Кемтар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 22:10, реферат

Описание работы

Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады, ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін еңсеруі, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.

Работа содержит 1 файл

Кемтар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саясаты.docx

— 20.67 Кб (Скачать)

Кемтар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саясаты

  Балалардың  құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі  бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады, ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін еңсеруі, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта елімізде 47 мыңнан астам мүгедек бала тұрады. Осыған байланысты мүгедектерді оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметтерді көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелер санын арттыру өріс алып келеді. Мүгедек балаларды медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұстауға бюджеттен бөлінетін шығыстар жыл сайын артып келеді (қорғаудағы бір балаға жылына: 2002 ж. 188,7 мың теңге, 2003 ж. - 231,0 мың теңге, 2004 ж. - 286,7 мың. теңге). Медициналық-әлеуметтік мекемелер желісі 18 балалардың интернат үйлерін қамтиды, оның ішінде 17 – ақыл-ойы кем балаларға, 1 – дене мүшесі кемтар балаларға арналған. Осы мекемелерде мемлекеттің толық қамтамасыз етуімен 3 мыңға жуық бала тұрып жатыр, олардың 1273-і жетім немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар болып табылады.

  Ақыл-ойы  кем балаларға арналған интернат үйлеріне ақыл-ой кемдігі және дене мүшесі кемтарлығы белгілері бар, сондай-ақ жүйке ауруларымен ауыратын, денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамның күтіміне, тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұқтаж 4-18 жас аралығындағы балалар қабылданады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлерінде тәрбиелеу мен оқыту арнайы оқу жоспарлары, арнайы бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жүзеге асырылады. Балалар қажетті медициналық көмекті алып, нормативтер бойынша тамақпен және киіммен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ олар үшін мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақылар көзделген.

  2003 жылдан  бастап «Кемтар балаларды әлеуметтік  және медициналық-педагогикалық  түзеу арқылы қолдау туралы»  Заңға сәйкес ауыр науқас балаларды  медициналық-әлеуметтік оңалту басымдығына  және барынша ықтимал дамытуға  бағдарланған, кемтар балаларға  үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері құрылуда. Осы мақсаттарда республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке 2003 жылы 510,5 млн. теңге, 2004 жылы - 487,8 млн. теңге, 2005 жылы - 512,2 млн. теңге сомасында трансферттер берілді.

  «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық  түзеу арқылы қолдау туралы» Заң  іске асырылған екі жыл ішінде облыстарда 90 үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері құрылды. Осы бөлімшелердің 1,8 мыңнан астам қызметкері 10736 балаға (орташа есеппен бір әлеуметтік қызметкерге 6 қызмет көрсетілушіден) қызмет көрсетеді. Бөлімшелердің негізгі міндеттері бөгде адамның күтіміне мұқтаж мүгедек балаларды анықтау, оларға әлеуметтік, өзіне-өзі қызмет көрсету, бос уақытын (көркемөнерпаздық, фестивальдар, шығармашылық конкурстарын, спорттық іс-шараларды, оның ішінде «Спешиал Олимпикс Казахстан») ұйымдастыру машықтарын дарыту; ата-аналары мен отбасы мүшелеріне мүгедек балаларға күтім жасау және олармен қарым-қатынас жасау әдістерін үйрету; консультативтік медициналық, құқықтық көмек және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді (емханаға ілесіп бару, болу, қорғаншылық пен қамқоршылық органдарына бару, жәрдемақылар белгілеу, оңалту жолдарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, дәрігердің ұсынымдарын орындау және т.б.) ұйымдастыру болып табылады.

  Денсаулық кемістіктері ауыр балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту басымдығына және барынша ықтимал дамытуға бағдарланған, арнайы түзеу арқылы білім беру мекемелерінің – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК), оңалту орталықтарының, түзеу кабинеттерінің желісі дамып келеді. Жергілікті атқарушы органдар 18,5 мыңнан астам кемтар балаларды қамти отырып, арнаулы түзеу мекемелерін ашты. Жалпы білім беретін мектептердің 547 арнаулы сыныптарында 7 мыңға жуық бала, 45 арнайы мақсаттағы балабақшада және 229 көпшілікке арналған балабақшаның 229 арнаулы топтарында 11 мыңнан астам мектеп жасына дейінгі бала тәрбиеленуде. Кемтар балаларға психологиялық-педагогикалық және түзеу көмегін көрсету үшін 44 ПМПК, 65 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері және жалпы білім беретін мектептер жанынан 91 логопедиялық кабинет құрылып, жұмыс жасауда. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында кемтар балалар үшін 10 оңалту орталығы құрылды. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдеріне мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде тәрбиелеуі мен оқытуына жұмсайтын шығындары өтеледі.

  Соңғы жылдары  кемтар балалардың білім алуға қол  жеткізуін кеңейту мақсатында арнаулы  білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер жүргізілді. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және сөйлеу қабілеті нашар, жүйке дамуы қалыс қалған, ойлау қабілеті кем балаларға арналған өңірлік бағдарламалардың шеңберінде 2005-2006 оқу жылынан бастап балабақшалардағы арнаулы топтар мен жалпы білім беретін мектептердегі арнаулы сыныптар желісі кеңейтілетін болады. 2008 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруді дамыту үшін түзеу кабинеттерін ашу жоспарлануда және арнаулы білім беретін түзеу ұйымдарының желісі ұлғаятын болады; кемтар балалардың кәсіпке дейінгі және кәсіптік даярлыққа қол жеткізуіне жол ашылатын болады; кемтар адамдарды кіріктіре оқытуды мемлекеттік қолдау, бұрын оқи алмайды деп есептелген балаларды оқыту, арнаулы білім беруді кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде шаралар әзірленетін болады. Кемтар балаларды жастайынан түзеу арқылы дамыта оқыту бағдарламаларын іске асыру осы санаттағы балалардың едәуір бөлігін кәдімгі жалпы білім беретн мектептерде оқыту үшін жағдайлар жасайтын болады.

  Халықтың  арнаулы білім беру мекемелеріне мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен Алматы қаласында және Қарағанды  қаласында әрқайсысы 250 жатын орынды (оңтүстік және батыс өңірлерінің балалары үшін) соқыр балаларға арналған екі мектеп-интернат салу көзделді. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспарының жобасында жергілікті бюджет қаражатының есебінен көру, есту және тірек-қозғалыс аппараты кем балалар үшін 7 түзеу ұйымын салып, ашу жоспарланған.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2002-2005 жылдарға арналған жоспарының шеңберінде халықаралық ұйымдармен (БДҰ, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)) бірлесе отырып, бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жас балаларға қамқорлық жасауы жөніндегі модулін әзірлеу бойынша жұмыс аяқталды.

  «Қатер» тобындағы балаларды ертерек  анықтау мақсатында дене мүшесі және (немесе) психикалық кемістігі бар балалар патологиясының әр түрлі түрлерін диагностикалауды, емдеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайтын «Жас балалардың психофизикалық кемістіктерінің скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 38 бұйрығы шығарылды. 2001 жылдан бастап өңірлерде бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жастайынан мүгедектіктің алдын алу үшін баланың психикалық дамуындағы ауытқушылықтарды ертерек диагностикалау және емдеу бойынша скрининг-мониторингілеуді енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде.

  «Ана мен  баланы қорғау» республикалық бюджеттік  бағдарламасын іске асыруға көзделген  қаражат шеңберінде 2004 жылы мүгедек  балалар оңалту емін алатын «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы мүгедек балаларды емдеу  және оңалту мәселелері бойынша консультативтік-әдістемелік  көмек көрсету үшін Қазақстанның қалаларына баруды жүзеге асырды. Жыл сайын республикалық бюджет есебінен «Алатау» Республикалық балалар клиникалық санаторийінде қант диабетімен ауыратын 90-нан астам мүгедек бала өз денсаулықтарын түзетеді. Мүгедектерді оңалтуға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2002-2005 жылдарға арналған жоспарына сай жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедек балалар техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдотифлотехникамен, кресло-коляскалармен) қамтамасыз етілді. 2004 жылы арнаулы білім беру ұйымдарында оқитын көру және есту кемістігі бар мүгедек балалар 112 165 мың теңге сомасындағы 51 сурдо- және 35 тифлоқұралдармен қамтамасыз етілді.

  Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту саласындағы  жұмыс қоғамдық бірлестіктермен  тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  «САТР», «Кеңес» орталықтарының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың осы бағытта жұмыс тәжірибесі бар мамандарын тарта отырып, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарды біліктілікті арттыру курстарында оқытуда. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңының қабылдануымен бірге кемтар балаларды кәсіби даярлаудың балама мекемелерін, орталықтарын құру жобаларына немесе кемтар балаларды қоғамға кіріктіруге ықпал ететін басқа да жобаларға ҮЕҰ-ларды тарту мүмкіндігі туды.

  «Қазақстан  Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірледі, онда оңалту жүйесін жетілдіруге, мүгедек балаларды әлеуметтік қолдауды күшейтуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді. 2006 жылдан бастап тұңғыш рет жекелей оңалту бағдарламаларына сай мүгедек балаларға санаторийлік-курорттық ем көзделген.

  Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында балалы отбасыларына бала туғандағы біржолғы жәрдемақылармен қатар бала бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды және тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына

  18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақыларын төлеуді, ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейтуді жорамалдап отыр. Мектепте білім беру жүйесінде мүгедектерді кәдімгі және арнаулы мектептерде, үйде (жеке бағдарламалар бойынша) оқыту жорамалданып отыр. Мүгедектерді мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқытуға квоталар белгіленген.


Информация о работе Кемтар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саясаты