Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты

Автор: k*************@inbox.ru, 27 Ноября 2011 в 12:54, курсовая работа

Описание работы

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз кажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылағы деген ұғымдарга да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы — белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уакыт ұтып еңбек қарқындылыгын арттыруға болады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………................2-3
I. Еңбек – негізгі өндірістік фактор ретінеде.........................................................3-3
1.1 Еңбек - өндірістік факторы............................................................................3-3
1.2 Жұмыспен қамту еңбек рыногы және жұмыссыздық.................................4-6
1.3 Жұмысыздық деңгейі.....................................................................................6-7
II.Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты.......................................................................................................................8-9
2.1 Жұмыссыздық түрлері..................…………………………………….........8-9
2.2 Толық жұмысбастылық ұғымы..................................................................9-17
2.3 ҚР жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары................................18-19
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................20-20

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздык пен жумысбастылык.docx

— 71.67 Кб (Скачать)

Машиналы  өндіріс жағдайында бастапқы екі қызмет машинаға ауысады. Өндірісті автоматтандыру автоматты құрылымдарға үшінші қызметті де түгелдей болмағанымен көбін береді. ҒТР барысында адамның рөлі төмендей ме? деген сұракка жауап теріс болуы керек, өйткені өндіріс процесін механикаландыру мен автоматтандыру адамды ауыр, бір калыпты, қажытатын еңбектен босатып, жұмысшылардың шығармашылығын, интеллектуалдығын, алдыңғы қатарға шығарады. Өндірісте шығармашылық дамиды, шешімдер ықтималды сипат алады. ҒТР өндірістің динамикалық қозғалысын, қайта құрылысын жеделдетіп жұмысшының жауапкершілігін арттырады. Ол қысқа мерзімде өндірістік шешімдер кабылдауы тиіс, өйткені қымбат тұратын құрал-жабдықтардың қызметі жайбарақаттылықты көтермейді.

Өндірісте адам рөлінің күшеюі, қазіргі жұмысшының күшіне жаңа талаптар қояды.

Жалпы білім дәрежесін көтеру. Қазіргі өндірістің динамикасы кәсіптік мамандықты өзгертуді қажет етеді, бүгінгі мамандықтар 8—10 жылдан кейін ескіреді. Ал өзгерістің басты талабы жалпы білім деңгейінің өте жоғары болуын талап етеді. Бүгінде АҚШ-та орта жүмысшының мектепте оқу мерзімі бұдан 50 жылға карағанда екі есе ұзарды (бұрынгы 6 жылдық орнын 14,5). Екінші жағынан американ еңбекшілерінің үштен бірінің атқаратын кызметтері ондай жалпы білім дәрежесін қажет етпейді.

Мамаңдық  дәрежесін көтеру. Үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында өндірісте жаппай конвейерлік және түйдек әдісті енгізу жоғары мамандығы бар жұмысшыларға сұранысты көбейтті (алдымен станокта істейтін, конвейер жанында тұратын). Соңғы 30 жылда күрделі автоматтан- дырылған жабдықтарды жөндейтін, өндіріске ендіретін, мамандық иелеріне деген қажеттілік күшейді.

Сонымен қатар робототехникада және басқа да қазіргі күрделі технологиялық жабдықтарда істей алатын мамандықтарға сұраныс артты. Осыған орай жоғары маман кадрлардың үлесі артып, мамандығы жоқ жұмысшылардың үлесі күрт төмендейді.

ҒТР инженер  техникалық  қызметкерлердің мамандығына  ерекше талап қояды. Ғылымның жай  эволюциялық даму кезінде, орта және жоғары техникалық білімдері бар  маман соны технологияны оңай игеріп, зейнеткер жасына дейін істей береді. Бірақ бүгінде ғылыми білім көлемі әрбір 8 —10 жылда екі есе көбейіп, ал кейбір салаларды (мысалы злектроникада) әрбір 2—3 жылда жаңарған кезде  бұрынғы алған білімінің ескіру процесі тездейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Еңбек рыногында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін  сатып алу жәие сату жетілген және жегілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты тендестіретін ерекше “баға тепе-теңдігі” орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсері ерекше.

    Әуелі жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қыскаша қарайық. Классикалық теория (классиктер) деп маркстік емес әдебиеттегі, әлбетте ағылшын мен американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршаллга, Пигу және тағы басқалары ортодоксальдық (алган бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекті ұсыну қызметін құруға, оны жетілген бәсеке рынок жағдайында да пайдалануды ұсынды. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам — кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады — нақты жалақы мен шекті енбек өнімінің құқы (оның ақшалай көрінісі). Жалданатын  жұмысшы санының артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін камту шектеулі өнім құны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқталады.

    Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу  жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс  істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды  осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс  істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.

    Мамаңдық  дәрежесін көтеру. Үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында өндірісте жаппай конвейерлік және түйдек әдісті енгізу жоғары мамандығы бар жұмысшыларға сұранысты көбейтті (алдымен станокта істейтін, конвейер жанында тұратын). Соңғы 30 жылда күрделі автоматтан- дырылған жабдықтарды жөндейтін, өндіріске ендіретін, мамандық иелеріне деген қажеттілік күшейді. 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Экономикалық  теория негіздері   авторы: Я.Әубәкіров.

2.Макро-экономика авторлары:Н.Қ.Мамыров,М.Ә.Тілеужанова

3. Экономикалық теория:Нарматов С.Р.,Нарматова А.С.

4. Қазақстан -2030.  Барлық  қазақстандыктардың     өсіп- 
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының   артуының 
стратегиясы: Ел басының  Қазақстан халқына үндеуі. 
— Алматы: Білім, 1997
 

5. В. М. Гальперин, П. И. Гребников, А.'И. Леусский, Л. С. Макроэкономика

Информация о работе Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы және ҚР жұмыспен қамту саясаты