Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций
Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның айналымына капиталды сырттан тарту қалыпты құбылыс. Ол кәсіпорын қаржылық жағдайын уақытша жақсартуға мүмкіндік береді. Бірақ, қарыздық міндеттемелер уақытылы қайтарылуы керек. Әйтпесе уақыты өтіп кеткен берешектер бойынша айыппұл төленіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайы киындайды. Сондықтан, талдау кезінде кредиторлық берешектердің құрамын, алыну ұзақтығын, мерзімі өткен берешектердің пайда болу себептерін зерттеу қажет.
Кредиторлық берешектердің кәсіпорын айналымындағы орташа пайдаланылу ұзақтығы келесідей есептеледі:
Кредиторлық берешектердің сапасы үлес салмақпен де анықталады. Вексельмен қамтамасыз етілген кредиторлық берешектердің үлесі қарыздық міндеттемелердің ұақытысы төленбеуінен вексельден тыс тартуға әкелетін бөлігін көрсетеді. Бұл қосымша шығындар жұмсауды талап етеді, әрі кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.
Берілген вексель бойынша қарыздардың ұзақтығы (Пв.д.) және айналымдылық коэффициенті (К об.в) келесідей анықталады:
(76)
Вексельдік қарыздың ұзақтылығын төлемдердің орташа мерзімдерімен салыстырылады. Соның негізінде вексель бойынша төлемдердің кешігу себептерін, сондай-ақ төленген санкциялардың сомасын анықтайды.
Сызба 5 – Баланс пассивінің құрылымы
Ұзақ мерзімді капиталды талдау кезінде негізінен ұзақ мерзімді несиелерді талап ету мерзіміне көңіл бөледі, себебі кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығы соған тікелей байланысты. Кредиторлық берешектерді талдай отырып, оның дебиторлық берешектерді жабудың қайнар көзі екендігін есепке алу керек. Сол себепті кредиторлық және дебиторлық берешектердің сомаларын салыстырып отыру керек. Егер дебиторлық берешек кредиторлық берешектен асатын болса, бұл меншікті капиталдың дебиторлық берешекке иммобилизациялануын, яғни шоғырлануын куәландырады. Егер кредиторлық берешектер сомасынан 2 есе асатын болса, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақсыз деп саналады.
Меншікті және тартылған қаражаттардың құрылымын талдау кәсіпорын қызметін қаржыландыру көздерінің және нарықтық тұрақтылығын бағалау үшін маңызды. Сондай-ақ, сыртқы тұтынушылар үшін (банктер, басқа да ресурстармен жабдықтаушылар) қаржылық тәуекелді зерттеуде, ал кәсіпорын үшін қаржылық стратегияны дайындауда аса қажет.
Капитал айналымдылығын талдау. Капиталды пайдалану тиімділігі оның рентабельділігімен, яғни пайда сомасының негізгі және айналым капиталының орташа жылдық сомасына қатынасымен сипатталады. Капиталды пайдалану ырғақтылығын сипаттау үшін оның айналымдылық коэффициенті пайдаланылады. Капиталдың айналымдылық коэффициенті сатудан түскен түсімнің капиталдың орташа жылдық құнына қатынасымен есептеледі. Бұған кері шама болып капитал сыйымдылығы табылады. Ол капиталдың орташа жылдық сомасының сатудан түскен түсімге қатынасы арқылы анықталады.
Капитал айналымдылығының жылдамдығы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- айналымдылық коэффициенті (К об);
- бір айналым ұзақтығы (П об).
Капитал айналымдылығының коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
(77)
Капитал сыйымдылығы мына формуламен есептеледі:
(78)
Капитал айналымының ұзақтығы мынадай формуламен анықталады:
(79)
мұнда Д – күнтізбелік күндер саны (жыл – 360, тоқсан – 90, ай – 30 күн)
Капиталдың орташа қалдығы және оның құрамдас бөлімдері орташа хронология бойынша есептеледі: кезең басындағы соманың ½ + әр айдың басына қалатын қалдық + кезең соңына қалған қалдық сомасының ½ ; алынған нәтиже есептік кезеңдегі айлар санына бөлінеді.
Барлық капиталдың айналымдылығын есептеген кезде айналым саласына сатудың барлық түрінен түскен түсімдердің барлығы кіруі керек. Бір жағынан, капитал айналымдылығы негізгі және айналым қажеттілігінің айналым жылдамдығына тәуелді, яғни негізгі капитал неғұрлым көп үлеске ие болса, соғұрлым айналым коэффициенті төмен болып, жылдық капиталдың ұзақтығы арта береді.
(80)
(81)
мұнда Коб с.к – жиынтық капиталдың айналымдылық коэффициенті;
УД т.а – активтердің жалпы сомасындағы қысқа мерзімді активтердің (айналым капиталдың) үлес салмағы;
Коб т.а – қысқа мерзімді активтердің айналымдылық коэффициенті;
Поб с.к – жиынтық капиталдың айналым ұзақтығы;
Поб т.а – қысқа мерзімді активтердің айналым ұзақтығы.
Айналым капиталының айналымдылығының әр сатысында зерттеу айналымның қай сатысында жеделдеу немесе тежелудің орын алғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін қысқа мерзімді активтердің кейбір түрлерінің орташа қалдығын есепті кезеңдегі қүндер санына көбейту керек, шыққан нәтижені сатудан түскен сомаға бөлу керек.
Капиталдың кейбір актив түрлеріндегі болу ұзақтығын анықтауды басқа да әдіспен жүзеге асыруға болады: айналым капиталы айналымдылығының жалпы ұзақтығын қысқа мерзімді активтердің орташа жылдық сомасындағы активтердің жеке түрлеріндегі үлес салмағына көбейту арқылы.
Барлық қысқа мерзімді активтер мен олардың жеке түрлерінің айналым ұзақтығы (Поб) түсім сомасы (В) мен айналым қаражаттарының орташа қалдықтары (О ст) есебінен өзгеруі мүмкін. Аталған факторлардың әсерін есептеу үшін тізбектік қойылым әдісі пайдаланылады:
(82)
мұнда t – 360 күн
(83)
(84)
Бұдан айналым капиталының айналым ұзақтығының өзгерістері былайша есептеледі:
- айналым капиталының айналым сомасы
(85)
- айналым капиталының орташа қалдығы
(86)
оның ішінде орташа қалдықтардың өзгерісі:
- өндірістік қорлардың
- аяқталмаған өндіріс
- дайын өнімнің
- дебиторлық берешектердің
- нақты ақшаның
Формулаларда тек қана бірінші құрамның өзгеретінін ғана ескеру керек; кезең ішіндегі күндер 360 деп алынады; өнімді сатудан түскен түсім өткен жылдан алынады.
Капитал айналымдылығының өсуі нәтижесінде болатын экономикалық тиімділік айналымнан алынатын салыстырмалы түрде босатылатын, сондай-ақ пайда мен түсім сомасының артуы түрінде көрініс табады. Босатылатын қаражаттар сомасы сату бойынша біркүндік айналым сомасына айналым ұзақтығының өзгерісін көбейту арқылы анықталады:
(87)
Капитал айналымдылығын жеделдетудің негізгі жолдары:
- өндірістің ырғақтылығын арттыру есебінен өндірістік цикл ұзақтығын қысқарту;
- материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыруды жақсарту;
- өнімді жөнелту және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу процесін жеделдету;
- қаражаттардың дебиторлық берешектерде болатын уақытын қысқарту;
- маркетингтік зерттеу дейгейін арттыру.
Меншікті капиталдың табыстылығын талдау. Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі көрсеткіштерінің пирамидасын аяқтайды. Меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) мен жиынтық капиталдың рентабельділігі (ROA) өзара тығыз байланысты:
(88)
немесе
мұнда МК – капитал мультипликаторы (қаржылық тұтқа)
Осы өзара байланыс қаржылық тәуекел мен меншікті капитал табыстылығының арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Жиынтық капитал пайдалылығы төмендеген сайын кәсіпорын қаржылық тәуекелділік дәрежесін арттыруы қажет, сөйтіп меншікті капитал табыстылығының қалаулы деңгейіне қол жеткізеді. Мысалы, ROA болжамды мөлшері 20% құрайтын кәсіпорынға меншікті капиталдың әр теңгесіне жиынтық капиталдың 1,5 теңгесіне қажет болады. Ол ROE деңгейін 30% жеткізу үшін қажет. Егер ROA 10% деп меншікті капиталдың әр теңгесіне жиынтық активтердің 3 теңгесі қажет болады.
ROE факторлық үлгісін кеңейту үшін ROA көрсеткішін құрамдас бөлшектерге бөлу керек:
ROE=Rpn*Коб*МК (89)
Сату рентабельділігі (Rpn) кәсіпорынның шығындарын басқару мен баға саясатын жүргізу тиімділігін сипаттайды. Капитал айналымдылығының коэффициенті (Коб) – оның пайдаланылу ырғақтылығы мен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бейнелейді. Капитал мультипликаторы (МК) - қаржыландыру саласындағы саясатты көрсетеді. Оның дейгейі жоғары болған сайын, кәсіпорынның банкротқа ұшырау қаупі де жоғары болады, сонымен қоса қаржылық тұтқаның оңтайлы әсері кезіндегі меншікті (акционерлік) капиталдың табыстылығы да соғұрлым жоғары болады.
Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есептілік. Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп ұйымдардың меншікті капиталының жағдайы мен қозғалысын, жарияланған жарғылық капитал, төленбеген және қосымша төленген капитал өзгерісін, сондай-ақ резервтік капитал мен бөлінбеген табыстың (зиян) қалыптасуы жөніндегі қаржылык, қортынды есеп құрамы және оның элементтерін тану көрсеткіштерден тұрады. Капиталдың әр түрінің (жоғарыды аталған) немесе резервтер қозғалысы төмендегі баланстық теңдік принципіне қарай былайша өрнектеледі:
БҚ + К - К = СҚ
Мұндағы:
К - капиталдың көбеюі (есепті жылғы түскен);
К - капиталдың азаюы (есепті жылы жұмсалған);
СҚ - есепті кезеңнің соңына қалған капиталдың әр түрінің, резервтер және қорлардың соңғы қалдығы.
Капитал қаражатының қалдығы бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сай анықталады. Меншікті капиталдың өзгеріске түсуі және бұлардың жекелеген түрлерінің көбеюі мен азаюы жөніндегі мәліметтердің жіктелуі қаржылық қортынды есеп жасау жөніндегі әдіснамалық ұсыныста берілген.
Әдіснамалық ұсынысқа сай және жоғарыда келтірілген теңдікке қарағанда капиталдың көбеюі (Кк көрсеткіші) жарияланған жарғылық капитал, мөлшері тиісті заң арқылы белгіленген резервтік капитал негізгі құралдарды қайта бағалау, инвестициялар және бөлінбеген табыс (зиян) есебінен көрсетіледі. Өз кезегінде капиталдың азаюы (Ка көрсеткіші) есепті жылдағы төленбеген капитал және шеккен зиян есебінен жеке қаралып көрсетіледі. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп ережелеріне сай капитал сомасының азаюына акциялар санының төмендеуіне байланысты сомалар, акциялардың номиналды құнының төмендеуі және осыларға байланысты шығындар сомасының азаюы жеке қаралып, капитал көлемінің азаюына тікелей әсер етеді.
Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп ұйымның өз меншігіндегі активтердің жағдайын сипаттайды.
Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оны пайдаланушыларға беру, бұлардың классификациялык топқа бөлініуі, арнайы құжаттарға жасалынған сілтеме, т.б. меншікті капитал есебіне байланысты фактілердің белгілі мақсаты болады. Меншікті капитал есебін тиянақты жүргізу мақсаттарының негізгілеріне мыналар жатады:
1) ұйымға салынған капиталдың негізгі көздерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтап, бұларды арнайы классификациялық топтарға топтастыру;
2) акционерлердің дивидент алудағы құқын және акционерлердің басымдылығын анықтау, сондай-ақ ұйым түгелімен және бөлшектеліп жойылатын жағдайда акционерлердің өз үлесін алу құқын анықтау;
3) белгілі бір себептермен капиталдың бөлінуі және резервтік капитал кұруға байланысты қабылданған заң актілерін негізге алу;
4) есепті жылдың бөлінбеген табысын бөлу тәртібіне байланысты үлес қосушылармен жасалынған келісім-шарт заң актілеріне, әкімшілік және қаржылық жағдайларға сай қойылған шектеулерді анықтау;
5) құнды қағаздарға акционерлік және басқа да келісім-шарттарға, акционерлер құрамына т.б. жағдайларға байланысты кепілдік факторларын анықтау.
Қаржылық қортынды есеп құрамы және мұның жекелеген элементтерін тануға байланысты мәселелерді қарастыра отырып, біздер қорытынды есеп жасаудың кез-келген қолданбалы әдістері сабақтастық байланыстылықты қамтамасыз ететін көптеген қосымша көрсеткіштерге, мысалға, сатуға, қаржы нәтижесіне, бухгалтерлік балансқа байланысты қалыптасатындығын зерделеп отыруымыз керек. Негізгі қорытынды есеп үлгісіне тән қосымша ақпараттарды қолдану (ескертпелер, қосымшалар, жіктеулер т.б.) халықаралық стандарттар талабына қайшы келмеуі керек.
Субъект тікелей есептің өзінде мыналарды көрсете отырып, капиталдағы өзгерістер туралы ұсынуға тиіс:
1) кезеңдегі пайда немесе залал;
2) Қазақстан ұлттық стандартының талаптарына сәйкес тікелей капиталдың құрамында танылатын кезеңдегі кіріс пен шығыстың әрбір бабын және мұндай баптардың жиынтық сомасын;
3) кезеңдегі кірістер мен шығыстардың жалпы сомасы (басты ұйымның үлестік құралдарының иелеріне және азшылықтың үлесіне жататын жалпы сомаларды жеке көрсетіп, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын сомалау жолымен есептелген);