Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2011 в 22:52, реферат
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу деректеріне сәйкес, 2008 жылғы бірінші тоқсанда 15 және одан асқан жас шамасындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 762,8 мың адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санындағы қала халқының үлесі 53,2%-ды (405,7 мың адам), әйелдердің үлесі – 49,4%-ды (377 мың адам) құрады. Халықтың экономикалық белсендік деңгейі 66,7% шамасында қалыптасты.
ұмыссыздық және жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету
Халықтың
жұмыспен қамтылуын іріктемелі
зерттеу деректеріне сәйкес, 2008 жылғы
бірінші тоқсанда 15 және одан
асқан жас шамасындағы
Облыс экономикасында
713,2 мың адам жұмыспен қамтылды,
олардың 710,4 мыңы (99,6%) - еңбек етуге
қабілетті жаста. Жұмыспен
Жалдамалы жұмыскерлердің жалпы санынан мемлекеттік емес ұйымдарда 217 мың адам, мемлекеттік ұйымдарда – 141,3 мың адам, жеке тұлғаларда – 76,3 мың адам, шаруа (фермер) қожалықтарында – 36,7 мың адам еңбек етті. Өз бетімен жұмыс істейтін халықтың ішінде 130,8 мың адам өздерінің жеке меншік аулаларында, 85,2 мың адам – жеке негізде, 24,2 мың адам – жұмыс берушілер болып, 1,7 мың адам - өндірістік кооперативтерде жұмыс істеді.
Жұмыс істейтіндер
санының 24,9%-ының (177,4 мың) жоғары
және аяқталмаған жоғары
Зерттеу деректері көрсеткендей, жұмыс аптасы толық емес адамдардың үлесі бұрынғысынша жоғары. 2008 жылғы бірінші тоқсанда 112,6 мың адам немесе барлық жұмыс істейтіндердің 15,8%-ы 30 және одан аз сағат жұмыс істеді, соның ішінде 0,2 мың адам аптасына 10 сағаттан да аз жұмыс істеген. Жартылай жұмыспен қамтылғандардың ішінде (10-нан 30 сағатқа дейін) өз бетімен жұмыс істейтіндер үлесіне 81,6%-ы келеді, олардың 92,9%-ы өздерінің жеке меншік аулаларында жұмыс істейді.
Жұмыссыздардың, яғни табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеген және оған кірісуге дайын болған тұлғалардың саны 49,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 6,5% шамасында қалыптасты.
Жұмыссыздардың
ішінде әйелдердің үлесіне 59,
Жұмыссыздық
мәселесі көбінесе жастар үшін
ауыр. Кәсіптік білімнің жетіспеуі,
қажетті біліктілік пен еңбек
дағдысының болмауы, соның
Жұмыссыз халықтың білім деңгейі мен кәсіптік даярлығы әр түрлі болып келеді. Жұмыссыздардың жалпы санының 51,2%-ында (25,4 мың адам) кәсіптік білімі, соның ішінде 31,1%-ында (7,9 мың адам) жоғары және аяқталмаған жоғары білімі болды. Негізгі, бастауыш және жалпы орта білімі бар жұмыссыздардың үлесіне 48,8%-ы (24,2 мың адам) келеді.
Әрбір үшінші
жұмыссыз қандай-да бір
16,6 мың жұмыссыз (33,5%) бір жылдан артық, 10,3 мың адам (20,8%) - 6-дан 12 айға дейін жұмыс іздеумен айналысты. Сонымен қатар, жұмыссыздардың 45,5%-ы - кез-келген жұмысты істеуге келісетінін, 52,1%-ы - жалдамалы жұмыскер ретінде, олардың 38%-ы мемлекеттік ұйымдарда (кәсіпорындарда), 54,4%-ы мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істегенді қалайтынын айтты.
Әрбір төртінші жұмыссыз соңғы жұмыс орнына ауыл шаруашылығын, аңшылық пен орман шаруашылығын, әрбір бесіншісі - сауда; автомобиль мен үйде қолданатын бұйымдарды жөндеуді, әрбір оныншысы - өнеркәсіпті атады. Жұмыссыздардың 71,4%-ы (35,4 мың адам) жұмысшы болып, 15,9%-ы (7,9 мың адам) – қызметкер болып істеген.
Зерттеу деректері бойынша, жұмыс іздеу кезінде жұмыссыздар ең алдымен жеке таныстарын, баспасөз құралдарын пайдаланды, тікелей жұмыс берушіге барды.
008 жылғы бірінші тоқсанда 15 және одан жоғары жас шамасындағы экономикалық тұрғыдан енжар халықтың саны 380,3 мың адамды, соның ішінде қала халқы – 220,9 мың адамды (58,1%), ауыл халқы – 159,4 мың адамды (41,9%) құрады. Экономикалық тұрғыдан енжарлық (әрекетсіздік) деңгейі 33,3%-ды құрады
Информация о работе Умыссыздық және жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету