Автор: k*************@inbox.ru, 27 Ноября 2011 в 12:54, курсовая работа
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз кажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылағы деген ұғымдарга да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы — белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уакыт ұтып еңбек қарқындылыгын арттыруға болады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………................2-3
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінеде.........................................................3-3
1.1 Еңбек - өндірістік факторы............................................................................3-3
1.2 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмыссыздық.................................4-6
1.3 Жұмысыздық деңгейі.....................................................................................6-7
II.Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты.......................................................................................................................8-9
2.1 Жұмыссыздық түрлері..................…………………………………….........8-9
2.2 Толық жұмысбастылық ұғымы..................................................................9-17
2.3 ҚР жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары................................18-19
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................20-20
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………
I. Еңбек
– негізгі өндірістік фактор ретінеде......................
1.1 Еңбек - өндірістік факторы.......................
1.2 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмыссыздық...................
1.3 Жұмысыздық деңгейі.......................
II.Жұмыспен
қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен
қамту саясаты.......................
2.1 Жұмыссыздық түрлері..................……………
2.2 Толық жұмысбастылық ұғымы.........................
2.3 ҚР жұмыспен қамту және оны жетілдіру
жолдары.......................
Пайдаланған
әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
I.Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінде
1.1 Еңбек - өндіріс факторы
Еңбек
адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің
көмегімен адам өз кажетін өтеу үшін
табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап
икемдейді. Адамның тіршілік етуінің
негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды
адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай
емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен
бөлініп шықты, табиғат күштерін игере
отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек
құралдарын жасауды игерді, қабілетін
дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды
игерді.Еңбек туралы айта отырып, еңбек
өнімділігі мен еңбек қарқындылағы деген
ұғымдарга да тоқталған дұрыс болар. Еңбек
қарқындылығы — белгілі бір уақыт ішінде
жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек
пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс
әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс
істейтін жабдықтарды көбейткенде, уакыт
ұтып еңбек қарқындылыгын арттыруға болады.
Ғылыми-техникалық революция жағдайында,
өңдірісті кешенді механизациялау және
автоматтаңдырумен байланысты жұмысшының
дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой
— ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс
күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек карқындылығы
артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы
артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі
мүмкін. Ғылыми-техникалық революция еңбек
сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық дәрежесі
өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауга
кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі
машиналар мен механизмдерді пайдаланумен
байланысты адамдардың дене еңбегінің
үлесі барган сайын азаюда, жұмысшы технологиялық
процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі
жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен
бастама көрсететін дәрежеге көтерілді.
Жұмыс күні бойынша еңбек қажетті және
косымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс
уақытының бір бөлігін өзіне қажетті өнімдерді
өндіруге жұмсайды. Бұл уакыт ішінде жұмсалган
еңбек қажетті еңбек болып табылады. Алайда
жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен
шектелсе, қоғам одан әрі дами алмаған
болар еді. Өндіріс көлемін ұлғайту және
барған сайын жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз
адамдарға көмек көрсету, материалдық
емес өндіріс салалары қызметкерлерінің
кажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті.
Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан
тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай
уақыт ішінде жұмсалган еңбек — қосымша
еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт
еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі
маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі
батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл
жоқ.
1.2 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмысыздық
Еңбек рыногында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін сатып алу жәие сату жетілген және жегілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты тендестіретін ерекше “баға тепе-теңдігі” орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсері ерекше.
Әуелі жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қыскаша қарайық. Классикалық теория (классиктер) деп маркстік емес әдебиеттегі, әлбетте ағылшын мен американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршаллга, Пигу және тағы басқалары ортодоксальдық (алган бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекті ұсыну қызметін құруға, оны жетілген бәсеке рынок жағдайында да пайдалануды ұсынды. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам — кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады — нақты жалақы мен шекті енбек өнімінің құқы (оның ақшалай көрінісі). Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін камту шектеулі өнім құны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқталады.
Жұмыс күшіне сұраныс жалақы көлеміне, керісінше, тәуелділікте, жалақы өскенде, басқа жағдайлар тең болғанда кәсіпкер теңдікті сақтау үшін еңбекке сұранысты азайтуға тиіс, ал жалақы төмендегенде еңбекке сұраныс та артады.
Қоғамдағы жиынтық еңбек П. Самуэльсонның (Экономика. М., 1964, 605-бет) пікірі бойынша төрт көрсеткішпен анықталады:
Тұрақты жұмыссыздар қатарының болуы бір нәрсені ғана куәландырады, еңбек рыногында бәсекеге катысы жоқ факторлар бар, олар жалақының тепе-теңдік жағдайынан жоғары көтерілуін қалайды, соған итермелейді. Жоғарыда айтылғандар осы кезде еңбекшілердін біраз бөлігі жұмыссыздықтарды көбейтеді. Мұндай бәсекеге қатысы жоқ факторлардың барлығы мынадан көрінеді: соңғы он жылдықта жұмыссыздыктың көбеюі жалақының өсуіне әкелмеді және толық жұмыспен қамту жағдайы да болмады.
Ал осы бәсекеден тыс факторларға нені жатқызуга болады? Алдымен, бұл мемлекет еңбек нарқын белсенді реттеп, заң арқылы жалақының рыноктық икемділігін жойды. Дамыған елдердегі мемлекет жалақының ең төменгі шартты кепілді деңгейін анықтайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басқа да бағыттары көптеген жағдайда еңбек бағасының ауытқуын тежеп отыр. Жалақы деңгейінің еңбек бағасының тепе-теңдік жағдайынан жоғары өсуіне кәсіподақтар да өз үлесін қосады. Еңбек рыногының толық жұмыснен қамтудың ауытқуы тұрақты және ұзақ мерзімге созылады.
Ірі корпорациялар, әдетте, жалақы ставкасының уақыты жағынан тұрақты, стандартты болуын жақтайды, оларды еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қайта қараудан бас тартады.Бұл тарауда жұмыспен, еңбекпен қамтамасыз етудің классикалық теориясының негізгі бағыттары қаралады. Дж. М. Кейнстің еңбектерінде бұл теория сынға ұшырап, ол біраз өзгертілді. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясының өкілдерімен пікір таластыра отырып, ол жетілдірілген бәсеке тұсындагы ішкі бейімделгіш механизмге карсы болды. Бұл механизмнің нәтижесінде толық жұмыспен қамтылған кезде рынокта тепе-теңдік болады дегенге күмәнданады. Дж. М. Кейнсте еңбек қатынастарына мемлекеттің белсенді қатысуын жақтап, тек қатаң тұрақты жалақы ғана тепе-теңдік жағдайды қамтамасыз етеді деп есептеді. Мұнда да оның пікірінше жинақтық сұраныстың жеткіліксіздігінен амалсыз жұмыссыздық болады. Бірақ жетілдірілген бәсеке жүйесіне тән тұрақсыздық жойылады.Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктық бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық оз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктық тепе- теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында ал- шақтық болады,қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі.
Фрикциондық жұмыссыздык, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік және жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.
Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы салаларының даму ерекшеліктерімен байланысты. Экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмысшы күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздардың табиғи деңгейі АҚШ-та XX ғасырдың 90-жыл- дарына 6—7% болса, баска экономикасы дамыған елдерде ол біршама төмен.
“Толық
жұмысбастылық" ұғымына анықтама
беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен
қамтамасыз етілген деп түсінуге
болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі
бір жұмыссыздық деңгейі болуға
тиісті деп саналады.
1.3 Жұмыссыздық деңгейі
Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатынына байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады - бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.
Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.
Жұмыс
күші - жұмыссыздар мен жұмыс
Жұмыс
күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар
саны.
Жұмыссыздық деңгейі =
Статистика
агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық
көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкен
тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі
үлесі:
Жасы
үлкен түрғындар санының үлесі
=
Бұл статистикалық көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және жас адамдар үшін де есептеледі.
Мысалы: 1989 жылғы 3 санатқа бөлінген тұрғын халық саны.Бұл жылы көрсеткіштер мынандай болды:
Тұрғын
халық — 188,1 млн. (16 жас және одан
жоғары)
II.Жұмыспен қатамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты
2.1 Жұмыссыздық түрлері
Толық жұмысбастылық ұғымына анықтама берудің алдында біз жұмыссыздықтың 3 түрімен танысуымыз керек: уақытша, құрылымдық және циклдік.
Уақытша жұмыссыздық
Кейбір
адамдар өз мамандықтары бойынша
қызмет түрлерін тандау мүмкіншіліктері
бар кезде “жұмысаралық”
Осы жұмыссыз
адамдар жаңа жұмыс орнына немесе
уақытша жоғалтқан жұмысқа
Уақытша
деген анықтама бұл құбылыс мәнін
нақты көрсетеді: еңбек нарығында
жұмыс орны мен жұмыс күші арасында
сәйкестілік орнамайды. Уақытша
жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын
“білімдері” бар деп
Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып болінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар — оздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.
Құрылымдық жұмыссыздық
Уақытша жұмыссыздық ақырындап “Құрылымдық жұмыссыздық” деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының “қысқы белдеуден” — “жазғы белдеуге” миграциясы мысал бола алады.
Информация о работе Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты