Автор: k*************@inbox.ru, 27 Ноября 2011 в 12:54, курсовая работа
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз кажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылағы деген ұғымдарга да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы — белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уакыт ұтып еңбек қарқындылыгын арттыруға болады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………................2-3
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінеде.........................................................3-3
1.1 Еңбек - өндірістік факторы............................................................................3-3
1.2 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмыссыздық.................................4-6
1.3 Жұмысыздық деңгейі.....................................................................................6-7
II.Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты.......................................................................................................................8-9
2.1 Жұмыссыздық түрлері..................…………………………………….........8-9
2.2 Толық жұмысбастылық ұғымы..................................................................9-17
2.3 ҚР жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары................................18-19
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................20-20
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда “сатуға” болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.
Циклдік жұмыссыздық
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жүмыссыздық” деп атайды.
2.2 Толық жұмысбастылық ұғымы
Толық
жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем
жоқтығы емес. Экономистер уақытша
және құрылымдық жұмыссыздықты болмай
қоймайды деп санайды, осыдан толық
жұмысбастылық ұғымы еңбек
Басқа
сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық
кезінде жұмыссыздық деңгейі
циклдік жұмыссыздық нольге тең
болған жағдайға ғана жетеді. Толық
жұмысбастылық кезіндегі
“Табиғи”
термині экономика
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өз алдына тұрақсыз көрсеткіш. Ол кезеңді түрде еңбек күші мен институционалдық өзгерістермен байланысты демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі.
Күн сайын
кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе
оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір жұмыссыз
жаңа жұмыс табады. Бұл үздіксіз
жұмыссыздар қатарына кіру және шығу
жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің
үлесімен анықталады. Берілген бөлімде
біз жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен
анықталатын факторларды
L— жұмыс күші, Е - жұмысшы саны, ал U — жұмыссыздар саны болсын. Әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы, не жұмыссыз болатындықтан, онда:
Ендеше,
жұмыс күшінің жиыны жұмысшы
мен жұмыссыздар санының
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру үшін, жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз. S — жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші болсын, яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі, F — жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі. Осы екі көрсеткіш тұрақты дейік және олар жұмыссыздық деңгейін қалай анықтайтынына көз жеткізейік.
Егер
жұмыссыздық деңгейі
Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін табуымызға болады. Е = L-U, яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең. Бұл FU= S (L-U) екенін білдіреді. Теңдіктің екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда
F(U/L)= S (1- U/L) шығады.
Теңдеуді түрлендірсек,
Бұл теңдеуU/L
жұмыссыздық деңгейі жұмысқа
жалдану мен жұмыстан шығарылу деңгейлерінің
көрсеткіштеріне тәуелді
Мысал. Айталық, ай сайын 1% жұмыс жоғалтсын дейік (S = 0,01), ал жұмыс істейтіндер қатарында болудың орташа кезеңі 100 ай немесе 8 жыл шамасында болады. Шамамен 20% жұмыссыздар ай сайын жұмыс табатын болсын (F = 0,20). Бұл жұмыссыз болудың орташа деңгейі 5 айға созылатынын білдіреді. Берілген нақты жағдайда жұмыссыздықтың тұрақты деңгейі
U/L = 0,01/(0,01+0,20) = 0,0476
Демек, берілген мысалда жұмыссыздык 5% деңгейде болады.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлгісі қарапайым, бірақ маңызды қорытынды шығады. Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару дең- гейінің төмендеуіне, не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болу керек. Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздықтың табиғи деңгейін де ауыстырады.Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші және жұмыстан шығару мен жұмысқа орналасу деңгейлерінің көрсеткіштері арасындағы байланысты көрсетсе де, ол негізгі сұраққа жауап бермейді: жұмыссыздық сияқты құбылыс неге орын алады? Егер адам кез келген уақытта тез жұмыс табатын болса, жұмысқа орналасу деңгейі өте жоғары, ал жұмыссыздық деңгейі нолге жақын болар еді. Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық деңгейі жұмыс іздеу үрдісі қандай да бір уақытта жалғасатынын болжайды, бірақ неге екенін түсіндірмейді. Келесі екі бөлімде біз жұмыссыздық орын алуының екі негізгі себебін қарастырамыз, олар: жұмыс іздеу проблемалары мен жалақының қатаңдығы.
Жұмыс іздеу және уақытша жұмыссыздық
Жұмыссыздық себептерінің біріне жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Бесінші тарауда қарастырылған еңбек нарығының тепе-тендік үлгісі жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін болжайды, жұмысшы кез келген жұмыс орнына лайықты. Егер ол шынында солай болса, еңбек нарығы тепе-тендік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді: еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді.
Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Мысалы, дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты, ал ол жазу машинкаларын шығаратын өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетті. Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті. Онан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Мысалы, мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады. Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.
Құрылымдық ығысу ұдайы болғандықтан және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажеттігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта болады.
Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың жұмысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.
Мемлекеттік саясат және уақытша жұмыссыздық
Уақытша жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама таратады. Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуте бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкіндік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді.
Керісінше, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санын үлғайтатын мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарлама бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мүмкін. Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әр түрлі жалақы алады.
Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптарын жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді. Жәрдем алатын жұмыс- сыздар жұмысты белсенді іздемейді және олар көбінесе жалдау қарқынының көрсеткішін түсіретін көзқарасы бойынша ұнамсыз ұсыныстарды қабылдамайды. Одан кейін жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің болуы кәсіпкерлердің жұмысшыларды жұмыстан шығару ше- шімін тез қабылдауына әсер етеді, ал ол жұмыстан босату қарқыны көрсеткішінің өсуіне әкеледі.Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің көтерілуі туралы факт, бұл саясаттың қажетсіздігін білдірмейді. Оның жағымды жағы — жұмысшыларда нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Одан кейін жұмысшылардың ұнамсыз жұмысқа қарсы болуына жағдай жасап, бұл саясат мүмкін жұмыс күші мен жұмыс орындары құрылымының сипаттамасы арасындағы тура сәйкестікті орнатуға жағдай тудырады. Салыстырмалы нәтижелілік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әр түрлі жүйелерінің құнын бағалау қиын проблема.
Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін зерттейтін экономистер, көбінесе жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлетуді ұсынады. Бұндай жүйе жүз пайыздық өтем жүйесі деп аталады, себебі әр фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын бейнелейді. Қолданыстағы бағдарламалардың көбі ішінара өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан босатылған жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшылардан құтылу пайдалы. Өтемақының өсетіндігі көбінесе уақытша жұмыстан босатуды шектеуге мүмкіндік туғызады.
Нақты жалақының қатаңдыгы және жұмыссыздықты күту
Жұмыссыздықтың екінші себебі — жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Тепе-теңдік еңбек нарығының үлгісіндегі нақты жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады. Бірақ шын мәнінде жалақы әрқашан икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе-тендіктен жоғары деңгейде болады.Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Фирмалар тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.Жалақының қатандығы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады. Жұмысшылар жұмыссыз болуының себебі олардың маманды- ғына сәйкес ең жоғары дәрежедегі жұмыс іздеуінен емес, берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынан фирмалар жағынан еңбек сұранысы артық болғандығынан. Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді.Жалақы қатаңдығы және жұмыссыздықты күту үғымын түсіну үшін, ең алдымен еңбек нарығы неге тепе - тендік жағдайға келмейтінін білу керек. Жалақының нақты деңгейі тепе-теңдік нүктесінен жоғары болғанда, ал еңбек ұсынысы сұраныстан көп болса, жұмыс берушілердің жалақыны төмендетулерін күтуге болатын еді. Жұмыссыздықты күту болуының себебі, еңбек ұсынысы артық болса да, фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмауынан.Енді жалақы қатандығының үш себебін қарастырайық: ең төмен жалақы туралы заң қабыддау, кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы және фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы.
Информация о работе Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты