердің) бір тенгесіне келетін пайда көлемін көрсетеді

 

 

3. Активтер (муліктер) рентабельділігі

3.1. Жинақ активтердің рентабельділігі (Ра)

 

БП – бухгалтерлік пайда

–  есеп айыратын кезеңдегі жинақ активтердің орташа құны

Жинақ активтердің бір теңгесіне келетін пайда көлемін көрсетеді

 

 

3.2. Айналымнан тыс активтердің рентабельділігі (Рвоа)

– есеп айыратын кезеңдегі айналымнан тыс активтердің орташа құны

Айналымнан тыс активтердің 1 теңгесіне келетін  бухгалтерлік пайданың көлемін көрсетеді

3.3. Айналым активтердің рентабельділігі (Роа)

– есеп айыратын кезеңдегі айналым активтердің орташа құны

Айналым активтерінің 1 теңгесіне келетін  бухгалтерлік пайданың көлемін көрсетеді

3.4. Таза айланым капиталдың рентабельділігі

(Р чок)

– есеп айыратын кезеңдегі таза айналым капиталдың орташа құны

ЧОК –  айналым активтерден қысқа мерзімді міндеттемелерді алу

Таза айналым капиталының 1 теңгесіне келетін бухгалтерлік пайданың көлемін сипаттайды

4. Меншікті капиталдың рентабельділігі (Рск)

– есеп айыратын кезеңдегі меншікті капиталдың орташа құны

Меншікті капиталдың 1 теңгесіне келетін таза пайданың көлемін көрсетеді

5. Инвестициялар рентабельділігі (Ри)

– есеп айыратын кезеңдегі инвестициялардың орташа құны

Инвестициялар = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер

Инвестициялардың, яғни авансталған капиталдың, 1 теңгесіне келетін таза пайданың көлемін сипаттайды

 

6. Сатудың рентабельділігі (Р сату)

БП – бухгалтерлік пайда

ОП – сатудың көлемі

Сату көлемінің 1 теңгесіне бухгалтерлік пайданың  қанша келетінін  сипаттайды

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"