Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 22:06, реферат
Басқару – қоғамдық ғылым.
Басқарудың әлеуметтік–экономикалық заңдылықтары.
Мемлекеттік басқару эволюциясы.
Мемлекттік және жергілікті басқаруды зерттеудің әдістемесі мен әдістері
Қоғам үшін өндіріс,бөлу және айырбас кезеңдерімен қатар экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор.
Өнімді алу жеткіліксіз, оны тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану керек. өнім кейде сапасыз болуы,істен тез шығуы,үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін.Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну ұғымы өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін сипаттайды. Өсім беретін,еңбек өнімділігін арттыратын,ұлттық табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну.сондықтан тұтыну кезеңінде өнімнің қоғамға,адамдарға қандай пайда әкелетінін білген жөн.Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі-әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында анықтай аламыз.
Әлеуметтік
тиімділік- бұл қоғамның
Әлеуметтік тиімділік кез келген еңбектің маңыздылығын,ұтымдылығын және тиімділігін көрсетеді. Егер өнімге кеткен шикізаттық,энергетикалық және басқа да материалдық шығындарды «шегеріп тастасақ»,онда адамдардың еңбегі және таланты,білімі мен тәжірибесі,біліктілігі мен ар-ұяты толығымен әлеуметтік тиімділікте көрініс табады. Әлеуметтік тиімділіктің көлемі қоғамдық қүрылымдар мен реттеуіштердің ұтымдылығын сипаттайды.Егер экономикалық немесе өндірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік инфрақұрылымға,адамдардың денсаулығына және т.б) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе,онда мұндай жағдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымен қатар тапқан табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша,қысқа мерзімді қол жеткізген жетістіктер әлеуметтік тиімділікті білдірмейді.
Әлеуметтік
тиімділік жоғары сапа мен қазіргі
заманғы технико-технологиялық
Мемлекеттік басқару жайлы жоғарыда айтылғандар онымен атқарылатын іс-әрекеттің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы керек деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін,онда болып жатқан құбылыстар,қарым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі.Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып,сонымен бірге олардың ұтымдылық пен тиімділік тұрғысынан пайдалануын қадағалайды. Адамдардың тек ұятына,адал ниетіне,адамгершілік қылықтарына ғана сенім білдіру жеткіліксіз. Тек қана заңға, мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының орындалу міндеттілігіне ғана сенім артуға болады. Ал олардың нақты орындалу деңгейі қоғамға,адамдарға белгілі пайда әкелетін, оларды материалдық және рухани аспектіде дамытатын әлеуметтік тиімділікпен анықталуы қажет.
Мемлекеттік басқару қызмет түрі ретінде басқа басқару түрлерінен ең алдымен,мемлекеттік билік және мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылатындығымен, әлеуметтік топтар мен азаматтардың қоғамдық мүддесін білдіретін саяси басшылықтың, саясаттың басым рөлге ие болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан «мемлекеттік басқарудың тиімділігі» түсінігінің және оның өлшемдерінің мазмұнды анықтамасы «шығында-өнім шығару»моделі бойынша технологиялық операцияларды емес,бірқатар саяси аспектіден тұратын саяси субьектінің басқару қызметінің элементі болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі қабылданған шешімдердің іске асырылуының «шығындар-өнім шығару» немесе «шығындар-нәтиже» іспетті обьективті көрсеткіштермен емес,саяси жүйенің стратегиялық мақсаттарына жету және жалпы мемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың нәтижелері мен қолданылған әртүрлі ресурстардың арақатынасы арқылы анықтылады. Қорытындылайтын болсақ,мемлекеттік басқару тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатқа сай қызмет ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекеттік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұғым.
Тиімді басқару-қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізетін қызмет түрі.
Тиімділік- басқарушы субьектінің және қоғамның алдыға қойылған мәселелерді шешу үшін жұмсаған күш-жігерінің қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқанын білдіретін көрсеткіш.
Сонымен
«мемлекеттік басқарудың тиімділігінің»
категориясы келесідей
«Мемлекеттік
ресурстар»-қоғамдық мақсаттарға сай
болу тұрғысынан да, құқықтық негізделуі
жағынан да мемлекетпен белгіленетін
экономикалық, әлеуметтік,саяси,идеологиялық,
«Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» түсінігін анықтағаннан кейін тиімділік өлшемдерін қарастырған жөн. Тиімділік өлшемдері басқарудың көрініс табуының белгілерін,қырларын,әртүрлі жақтарын білдіреді. Оларды талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы,оның қоғамның қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келуі анықталады. Жүйенің, яғни мемлекеттік басқарудың субьектілері мен басқарушы обьектілерінің жиынтығының,атқарған қызметінің нәтижесін көрсететін мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері құрайды. Мұндай өлшемдер бір жағынан,қоғамдық дамудың (жалпыұлттық, аймақтық қажеттіліктерімен,мүдделерімен және мақсаттарымен обьективті түрде байланысты), ал екінші жағынан, толғағы жеткен қажеттіліктердің, мүдделер және мақсаттардың мемлекеттік басқару арқылы қанағаттандырылатын шамасын көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Осылардың негізінде мемлекеттік басқарудың қоғамның серпінділгі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге қаншалықты дайын екендігін анықтауға болады. Мемлекеттік басқару қоғамдық,ұжымдық және жеке қажеттіліктердің, мүдделер мен мақсаттардың дамуын үнемі және обьективті түрде зерттеуі, бағалауы және талдауы,сонымен бірге оларды жүзеге асырудың ұтымды формаларын,ресурстары мен құралдарын табуы қажет. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ұтымдылығы тұрғысынан алғанда,қажеттіліктер мен олардың негізінде туындайтын мәселелердің қоғамдық ресурстарды ұтымды қолдану арқылы,тұрақты да сенімді түрде дер кезінде және толығымен қанағаттандырылуы және шешілуі өте маңызды.
Басқарудың
жалпы әлеуметтік
3-сұрақ Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі. Функциялардың басқарудың басқа категориялармен өзара әрекеттесуі. Басқарудың функциялары-басқарылатын обьектіге тікелей мақсатты түрде ұйымдастыру және реттеу тұрғысынан әсер ету.
Мемлекет функциялары деп оның қызметінің негізгі бағыттары ұғынылады. Мемлекет функциялары дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі фунциялар – аталған ел көлеміндегі мемлекет қызметінің басты бағыттары. Сыртқы функциялар - мемлекеттің сыртқы саяси қызметтерінде, және оның басқа елдермен қарым-қатынастарында көрініс табады. Мемлекеттің төмендегідей ішкі функцияларын атап өтуге болады: экономикалық реттеу, әлеуметтік қорғау, құқық тәртібін, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету функциялары, экологиялық және мәдени функциялар. Сыртқы функцияларға төмендегілерді жатқызуға болады: ел қорғанысы, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау функциялары. Қазақстан Республикасының өзіндік функцияларына әлемдік экономикалық және саяси қоғамдастыққа ену функциясын жатқызуға болады.
Мемлекеттік
басқаруды құқықтық реттеуде мемлекеттік
органның құқықтық мәртебесіне басты
мән беріледі. Мемлекеттік органның
құүқықтық мәртебесі заңды
Біріншіден, мемлекеттік органдардың біртұтас жүйесіндегі жеке мемлекеттік органның алатын орны және өзіндік мән-мағынасын, болмысын жатқызуға болады.Мемлекеттік органнның қай билік түрін атқаратындығы, қай деңгейде орналасатындығы және атқарушы биліктің мамандандырылған кіші жүйелерінің қайсысына жататындығы оның құқықтық мәтребесінің анықталуына негіз болады. Және аталмыш белгілер органдардың тік және көлденең өзара қарым-қатынас тәртібін, бағынушылық үлгісін айқындайды. Осыған байланысыты мемлекеттік органның қарастырылып отырған құқықтық мәртебесінің осы элементі тиісті органның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын және мемлекеттік –құқықтық мағынасын айқындауға және сипаттауға бағытталыған.
Мемлекеттік
басқаруды құқықтық реттеуде оның обьектілерінің
ерекшеліктеріне сәйкес тиісті әдістер
қолданылады. Құқықтық реттеудің әдістері
басқарушы жүйенің әлеуметтік-
Олар:
4-сұрақ. Басқару құрылымының анықтамасы, мәні,және қасиеттері. Сонымен, мемлекеттік – басқарушылық ықпалдырды қалыптастыру және жүзеге асыруды қамтамасыз етумен байланысты болатын мемлекеттік-құқықтық институттар (элементтер), адамдардың сана-сезімі, тәртібі (мінез-құлқы) және қызметі мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің обьектілерін құрайды. Құқықтық мемлекетте басқару ісіндегі заңдылықты қамтамасыз етуде біріншіден, сот билігі,екіншіден,атқарушы билік,үшіншіден, халықтың саяси белсенділігі маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік басқаруды заңдылықты қамтамасыз ету құралы ретінде бақылау механизмдерін атауға болады.олар арқылы басқару шешімдерінің заңға сәйкестігі анықталады. Бақылау механизмдерінің түрлері:
Мемлекеттік басқаруды тиімді ету үшін заңдылық пен құқықтық реттіліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет.Оған мәжбүр етуден гөрі әркімнің өзі түсініп,саналы түрде орындау арқылы қол жеткізген абзал. Ал бұл мемлекеттік басқарудағы тәртіпке байланысты.
Тәртіп-әр
адамның келісілген ережелерді,нормаларды
орындау,пікір алмасу,нақтылы
5-сұрақ Мемлекеттің экономикалық функцияларына фискалдық саясат; несие-ақша саясаты; баға және табысты реттеу саясаты; әлеуметтік саясат; сыртқы экономикалық саясат; әкімшілік реттеулер; қысқа мерзімді реттеулер; ұзақ мерзімді реттеу; аймақты реттеу жаткызылады.
Тікелей мемлекеттік басқару - жекеленген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық (әсіресе атом энергетикасы), қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени – тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары т.б. мемлекеттік маңызы бар объектілер жатады. Бұл объектілер, әдетте, Мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады.
Жанама араласу. Араласудың мақсат-мүддесіне сай экономикалық саясат шаралары мынадай бзғыттарда қолданылады:
— күрделі қаржыны мүдделендіру және жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін қалпына келтіру (егер бұл мүмкін болса);
— жүмыспен қамту деңгейін барынша жоғарылату;
— кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ету үшін икемді баға саясатын жүргізу;
— кәсіпкерлер шығындарын негізгі (банк проценті, нақты жалақы) және жанама баптар бойынша қысқарту;
— тауарлардың, капитал мен жүмыс күшінің экспорты мен импортын мүдделендіру;
— жалпы бағалар деңгейі мен ерекше тауарлар бағасына ықпал жасау;
Информация о работе Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері