Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

4) капиталдың әрбір құрамдас бөлігі бойынша есеп саясатындағы өзгерістердің және Қазақстан ұлттық стандартының тиісті бөліміне сәйкес танылған қателерді түзетудің әсері.

Субъект сол сияқты капиталдағы өзгерістер туралы есептің немесе өзінде немесе ескертпелерде мынадай ақпаратты беруге тиіс:

1) капиталдың иелері жүргізген сомалар және дивидендтердің және акцияларды шығарудан алынған сомаларға бөліп, оларға өзге де бөлулердің сомалар, сатып алынған акциялармен жасалатын операциялар бойынша сомалар мен үлестік құралдарды ұстаушыларға өзге де бөлулер бойынша сомалар;

2) есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы бөлінбеген пайданың сальдосы (яғни жинақталған пайда немесе залал), сондай-ақ кезеңнің ішіндегі өзгерістер;

3) енгізілген капиталдың әрбір сыныбының және әрбір өзгерісті жеке ашып, кезеңнің басындағы және аяғындағы капиталдың құрамында тікелей танылатын кірістер мен шығыстардың әрбір бабының баланстық құны арасындағы салыстырма.

 


Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Капитал шеңбері қандай сатылардан өтеді?

2.       Капитал дегеніміз не?

3.       Меншікті капиталдың құрамына не кіреді?

4.       Жарғылық капитал деген не?

5.       Тартылған капитал деген не? Оның жіктелуін беріңіз.

6.       Кәсіпорынның капиталы қалай орналастырады?

7.       Баланс пассивінің құрылымын сипаттаңыз

8.       Кредиторлық берешектің орташа ұзақтығы қалай есептелінеді?

9.       Капитал айналымдылық коэффициенті және капитал сыйымдылығы қалай есептелінеді?

10.   Меншікті капиталдың рентабельділігі деген не?

11.   Меншікті және жиынтық капиталдың қандай өзара байланысы бар?

12.   Капиталдың құрамы, құрылымы мен қозғалысын талдау үшін қандай көрсеткіштер есептеледі?

13.   Дюпон моделіне сипаттама беріңіз.


15-тақырып. Ұйымның іскерлік және нарықтық белсенділігін талдау

 

 

Іскерлік белсенділік коэффициентіне келесілер жатады:

- кәсіпорынның барлық капиталының айналымдылық жылдамдығын бейнелейтін жалпы айналымдылық коэффициенті;

- барлық жұмылдырылған (материалды және материалды емес) қаражаттардың айналым жылдамдығын көрсететін айналым капиталының айналымдылық коэффициенті;

- материалдың айналым қорларының айналымдылық коэффициенті;

- дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

- коммерциялық несиенің кеңеюін немесе төмендеуін көрсететін дебиторлық берешек айналымдылық коэффициенті;

- кредиторлық берешектердің айналымдылығы коэффициенті;

- тұрақты активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі құралдарының айналымдылық коэффициенті;

- меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті.

Егер қаржылық көрсеткіштердің есептеуде көрсеткіштер салыстырылатын болса, онда олардың арасында белгілі бір айналыс болады.  Мұнда қаражаттардың рентабельділігі пайда көрсеткіші негізінде есептеледі.

 

    (90)

 

мұнда Рс (ист) – қаражаттар мен олардың көздерінің рентабельділіг;

         Р сату  – сату рентабельділігі;

Ос (көз) –  қаражаттар мен олардың көздерінің айналымдылығы.

Бұл формула кәсіпорын қаражаттары пайдалылығының баға және шығындар факторларымен, кәсіпорынның іскерлік белсенділігімен байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл формула қаражаттардың рентабельділігін арттыру жолдарында көрсетеді. Сатудың төмен пайдалылықты жағдайында капитал айналымын және оның элементтерінің айналымын жеделдетуге тырысу керек. Кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі тек өндірістік шығындарды төмендету немесе өнім бағасын көтеру арқылы сату рентабельділігін арттыру жолымен ғана жақсарады.

Сонымен бірге, іскерлік белсенділіктің белгілері кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігімен сәйкес келмейді. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің маңызды сандық және сапалық белгілері төмендегілер болып табылады:

- өнімді сату нарығының кеңдігі;

- кәсіпорынның іскерлік беделі;

- кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі;

- шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша жоспардың орындалу дәрежесі;

- өсім қарқанының қамтамасыз етілуі;

- экономикалық өсімнің тұрақтылығы.

Іскерлік белсенділіктің сандық көрсеткіштері абсолютті және қатысты көрсеткіштермен сипатталады. Шаруашылық қызметтің абсолютті көрсеткіштері:

- өнімді өткізу көлемі;

- пайда;

- кәсіпорын активтерінің мөлшері.

Негізгі көрсеткіштердің қарқынын бағалау кезінде олардың өзгерісінің қарқыны салыстырылады. Ең оңтайлы өзара қатынас болып саналатыны:

 

  (91)

 

мұнда  Тп – пайда өсімінің қарқыны, %; Тв – сатудан түскен түсімнің өсім қарқыны, %;

Та – активтердің өсім қарқаны, %.

Бұл қатынас пайданың сату көлеміне қарағанда жоғары қарқынмен өсуін білдіреді, яғни өндіріс және айналыс шығындарының азайғанын көрсетеді. Сондай-ақ, сату көлемі активтер өсімінен жоғарырақ қарқынмен өсіп, кәсіпорын ресурстарының тиімді пайдаланылуын білдіреді. Сонымен қатар, кәсіпорынның экономикалық потенциал өткен кезеңмен салыстырғанда өсетінін куәландырады.

Әлемдік тәжірибеде аталған қатынас «кәсіпорын экономикасының алтын қағидасы» атауына ие болды. Бірақ, егер ережеден ауытқуға болады, бірақ оны теріс ауытқуы деп түсінбеу керек. Мұндай ауытқулардың себептеріне жаңа өнімді, технологияны игеру, кәсіпорынды қайта құру және жаңаландыру үшін капитал тарту жатады. Басқаша айтқанда, шығарылатын өнімнің де өндірістік циклдарын міндетті түрде есепке алу керек.

Іскерлік белсенділіктің салыстармалы көрсеткіштері кәсіпорын ресурстарының тиімді пайдаланылуын сипаттайды. Оларды айналымдылық көрсеткіштері – қаржылық коэффициенттер жүйесі ретінде көрсетуге болады.

 

Кесте 10 - Іскерлік белсенділік коэффициенттері

 

Р/н

Есептеу формуласы

Шартты белгіленуі

Түсініктеме

1.

Активтердің айналымдылық көрсеткіштері

1.1.

КОА- активтер айналымдылық коэффициенті;

ВР – өнімді өткізуден түскен түсім; - есепті кзеңдегі активтердің орташа құны (тоқсан, жыл)

Кәсіпорынның барлық авансталған капиталының айналыс жылдамдығын көрсетеді, яғни талданатын кезеңдегі жасалатын айналым саны

1.2.

ПА- 1 айналым ұзақтығы, қүндер; Д – есепті кезеңдегі қүндер саны (тоқсан – 90, жарты жыл – 180, жыл - 365)

Барлық авансталған капиталдың 1 айналым ұзақтығын сипаттайды

 

1.3.

КОАВОА- айналымнан тыс активтер-дің коэффициенті; - есепті кезең ішіндегі орташа құны

Кәсіпорын мобильды емес активтерінің есепті кезең ішіндегі айналым жылдам-дығын көрсетеді

1.4.

ПВОА- айналымнан тыс активтердің  айналым ұзақтығы, күндер

Мобильды емес активтер-дің 1 айналым ұзақтығын сипаттайды

1.5.

КООА- айналым активтерінің айналымдылық коэффициенті;

- есепті кезеңдегі айналым активтерінің орташа құны

Талданатын кезең ішінде молбильды активтердің айналым жылдамдығын көрсетеді

1.6.

ПОА- айналым активтерінің 1 айналым ұзақтығы, күн;

КООА- айналым активтерінің айналымдылық коэффициенті

Өндірістік цикл ұзақтығын немесе есепті кезең ішінде-гі мобильды активтердің айналым ұзақтығын бейнелейді

1.7.

КОз- босалқылардың айналымды-лық коэффициенті; СРТ – тауар өткізудің өзіндік құны; - есепті кезеңдегі босалқылардың орташа құны

Босалқылардың айналым жылдамдығын көрсетеді (шикізат, материал, аяқтал-маған өндіріс, дайын өнім)

1.8.

Пз- босалқылардың 1 айналым ұзақтығы, қүн;

КОз- босалқылардың айналымдылық коэффициенті

Босалқылардың материал-ды формадан ақшалай фор-маға ауысу жылдамдығын көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі оңтайлы тенденция

1.9.

КОдз- дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті;

- есепті кезеңдегі дебиторлық берешектің орташа құны

 

Дебиторлық берешектің кезең ішіндегі жасаған айналым санын көрсетеді. Айналымдылық жеделде-ген сайын көрсеткіштің мәні төмендеп, кредитор-лармен есеп айырысудың жақсарғанын көрсетеді

1.10.

Пдз- дебиторлық берешектің  айналым ұзақтығы, қүн

 

Дебиторлық берешектің 1 айналым ұзақтығын сипат-тайды. Көрсеткіштің төмендеуі – оңтайлы тенденция

2.

Меншікті капитал айналымдылығының көрсеткіштері

2.1.

КОск- меншікті капитал айналым коэффициенті;

- есепті кезеңдегі меншікті капиталдың орташа құны

 

Меншікті капиталдың белсенділігін көрсетеді. Оның өсуі капиталды пайдалану тиімділігінің артқанын білдіреді

2.2.

Пск- меншікті капитал 1 айналым ұзақтығы, қүндер

Меншікті капитал айналы-мының жылдамдығын көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі кәсіпорын үшін қолайлы

3.

Кредиторлық берешектің айналымдылық көрсеткіштері

3.1.

КОкз- кредиторлық берешек айналымдылығының коэффициенті;

- кредиторлық берешектің есепті кезеңдегі орташа қалдығы

 

Кәсіпорын берешегінің айна-лым жылдамдығын көрсете-ді. Жеделдеуі кәсіпорын өтімділігіне теріс етеді, егер болса, онда кәсіп-орын бос ақша қаражаттары-ның қалдығы болуы мүмкін

3.2.

Пкз- кредиторлық берешектің 1 айналым ұзақтығы, қүн

Кәсіпорын өзінің қысқа мер-зімді берешектерін жаба ала-тын уақыт мерзімін сипаттай-ды. Айналымдылықтың тө-мендеуі, яғни мерзімнің ұза-руы кәсіпорынның қызметін-дегі қолайлы жағдайларды көрсетеді

 

Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтьің негізгі көрсеткіштер:

1) бір акцияға түскен табыс (пайда);

2) акцияның құндылығы;

3) бір акцияның баланстық құны;

4) акцияны котировкалау - бағалау коэффициенті;

5) бір акцияның табыстылығы;

6) дивидендтерді төлеу коэффициенті (төленген дивиденттер үлесі, дивидендтік шығу);

7) тұрақты өсу коэффициенті;

8) капиталдандыру коэффициенті.

Бұл көрсеткіштерді талдау қор биржасында тіркелген және сонда өздерінің құнды қағаздарын бағалайтын компанияларда орындалады. Талдау тікелей қаржы есебі бойынша ғана орындала салмайды, оған қосымша ақпарат керек. Біздің елімізде құнды қағаздар бойынша терминология әлі қалыптасып болмағандықтан, келтірілген көрсеткіштер атауы шартты болып табылады.

Акцияға түскен табыс. Инвестор акцияны сатып алғанда, әрқашан дивиденд түрінде алатын болашақ табысты бағдарға алады. Өйткені, компанияның табысы дивидендтер төлеудің негізгі көзі болып табылатындықтан және келешекте акцияның рыноктық құнын көтеруге бизнес болғандықтан, инвесторлар әрқашан акцияға табыстылық коэффициентіне қызығушылық білдіреді. Ол таза табыстан айрықша акциялар бойынша дивидендтерді алған соңғы қалдықтың, шығарылған және қолдағы әдеттегі (кәдімгі) акциялардың жалпы санына қатынасы ретінде формуламен есептеледі:

 

Дча =Дч-ДвПР.А./ АО                     (92)

 

Мұнда:  Дча -     бір акцияға түскен таза табыс; Дч -     таза табыс;

ДвПР.А - айрықша   акциялар   бойынша   дивидендтер;

Ао -    айналымдағы   әдеттегі   (кәдімгі)   акциялар саны.

Бір акцияға түскен табыс, айналымдағы әдеттегі әрбір акцияға таза табыстың қанша үлесі тиетінін көрсетеді (айрықша акциялар бойынша төленген дивидендтерді алып тастағанда). Айналымдағы акциялар жалпы шығарылған әдеттегі акциялар мен меншікті портфельдегі акциялар саны арасындағы айырмамен есептеледі.

Акцияға түскен табыс - бұл сол бойынша төленетін жыл сайьнғы табыс. Осы көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін жанама түрде сипаттайды, бірақ қаржылық стратегияның, үлкен ықпалында болады, өйткені кәсіпорынның өз табысын өндіріске қосымша қайтадан инвестициялау (реинвестиция) қажеттігі, акция бойынша төленетін табыс мөлшерінің азаюына әкеліп соқтырады. Акцияға табыстың нақты шамасы басқа көрсеткіштен - үлестіру нормасынан тәуелді, ал соңғысы дивиденд түрінде төленген табыс сомасын барлық таза табысқа бөлу жолымен есептеледі.

Айта кету керек, дамыған нарықтық экономика жағдайында бір акцияға түскен табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол өкілетті статистикалық зерттеулермен дәлелденген.

Оның аналитикалық тұрғыда негізгі кемшілігі - әр түрлі компаниялардың акцияларының нарықтық құнының бірдей еместігі салдарынан оларды кеңістікте салыстыруға келмейтіндігі болып табылады.

Акциялардың құндылығы. Ол акцияның нарықтық бағасын акцияға түскен табысқа бөлгендегі бөлінді ретінде формуламен есептеледі:

 

Ца= Рц / Дча                    (93)

 

Мұнда:  Ца. _ акцияның құндылығы; Рц; - акцияның нарықтық бағасы;

Дча - бір акцияға тұскен таза табыс.

Акцияның   нарықтық бағасы мен бір акцияға түскен табыстың    арақатынасы    компания    мен    оның    акционерлері арасындағы қатынасын көрсетеді.

Акцияның нарықтық бағасы мен акцияға түскен табыс шамасы арасындағы өзара байланысты әдетте «баға-табысы" коэффициенті деп атайды. Бұл көрсеткішті акционерлер мен мүмкін инвесторлар компанияның акцияньпң құндылық бағалылығын бағалау үшін жалпы басшылыққа алады. Ол аталған компанияның акциясына деген сұраныстың индикаторы ретінде қызмет етеді, өйткені, акционерлер мен инвесторлар компания акциясының таза табысының бір ақша бірлігіне қанша ақша бірлігін төлеуге келісетіндігін көрсетеді.

Бұл көрсеткіштің динамикасында салыстырмалы түрде жоғары өсуі, басқа фирмаларға қарағанда аталған фирманың табысының жылдамырақ өсуін инвесторлар күтулі екенін көрсетеді. Бұл керсеткішті кеңістіктік (щаруашылықаралық) салыстыруларда пайдалануға болады. Өсуге жеткілікті мүмкіншілігі мол фирмалар әдетте «баға-табыстың" жоғары коэффициентіне ие және керісінше.

Инвесторлар жоғары табыс алу мақсатымен ақшасын бір компанияға жиі сала береді. Кейбір акционерлер мен инвесторлар бүкіл алынған табысты, компания өзінде, операцияларды кеңейту мақсатымен қалдыруына мүдделі. Осындай тәсіл қолданатын компаниялардын акцияларының   нарықтық    құны    тұрақты    тез    өседі,  оларды сатса үлкен табыс келтіруі мүмкін. Бірақ бұл операция қор нарығында болатын кездейсоқтыққа байланысты қауіпті.

Басқа инвесторлар кепілді табыс көзін табуға ынталы. Сондықтан олар үшін тұрақты дивиденд төлеп тұратын акциялар қызығушылық тудырады. Алайда акдионерлер мен инвесторлардың екі тобы үшін де дивидендтік табыстылық пен дивидендтік төлеу коэффициенттерінің маңызы зор.

Бір акцияның баланстық құны кәсіпорынның бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтеріне сәйкес бір әдеттегі акцияға келетін таза активтерінің (меншікті капиталдың) құнын  керсетеді.  Бұл  көрсеткіш  былайшаесептеледі:

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"