Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 22:06, реферат
Басқару – қоғамдық ғылым.
Басқарудың әлеуметтік–экономикалық заңдылықтары.
Мемлекеттік басқару эволюциясы.
Мемлекттік және жергілікті басқаруды зерттеудің әдістемесі мен әдістері
Әлеуметтік тиімділік- бұл қоғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында,сонымен қатар тиісті материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды пайдалануда жалпы оң нәтижлерге қол жеткізуі. Егер оны «өндіріс-бөлу-айырбас-тұтыну» жүйесіне қолданатын болсақ,ол тек өндіріс кезеңінде ғана емес,басқа да кезеңдерде орын алып,жүйе үшін ортақ болып,жалпы оның жағдайын сипаттайды.
Әлеуметтік тиімділік кез
Әлеуметтік тиімділіктің көлемі қоғамдық қүрылымдар мен реттеуіштердің ұтымдылығын сипаттайды. Егер экономикалық немесе өндірістік тиімділікке
табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа
жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік
инфрақұрылымға,адамдардың денсаулығына
және т.б) зиян келтіру есебінен қол
жеткізілсе,онда мұндай жағдайларды
әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз.
Сонымен қатар тапқан табыстарға
сай келмейтін қорларды қолдану
арқылы уақытша,қысқа мерзімді қол
жеткізген жетістіктер
Әлеуметтік
тиімділік жоғары сапа мен қазіргі
заманғы технико-технологиялық
Мемлекеттік басқару жайлы жоғарыда айтылғандар онымен атқарылатын іс-әрекеттің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы керек деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін,онда болып жатқан құбылыстар,қарым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып, сонымен бірге олардың ұтымдылық пен тиімділік тұрғысынан пайдалануын қадағалайды. Адамдардың тек ұятына,адал ниетіне,адамгершілік қылықтарына ғана сенім білдіру жеткіліксіз.Тек қана заңға, мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының орындалу міндеттілігіне ғана сенім артуға болады. Ал олардың нақты орындалу деңгейі қоғамға,адамдарға белгілі пайда әкелетін,оларды материалдық және рухани аспектіде дамытатын әлеуметтік тиімділікпен анықталуы қажет.
Мемлекеттік басқару қызмет түрі ретінде басқа басқару түрлерінен ең алдымен, мемлекеттік билік және мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылатындығымен, әлеуметтік топтар мен азаматтардың қоғамдық мүддесін білдіретін саяси басшылықтың,саясаттың басым рөлге ие болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан «мемлекеттік басқарудың тиімділігі» түсінігінің және оның өлшемдерінің мазмұнды анықтамасы «шығында-өнім шығару» моделі бойынша технологиялық операцияларды емес, бірқатар саяси аспектіден тұратын саяси субьектінің басқару қызметінің элементі болып табылады.
Мемлекеттік
басқарудың тиімділігі қабылданған
шешімдердің іске асырылуының «шығындар-өнім
шығару» немесе «шығындар-нәтиже»
іспетті обьективті көрсеткіштермен
емес,саяси жүйенің
Қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқару тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатқа сай қызмет ретінде өзіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекеттік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұғым.
Тиімді басқару-қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізетін қызмет түрі.
Тиімділік- басқарушы субьектінің және қоғамның алдыға қойылған мәселелерді шешу үшін жұмсаған күш-жігерінің қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқанын білдіретін көрсеткіш.
Сонымен «мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» категориясы келесідей түсініктер арқылы анықталады: «қоғамдық мақсаттар», «нәтижелер», «қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделер». Олардың әрқайсысы мемлекеттік басқарудың саяси астарымен бірге өзіндік белгілерін анықтайды.
4-тақырып. Қазақстан
Республикасының Конституциясы
1-сұрақ. Қазакстан Республикасынын әлеуметтік-экономикалық дамуьн баскарудагы дербестілік саяси алғы шарттарының қажеттілігін ескертеді. 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті.
Орталықтың Республика мен
оның аймақтарының мүдделерін
сскермеуі, когамдык және
Рсспубликамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алгашарттаі» қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Рсспубликаның Ата Заңының (Конституциясының) қабылдануы мсмлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республйкасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жыллын 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекетгік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси-экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, шикі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени қүндылықтарына, материалдық, қаржылық ресурстарына, өндірістік жэне өнлірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.
2-сұрақ. Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Буған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса манызды езіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекетгік бюджет калыптасуы, салық жөне кедем жүйесін ұйымдастыру жатады. Қазакстан Рсспубликасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әртүрлі нысандарына негізделді. Мемлекет заң алдында меншіктін барлық субъектілсрінің теңдігін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, жеке меншіккс қол сұғуға болмайды.
Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мсн қолдауды қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез-келген шектеуіне жол берілмейді.
Бесішіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.
Бұл кағидалар Қазақстан
экопомикасын басқарудың
3-сұрақ. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы болып табылады. Онда қоғам мен мемлекет өмірінің мэселелері заңды түрде рэсімделген жэне бекітілген: азаматтың жэне адамның міндеттері мен бостандығы, қүқығы, сонымен қатар мемлекеттің құрылу қағидалары мен қоғамның экономикалық негізі. Конституция завдар мен басқа да нормативтік акгілердің негізгі қайнар көзі болып табылады, кез келген органдар қабылдаған заң, Президент жарлықтары, Үкімет қаулысы, министрліктер бұй-рықтары, жергілікті мемлекеттік органдар шешімі Конституция принципіне, идеяларына, нормаларына толық түрде сай болуы жэне солардың негізінде қабылдануы тиіс жэне оған қайшы келмеуге тиіс. Кез келген қүқықтық акгінің Конституцияға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл қүқықтық актіні зандық күшінен айырады, оны жарамсыз етеді.Конституция ережелерін, нормаларын сақтау талаптары тек мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар ғана емес, сонымен бірге азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер үшін де міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің тэуелсіздігі жэне егемендігі бекітілген. Қазақстан мемлекетінің егемендігі келесі белгілер арқылы сипатталады: Қазақстан мемлекетінің өзінің Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстанмен шектесетін тарихи қальштасқан аумағы бар. Мемлекетгің аумағына қол сұғылмайды жэне бөлінбейді. Мемлекет аумағына баса - көктеп кіру агрессия болып саналады, ал ол халықаралық құқықпен жауапқа тартылады.
Конституцияда Қазақстан мемлекеттер арасында ынтымақ-тастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жургізеді делінген. Республикаға қарсы агрессия жа-салған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер тенген жағдайда Президент республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде эскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заң бойьшша біздің мемлекет өз аумағының шекарасын қүрлықта да, теңізде де, эуе кеңістігінде де Қарулы күштерімен күзетеді. Шекаралық эскер аумақтың тұгастығына төнген кез келген қауіптерге, қаруланған баса-көктеп кіруге қарсы тұрып, халықты қылмыстық қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс
Азаматтық мэселелері Конституцияда, «Қазақстан Республикасының азамат-тығы туралы» занда, заң күші бар Президент жарлықтарында анықталған. Азаматгың — мемлекетгің адамдармен тұрақты саяси байланысының көрінісі. Осындай байланыстардан мемлекет пен азаматтардың өзара қүқықтары мен міндеттері туындайды. Мемлекет, оның органдары өзінің азаматтары өз бостандықтары мен құқықтарын қолдана алуына жағдай жасауға міндетті. Азаматтар, кез келген адам Конституция мен зандарды сақтауға, мемлекетгік тілді, Қазақстанда тұратын барлық үлт азаматтарының тілдерін құрметтеуге, олардың салт-дэстүр, эдет-ғүрыптарын қадірлеуге, ел экономикасының нығаюына ат салысуға міндетті.
Қазақстан Республикасында Конституцияда белгіленгендей элеуметгік мемлекет қүрылуда. Бүл Конституция мен заңцарға сай халықтың ешқандай таптарға бөлінбейтінін білдіреді. Мемлекет халықтың барлық тобын өз қамқорлығына алады: шаруаларды, жү-мысшыларды, кэсіпкерлерді, зейнеткерлерді, оқытушыларды жэне т.б. Қоғамның ең элсіз қорғалған мүшелеріне — балалар мен аналарға, мүгедектер жэне қарт адамдарға мемлекет тарапьшан ерекше қолдау көрсетіледі. Мемлекетгің элеуметтік сипатыжастар, зейнеткерлер туралы ерекше заңдарды қабылдауда, сонымен қатар, Президент, Үкімет, арнайы органдар қызметінде де көрініс табады.
4-сұрақ. Еліміздің Ата заңында көрсетілгендей «Қазақстан Респуб-ликасы Президенттік басқару нысанындағы біртүтас мемлекет», Мемлекетгің біртүгастығы оның экімшілік-аумақтық бірліктерден тұратындығын жэне автономияға бөлінбейтіндігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы жэне оның ең жоғары лауазымды түлғасы. Конституция бойынша Президент Қазақстан халқының бірлігін кепілдендіретін лауазымды түлға болып табьшады, яғни ол халықтың түрлі үлттық топтарымен эр түрлі жіктері арасында қайшылықтың туындамауын қамтамасыз етеді. Ол мемлекетгік биліктің барлық тармақтарының келісіп жүмыс істеуін қамтамасыз етеді. Президент азаматтар мен адамның қүқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде қызметін атқарады. Парламент ұсынған заңдарға қол қояды немесе ол заңдар Конституцияға қарама-қайшы келсе, қайта қарастыруға қайтарады. Президент Конституцияда қарастырылған жағдайлар бойынша заң күші бар жарлықтарды қабылдайды. Егер Парламент өз міндеттерін орындай алмаса, онда Президент оны тарата алады. Президент Үкімет қүрамын бекітеді, сонымен бірге оны отставкаға жібере алады. Барлық айтылғандар басқарудың Президеттік жүйесін сипаттайды.
Сонымен қатар Ата заңымызда биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөліну принциптері бекітілген. Заң шығарушы билікті Парламент, ел аумағында атқарушы билікті -Үкімет, сот билігін - Жоғары сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртүгас мемлекеттік би-ліктің тармақтар болып табылады. Мемлекеттік биліктің эр тармағы ез функциясын өзі атқарады жэне олар бір-бірінің қызметгеріне араласпауы тиіс. Егер ондай жағдай орын алып жатса, онда тежемелік эрі тепе-теңдік механизмдерін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметті отставкаға жіберу туралы, Президентті қызметінен кетіру туралы мэселелер қарайды, ал Президент Парламентті тарата алады.
Информация о работе Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық аспектілері