Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 22:06, реферат

Описание работы

Басқару – қоғамдық ғылым.
Басқарудың әлеуметтік–экономикалық заңдылықтары.
Мемлекеттік басқару эволюциясы.
Мемлекттік және жергілікті басқаруды зерттеудің әдістемесі мен әдістері

Работа содержит 1 файл

Дәріс.docx

— 174.61 Кб (Скачать)

     Басқарудың  сызықты – функционалды құрылымы – басқару әсері сызықты орындалуы міндетті және функционалды ұсынылатын болып екіге бөлінетін құрылым. Жалпы жетекші құрылымның барлық бөліміне сызықты әсерді орындайды, ал функционалдық жетекші (экономикалық, инженер – техникалық және т.б.) бөлімде орындалатын жұмысқа функционалды әсер етеді.

      Басқарудың  сызықты штабты құрылымы; – бұл құрылымда сызықты жетекшілер үшін мамандандырылған  функционалдық бөлімшелер – белгілі бір мәселелерді (аналитикалық координациялық,жүйелі жоспарлау және басқару, арнайы және т.б.) шетелдік штаб құрылған. Штабтар басқару функциясын атқармайды, тек сызықты жетекшілерге ұсыныс, проект дайындап береді. Басқарудың «өнімдің құрылымы – еркшклігі кәсіпорынның қызмет істеу деңгейі мен өндірісте өнім шығару бойынша функцияның оңашалануы болып  табылатын құрылым.

      Басқарудың  инновациялы - өндірістік қрылымы – басқаруы нақты бөлімшелерге бөлінген  құрылым. Бөлімшелердің бөлініп шығуы инновациялық функцияға қатысты оған  стратегиялық жоспарлау, жаңа өнім шығару үшін өндірісті құру мен дайындау, өндірісті  жөндеуді оперативті басқару функциясы және меңгерген өнімді өндіру жатады.  Мұндай  құрылымның пайда болуы – басқару аппаратының ағымдық жұмыспен  зерттелуінен пайда болды. Мұндай жағдай қызметкерлердің өнімді, техникамен технологиялық өндірісті жаңартуы қиынға түседі. Мұндай құрылымды жиі өнімін жаңартып отыратын кәсіпорындарда тиімді  пайдалануға болады. Басқарудың жобалық құрылымы – кәсіпорыды немесе ірі жобаны ұйымдастырушыларды тиімді басқарудың парлелді орындалуын қамтамасыз ететін құрылым. Осған орай белгілі бөлімшелер жиыны құрылады, бөлімшелер жетекшісі бар жеке жобаларға қатысады. Жетекші жобаның уақтылы және саплы құрылуына жаупкершілікті алады. Ол өзінің бөлімшелеріндегі бағынушыларды басқаруға және бақылауға толық құқығы бар, ал өз жобасына қатысты емес бөлімшелерге араласа алмайды. Бұл құрылым орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған түрде құрыла алады. Орталықтандырылмаған түрінде –  функционалды және көмекші бөлімшелер жоба бөлімшелері бойынша бөлінеді және жоба жетекшісіне бағынады, ал орталықтандырылған түрінде - фунционалды және көмекші бөлімшелер жоба бөлімшелеріне ортақ болады және де кәсіпорын жетекшісіне бағынатын  болады.

Басқарудың  матрицалық құрылымында – басқарудың тігінен сызықтық және функционалдық байланысы көлденең байланыспен  тіркеледі. Функционалдық бөлімшенің  персоналы, олардың құрамында және бағынушысы бола тұра жоба жетекшісінің немесе арнайы штабтың нұсқауларын орындайды. Штабтар жеке жобалар мен жұмыстарды басқару үшін құрылған. Жоба жетекшілері жұмыстың құрамын, орындалуын бекітеді, ал функционалдық бөлімшенің жетекшісі олардың уақтысынды тиісті жұмыстың атқарылуына жауапкершілікті алады. Жүйелік және жеке ұйымдарда қолданылады.

      Басқарудың  дивизиондық құрылымында – ұйымның ішінен дербес бірліктің «дивизиондардың» өнім, инновация немесе нарыққа өткізу бойынша бөлініп шығады. Коорпоративті басқаруда қолданылады, яғни өндіріс көлемі үлкен, жұмысшылар саны көп, әр түрлі өнім шығаратын, өткізу нарығы кең ұйымдарда қолданылады. Басқарудың өз алдына өзгеше бір қызмет көрсету саласы болып түбегейлі зерттелуі өткен ғасырдың туындысы болып табылады. Жазушылардың көбі осы жаңа ұғымның 1900 жылы F.W. Taylor мен көмекшілерінің ғылыми басқару нәтижесінде пайда болды деген пікірде. Басқару теориясындағы сатыларды тарихи эволюция негізінде төмендегідей етіп қарастыруымызға болады.

 

 

2-сұрақ.  Басқару процесі туралы сөз ету үшін төмендегі шарттардың болуы қажет.

  1. Басқару процесінің болуы үшін бірден көп адам санының болуы қажет. Жануар мен заттардың басқармасы болуы мүмкін емес. Жануарлар бағылады, автомобил жүргізіледі, заттар қолданылады.
  2. Басқарудың болуы үшін тек қана адамдардың болуы жеткіліксіз. Сонымен бірге адамдар өзара кәсіби байланысты жұмыс істеулері қажет.
  3. Бірге істелеті жұмыстың мақсатына сай болуы керек. Мақсатсыз ұйым болмайды.

Басқару теориясында ішкі және сыртқы басқару деген ажырату  бар. Басқару әсерлері басқарылатын жүйе өзінде, өзінің ішінде қалыптасқан  басқаруды ішкі басқару деп атайды. Басқару әсерлерін жүзеге асыратын басқару органы басқарылатын жүйемен  шаруашылық кешенін түзетеді. Басқару  органы, сонымен қатар басқаруды  жүзеге асырушы адамдар ішкі басқару  кезінде басқарылатын ұжымның құрамына, штатына кіреді.

Сыртқы деп басқарылатын жүйеге басқару әсерлері сырттан  беріліп тұратын басқарудың түрін  айтады. Бұл жағдайда басқару басқарылатын жүйенің құрамына кірмей, жеке сыртқы орган болып бөлінеді.

         Ішкі басқару                                            Сыртқы басқару

 

1-сурет. Ішкі және сыртқы басқарудың сызбанұсқасы

 

Сырттай басқаруды жүзеге асыратын адамдар, басқарылатын ұйымның  штатына қосылмайды, олардың жұмысшылары  болып саналмайды.

Ішкі және сыртқы басқарудың сызбанұсқасы сурет 1.2-де көрсетілген.

Кәсіпорындар, мекемелерге, олардың бөлімдеріне (цех, лаборатория) байланысты шартты дәреже түрі екендігін  атап өту керек. Мысалы, бөлімше жетекшісінің ұйғарымы бөлімшеге байланысты ішкі болады, ал өндірістік дирекциясының  берілген бөлімшеге байланысты сұрақтар бойынша шешімі сыртқы деп қарау  дұрыс болады. Сонымен қатар, өз іс-әрекетін бүкіл кәсіпорынға тарататын  кәсіпорын дирекциясының шешімін  ішкі басқаруға жатқызу қажет.

Ұйымның жұмыс  істейтін ортасы сыртқы факторларды  қалыптастырады. Оларға басқарушылық жүйе онша әсерін тигізе қоймаса да, пайда болған проблемаларды шешу барысында, басқарушылық жүйені есептен шығарып тастауға болмайды. Осы ұйымның әрекетімен тікелей байланысты жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер арқылы реттейтін органдар, несие берушілер және қоғамның басқа институттары оның жұмысында пайда болған проблеманың сипатына және оларды шешу жолына тура әсерін тигізеді. Бұған мысал біздің қазіргі жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қатынастардың түбірімен өзгеруі және барлық кәсіпорындар арасындағы байланыстардың күрделіленуі жатады. Қазіргі кей кәсіпорындарда жұмыс түгелдей тоқтап тұр, басқаларында шығарылатын өнімнің ассортиментін өзгертуге тура келеді, үшіншілері жабдықтаушылар мен тұтынушыларды іздеудің ауыр жолында. Тағы да айта кететін бір жағдай - ол тұтынушылар жағынан кездесіп, пайда болатын проблемалар. Көптеген сүрақтар түріне жауап беруге тура келеді: бұйымның ассортименті мен сапасьш өзгерту керек пе?, "ескі" өнімді сату үшін жаңа рыноктар іздеу керек пе?, өндірісті және компанияның басқа бөлімшелерін қайта кұру керек пе дегендей.

Сыртқы факторлардың екінші тобы ұйымның әрекетіне қосымша  әсерін тигізеді, тәжірибеде менеджерлер  оны қарай алмайды, бірақ та сөзсіз есепке алынулары керек. Бұл жерде  елдің немесе аймақтың экономикалық жағдайы, ғылыми-техникалық, әлеуметтік даму деңгейі, әлеуметтік-мәдени және саяси жағдайлармен қатар, осы ұйым үшін басқа еддердегі елеулі өзгерістер қашанда есте болуға тиіс. Ұйымның  жұмысына елдің экономикалық жағдайы, өндіріс құралдарына және жұмыс  күшіне қол жету мүмкіншілігі, баға мен инфляцияның деңгейі, қоғамдық еңбектің өнімділігі, тұтынушылардың кірісі, үкіметтің қаржы, салық саясаты  сияқты параметрлер ортасы әсерін тигізеді.

 

3-сұрақ. Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды обьективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен-Теологиялық теория,ол мемлекттің пайда болуының құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430жж.) және Фома Аквинский(1225-1274жж.) болып табылады.Оның негізіне мынадай постулаттар бар: мемлекттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаулардан шықты , оны ешкім де шайқалта алмады.  Осы теорияға сәйкес , барлық мемлекет басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік –жігшерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады.

       Патриархалдық  теориялар мемлекет отбасының  өсіп-өркендеуінен пайда болады  деп түсіндіреді.Оның өкілдеріне  ежелгі грек философы Аристотель(б.д.д.384-322жж.), сонымен бірге орыс социологы  Михайловский (1842-1904жж.) жатады.

       Келісім-шарттық  пайда болу теориясы қоғамның  табиғи жағдайының мемлекеттікке  ауысуы келісім жолымен жүргізіледі  деп есептейді. Бұл теорияның  өкілдері Гуго Гроц (1983-1646жж.) Дж.Локк(1632-1704жж.),Томас Гоббс(1588-1979жж.),Шарль Монтаскье(1689-1755жж.),Дени Дидро(1713-1784жж.)жәнеЖан-Жак Руссолар(1712-1778жж.) қоғамдық келісімнің негізгі ережелерін ойлап шығарды, соған сәйкес халық билікті мемлекетке береді , ол өзкезегінде билікті ұлттың мүддесіне сай жүзеге асыруға міндетті.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін  қалаған американ инженері Фредрек  Тейлор (1856-1915). Ф. Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын денгейінде ұйымдастыруды  қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмирсон(1853-1931), Г.Форд ()1863-1947), Френк  Гилберт (1868-1919), Лилиян Гилбберд (1861-1919)т.б. ғылыми мектепті одан әрі дамытты.

Классик үлгідегі мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдаль Урвиг, Джеймс Муни, А.К. Райли  басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Мемлекеттік басқару ісін ғылым  жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне  Анри Файоль алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғ. 20-жылдардың  аяғы мен 50-жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару  жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл  мектептің негізін қалаушылардың  бірі америакн экономисі – Элтон  Мэйо(1880-1949) . Американдық зерттеушілер де – Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам  Маслоу (1808-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері б.т.

1950-60 жылдарда «басқару ғылымы н/е  сандық ықпал» мектебі өмірге  келді. Бұл мектептің өкілдері  американдық ғалымдар С.Черчмен  Джеймс Марч, Герберт Сайман, Райд  Джей Форрестер, Х.Райфа. 20-ғасырдың 60-жылдарында менеджментте «ситуациялық  әдіс» деген жаңа бағыт қалыптасты.

Дәстүрлі  басқару кезеңі, алғашқы және орта дәуірдегі ойшылдардың іс- әрекеттері, сауда-саттығы және басқаруы туралы ой-пікірлер мен көзқарастары арқылы басқарушылардың құрған ұйымдарды  да қамтиды. Дәстүрлі басқару ой- пікірді  туғызған мәліметтер жиынтығы, көбіне ақыл мен логикалық талдаулармен байланысты болғандықтан, бұл философиялық сипатқа ие.

Дәстүрлі  басқарудың көбіне “Автократиялық”  және бақылаумен байланысты белгілі  бір ерекшелігі бар. Қытай қамалының, Мысыр пирамидаларының және Рим  амфитеатрларының құрылысында толығымен  зорлық-зомбылыққа сүйенген басқару  әдісі қолданылған.

 

4-сұрақ. Қоғамды мемлекеттік басқарудың объективті қажетгілігі жалпы тарихи жэне элеуметгік-саяси, сонымен қатар нақты қоғамның тек өзіне тэн факторлардан туындайды. Аталған факторлардың бірінші тобы мемлекет болмысымен байланысты.

Қазіргі ғьшыми деректерге сэйкес алғашқы мемлекет адамдар қауымдастығының өмір сұру шартына айналған еңбек қыз-метінің жаңа нысандарын, өндіруші экономиканың қызмет етуін ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету үшін пайда болады, деп жазады профессор А. Венгеров. Осыдан келіп, ең алдымен, қоғамға ақпараггық қызмет көрсетуді көздеген басқарушылық (жұмыстар туралы эр түрлі мәліметтер жинақтау жэне т.б.) функция туындайды. Қоғамнан негізгі кэсібі ұйымдастырушылық қызмет көрсету болып табылатын адамдар тобы бөлініп шығып, көптеген басқарушылық лауазымдар пайда болды: жұмысты басқарушылар, эскери басшылар, есепшілер жэне т.б. Бүл топ мемлекет аппаратын -алғашқы бюрократияны құрды. Уақыт өте келе қоғамның эр тұрлі топтарға жікгелуі осы топтардың мемлекетті жаулап алуына жэне оны өз мүдделеріне бейімдеуіне әкелді.

Топтар  мен жіктерге элеумеггік бөліну жэне оларға тэн қарама-қайшы мүдделер мен қайшылыққа толы өзара қарым – қатынастар мемлекетгің саяси функциясына - қоғамдық жэне элеуметтік қатынастарды реттеуге деген қажеттілікті туғызды. Мемлекетгік аппаратта ерекше дэрежелі тоіггар шоғырланғандықтан элеуметтік реттеу функциясы негізінен  осы топтардың халықтың қалған бөлігіне үстемдік орнатуын қамтамасыз етіп отырды. Осы функцияны орывдау сэтінен бастап мемлекет саяси институтқа айналады.

 Қоғам мүшелерінің жүріс-тұрысының, тәртібінің жалпы ережелерін бекіту және қатаң сақтау, сондай-ақ қоғамға қажетті қызмет түрлерін (өндірістік сауда жэне т.б) үйымдастыру мен реттеу мемлекетгің пайда болу мен даму кезеңінен бергі негізгі міндеті болып табылады. Аталған қауымдастықтың аумағын қорғау функ-циясын да үнемі мемлекет атқарып отырған.

Мемлекеттік басқару саяси бірлестікке біріккен адамдардың ортақ ерік — мүддесін білдіретін орталықтандырылған билік арқы-лы жүзеге асты. Халық сайлайтын немесе билікті мүрагерлікпен алатын беделді түлғалар тобы тікелей билікке ие болды.

Бүгінгі танда  аталған факторлардың ешқайсысы  да үлымды басқарудың заңды негізі (детерминанта) ретінде өз мэнін жоғалтқан емес. Керісінше, олар күрделене түсуде. Қоғамның көптеген басқа да объективті қажеттіліктері қалыптасты, ал ол қажеттіліктерді кез-келген мемлекет тек адамдардың біріккен қызметі мен қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін жэне формаларын саналы түрде ұйымдастыру мен басқару арқылы қанағатгандыра алады. Осыған орай ғылым мен техника саласындағы, ақпараттар жүйесіндегі жаңалықтар бірінші кезекте адамның қауіпсіздігін, оның өмір сүру ортасын сақтау мэселесін алға тартып отырғанын айта кеткен жөн. Қоғамның жаңа өндірістік-техникалық жэне экономикалық базисі элеуметтік қүрылымның, қоғамдық еңбек бөлінісінің, элеуметтік институттардың, адамдар қажеттіліктерінің мазмүлы мен қүрылымының, олардың арасындағы байланыстың сапалы тү_рғыдан өзгеруіне себеп болды, жаңа қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар туғызды. XX ғасырдың екінші жартысы мемлекеттер-дің адам құқығы мен бостандықтарын қорғау мэселелерін шешуге басты назар аударып, элемнің көптеген елдерінде демократиялық режимдердің орнығуы мен даму кезеңі болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері