Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 22:06, реферат

Описание работы

Басқару – қоғамдық ғылым.
Басқарудың әлеуметтік–экономикалық заңдылықтары.
Мемлекеттік басқару эволюциясы.
Мемлекттік және жергілікті басқаруды зерттеудің әдістемесі мен әдістері

Работа содержит 1 файл

Дәріс.docx

— 174.61 Кб (Скачать)

Әрбір ел үшін аталған мәселелердің белгілі тарихи кезеңмен байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Егер басқарушы күштер өз қызметгерінде жалпы даму зандьшықтарын білуді басшылыққа алуға қабілеттілік танытпаса, сондай-ақ өздері басқарып отырған халықтың жағдайын, даму деңгейін, дэстүрін, оның үміттерін ескермесе онда қоғамды басқару өзінің алдына қойған міндеттерін голық атқара алмайды.

Мемлекет  кез-келген қоғамдық-экономикалық жүйеде өзгеріссіз қалатын өзінің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету функциясымен қатар  оңтайлы институционалдық-құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруды және нарықтық механизм кемшіліктерінің орнын  толтыруды өз міндеті етіп қояды. Өйткені, А.Смит тұжырымдағандай, аталмыш  механизм кемшіліксіз емес және өзінің мүмкіндігінің шектеулілігіне орай халықтың сұранысын үнемі, бүтіндей және тиімді қанағаттандыра бермейді. Сондықтан да оның қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі туындайтыны  сөзсіз. Ең алдымен олардың қатарына адами даму мәселесін жатқызу  ләзім.        

       Елімізде  тәуелсіздіктің алғашқы кезендерінде  мемлекеттіліктің қалыптасуы, тәуелсіздікті  нығайту, экономиканы тоқырау  жағдайынан шығару және ел  ішінде тұрақтылықты сақтау үшін  жағдай жасау маңызды басымдылықтар  ретінде қарастырылды да, оларды  орындау үшін жағдай жасау  мақсаты алдыңғы орынға шықты.Осыдан  барып адами фактор мәселесі  екінші орында қалып, ал көп  жағдайда ескерілмеді де. Сондықтан  халқымыздың басым белігінің  өмір сүру сапасының көрсеткіштері  күрт төмендеп кетті.Оны қалпына  келтіру үшін өте ауқымды шаралар  кешенін жүзеге асыру, көптеген  қаржы жұмсау, осыларға қажетті  экономикалық мүмкіндіктерді пайдалану  керек болды. Экономиканы, әлеуметтік  сфераны және басқаруды қайта  құрудың бастапқы кезеңдерінде  жіберілген осы кемшіліктер адам  мүддесін кейінге қалдырудың  зияны үшан-теңіз екенін, ал түрақты  даму халықты тиісті тұрмыс  деңгейімен   қамтамасыз   етпейінше   мүмкін   еместігін  түсінуге алып келді.  Өйткені,  әлемдік тәжірибе дәлелдегендей,  қазіргі заманда коғамның ілгері дамуының негізгі күші адамға, оның халжағдайына, көңіл-күйіне, білім мен біліктілігіне, жаңашылдықпен жасампаздық қасиеттеріне тығыз байланысты болып отыр.Осыған орай кейінгі жылдары әлеуметтік салалар  мен адами дамуға да көңіл бөліне бастады. Күн тәртібінде тек экономикалық даму, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері ғана емес, осының негізінде әлеуметтік жағдайды, ел тұрмысын айтарлықтай жақсарту міндеті тұрды. Ал, ол мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетіні белгілі. Бұл саясат, әдетте, адамдардың әр түрлі қоғамдық, кәсіби, аумақтық және басқа да топтарын қамти отырып, мемлекеттің экономикалық саясатының шеңберінде жүргізілетін қызметінің нақты бағыты ретінде қарастырылады. Ұлттық табысты бөлгенде адами даму мүдделерін бірінші орынға қою әлеуметтік саясаттың негізгі мәселесі болып табылады да, қоғамның әрбір мүшесінің аса маңызды қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік әділеттілік әлеуметтік саясатты іске асырудың басты шартын құрайды. Сонымен қатар оны іске асыру барысында қоғамның әрбір мүшесі (отбасы) өзінің тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық күш-жігерін жұмсауы керек екендігі ескеріліп, мемлекет соған құқыктық-ұйымдастырушылық негіз қалыптастырып отыруы керек екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.    Адами дамудың қалыпты жэне қоғам талап ететін моделі халық сүранысының қажетгі материалдық жэне рухани игіліктермен қамтамасыз етілуін біртіндеп жақсартуды көздейді. Сондықтан да еңбеккерлердің табысының өсуін қамтамасыз ететін өндіргіш күштердің дамуы, материалдық және рухани игіліктермен қам-тамасыз етілуі олардың өмір сүру деңгейінің маңызды көрсет-кіштеріне жатады. Әлемдік тэжірибе дэлелдегендей, бірқатар дамыған елдерде табиғи жэне материалдық-қаржылық ресурстар олардың өркендеуінде маңызды рөлге ие болғанымен, еңбек пен оны ұйымдастыру өндірістің негізгі ресурсы ретінде қарас-тырылған. Мысалы, Жапонияда еңбек енімділігі өндірістік қызмет тиімділігінің негізгі жэне қорытынды көрсеткішіне жатады. Бүл елде еңбекке, оның сапасына, осы фактордың ішкі жағдайына ыкпалын тигізетін физикалық жэне рухани саулық, рухани байлық пен мэдениет, адамның жалпы және арнайы білім деңгейі, еңбек етуге психологиялық көзқарасы мен дайындығы, тәжірибесі жэне өзіндік дағдьшары - осылардың барлығы еңбек етудің тиімділігін артгырудың, эр түрлі қызмет көрсетуді ұйымдастырудың алғы-шартын, басты негізін құрайды. Осыдан барып әлеуметтік-экономикалық даму аталған қасиеттердің эрбір адамның бойынан табылуын, сақталуын, одан эрі дамытылуынталап етеді. Сондьщтан мемлекет өзінде бар барлық ресурстарын жэне қоғамдық даму үрдістерінің сипатына ықпал ету мүмкіндіктерін адами дамуды жақсарту жолына пайдаланады. 

     Адамдардың  еңбекқорлық жэне ізденгіштік  қабілетін дамыта алатын ортаны  қалыптастыру мемлекеттің негізгі  міндетіне жатады, өйткені тек  осы жағдайда ғана игіліктерді  өндіру мен адами дамуды жақсарту  мүдделері бір арнада тоғыса  алады. Экономикалық даму эрбір  адамға өзінің қабілетін қоғамдық  емірдің барлық салаларында, атап  айтқанда, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, саяси сфераларда барынша тиімді  қолдануын қамтамасыз етуі қажет.

      Бүгінгі  таңда қабылданатын экономикалық  шешімдердің үзақмерзімді әлеуметтік  және экологиялық салдарлары  келер үрпақтың даму жағдайына  да айтарлықтай ықпалын тигізері  сөзсіз. Сондықтан қоғамның қажеттіліктерін  келер ұрпаққа зиян келтірмей  қанағаттандыруды жүзеге асырған  жөн. Адамның таңдау еркін кеңейту  үрдісі бүгінгі ұрпақтың да, болашақ  ұрпақтың да мүддесі түрғысынан  жүргізілуі қажет. Осыған байланысты  мемлекет тарапынан атқарылатын  қоршаған ортаны қорғау жэне  қалпына келтіру міндеті үлкен  мәнге ие болады. Әлеуметтік жэне  экологиялық проблемалар, ағымдағы  жэне болашақтағы түтыну арасындағы  ымырашылдық кез келген елдің  үзақ мерзімді әлеумеггік-экономикалық  даму стратегияларының негізін  құрауы қажет деп есептелуі  жайдан - жай емес.

Мемлекеттің рулық  қауым құрылымынан айырмашылығын  мына белгілерден ажырата аламыз.

    • мемлекеттің егемендігі болады;
    • мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді;
    • мемлекеттің әкімшілік билік органы және басқару ісімен шұғылданатын адамдары болады;
    • мемлекет заңдар шығарып, солардың күшімен қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мемлекет анықтамаларының  айырмашылығына және оның көп қырынан  көрініс табуына қарамастан барлық зерттеуші ғалымдар бір ауыздан  онда шоғырланған билік күшін  атап өтеді. Мысалы В.Вебер: Мемлекет дегеніміз  адамдардың легитимді күш қолдану  арқылы екінші бір адамдарға үстемдік етуі»- деп жазған. Қоғамда адамдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекеттік құрылым  туралы пікір қалыптасты. Қазіргі  заманғы философиялық энциклопедияда мемлекет «адамдардың біріккен іс- әрекеттерінің нәтижесінде үнемі  өзгеріп отыратын, қандай да бір  салада қоғамдық істерді тәртіпке келтіретін үстемдіе ету құрылымы ретінде түсіндіріледі». Осыдан мемлекеттің мемлекет болып  табылатындығы да оның адамдарға  қатысты мемлекеттік билік шоғырланған және ол қоғамда жүзеге асырады. Ал билік өзара байланысты білдіреді, оның процесі кезінде адамдар материалдық, апараттық және басқа себептермен өз еріктерімен немесе күш қолдану арқылы басқалардың үстемдігін, нормативті нұсқауларды мойындайды, солардың талаптарына сай іс- әрекеттер жасайды, өз өмірлерін құрады. Мысалы: отбасында да адамдар тобында, ұжымда , сол сияқты салт дәстүрде, қоғамдық пікірдеде билік болады, бірақ мұның бәрін мемлекеттік басқарумен салыстыра алмаймыз. Өйткені мемлекеттік билік құқыққа негізделген, ал оны жүзеге асыру күштеу құралдарына ие болып отырған мемлекеттік аппарат күшінде. Сондықтан мемлекеттік басқаруда оның басқарушылық әсері мемлекеттік билікке сүйенеді және сол арқылы қамтамасыз етіледі. Осыдан мемлекет қандай, оның мақсаты не және сол мақсаттарға қалай  қол жеткізу керек деген тағы басқа көптеген тарихи мәнге ие болатын, шешімін табу адамзатты өзінің даму кезеңінен бастап толғандырып жүрген мәселелер туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тақырып. Бақаруға жүйелік көзқарас, басқару құрылымы мен қызметтері

 

  1. Басқарудағы жүйелік көзқарас, басқару функцияларымен құрылымы.Жүйелердің анықтамасы мен  олардың қасиеттері.
  2. Мемлекетті басқарудың құрылымдық жүйелі-мақсаттық моделі. Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.
  3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі. Функциялардың басқарудың басқа категориялармен өзара әрекеттесуі. Басқару құрылымының анықтамасы, мәні,және қасиеттері.
  4. Басқарудың ұйымдаструшылық құрылымын құру және олардың түрлері.
  5. Мемлекеттің экономикалық функциялары.

 

1-сұрақ. Жүйенің жалпы теориясы – күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.

Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап  беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.

Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттерге ие, өзара  ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал біріктіруші  қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей емес. (Берталанфи анықтамасы).

Кез келген жүйенің ерекшелктеріне жататындар:

  • тұтастық (оның элметтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);
  • құрылымдағы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі);
  • иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).

Жүйе, ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.

Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын  кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде  болатын, сыртқы әсерге жауап қататын  тұтас организм секілді.

Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элменттердің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.

Тұтастық  нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері  оның құраушы элменттерінің жай  жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда  әлдеқайда кең.

Барлық жүйелерді  шартты түрде үш түрге бөлуге болады:

  • техникалық;
  • биологиялық;
  • әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.

Бұл түрлердің  өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтары бар.

Менеджмент  үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса  зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі  жүйелер болып табылады, оған белгісіздік  тән.

Әсіресе, үлкен  айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездестіруге  болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы, адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар мен  қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі дамытады.

Әлеуметтік- экономикалық жүйенің басты ерекшелігі–  оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады.

Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары (подсистема) мен қосалқы жүйе (субсистема) ретіндегі  жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік  береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элменттердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары  иерархиялық жүйелер қатынасындағы  жүйе-жүйенің тармағы бола алады.

Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың тармағы ретінде қарастыруға  болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде  де, абсалюттік сипатта да бола береді.

Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді.

Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:

1. Жүйелер  арасында, ең алдымен, басқарушы  және басқарылушы жүйелер арасында  себеп-салдар байланысы болуы  керек. Бұл мынаны білдіреді:  басқару ісі жүйе мен басқарылатын  объекті өзгерістерге бірдей  жауап қайтарған жағдайда ғана  мүмкін болады, яғни кері байланыс  орнайды.

2. Жүйелердің  динамикалылығы. Жүйе бір сапалы  жағдайдан екіншісіне өте алатындай  қабілетке ие болуы керек, яғни  бір сапалы жағдайдан екіншісіне  өту барысында да, өтуден кейін  де ол жүйе ретінде қалуы  керек.

3. Жүйеде  процесс  ағымына әсер ете  отырып, оны өзгерте алатындай  параметрдің бар болуы.

4. Жүйенің  басқару ықпалын күшейте алатындай  қабілеті, яғни осы ықпалға жауап  қатып қана қоймай, оны тереңдететін  қабілетке ие болуы керек.

5. Басқару  ақпаратын табыстау, жинақтау және  жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз  ету.

6. Жүйелердің  тұтастай сипаты. Онсыз бақылау  мен басқару мүмкін емес.

Жүйеде басқару  барлық басқару жүйелеріне ортақ  аты аталған шарттар орындалғанда мүмкін болады.

 

2-сұрақ. Барлық басқару процесінің бастапқы кезінде оның мақсаттары анықталады.

Басқару мақсаттары әрдайым саналы түрде болады әрі  оны адамдар қалыптастырып отырады. Мақсаттар негізінде объективті болады, онда қоғамның тұтастай экономикалық және әлеуметтік даму заңдылықтары көрініс  табады. Басқару мақсаттарын дұрыс  анықтай білудің басқару жүйесін  қалыптастыруда маңызы зор.

Кезінде Ф.Энгельс  әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді, деп атап кеткен. Ф. Энгельске дейін  Спиноза Барух (ХVІІ ғ.), «мақсат әлемді билейді», деп айтып кетіпті.

«Өмірдегі максат адам қадірі мен бақытының жүрек  қағысы болып табылады» (Н.Д. Ушинский).

Мақсаттар өз мазмұндары, басқарудың деңгейлері бойынша  және уақыт қимасымен жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны өндірісті  басқару аспектілерінің күрделілігін әрі көп қырлылығын бейнелейді. Мақсаттар  мазмұны бойынша мыналарға бөлінеді: экономикалық мақсат, әлеуметтік мақсат, саяси мақсат және ғылыми-техникалық мақсат.

Экономикалық  мақсаттар ең алдымен елдің халық  шаруашылығының дамуымен, нақтырақ айтқанда, өндірістік күштер мен өндірісітік  қатынастардың дамуымен байланысты болады.

Әлеуметтік  мақсаттар қоғам мүшелерінің  материалдық және рухани қажеттіліктерін, сонымен бірге, оның әлеуметтік құрылымын  дамыту талаптарын нақтылап береді. Әлеуметтік мақсаттарға мәдениеттің, білім  берудің, денсаулық сақтаудың және тағы басқалардың даму міндеттері кіреді.

Саяси мақсаттар: оны кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі ретінде қарастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметі барлық бағытын қамтиды.

Бұл мақсаттар  қоғам дамуының барлық мақсаттарын  бір - біріне жанама түрде қатысты  етеді.

Ғылыми-техикалық  мақсаттар – ғылыми- техникалық прогресс қоғамдық өндірісті дамытудың  және қоғамдық өндірістің тиімділігін  арттырудың маңызды факторы болып  табылады әрі қоғамдық мақсаттардың қатарына кіреді. Алайда мемлекеттік  органдарға, ғылыми - зерттеу институттарына, жобалау институттарына, конструкторлық бюроға, ғылыми- техникалық ақпарат  ұйымдарына және т.б. сәйкес кешенді  түрде жүзеге асатын ғылым мен  техниканың даму мақсаттарының өзіндік  ерекшеліктері болады.

Информация о работе Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері