Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 12:27, реферат
Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет.
І. Кіріспе
а)Мәміле түсінігі.
ІІ. Негізгі бөлім
б)Жылжымайтын мүліктерді тіркеу.
в) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттартізімі.
г) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін жиын мөлшері.
ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе
а)Мәміле түсінігі.
ІІ. Негізгі бөлім
б)Жылжымайтын мүліктерді тіркеу.
в) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу
үшін қажетті құжаттартізімі.
г) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу
үшін жиын мөлшері.
ІІІ. Қорытынды
Мәміле- азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс,ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:
Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:
Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. Мерзімді Мәміленің ерекшелігі белгіленген мерзімнің міндетті түрде келетіндігінде. Кейде Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер қандай да бір алдын ала келісілген оқиға болған кезде туындайды, ал оқиғаның болуы-болмауы екі ұшты мәселе. Яғни келісілген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асуы оқиғаның болуына тікелей тәуелді болса, мұны шартты Мәміле деп атайды. Сондай-ақ өзара сенімге негізделген фидус. Мәміле де (лат. fіducіa — сенім арту) болады. Тапсыру, комиссия, мүлікті сенімгерлікпен беру тараптардың арасындағы бір-біріне сенушіліктің арқасында іске асады. Тапсырыс келісімінде сенім артушы мен сенім ар-қалаушы кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқықты.
«Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлікке
және онымен жасалатын
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің
нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді
мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң)
негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет
органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган),
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан
әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың
мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада
көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің
аяқталу нысаны жүргізілген тіркеу туралы
белгісі бар құқық белгілейтін құжатты,
не Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік
тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата
тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде
көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке
тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
тұтынушылар қажетті құжаттарды тапсырған
(тіркелген, талон алған сәттен бастап),
мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген
сәттен бастап:
1) осы тармақтың 2 және 3) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын
мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының)
туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын
және басқа объектілердің мемлекеттік
тіркеу жөніндегі қызмет тіркеуші органға
өтініш келіп түскен сәттен бастап бесінші
жұмыс күні ұсынылады;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын
мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен
мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында көзделген алым сомасын
бюджетке төлеген жағдайда, тіркеуші органға
өтініш түскен күннен кейінгі бір күннен
кешіктірмей жүргізіледі;
3) мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті
адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ
заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға
өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге
тиіс;
4) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің
рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан
аспайды;
5) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің
рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан
аспайды.
Ескерту. 7-тармаққа
өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 №
393 Қаулысымен.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым ставкалары осы стандартқа
3-қосымшада көрсетілген.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмілелерді жеделдетілген
тәртіппен мемлекеттік тіркегені үшін
алым ставкалары осы стандартқа 4-қосымшада
көрсетілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.
10. Уәкілетті органда демалыс және мейрам
күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат
14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден
18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін
кесте белгіленеді.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс
және мейрам күндерін қоспағанда, сағат
9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге
асырылады, Орталықтардың филиалдары
мен өкілдіктері үшін бір сағаттық түскі
үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейінгі
жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен,
алдын ала жазылусыз және жеделдетілген
қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ
жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 №
393 Қаулысымен.
11. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында
көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту
үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері
бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға
қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Ескерту. 11-тармақ
жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 №
393 Қаулысымен.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік тіркеу
үшін тұтынушы (өтініш берушінің
уәкілетті өкілі) оның жеке
басын куәландыратын құжатын
көрсетеді және мынадай
1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу
туралы өтінішті;
2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты
және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін
және тіркеу объектісін растайтын өзге
де құжаттарды;
3) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және
өтініш берушінің уәкілетті өкілінің
жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты
не «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы
берілетін ақы төлегені туралы чекті ұсынады.
Көрсетілген құжаттардан басқа тіркелетін
объектісіне байланысты өзге де құжаттар
ұсынылуы мүмкін.
Заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын ұсынады.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында
көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік
объектілерін сатып алуға немесе иеліктен
айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар
кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының
хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен
заңдастырылған үзінді немесе шетелдік
заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы
бойынша заңды тұлға болып табылатындығын
куәландыратын басқа да заңдастырылған
құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс
тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен
ұсынады.
Егер тіркеуге берген өтінішінде сатып
алынатын немесе сататын активтерінің
жиынтық теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының
монополияға қарсы заңнамасында белгіленген
мөлшерден асып кететін мәліметтер болса,
онда өтініш беруші алдын ала монополияға
қарсы органның жазбаша келісімін ұсынады.
13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда
орналастырылады немесе Орталықтың консультанттарында
болады.
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы
және атқаратын функциясы туралы ақпарат
ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының
тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы
көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың
12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын
тексеруді, құжаттардың есеп кітабында
тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы
бөлімнің инспекторына табыс етілуін
жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы
құжаттарды жинауды, тізілімнің жасалуын
және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге
асырады.
Орталық қоса берілген құжаттарымен бірге
өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін
және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған
күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар
пакетін алғаннан кейін мыналарды:
- жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын
мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының)
туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз
болып табылатын өзге де заңдық фактілердің
(заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе
мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін
тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге
ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы
заңнамаға сәйкестігін тексеруді;
- тіркеу парағына жүргізілген тіркеу
не осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік
тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата
тұру туралы жазба енгізуді;
- құқық белгілейтін құжатта жүргізілген
мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасауды
жүзеге асырады;
- орындалған құжаттардың тізілімін қалыптастырады
және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді.
Орындалған құжаттар уәкілетті органнан
қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге
дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс.
15. Тұтынушыға:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің
түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған
Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің
атын көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды
қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді
Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн
сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде
жүзеге асырады.
17. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік
тіркеу мынадай жағдайларда:
1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге
де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың
қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейінгі прокурорлық
қадағалау актілеріне сәйкес;
3) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге
құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін
негіз болып табылмаса, өтініш берушінің
осы стандарттың 12-тармағына сәйкес мемлекеттік
тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы
үшін;
4) мемлекеттік органдардан, егер көрсетілген
мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан
бас тарту үшін негіздер болып табылмаса,
осындай органдардан шығатын құжаттарда
ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда
белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына
байланысты түсініктемелер алу немесе
қажетті ақпаратты талап ету үшін;
5) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде
белгіленетін тіркеу объектісінің және
өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің
сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы
қайшылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы
шешімді тіркеуші орган (уәкілетті орган)
мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған
сәттен бастап құжатты бергенге дейін,
бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің
өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
Тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші
орган (уәкілетті орган) кейіннен өтініш
берушіге (өтініш берушінің уәкілетті
өкіліне) беру үшін Орталыққа тоқтата
тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете
отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден
мынадай жағдайларда:
1) құқықтық қатынастардың субъектілері
мен объектілері, жылжымайтын мүлікке
және өзге де тіркеу объектілеріне құқық
немесе құқық ауыртпалығы түрі не олардың
туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері
заңнама талаптарына сәйкес келмеген
кезде;
2) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуді
тоқтата тұруға негіз болып табылмаса,
өтініш иесі осы стандарттың 12-тармағында
көрсетілген мемлекеттік тіркеу үшін
қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған
кезде;
3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама
талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар
тіркеуге ұсынылған кезде;
4) құқықты немесе өзге де мемлекеттік
тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді
болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде;
5) заңды күшіне енген сот актісінің негізінде;
6) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі
ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар
жойылмаған болса;
7) егер тіркеу объектісі ауысу, өзгеру,
тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты
ауыртпалықты белгілеу болып табылса,
ол туындаған кезде қолданыста болған
заңнамаға бұрын туындаған құқық сәйкес
келмегенде бас тартуы мүмкін.
Тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші
органның құжаттарды қабылдау туралы
құжаттамасында себептерін көрсете отырып,
бас тарту туралы тиісті белгі қойылады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тарту кезінде
тіркеуші орган (уәкілетті орган) кейіннен
өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті
өкіліне) беру үшін Орталыққа бас тартудың
себептерін көрсете отырып, хабарлама
жібереді.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті орган мен
Орталықтың қызметі адамның
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік
қызмет көрсету нәтижелері осы
стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа
және қол жетімділік
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін
мемлекеттік органның, мекеменің немесе
өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын
мемлекеттік қызметтердің сапа және қол
жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы
мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс
топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті
ұсыну сапасы бойынша
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда
пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада
көзделген жағдайларда электронды түрде,
уәкілетті органның немесе Орталықтың
кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол
қабылданады.
Шағым уәкілетті орган мен Орталық басшысының
атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың
мекен-жайлары және басшыларының телефондары
осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда
көрсетілген.
Ескерту. 22-тармаққа
өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 №
393 Қаулысымен.
23. Қабылданған шағым уәкілетті орган
мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында
тіркеледі және он бес күнтізбелік күн
ішінде қаралады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу
қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі
30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге
ұзартылуы мүмкін.
Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері
туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
Жылжымайтын мүліктерді тіркеу
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі
Пәтер, жеке үй немесе басқа
да жылжымайтын мүлік заң
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу үшін азамат (немесе оның уәкілетті өкілі) Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп мынадай құжаттарды тапсырады:
Егер мәміле нотариалды куәландырылса:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
Мәлімет ретінде: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» 22-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ бiрлескен меншiк құқығының туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеген кезде тiркеу туралы өтiнiштi барлық қатысушылар не олардың бiреуi қалған қатысушылардың нотариат тәртiбiмен куәландырған келiсiмiн ұсына отырып беруi мүмкiн.
2) жеке басты куәландыратын
құжат (егерде өтінішті оның
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) егер өтінішті оның өкілі тапсырса, өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) егер өтінішті оның
өкілі тапсырса өкілдің
6) құқық белгілеуші құжаттың
түпнұсқасы немесе нотариалды
куәландырылған көшірмесі (
7) құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
8) егер құқық белгілеуші
құжатта мәміле қатысушысы (сатып
алушы) жұбайы туралы мәлімет
болмаса, неке қатынасын
9) жылжымайтын мүлік
10) техникалық төлқұжаттың көшірмесі;
11) жер учаскесіне құқық
белгілеуші құжат (бастапқы
12) жер учаскесіне құқық
белгілеуші құжаттың көшірмесі
(егер бастапқы жылжымайтын
13) жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
14) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;
15) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
Мәлімет ретінде:
Жер кодексінің 43-бабының 9-тармағына
сәйкес облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi
органдары беретiн мынадай
Информация о работе Жермен жасалатын мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету