Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 22:06, реферат

Описание работы

Басқару – қоғамдық ғылым.
Басқарудың әлеуметтік–экономикалық заңдылықтары.
Мемлекеттік басқару эволюциясы.
Мемлекттік және жергілікті басқаруды зерттеудің әдістемесі мен әдістері

Работа содержит 1 файл

Дәріс.docx

— 174.61 Кб (Скачать)

Мемлекеттің атқарушы органдарына Үкімет, министрлікгер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, жергілікті экімшілік (об-лыстық,   қалалық,   аудандық,  ауылдық  (селолық)  жэне  құқық қорғау органдары кіреді. Мемлекеттік органдардың эр буыны туралы ерекше заңдар бар. Мысалы, прокуратура туралы Кон-ституциямызда оның мемлекет атынан еліміздің аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының жэне өзге де нормативтік-қүқықтык актілердің дэлме-дэл жэне біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің жэне тағы басқа эрекеттердің зандылығын жіті қадағалауды жүзеге асыратындығы айтылған. Құқықтық тэртіпті қорғауда ішкі істер органдары да үлкен рөль атқарады. Олардың міндеттері занда анықталған. Адам қүқығын, қоғамды, мемлекеггі ішкі жэне сыртқы қауіптерден қорғауда үлттық қауіпсіздік органдарының алатын орны ерекше

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тақырып. Мемлекттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

  1. Мемлекеттік саясаттың мәні мен қызметтері.
  2. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизімі.
  3. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдар.
  4. Мемлекеттік шешім түрлері мен формалары. Басқару шешімдерін қабылдау әдістері.

 

1-сұрақ.. Мемлекттік саясат – бұл қоғамның дамуға жетуін қамтамасыз ететін мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі. Ол қоғамдық ұдайы өндірістің барлық саласын қамтитын көпқырлы түсінік. Нақты өмірде мемлекеттік саясат жүйелік мақсаттарды өңдеу принциптерімен іске асу механизмдерін бейнелейтін саясаттар жиынтығын құрайды. Олар төмендегідей болып бөлінеді:

    • Мемлекттік экономикалық саясат.
    • Әлеуметтік саясат.
    • Қаржылық саясат.
    • Сыртқы экономикалық саясат.
    • Инвестициялық саясат.
    • Экологиялық саясат.
    • Аймақтық және т.б.

Мемлекеттің экономикалық саясатынының мақсаты жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті экономиканы құру. Мемлекеттік  экономикалық саясатты өңдеудің негізгі  міндеттері:

      1. Экономикалық құрылымдық өзгерістерін қамтамасыз ететін шараларды іске асыру;
      2. Ұлттық экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтау және қолдау;
      3. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4. Шағын кәсіпкерлікті қолдау;
      5. Импортты алмастыратын өндірісті қолдау;
      6. Әлемдік шаруашылық байланысты дамыту.

 

2-сұрақ.  Мемлекеттік саясатты іске асыру экономиканы тікелей және жанама реттеу жолдары арқылы іске асырылады. Ол мақсаттық бағыттарды өңдеу мен тікелей қаржыландыру, мемлекеттік тапсырыстар беру механизмдерін пайдалану және барлық қаржы экономикалық тетіктер жүйесін пайдалану негізінде экономиканың нақты секторларын дамыту үшін тиімді инвестициялық жағдай жасау арқылы бейнеленеді.

Конституцияға сәйкес Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттік  саясаты тұрғындардың қалыпты өмір сүруі үшін жағдай жасаумен адамдардың еркін дамуына бағытталған. Сондықтанда  мемлекеттік басқару органдары  белсенді әлеуметтік саясатты іске асырады, экономиканы әлеуметтік міндеттерді  шешуге бағыттайды.

Жаңа экономикалық ғылым мен  басқару теориясы әлеуметтік бағытталған  нарықтық экономика термині қолданады. Бұл мемлекеттің барлық әлеуметтік мәселелерді өз мойнына алады  дегенді білдірмейді. Тек мемлекет ресурстық мүмкіндіктер шегіне сәйкес әр түрлі әлеуметтік мәселелерге  қатысып, әлеуметтік қажеттіліктерді  қанағаттандырады. Әлеуметтік саясат экономиканы басқарудың маңызды  бағыттарының бірі бола отырып, мемлекеттің  өз тұрғындары мен қоршаған ортаны жалпылама жоғары және жанжақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ішкі саясаттың маңызды бөлігі болып  табылады.

Әлеуметтік  саясаттың маңыздылығы оның жұмысшы  күшінің ұдайы өндіріс процесіне, еңбек өнімділігінің жоғарлауына, еңбек ресурстарының білімділігімен біліктілігі  деңгейінен өндіріс  күштерінің ғылыми техникалық даму деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне  әсер етумен анықталады және берілген саясат еңбек және күнделікті өмір жағдайын жақсартуға, дене шынықтыру  мен спортты дамытуға бағытталған.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізігі міндеттері:

  • Қоғамдық қатынастарды үйлестіру. Яғни тұрғындардың қызығушылығын, қажеттілігін, қоғамдық қызығушылықтарымен сәйкестендіріледі. (қоғамдық саяси жүйені қалыптастыру)
  • Тұрғындардың материалдық жағдайын жоғарлату үшін жағдай жасау. Яғни халақтың өмір сүру деңгейін қалыпты ету үшін әлеуметтік мүмкіндіктердің төменгі деңгейімен қамтамасыз ету.
  • Барлық тұрғындардың әлеуметтік қорғалуын және оларды мемлекет пен кепілдендіретін негізгі әлеуметтік экономикалық құқықтар мен қамтамасыз ету.
  • Қоғамда жұмысбастылықты қамтамасыз ету.
  • Қылмыс деңгейін төмендету.
  • Білім беру, денсаулықты сақтау, ғылым мен мәдениет, тұрғын үй шаруашылығымен қамту.
  • Елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Әлеуметтік  саясатты өңдеуде меншік қатнастарын  түпкілікті өзгерту салдарынан әлеуметтік еңбек қатнастарын да өзгеруін ескеру қажет. Қазіргі жағдайда әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бұрыңғы  күйінде. Тек нарықтық экономикаға  тән кейбір жаңа элементтер пайда  болды:

  - еңбекпен қамту қызметі;

  - миграция қызметі; 

  - мемлекеттік емес сақтандыру  қорлары;

Әлеуметтік еңбек қатынастарының маңызды элементі келісімшарттық қатнас жүйесіне көшу әлі толық жолға  қойылған жоқ. Мемлекет әлеуметтік еңбек  қатынастарын реттеуде еңбек нарығына әсер етудің экономикалық және әкімшілік  әдістер рақылы әсер етеді. Еңбек  нарқын реттеудің әкімшілік әдістер:

  • Жергілікті бюджет есебінен жаңа жұмыс орындарын құру қоғамдық және уақытша жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Мемлекеттік оқу орындарында барлық мамандарды жұмысшыларды дайындау көлемін өзгерту. Кадрларды қайта дайындау біліктілігін көтеруді ұйымдастыру.
  • Жұмыспен қамтуда тұрғындарды әлеуметтік қорғауды ұйымдастырып, оларға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу.
  • Кәсіпорындар мен ұйымдарда төменгі жалақы деңгейін бекіту.
  • Ортақ тарифтік сетка арқылы бюджет саласындағы жалақы деңгейін реттеу.

Экономикалық шараларға жұмыс  күшіне сұранымды өсіру үшін мемлекет шаруашылық субьектілеріне белсенділікті  ынталандырады. Ол үшін банктік несие  нарқы мен шаруашылық субьектілірінің  табысына салық нарқын өзгертеді, дотациялар субсидиялар береді. Жұмыссыздықты  мемлекеттік реттеудің маңызды  бағыттарының бірі бұл барлық мамандандарылған жұмысшылардың тек ішкі нарықта  ғана емес басқа елдердің жұмыс күшімен  салыстырғанда бәсеке қабілетті  болатындай етіп, еңбек ресурстарының  сапасын жоғарылату.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру үшін келесі бағыттығы жұмыстарды атқаруы  тиіс:

1.Тұрғындардың  өмір сүру деңгейін жоғарлату.  Өмір сүру деңгейі ретінде  тұрғындардың өте қажет материалдық  игіліктермен қызметтерді қатамасыз  етуін айтамыз. Тұрғындардың өмір  деңгейінің 4 деңгейі бар:

  • Баршылық молшылық – жан – жақты дамуды қамтамасыз ететін деңгейі.
  • Қалыпты – физикалық және интелектуалды күштерді қалпына келтіруді қамтамасыз ететін деңгейі.
  • Кедейлік – еңбекке қабілеттігін сақтау деңгейі.
  • Жоқшылық - өмір сүру мүмкіндіктерін биологиялық критерилер бойынша ұстап тұру деңгейі.

2. Әлеуметтік  қорғаудың тиімді жүйесін құру. Тұрғындардың жарлы тобына өз  бетінше өмір сүрудің төменгі  деңгейін қамтамасыз ете алмайтын  науқастар мен мүгедектерге, көп  балалы жанұяларға мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалуды қажет етеді. Міне осы уақытта мемлекет арзан муниципалды тұрғын үй қорларын құрады. Тегін мемлекеттік мекемелер ашады.

Аз қамтамасыз етілеген жанұядағы студенттерге стипендия  төлейді, оқу ақысына жеңілдік жасайды, мақсаттық несиелер береді, тегін  дәрігерлік көмек көрсетеді.

Еңбек қатынастарын реттеу және тұрғындарды жұмыспен қамту 

                         Миграциялық процестерді реттейді

                         Зейнет ақы жүйесін жетілдіреді. 

                         Денсаулықты сақтау және әлеуметтік  сақтандыруды енгізеді.

Әлеуметтік  саясатты іске асыру үшін мемлекет келесі әдістерді қолданады:

    1. Құқықтық реттеу – барлық деңгейдегі мемлекеттік билікпен қабылданытын құқықтық актілер мен нормативтік актілер.
    2. Қаржы несиелік реттеу – қаржы құрылымдарын басқару мен байланысты тетіктерді пайдалану, бюджеттен тыс әлеуметтік қор құру.
    3. Жекшелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорынды жеке меншікке беру. (шектеулі түрде іске асырылады)
    4. Мақсаттық бағдарламалар өңдеу. Өте маңызды әлеуметтік мәселелерге байланысты әр түрлі бағдарламалар. Ол мемлекеттік бюджетті қаржыландырады.
    5. Әлеуметтік стандарттар – Қазақстан Республикасының конституциясымен бекітіліп, барлық тұрғындарға тегін берілетін әлеуметтік қызметтер көлемі.

Экологиялық саясаттың мақсаты экологиялық  жағдайды қалыпты ұстайтын әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ету.

Экологиялық саясаттың принциптері:

  1. Ортақ мақсатқа бағытталу.
  2. Қоршаған ортаны қорғауды сақтау.
  3. Ресурстар қорын сақтау, үнемдеу.
  4. Экологилық қауіпсіз техника мен технологияны қолдану.

Экологиялық саясатты іске асыру механизмдері:

  1. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын жетілдіру.
  2. Қоршаған ортаны қорғауды ынталандыру.
  3. Айыппұлдар салуды пайдалану.
  4. Нормалау және лицензиялау.
  5. Қоршаған ортаны қорғау шараларын өңдеу.
  6. Экологиялық қор құру және оны қоршаған ортаны қорғау шараларында пайдалану

 

3-сұрақ. Нарықтық институтутың қалыптасу жағдайында ҚР-ғы басқару жүйесі адам қызметінің іс-әрекеті нарықтық қатынастың мүмкін емес салаларында мемлекеттің үнемі және жедел араласып отыруын талап етеді. Мемлекет басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің өзекті бір тәсілі ретінде оны демократияландыру мәселесі алға тартылады. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың басты әдісі ретіндегі демократияландыру үрдісінің әлем тарихындағы тәжірибесі қолданылады. Алайда оны біздің елде іс-жүзіне асыру үшін мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін ескере отырып, мұқияттылықпен зерттеп бағалау керек. Бұл ретте 1948 жылы БҰҰ-ң Бас Ассамблеясы қабылданды «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» және «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» құжаттарды негізге алу керек. Аталмыш құжаттарды адам мен азамат қоғамының бастапқы тұлғасы, ал мемлекет пен оның басқа да институттары осыдан арна тартатын екінші тұлғалар деп мойындалған.

Осы заманғы  мемлекетті жіктеу мен сипаттау өлшемдерін зерттеу жаңа ғасыр мемлекетінің табиғатын едәуір күрделі деуге  негіз береді.

Біріншіден, мемлекет сыртқы аренада ұлттық егемендіктің иесі болып, сыртқы қатынастарға және құқықтық реттеуге монополиялық құқығын іске асырады. Екіншіден, мемлекет өз азаматтарының саяси бірігуінің пошымы ретінде көрінеді. Үшіншіден, мемлекет қоғамның істерін жария басқарудың субъектілерінің бірі болып табылады, сондықтан мемлекеттік басқарумен бірге қоғамдық басқару да жұмыс істеуге тиіс. Төртіншіден, мемлекет қоғамдағы заңдық мекеме қызметін атқарады.

 Мемлекеттік  басқарудың ұлттық  жүйесін жіктеу  өлшемі ретінде оларды қалыптастыру  негізіне алынған мемлекеттік  басқару теориясын, немесе тұжырымдамасы  алынады. Атап айтқанда әлемде  мемлекеттік басқарудың ұлттық  жүйесін ұйымдастырудың бес негізгі  тұжырымдамасы бар.

Біріншіден, барлық  жүйелердің ең қарапайымы – либералдық тұжырымға негізделінген мемлекеттік басқару жүйесі. Бұл жүйе ұлттық меншікті барынша жекешелендірумен, азаматтарға мемлекеттің әлеуметтік қызметі мен көмегін, сондай-ақ мемлекеттік басқару объектілерін қысқартумен ерекшеленеді.

 Екіншіден, мемлекеттік басқарудың неолибералдық тұжырымдамасының либералдық тұжырымдамадан айырмашылығы, мұнда, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, негізгі шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ азаматтық қоғамның кейбір субъектілерінің қызметін, құқықтық реттеудің неғұрлым баянды да әділетті режимі жасалады.

Үшіншіден, мемлекеттік басқарудың социалистік тұжырымдамадан ерекшілігі – іс-жүзінде барлық табиғи, қаржы және басқа ресурстар мен шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі демократиялық мемлекет иелігінде болады.

Информация о работе Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері