Басқару деңгейлерін
былайша бөліп көрсетуге болады:
халық шаруашылығы, салалар, территориялық
кешендер, бірлестіктер мен кәсіпорындар
мақсаттары.
Мақсаттардың
уақытша аспектілері бөліп көрсетіледі:
ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді немесе
ағымдағысы.
Нақты өмірде
мақсаттар белгілі бір ережеге
сәйкес бір- бірімен тоқайласады,
мақсаттар өз иерархиясында, егер осылай
деп айтуға келетін болса, белгілі
бір дәрежеде бір-бірімен матасқан.
Мәселен, әлеуметтік-саяси мақсаттарды
белгілеу өндірістік техникалық таңдауды,
ал алдағы кезеңнің мақсаттары – ағымдағыны
ұйғарады. Жалпы мақсат бірнеше локальдық
немесе жекелеген мақсаттармен нақтыланады.
Мақсаттардың
жіктеліміне сәйкес басқарудың тиісті
функциялары бөліп көрсетіледі.
Мақсатты
тұжырымдаудың салыстырмалы түрдегі
жаңа тәсілдемелері мен әдістерін
екі топқа біріктіруге болады:
зерттеу және эвристикалық (эвристика
(грек тілінен аударғанда - табамын)-
«аққиқаттты таба білу өнері» - адамдардың
логикалық жүйесі және теориялық
зерттеудің әдістемелік ережесі) әдістері.
Зерттеу әдістері
басқару мақсаттарын анықтаудың
экстраполяциялық тәсілдемесін; мақсатты
функцияны және шектеулердің жиынын
қамтитын экономикалық объекті моделіне
қолданылатын оңтайлы тәсілдемені;
объектіні алдағы кезеңге бейімдейтін
бейімдеуші тәсілдемені пайдаланады.
Мемлекет қоғамның ажырағысыз
бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық
ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін
қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік
басқару ісіне де және ол туралы
ғылымды қалыптастыру процесінде де
басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың
әдістері мен мәліметтері қолданылады.
Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік
басқару мәселесін өзінің зерттеу
тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда
мемлекет және құқық теориясы , саясаттану,
әлеуметтану, философия және тағы басқа
көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия-
табиғат, қоғам және адам ойының
дамуының жалпы заңдылықтарын
аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік
басқаруды қарастырғанда оның
мүмкіндіктері мен шегін, объективті
және субъективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану
– қоғамдағы мемлекеттің рөлін
және соған орай мемлекеттік
басқаруды халықтың әр түрлі
әлеуметтік, кәсіби және басқа
да топтарымен өзара байланыста
және қарым- қатынаста қарастырады.
Саясаттану
– мемлекетті ерекше саяси
институт ретінде , ең алдыме
мемлекеттік басқарудың орнын
көрсету тұрғысынан қарастырады.
Экономикалық
теория – мемлекеттік басқарудың
рөлін экономикамен байланыста
қарастырады. Ал мемлекеттік басқару
теориясы мемлекеттік басқарудың
мәні мен проблемаларын, оның
заңдарын, қағидаларын, нысандары
мен әдістерін, сондай- ақ мемлекеттік
басқарудың объектілері мен субъектілерінің
ерекшеліктерін қарастырады.
Аталған ғылымның
зерттеу саласы мемлекет, саясат,
мемлекеттік басқару, билік сияқты
негізгі түсініктерді қамтиды.
Осы пәннің негізгі саналатын
концепциясы саясаттың, құқықтық
басқару мен билік жүзеге асырылады,
ол құқыққа және саясатқа сүйенеді.
Мемлекеттің
әлеуметтік басқару саласындағы
қызметі қоғамдық қатынастар
мен адамдардың іс- әрекетін құқықтық
реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік
басқарудың заңдық аспектісі
туындайды, Бұл мағынада ол
білімнің саяси- заңдық саласы
ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай- ақ
жоғарыда айтылғандай мемлекеттік
басқару мемлекеттің тұтас қоғамға
жалпы ықпалы және де оның
әлеуметтік жүйенің әр түрлі
элементтерімен өзара әрекеті
қарастырылғандықтан, бұл әлеметтік ғылым.
Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы-
саяси- құқықтық және әлеуметтік ғылым.
Сонымен, мемлекеттік
басқару теориясының мазмұны
– қоғамды басқару институты
ретіндегі мемлекеттің маңызды
функцияларын, оларды жүзеге асырудың
заңдылықтары мен қағидаларын
оқып үйрену, басқарудың негізі
ретіндегі мемлекеттік саясатты
ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік
басқару теориясының пәні- қоғамды
басқарудың саяси – құқықтық
институты ретіндегі мемлекеттік
билік органдарының қызметін
және қалыптасатын саяси- құқықтық,
әлеуметтік қарым- қатынастарды
талдау болып табылады. Сондықтан
кешенді ғылымға жатқызамыз. Оған
келесідей ұғымдарды жатқызамыз:
мемлекеттің негізгі функциясы
ретінде басқаруды сипаттайтын
жалпы ұғымдар:мемлекеттік басқару,
басқару субъектісіндегі мемлекет
( мемлекеттік орган, аппарат,
мекеме), мемлекеттік басқару объектісі
( әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер,
әлеуметтік институттар); мемлекеттік
билік ( саяси, әкімшілік және
экономикалық); басқарудағы қатынастар
(ұйымдқ- экономикалық, әлеуметтік- саяси,
нормативтік- құқықтық);
- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымда: мемлекеттік басқару қызметі, басқару заңдылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезеңдерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық- мемлекеттік ұғымдар ұлттық- мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер және жалпы ұлттық топтар;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық , экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық- әлеуметтік және басқа да жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару
әр түрлі белгілері бойынша бірнеше
түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі
салаларға байланысты: тұтас қоғамды
басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік
басқару, саяси басқару, рухани- идеологиялық
басқару.
Мемлекеттік басқарудың
өзіне ғана тән ерекшеліктері
оны басқа басқару түрлерінен
ерекшелеп тұрады. Ондай ерекшеліктер
үшеу. Мемлекеттік басқаруда, ол
аталған басқару түрін жүзеге
асыратын оның субъектісі- мемлекет.
Мемлекет анықтамаларының айырмашылығына
және оның көп қырынан көрініс
табуына қарамастан барлық зерттеуші
ғалымдар бір ауыздан онда
шоғырланған билік күшін атап
өтеді. Мысалы В.Вебер: Мемлекет
дегеніміз адамдардың легитимді
күш қолдану арқылы екінші
бір адамдарға үстемдік етуі»-
деп жазған. Қоғамда адамдардың
тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз
ететін және оған мәжбүрлеу
арқылы қол жеткізетін мемлекеттік
құрылым туралы пікір қалыптасты.
Қазіргі заманғы философиялық
энциклопедияда мемлекет «адамдардың
біріккен іс- әрекеттерінің нәтижесінде
үнемі өзгеріп отыратын, қандай
да бір салада қоғамдық істерді
тәртіпке келтіретін үстемдік
ету құрылымы ретінде түсіндіріледі».
Осыдан мемлекеттің мемлекет
болып табылатындығы да оның
адамдарға қатысты мемлекеттік
билік шоғырланған және ол
қоғамда жүзеге асырады. Ал
билік өзара байланысты білдіреді,
оның процесі кезінде адамдар
материалдық, апараттық және басқа
себептермен өз еріктерімен немесе
күш қолдану арқылы басқалардың
үстемдігін, нормативті нұсқауларды
мойындайды, солардың талаптарына
сай іс- әрекеттер жасайды, өз
өмірлерін құрады. Мысалы: отбасында
да адамдар тобында, ұжымда , сол
сияқты салт дәстүрде, қоғамдық
пікірдеде билік болады, бірақ
мұның бәрін мемлекеттік басқарумен
салыстыра алмаймыз. Өйткені мемлекеттік
билік құқыққа негізделген, ал
оны жүзеге асыру күштеу құралдарына
ие болып отырған мемлекеттік
аппарат күшінде. Сондықтан мемлекеттік
басқаруда оның басқарушылық әсері мемлекеттік
билікке сүйенеді және сол арқылы қамтамасыз
етіледі. Осыдан мемлекет қандай, оның
мақсаты не және сол мақсаттарға қалай
қол жеткізу керек деген тағы басқа көптеген
тарихи мәнге ие болатын, шешімін табу
адамзатты өзінің даму кезеңінен бастап
толғандырып жүрген мәселелер туындайды.
Мемлекеттік
басқарудың екіші ерекшелігі
оның барлық қоғамға, тіпті
одан тыс, мемлекеттің халықаралық
саясатын жүргізу шеңберіндебасқа
адамдардың қоғамына таралуы.
Көп жағдайда бұл тезис мемлекет
адамдардың іс- әрекеттеріне араласады,
олардың өзара қарым – қатынастарын
басқарады деген сияқты түсінбеушіліетер
тудырады. Тек тоталитарлық мемлекет
ғана осыған ұқсас істерді
жасауға тырысты, оның өзінде
де қоғамға мүлтіксіз бақылау
орнатуға мүмкіндік болмағандықтан
оны жүзеге асыра алмады. Қоғамда
әрқашан аз да болса еркіндік
болады. Мемлекет пен қоғамның
өзара байланысының қалыпты варианты
адамдардың қоғамдық іс- әрекеттеріне
еркіндік, өзін- өзі басқару дербестік
тән екендігін көрсетеді.Алайда
үлкен тарихи тәжірибеде «әділдік»
заң арқылы, идеалды заң негізінде
, құқық негізде жүзеге асыру
керек деп қорытынды жасалған.
Адамның еркіндігі оның өзі
өмір сүріп жатқан мемлекетте
қабылданған заңдар іс жүзіне
асырылған кезеңнен басталады.
Сонымен қоғам, адамдар мемлекетке
қарсы күрес жүргізбей, құқықтық-
демокпатиялық мемлекет үшін
күресуі қажет. Еркіндікке мемлекетпен
бірге, соның көмегімен қол
жеткізген жөн. «Мемлекеттік басқарудың
барлық қоғамға таралу» проблемасы
мемлекеттің қоғамның қандай
да бір саласынан кетуімен, саланы
басқаруды тоқтатумен, кез келген
процестерді ұйымдастырудан бас
тартумен шектелмейді. Бәрі де
қоғамның даму жағдайымен, оның
өзін- өзі объективті реттеуіне
және басқаруына, адамдардың нақты
тәртіптеріне байланысты. Оның үстіне
қоғамның әрбір саласы мен
адамдарды тәртіпке келтіру, ерік
пен іс- әрекет бостандығы мемлекеттік
басқарудың жалпыға міндетті
және заң жүзінде бекітілген
тәртіп ережелерін қаншалықты
қатаң сақтай алатындығымен тікелей
байланысты. Болашақта да мемлекеттік
басқару өзінің бүкіл қоғамға
әсер ету қасиетін сақтай алады
деп ұйғаруға негіз бар. Бірақ
оның әсерінің ауқымы, терең тамыр
жаю, сипаты мен мазмұны бүкіл
қоғамның даму жағдайына қарай
ұнемі өзгеріп отырады. Сонымен
бірге ол өзінің ұйымдастырушылық,
реттеушілік және мақсатты бағытталған
әсерін тигізетін процестермен,құбылыстармен,
қатынастармен өзара байланыста
болуға бейім.
Мемлекеттік басқарудың өзіне
тән үшінші ерекшелігі.Мемлекет күрделі
және көп қырлы құбылыс бола отырып
және басқару субъектісі ретінде
басқаруға жүйелік сипат береді.Басқарудың
басқа түрлеріне қарағанда мемлекеттік
басқару бұл ерекшелігінсіз жүзеге
аспайды.Онда миллиондаған адам, көптеген
мемлекеттік органдар және басқа
құрылымдар, ал құрылымдарда лауазымды
тұлғалар жұмылдырылған. Мемлекттік басқару
әр түрлі материялдық, қаржылық және
интелектуалдық ресурстар мен ауқымды
ақпараттар қолданылады.Ол басқарушылық
шешімдер мен ұйымдастырушылық амалдардан
тұрады.егер әрбір лауазымды тұлға
өзінің қызметін Крылов мысалындағыдай
«аққу, шортан, шаян» құсап атқарса,
осындай басқарудың нәтижесінде
қоғамда қандай бейберекет орнайтының
елестету қиын емес. Сол себепті
мемлекеттік басқару ұшін жүйелік
ерекшелігі үлкен мінге ие болады.Осы
ерекшелік қана оған қажетті келісімділікті,
үйлесімділікті, белгілі мақсаткерлікті,
тиімділікті береді.
Сонымен қорыта
айтқанда мемлекеттік басқаруды
былай деп анықтауға болады: мемлекеттік
басқару- бұл мемлекеттік адамдардың
қоғамдық іс-әрекеттерін тәртіпке келтіру,
сақтау немесе қайта құру мақсатында өзінің
билік күшіне сүйене отырып практикалық,
ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері.Әрине,
күрделі қоғамдық құбылыстың кез келген
анықтамасы шартты сипатқа ие және шектеулі
болады, себебі берілген сипаттамаларға
кейбір элементтердің енбей қалуы мүмкін.Мемлекеттік
басқарудың ұсынылып отырған анықтамасының
ерекшелігі оның жүйелі ұйымдасқан субъект
ретінде басқарушы әсерді қабылдайтын
адамдардың қоғамдық өмірін, мемлекет
пен қоғамды байланыстыратын басқару
әсерін біріктіруінде. Ол өз кезегінде
мемлекеттік басқаруға әр қырынан теориялық
сипаттамалар беруге, дұрыс түсінуге және
тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік
береді.
Мемлекеттік
басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі
кездегі ғылым мен тәжірибенің
басты назарындағы мәселелердің
бірі болып табылады.Бұл мәселеге
шетел және Ресей ғалымдары да
өз еңбектерін арнағаны белгілі.
«Қызмет
тиімділігі» түсінігі кез келген
қызмет түріне,оның ішінде
Басқарушылық қызметте
де қлданылады.Экономикалық ғылымда
экономикалық тиімділік категориясы
және оны бағалаудыфң тиісті өлшемдері
енгізілген.Нарықтық бәсекелестік жағдайында
фирманы басқару процесінде қатысты
қазіргі заманғы менеджментте де
осы категория пайдаланылады. Оларды
бірқатар өзгертулер енгізе отырып,мемлекеттік
басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау
барысынды қолдануға болады.
«Қызмет
тиімділігі түсінігі»мемлекеттік басқару
теориясында жеткілікті деңгейде қаралмаған
және іс жүзінде толыққанды қолданылмаған
ұғымдарының біріне жатады.Ал,жалпы
қоғамның,әрбір басқарушының, басқарылатындардың
басқаруға және оның шешімдерін
жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың
қандай да нәтиже бергенін білуі қажет.
Сондықтан басқару тиімділігі жайлы
толық ақпаратқа ие болмай және оны
өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды
бақылау мен оны жетілдіру
жолдарын анықтау мүмкін емес. Көптеген
деректер осындай жағдайдың жетілмеген,жүзеге
аспаған мемлекеттік басқарудың
басты себебі болып табылатындығын
дәлелдейді. Саясаткерлер барлық игіліктерге
қол жеткіземіз десе де,көбіне мақсаттар
мен жоспарлар орындалмай қалады,күш-жігер
орынсыз жұмсалып,маңызды қоғамдық
және жеке құндылықтарға қол жетпей
жатады. Сондықтан,басқару тиімділігінің
мәселесі аса маңызды,мемлекеттік
басқарудың обьективтілігімен тікелей
байланысты.
Жалпы
тиімділік екі жағдайда: біріншіден,қол
жеткен нәтиже мен шыққан шығындар
арасындағы айырмашылық «оң»сальдоны,яғни
адам еңбегінің әкелген пайдасын
көрсеткенде,екіншіден осы айырмашылық
қоғамның,адамдардың нақты қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қабілетті болған
кезде көрініс табады. Кез келген
қызметтің нәтижесінде рухани және
материалдық өнімнің өсуі болмаса,әлеуметтік
жағдай жақсармаса,онда ол қызмет түрі
тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге
өнімнің өсуіне қол жеткізілген,бірақ
ол адамдардың мұқтаждықтарына,олардың
мәселелерін шешуге қолданылмаған
жағдайда да тиімділік жоқ деп
есептеледі.
Әртүрлі
мемлекеттік органдар және жергілікті
өзін-өзі басқару органдары көптеген
обьект түрлерін басқарады және олардың
әрқайсысының басқару тиімділігі де
әрқилы болады. Мысалы,қандай да бір
басқарылатын обьект белгілі бір
өнім өндірген немесе әлеуметтік қызметкөрсеткен
кезде туындайтын өндірістік тиімділік.
Басқарылатын обьектілердің қызметінің
нәтижесінде көрініс табатын
басқарудың мұндай тиімділігі өндірілген
өнім мен оны өндіруге кеткен шығындар
арасындағы арақатынасты білдіреді.
Ол басқарылатын обьект
шеңберінде еңбекті ұйымдастырумен
байланысты,
технологиялық сипатқа
ие және нормативтік-құндық шығын көрсеткіштері
бойынша өлшенеді.
Орталықтандырылған
жоспарлы экономикада өндірістік тиімділікке
қатты көңіл аударылды. Кәсіпорындар
(ұйымдар)берілген номенкулатуралық- натуралдық
көрсеткіштерге міндетті түрде қол
жеткізуі керек еді. Өндірілген
өнімнің қоғам мүшелерінің
талаптарын қанағаттандыруы өндірушілер
мен
оларды басқаратын мемлекеттік
органға да аса қажет болмады.
Өндірістік тиімділікке бағытталу
нәтижесінде қоғамда-инфляция,сапалы
тауар тапшылығы,жартылай бос нарық
орын алып,ал өндіріс саласында-ешкімге
керегі жоқ өнім өндіретін кәсіпорындардың
өзінде жоғары көрсеткіштер мен
жақсы табысқа қол жеткізілді.
Нарықтық
қатынастарға өту аталған жағдайды
өзгертеді,бірақ басқарылатын
обьектілердің барлығы
үшін емес. Олардың бірқатары-өндіріс
кезеңінде де,
әлеуметтік қызмет көрсету
саласында да өндірістік тиімділікке
бағыт-бағдар жасайды. Сондықтан оған
салыстырмалы экономикалық және әлеуметтік
сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді
үнемі жетілдіріп отырған жөн.
Нарықтық экономикасы дамыған
елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз,оны
айналым кезеңіне (бөлу және айырбастау)өткізіп,сатып
алушыларға сату қажет. Көптеген
өндірушілер үшін ұдайы өндірістік
кезең сауда-саттық әрекетін жасаумен
аяқталады. Осы кезде өнім тұтынушыға
жетіп,басқару тиімділігінің екінші
түрі-экономикалық тиімділік туындайды.
Экономикалық тиімділіктің өндірістік
тиімділікке қарағанда көпқырлы
және терең мағынасы бар. Ең
бастысы ол қоғамдағы қандай
да бір өнімге деген қажеттілікті
білдіреді,сұраныс пен ұсыныс
арақатынасын сипаттайды,өндірушіге
ұдайы өндірістік процестің барлық
кезеңдерін анықтап,белгілейді. Өндіруші
өндірілген өнім үшін нақты ақысын алады,ал
бұл жаңа және ұлғаймалы өндірісті бастауға
мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды
қайтаруға және табыс табуға жағдай жасайды.
Осындай тура және кері байланыс салдарынан
экономика өзіне қажетті серпінділікке
және өзін-өзі басқаруға ие болады. Нарықтық
экономикадағы барлық өндірушілердің
негізгі мақсаты экономикалық тиімділікке
қол жеткізу және басқару субьектілерінің,оның
ішінде мемлекеттік басқару субьектілерінің
де күш-қайраты осыған бағытталған.Экономикалық
тиімділіктің басқарылатын обьектілердегі
және басқарушы кіші жүйелердегі басқару
тиімділігін талдау мен бағалау үшін маңызы
зор. Оның шындыққа жанасуы өндіруші-монополистер,бағаны
жасанды түрде көтеру,нақты экономикалық
процестерге тән тағы басқа құбылыстар
орын алатын нарықтық экономиканың оңтайлылығымен
байланысты. Сондықтан мемлекет экономикалық
іс-әрекеттің ұтымды ережелерін жасап
қоймай, басқарудың экономикалық тиімділігін
анықтау арқылы олардың орындалуын бақылап
отыруы қажет.