Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық лизинг.doc

— 517.50 Кб (Скачать)

-           несиелік тәуекелдікті минимизациялау және диверсификациялау,

-           несиелік операцияларынан түсетін табыстарды ұлғайту, оның ішінде комиссиондық төлемдерді де;

-           банктің несиелік портфелін сомалар және мерзімдері бойынша баланстау және диверсификациялау.

Соңғы жылдары регионалдық экономиканың қарқынды дамуын және өндірістің ұлғаюын қамтамасыз ету мақсатында банк несиелік рыногын кеңейтуде. Мұндай нәтижеге банк келесі іс- әрекеттер арқылы жетуде: жаңа несиелеу технологияларын еңгізу, клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын көтеру, клиенттердің экономикалық жағдайын дұрыс болжау үшін клиенттер мен қатынастарды ұзақ мерзім негізінде қалыптастыру.

Қазіргі кезде банктің несиелеу саласында басты мақсаты- клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Ол үшін банк өзінің іс - әрекеттерін үш бағытта оңтайлы дамытуда: қаржылық ресурстарды жеке, заңды тұлғалар және білік органдарының арасында орналастыру [18].

Банктің несиелік портфелі келесі қағидаларға негізделіп қалыптастырылады:

-      қысқа-, орта- және ұзақ мерзімдерді баланстау;

-      валюталар әр бір түрлері бойынша несиелеу;

-      салалық құрылымды қамтамасыз ету;

-      корпоративтік клиенттердің мүддесін қамтамасыз ету;

-      қарыз алушының мүддесін қамтамасыз ету;

-      несиелер түрлеріне қарай несиелеу.

Банктің несиелік саясатының ең басты мақсатының бірі- бұл отандық тауар өндірушілерді қолдау. Банк заңды тұлғалар үшін несиелік қызметтерінің кең ассортиментін және несиелеудің сан алуан режимдерін ұсынуда: несиелік желілер, векселдік несиелер, овердрафтық несиелер, экпорт- импорттық операцияларын несиелеу.

Несиелеуді ұйымдастыру кезінде қарыз алушы туралы толық ақпарат жинақталады. Банк клиенттің бизнесі туралы толық ақпаратқа ие болмағанша несиені бермейді. Бұл жерде клиенттің несиелік қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі, жобаларды іске асырудағы алдынға тәжірибесі, активтерінің хал-ахуалы толық тексеріледі. Егер клиент алдынғы уақытта несиені қайтарылуын белгіленген мезімнен кешіктірсе немесе заңсыз қаржылық операцияларына қатысқаны жөнінде ақпарат алынса, онда банк міндетті түрде оған несие беруден бас тарттарды.

Банк өз бетінше кепілдікке қойылатын барлық активтерді эксперттік бағалайды және несиені ұйымдастыру үшін олардың ликвидттілігін анықтайды.

Несиелеу барысында банк қызметкерлері кепілдікке қойылған мүліктін жағдайын үнемі тексеріп отырады және егер қажет болса, онда оны қайта бағалайды.

Несиелік құралының бағасына келесі факторлар әсер етеді: әр бір несиелік құралы бойынша несиелік ресурстарды пайдаланғаны үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі және несиелік құралын пайдалану үшін көрсетілген қызметтерге бір реттік сыйақы мөлшерлемесі, яғни клиенттің бизнес- жоспарын талдау, несиелік жоба бойынша конрагенттерді ісдестіру, т.с.с.

Банк қызметкерлері несиелік құралдарды басқаруда ең алдымен ол ресурстарын уақытылы қайтарылуын қамтамасыз ету тиіс. Несиелік процеске қатысатын қызметкердің бұл басты міндеті. Ол үшін қызметкер келесі іс- әреекттерді жасайды: несиелік құралының мониторингін, несиенің сапасын анықтайды, түзетуші әрекеттерді жасайды.

Банк лицензияға сәйкес қаржылық қызметтерді клиенттердің келесі категорияларына көрсетеді: халыққа, өнеркәсіптік кәсіпорындарына, а/ ш компанияларына, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарға, жеке кәсіпкерлерге, қаржылық инстиуттарына, мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына.

Банк өзінің несиелік саясатын қалыптастыруда шағын және орта бизнесті қолдау үшін арнайы іс- шараларды жасайды, сонымен бірге банк ірі корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуге ұмтылады. Халықты несиелеу үлкен болашағы бар сала деп қарастырылады: тұтыну несиелер, ипотекалық несиелеу, төлем карточкалары арқылы төлемді жасау.

Банк салалық приоритеттерді сақтауда. Мемлекеттегі макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай банк өзінің қаржылық мүддесін сақтау үшін экономиканың салаларын несиелеуде қабылданған бағыттарын өзгертеді.

Кез келген қарыз алушыға банк келесі талаптарды қояды:

қажетті құжаттар топтамасын тапсыру, банкте операциондық қызмет алу, қаржы алудың нақты мақсаттарын белгілеу, несиелік тапсырыс талдауға нәтижелеріне сәйкес болу тиіс, клиенттің өз уақытында міндеттемелерін қамтамсыз етуге дайындығы, несиелік тәукелдікті төмендету үшін сапалы кепілдеменің болуы.

Қолайсыз несиелер немесе төмен ликвидті кепілдіктер түрлерін Басты Банктің Несиелік Комитеті белгілейді.

Банктің ұйымдық құрылымы келесі органдар және бөлімшелерінен жасалынған.

Басты Банк: банк Басқармасы, Несиелік Комитет, заңды тұлғаларды несиелеуге, жеке тұлғаларды несиелеуге, экономикалық қауіпсіздікке, заңдық эскпертиза жасауға, кепілдіктің мониторингіне, несиелік операцияларының есебіне, «проблемалық» несиелер және кепілдікті сату бойынша атқарылатын жұмыстарынажауапты банк бөлімшелері.

Облыстық және регионалдық филиалдар: филиалдың Несиелік Комитеті, заңды тұлғаларды несиелеуге, жеке тұлғаларды несиелеуге, экономикалық қауіпсіздікке, заңдық эскпертиза жасауға, кепілдіктің мониторингіне, несиелік операцияларының есебіне, «проблемалық» несиелер және кепілдікті сату бойынша атқарылатын жұмыстарынажауапты банк филиалының бөлімшелері.

Несиелік саясатты қалыптастыру кезінде пайда табу негізіг факторға жатады. Бірақ осы факторға негізделген банктер басқа банктерге қарағанда нарыққа басып кіруді көздейді. Банк пайда табуды жоғары мәртебеге және сенімділікке негіздейді. Тұтыну және ұзақ мерзімді несиелері банкке жоғары көлемде табыс алып келеді [19].

Банктің неиелік саясаты несиелік ресурстарының тиімді басқарылуын қамтамасыз етілуіне, несиелік тәукелдіктерінің төмендетілуіне және банктің бәсекелестік артышылықтарын кең қолдануға негізделген.

Банк өзінің іс- тәжирибесінде қаржылық жағдайы тұрақты немесе көп жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан, менеджмент жүйесі қалыптасқан, оңтайлы басқару құрылымы бар заңды тұлғаларды несиелейді.

Сонымен бірге, банк қызметкерлері жас өсіп келе жатқан салалары арасында жаңа инвестициялық жобаларға бейімделген клиенттерге да назар аударады. Ол үшін банкте үнемі жетілдірілетін жаңа әдіснамалық материалдар қарстырылады.

Қазіргі кезде банк экономиканың барлық ішқі секторларында және сыртқы нарықта да қызмет көрсетуде.

Салалық құрымда банк келесі деңгейлерді анықтауда:

Жоғары- мұнай және газ, мұнай-химия өнеркәсібі, телекоммуникация, түсті және қара металдар, көлік, а/ш, тамақ өнеркәсібі, сауда, сауда- делдалдық, энергетика, жеңіл өнеркәсібі, фармацевтика, қызмет көрсету саласы.

Орта- кен өнеркәсібі, аса қымбатты металдарды өндеу, уран рудаларын өндеу, машинажасау, а/ш, т.с.с

Төмен – коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік бюджеттік ұйымдар мен басқалары.

Ең алдымен банк несиеле процесінде тек ҚР оранласқан резидент-клиенттерді несиелеуге бағыттаған еді. Мақсат- мемлекеттік тәукелділікті төмендету. Резиденттерді емесиерді несиелеу жалпы несиелік портфелінің 20 пайызынан аспауы тиіс.

Банкте қолайсыз несиелерге жататындар: бағалы қағаздар нарығында жылжымайтын мүлікпен жасалынатын спекулятивтік операцияларына несие беру, жаңа технологияларды несиелеу, қоғамдық, саяси ұйымдарды несиелеу, мерзімі өтіп кеткен несиелерді қаржыландыру, бастапқы капиталды несиелеу.

Лизинг үшін құжаттарды қарастыру және шешім қабылдау үшін мерзім- 14 күнге дейін.

«Темірлизинг» ашық акционерлік қоғамында кез келген құрал-жабдықты лизингтік қаржыландырады, егер ол келесі талаптарға сай келсе:

1)  Шыдамдылық. Құрал- жабдықты пайдалану мерзімі лизинг мерзімінен кемінде екі есеге артық болуы тиіс. Құрал- жабдық физикалық және моралдық тозуға төзім болуы тиіс. Сондықтан, лизингтік портфелде келесі құрал- жабдықтар орын алуда: полиграфилық, фоексографиялық, орама жасайтын, ағашөгдеуші, металөндеуші, а/ш, автосервистік, арнайы техника құралдары;

2)  Өтімділік. Әлбетте екінші реттік нарықтың болуы тиіс, яғни кез келген кезде құрал- жабдықты сатып жіберуге мүмкіндік болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл құрал- жабдық осы регионда сұранысқа ие болуы тиіс. Құрал- жабдық ерекше және жекеше болмауы тиіс, құнына кедергі болмайтын деңгейде құрал-жабдық демонтаждауға , тасымалдауға және қайта монтаждауға қолайлы болуы тиіс.

3)  Қызмет көрсету. Міндетті түрде ҚР аумағында осы құрал- жабдыққа қызмет көсретудің сервистік базасы қалыптасуы тиіс. Құралжабдықтаушы сатудан кейін де гарантиялық қызмет көрсетуі тиіс. Сонымен бірге ол шұғыл түрде қателіктерді өтеу тиіс, қажет болса бөлшектерді аустыруы тиіс, үнемі кеңестер беруі тиіс. Мақсат- лизинге алған клиентте қосымша ешқандай мәселе болмауы тиіс.

4)  Заңдылық. ҚР осы құрал- жабдықты пайдалану заңды болуы тиіс.Құрал- жабдық барлық эконологиялық нормаларына сай келуі тиіс.

5)  Алдын ұсталынған құрал- жабдық. Бұрын қолданытса болған құрал- жабдықты лизингке беруден алдын арнайы бағалау техникалық мекемелерінен оның сипаттамалары туралы ақпарат алуы тиіс, яғни құны, ресурстары туралы, пайдалану мерзімі туралы, т.с.с.

«ТемірБанк» ААҚ ұсынатын лизинг операцияларының сызбасы.

Ең алдымен банкте лизингтік төлемдер ай сайын тең мөлшердегі төлемдер арқылы қайтарылады, бұл іс- шаралар бизнес субъектілеріне өзінің бюджеттінің көлемін алдын ала анықтауға және ақшалай ағымдарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Шаруашылық субъектісі айналым капиталын алайдатпай қажетті кезде жетекші әлемдік және ұлттық техника өндірушілерінің өнімдеріне қол жеткізе алады. Демек, лизингке алынған құрал- жабдық өзінің құнын өтеп ғана қоймай, сонымен бірге өндірісіте пайдаланып кәсіпорынның табыстылығын асыруға мүмкіндік береді.

Банктен лизинг алу үшін оңайтылған тәртіп негізінде құжат топтамасын тапсырады, яғни бизнес- жоспарды, толтырылған тапсырыс анкетасын және оған қосымша қажетті заңнамалық құжаттарды. Лизин туралы шешім 2 апта ішінде қабылданады [20].

Лизинг жаңадан ашылып отырған кәсіпорындар үшін де қолайлы қаржыландыру көзі болып табылады.

 

 

2.3 Банк - лизинг субъектісі ретінде

 

 

Кез келген кәсіпкерлік субъекті үшін маңызды мәселе- бұл қаржылық тұрақтылық. Жаңа қаржылық көздерінің ішіне негізігі көзі – шағын бизнес субъектілеріне берілетін коммерциялық банктердің лизингтік несиелері.

Соңғы жылдары лизингтік ресурстар нарығы қаржылық және лизингтік қаражаттарының жеткіліксіз болуымен сипатталады. Мұндай жағдайдың орын алуының себептері:

1)      нарықта жалпы алғанда жоғары пайыздық ставкалары орын алған (орташа 20-25%);

2)      несиелердің қысқа мерзімділігі;

3)      көптеген коммерциялық құрылымдарда банктік талаптарға сай келетін жоғары ликвидтілік мүліктін болмауы.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілер коммерциялық банктерден несие алу үшін өз бетінше сапалы бизнес- жоспарларын құруда бірнеше қиыншылықтарға ұшрайды.

Коммерциялық банктерден несиелер алуда ең алдымен жаңадан ашылған кәсіпкерлік субъектілер қиналады. Себебі кез келген банк тұрақты табысқа жетпеген кәсіпорынға қаражат салғысы келмейді. Сонымен бірге жаңадан ашылған кәсіпорындар ішінде банктроттыққа жеткендердің үлесі жоғары болып келеді. Бұл несие бермеудің тағы да бір себебі.

Лизингтік бизнес тартымды болып келуінің ерекшеліктері:

-      басқа бизнес түрлеріне қарағанда салынған қаражаттарының тез қайтарылуы;

-      қазіргі кездегі қазақстандық лизингберуші компаниялары ең алдымен ішқі нарыққа қызмет көрсетуге тырысады;

-      нарықтық конъюктураның өзгеруне икемділігі, яғни сұраныстың өзгеруін тез есепке алады;

-      лизингтік құрылымдарының белсенді инвестициялық саясаты, бұл бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және жаңа техногологияларды еңгізуге, өнімдерінің ассортиментін түрлендіруге ынталандыруға өз ықпалын тигізеді;

-      лизингтік құрылымдарының жылдамдығы, ол ірі кәсіпорындары арасында делдалдық қызметті дамытуға жол ашады;

-      экономиканың қазіргі кездегі даму деңгейін жоғарлатуда, ірі тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорындарды қажетті деңгейге жетуін қамтамасыз етуде делдалдық бизнес үлкен ықпалын тигізеді.

Лизинг Қазақстан үшін жаңа іс-әрекет, сондықтан бізде нақты тәжірибені өзі жоқ. Бірақ қазіргі кезде бұл іс-әрекет тез дамуда.

Лизингтің негізгі құжаты болып – келісім-шарт болып табылады.

Лизинг беруден алдын берілетін мүліктің құны, төлеу әдістері мен мерзімі, аванс мөлшері, мүліктің қалдық сомасы есептеленеді. Ең құрделі мәселе –бұл лизинг алушыңын төлем қабілеттілігін анықтау. Бұл өз кезегінде мемлекеттегі тұрақсыз қаржылық жағдайы мен түсіндіріледі [21].

Лизинг алушының лизинг берушіге берген аванстық төлемдері келесі мақсаттарға жұмсалуы мүмкін:

1)      құрал-жабдықтаушыға авансқа;

2)      кедендік төлемдерге;

3)      кедендік қосылған құн салығы;

4)      қосымша қаражаттарға;

5)      қосылған құн салығы

Лизинг келісімінде лизинг алушы бюджетке төлейді:

1)қосылған құн салығы

2) мүлік салығын;

2006 жылы Қазақстан Республикасы экономикасы зор өсімге ие болды. Жалпы ішкі өнім өсімі 2005 ж. салыстырғанда 9 пайызды құрады, өнеркәсіп саласының өсімі –23 пайызды құрады, ауылшаруашылығы – 6 %, жүк тасымалдау темір жолымен –32 %.

Информация о работе Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері