Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 09:39, реферат
Тұрақты капиталдың материалдық элементтерінің бір бөлігі (шикізат, материалдар) өндірілген өнімге өз құнын көшіре отырып, оның материалдық субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды, ал басқа бөлігі (отын) тек өз құнын көшіреді, бірақ сол субстанцияны (зат негізін) жасауға қатыспайды. Айналым капиталының шикізат пен материалдар түріндегі құны өндірістің толық уақытына авансыланады. Сондықтан тұрақты капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа кезеңді салаларына қарағанда аз болып келеді. (қ. Капитал айналымы).
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың
материалдық элементтерінің бір бөлігі
(шикізат, материалдар) өндірілген өнімге
өз құнын көшіре отырып, оның материалдық
субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды,
ал басқа бөлігі (отын) тек өз құнын көшіреді,
бірақ сол субстанцияны (зат негізін) жасауға
қатыспайды. Айналым капиталының шикізат
пен материалдар түріндегі құны өндірістің
толық уақытына авансыланады. Сондықтан тұрақты
капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы
айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа
кезеңді салаларына қарағанда аз болып
келеді. (қ. Капитал айналымы). Тауар сатылған
соң айналым капиталының құны айналым
саласынан ақшалай күйде толық қайтып
оралады және қайтадан өндіргіш капитал
элементтеріне айналуы мүмкін.
Қолданыстағы айналым капиталының мөлшері
өндіріс көлемі мен айналым уақыты арқылы
анықталады. Ауыспалы айналым процесінде
капитал құнының бір бөлігі өндірістік
айналым капиталының материалдық қоры
түрінде болады. Егер капитал айналымы
бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап
қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер
айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға
мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда,
керісінше, айналым капиталы құнының бір
бөлігін босатуға мүмкіндік туады.
Негізгі капиталдың қорлануы мен өндірістің
өсуі өндіріске қажетті қорларды көбейтуді
қажет етеді. Мұны жүзеге асыру үшін таза
пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру
немесе несие алуға тура келеді. Егер айналым
капиталының кейбір элементтерінің бағасы
өссе, кәсіпкерлер нақты өнім көлемін
бұрынғы деңгейде сақтау үшін қосымша
қаржы жұмсауы керек.[1]
Кәсіпкерлік
іс-әрекет және жеке
шаруашылық принциптерінің
негізі. Кәсіпорын капиталының
ауыспалы айналымы.
Мақсаты: Студенттерде кәсіпкерліктің негізгі экономикалық жағдайын: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша –қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық –кемдігі; еңбек ақы қорының артық –кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстардың болуы керек екендігін түсіндіру. Кәсіпкерлік қабілет, тәуекелділік, кәсіпкерліктің түрлері, Кәсіпорындардың негізгі формалары, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы, капитал айналымы жайлы түсіндіру.
Акционерлік қоғам; Белсенділік;
Кәсіпкер; Кәсіпорын; Өндірістік кооператив;
Серіктестік; Унитарлы кәсіпорын; Ұжымдар;
Фирма; Капитал; Айнымалы капитал; Негізгі
капитал; Қорлану; Тиімділік; Амортизация
Дәріс мән-мәтіні
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
Кәсіпкерліктің түрлері
Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер – адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
Нарықтық
экономиканың негізгі экономикалық буыны
болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын
(фирма) дегеніміз - бұл пайда табу
мақсатымен өндіріс факторларын қолданып
шаруашылықта еркіндік алған экономикалық
субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты
кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді,
олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес,
серіктестік, акционерлік қоғам.
8.1. кесте
Кәсіпорындардың
негізгі формалары
Формалар | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам. |
|
|
Серіктестік
дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды
тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу
үшін ұйымдастырылған фирма:
|
|
|
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. |
|
|
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында формалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену.
Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
Информация о работе Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы