Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа
Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Кәсіпорын үшін өте маңызды болып құрал-жабдықтарды сатып алу немесе лизингкке алу мәселесі табылады.
Кәсіпорын әр қашанда өзіне инвестициялар көзін іздейді. Олардың ішінде лизингітң рөлі жоғары. Инвестициялардың тиімділігі бір нысанымен белгіленбейді, бұл әдетте салыстырмалы түрде жүұргізіледі. Нарықтық экономика үйретуде қазіргі табылған ақша кейінгі ақшалардан немесе несиеге орналыстырылған ақшалардан тиімді деп табылады. Сонымен инвестициялардың бағалығы болашақта алынатын табыстарды дисконтталануы мен анықталанады.
Лизингтік операцияларының тиімділігі құрделі есептер негізінде анықталады.
Кәсіпкер есептеу керек ақшалай ағымдарының екі ағымын:
1)сатып алуға кететін;
2)арендаға кететін.
Егер ремонттік жұмыстарының шығындары (басқа да ағымды шығындары аренда шыңғындарына қосылса) ремонтқа кіргізссе, онда оларды иесі есепке алады.
Мысал, арендаға берілетін құрал-жабдықтың сомасы 1 млн.доллар. Аренда мерзімі – 4 жыл, ай сайын төленетін аренда слмасы –21 000 доллар, ол айдың басында беріледі. Аванс- 200000 доллар, ол басында беріледі. Қалған сомаға несие беріледі 5 жылға 6 % жылдық, қарызды қайтару әр жылдың сонында. Қалдық құн –400000 доллар. Ремонт құралды пайдаланушының есебінен жүргізіледі, сондықтан бұл шығындар салыстырмалы есепке кіргізілмейді.
Төлемдер ағымы 48 арендалық төлемдерінен тұрады 21 000 дол. әр қайсысы
Р= 800: а (5;6)=800: 4,212364=189,92 мың дол.
Егер дисконт- 8 пайыз
А(5;8)- 3,999271
Онда қазіргі ағым көлемі- П= 200+189,2х3,99271-400х1,08 –3 = 686.07 мың дол.
Қазіргі аренда сомасы- 21х12х3,43188=864,83 мың доллар яғни, бұл кезде аренда сомасы өте қымбат болып табылады. Аренда тиімді болар еді, егер Р=686,7/3,43188= 200 000 бір жылға немесе 200:12= 16.67 мың доллар 1 айға болса, онда аренда тиімді болар еді.
Осындай көптеген проблемалар лизинг қатынастарында кездеседі. Оларды шешу үшін, кәсіпорындарда инвестициялардың тиімді көзіне айналдыру үшін бізде келесі мәселері бар:
1) заңдық актілердің жоқтығы немесе тұрақсыздығы;
2) ұлттық тәжірибенің болмауы;
3) білікті мамандардың болмауы;
4) лизингітк компанияларының аздығы;
5) мемлекет тарапынан аз қолдануы;
6) бұл іс-әрекетті ынталандыру құралдарының жетілмегендігі
Ал бірақ қанша мәселер болмасын бұл лизингтік қатынастардың дамуы кәсіпорындарды қосымша инвестициялық көзбен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кездегі экономикадағы орын алған жағдай коммерциялық- делдалдық құрылымдарына толығымен өздерінің іс- әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр. Мұндай жағдай мемлекетте орын алаған келесі жағдайлармен түсінділіріледі:
-салықтарды жасыру, мұның нәтижесінде мемлекетте әлеуметтікбағдарламалар толығымен орындалмауы мүмкін;
- құқықтық- нормативтік базаның жетілдірілмегендігі;
- мемлекеттік қызметте орын алған коррупция;
- мемлекетте «көленкелі» экономиканың орын алуы, мұның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке ірі көлемде қаржылар түспейді;
ҚР делдалдық бизнес құрылымдары келесі проблемаларымен ұшрасуда:
- компанияларының төмен деңгейдегі бәсекелестігі, себебі аса артық мемлекеттік реттеу шаралары коммерциялық- делдалдық қызметінің шығындарын асырып жіберуде;
- заңдарының іске асырылуының механизмінің жетілмегендігі;
- шағын бизнестің инфрақұрылымының төмен дамуы;
- жоғары салықтық ставкаларының нәтижесінде өндіріске инвестициялар жасаудың қиындығы немес жоғары салықтар өнімдерінің бағасын асырып жіберуде;
- шындықсыз бәсеке, кейбір коммерциялық құрылымдар орынсыз салықтық жеңілдіктерге ие болып отыр.
Осы проблемаларды жою үшін мемлекет мемлекеттік басқару, жергілікті білік органдары және кәсіпкерлер арасында шағын бизнесті қолдайтын бірынғай саясатты қабылдау тиіс. Егер осы бағытта жұмыстар атқарылса, онда келесі нәтижелер болуы мүмкін:
- коммерциялық-делдалдық бизнестің дамуы үшін үкімет тарапынан қолайлы шешімдерінің қабылдануы;
- заңдық базаны қабылдау процесі қажетті кеңестік базамен қамтамасыз етіледі;
- жаңа тиімді құқықтық- нормативтік механизм қабылданады;
Жалпы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:
I кезең (1989-1992жж.)- республикада лизингтің пайда болуы. Осы кезеңде алғашқы лизингтік компаниялар пайда бола бастады. Лизингтік фирмалар және бірқатар коммерциялық банктер біржолғы шағын лизингтік операциялар жасайды;
II кезең (1992-1994жж.) – ішкі нарықта қалыптасқан экономикалық қолайсыз ахуалдың салдарынан лизингтік бизнестің бәсең тарту кезеңі.
III кезең (1995-1997жж.) – елде лизингтік бизнестің қайта бас көтеріп, қалыптасуға бет алу, мемлекеттің лизингтік бизнеске қолдау көрсету кезеңі;
IV кезең (1998-2005жж.) – лизингтік бизнестің дамып, қалыптасу, өрлеу кезеңі. Осы кезеңде көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істеп, нормативтік құқықтық база жасайды.
Кәсіпкерлік қызметінің, оның ішінде лизингтік кәсіпкерліктін қалыптасуы және тиімді қызмет ету үшін келесі алғышарттар орын алуы тиіс.
1) Экономикалық жағдайлар. Кез келген мемлекетте бұл қызметтің қалыптасуы және дамуы үшін белгілі экономикалық жағдайлар қажет. Лизингтің бизнеске әсер ететін негізгі факторлардың ішінде: қаржылық орта, нарықтық конъюнктура, инфляция қарқыны, ұлттық валютаның тұрақтылығы, халықтың табысының жоғары деңгейі, экономиканың монетизациялануы, т.с.с. Бұл факторларының барлығы макроэкономикалық категориялары болып табылады, бірақ оларды есептен шығаруға болмайды, себебі мемлекеттің макроэкономикалық жағдайы тек кез келген ұйымның қызмет етуінің басты шартты емес сонымен бірге бүкіл бизнес қалыптасуы үшін негіз болып келеді [22].
Қазіргі кезде қазақстандық коммерциялық банктер артық ақшалай сомаларын тиімді орналастыру үшін жаңа жобалық ұсыныстарға тап болып отыр. Жаңа жобаларының жетіспеушілігі қор биржасында да орын алуда, яғни қор биржаларында жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін диверсификациялау үшін қаржылық құралдар жеткіліксіз болып тұр.
Әлбетте, бұл макроэкономикалық көрсеткіштер отандық бизнестің дамуына үлкен әсер етеді. Осындай жағдайларда ұлттық өндірушілер де, нарықтағы делдалдық қызмет көрсетушілер де жоғары табыстарға жету мақсатында өзінің іс- әрекеттерін белсендетуде.
Қорыта айтқанда, лизингтік бизнестің экономикалық ортасы жалпы мемлекеттің макроэкономикалық жағдайымен, ең алдымен әлемдік экономиканың және Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық партнерлерінің тұрақтылығымен байланысты.
2) Лизингтің қызмет етуінің негізіне экономикалық шарттарымен бірге әлеуметтік жағдайлар да жатады. Қазіргі кезде отандық тұтынушылар өздері өндірілген тауарларының сұранысқа сәйкес келуін немесе қажетті және қажетті еместігін анықтауда. Әр түрлі кездерде тұтынушыларының сұранысы әр түрлі болып келеді. Сұранысқа мемлекетте ғасырлары бойы қалыптасқан ұрп- әдеттер, рұхани -діні нормалар әсер етеді. Бұл нормалар тұтынушылардың өмір сүруіне, сонымен бірге тауарлар мен қызметтерге сұранысты қалыптастыруға тікелей әсер етеді.
Соңғы 15 жылдар ішінде республика халқы бұрынғы ҚСРО мемлекетінің халықтары сияқты қоғамдық бағалау жүйесінің трансформациялануын байқады. Қазіргі кезде қоғамның бағалауына бұрынғы 15 жылдардағы бүкіл қоғамның мүддесі емес кез келген жеке тұлғаның (индивидттің) жеке мүддесі түсуде. Енді өндіру саласында қызмет ететін кез келген кәсіпорын немесе ұйым үшін стандарттық тауар немесе бірыңғай нарықта жоқ. Бүгінгі күнде тауар немесе қызмет өндірушілер нарықта өзінің орын табу үшін және белгілі жетістіктерге жету мақсатында кез келген жеке тұтынушыға қарай бет бурыу қажет.
Мұның барлығы өндірушілерге қарағанда тұтынушыға жақын лизингтік компанияларының іс- әрекеттеріне әсер етпеуі мүмкін емес. Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі құқықтық ортада қызмет ете алады. Бизнестің дамуын қаматамасыз ету үшін көптеген іс- әрекеттер жасалынған, бірақ бұған қарамастан бұл мәселеде әлі де өте көп құрделі шешімін таппаған сұрақтар бар. Жетістіктерді атап өтетін болсақ, онда кәсіпорындарды ашу, тіркеу процедуралары оңайтылған және тездетілген. Енді бұл процедура рұқсат беру емес, хабардар ету мазмұнына ие болған. Бірақ келесі мәселелер әлі де өз шешімін күтуде. Мысалы, жас отандық бизнесті бюрократиялық машинаның құрделігінен сақтау тиіс. Ол үшін шағын бизнеске қолдау көрсететін арнайы орталықтарды, бизнес- инкубаторларды ашу тиіс, еркін экономикалық зоналарды қалыптастыру тиіс. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес лизингтік бизнес шаруашылық (фермерлік) қожалық және өндірістік кооперативтік нысанынан басқа келген ұйымдық- құқықтық нысанында болуы мүмкін [23].
Қазіргі кезде лизингтің дамуына ең үлкен кедергі болып тұрған- бұл мемлекеттің жеке бизнес секторына араласуы, яғни бизнесті шектейтін көптеген нормаларының қабылдауны. Соңғы жылдары кәсіпкерлікті қолдау үшін 1990 ж. бастап 21 заңдар қабылданған.
Бірақ, егер ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Заңының » баптарына назар аударатын болсақ, ол жерде тек 9 бабынан ( шағын кәсіпорындарды рәсімделуінің оңайтылғаны жөнінде) басқалары әлі де толық жұмыс істемеуді. Мысалы, осы заңның 5 тарауында, 7 бабында айтылған ой- егер мемлекеттік лауызымды тұлғаның қызмет көрсетуі нәтижесінде шағын кәсіпорын зияндық көрсе, онда ол лаузымды тұлға көрсетілген шығының орнын толтыруы тиіс. Ал нақты өмір де бұл ондай емес, себебі бұл жерде бұл іс- әрекеттің тәртібі, мерзімі және механизмі көрсетілмеген. Сонымен бірге қазіргі кезде мыңдаған бухгалтерлер немесе жеке кәсіпкерлер қажеттілігі кумәнді көпетеген (статистиқалық, салықтық, бухгалтерлік) құжаттарды толтыруға міндетті.
Әлбетте мемлекет міндетті түрде экономикаға араласуы тиіс, бірақ бұл іс- әрекеттер ешқашан кәсіпкерлік қызметке кедергі болмауы тиіс. Мұндай жағдайларының орын алуының басты себебі- мемлекет ол заңдарды орындаушыларының, яғни кәсіпкерлердің ой- пікірлерін есепке алмай жасайды.
Сондықтан, қазіргі кезде лизингтік бизнестің дамуында келесі мәселелері орын алады:
1) кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың пікірі есепке алынбай ведеомствоаралық шешімдер қабылданады;
2) заңдарының баптарының нақтысыздығы бірнеше ойларды тұғызады және коррупцияға орын ашады;
3) барлық заңдық құжаттар орындауда қарапайымдылықты емес ведомствовалық мүдделерін сақтауды, яғни бақылауды оңайлатуды көздеп жасалынады. Нәтижесінде екі жақтын жауапкершіліктері теңестірілмеген;
4) кейбір заңдар бүгінгі күндерінің талаптарын есепке алмайды.
Жалпы атйқанда лизингтік бизнеске арналған мемлекеттік заңдар жүйесі әлі де тиімді емес, ал керісінше олар кедергі болып табылады.
Қазіргі кезде 2003 ж. қарашасында қабылданған «Салық салу мәселелеріне өзгерістер еңгізу» Заңға сәйкес лизинг лизинг алушы үшін экономикалық тартымды болып келеді. Лизинг саласына келесі өзгерістер еңгізілген:
- Лизинг беруші лизинг алушыға қаржылық лизингке беретін импорттаған негізгі құралдар қосылған құн салығын төлеуден босатылған. Демек, лизинг алушы лизингке импорталған негізгі құралдарды тікелей импортқа қарағанда төмен бағаларымен алауға болады, себебі ҚҚС төленбейді. Мұндай негізгі құралдарының тізімі ҚР Үкіметімен бекітіледі. Басқа қаржылық лизингке берілетін негізгі құралдары үшін ҚҚС пайдаланатын жылдар бойы төленетін жарналарында тең мөлшерде есептеленеді [24].
- Қаржылық лизинг үшін сыйақылар ҚҚС босатылады;
- Несиелер бойынша пайыздарға қарағанда қаржылық лизинг бойынша сыйақылар сомалары лизингберушінің салық салынатын табысынан шегеріледі, сондықтан лизингберуші несиеге қарағанда төменірек ставкаларды орнатуға мүмкіндікке ие болады.
- Лизингалушының салық салынатын базасын анықтауда ҚР резидент компанияларынан қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар бойынша белгіленген мөлшерлемелер толық көлемінде салық салынатын базадан шегеріледі;
- Лизингалушы негізгі құралдарды эксплуатация кезінің бірінші жылда амортизациялық жарналарын екі еселенген мөлшерде есептеуі мүмкін, нәтижесінде бұл шара лизингалушының салық салынатын базасын қысқартуға мүмкіндік береді.
Лизинг инвестициялық қызметінің бір түрі болғандықтан, лизингалушы лизингке алынған негізгі құралдарды эксплуатациялау кезінде корпорациялық табыс салығы және мүлік салығы бойынша салықтық преференциялар алуы мүмкін.
Әлемдік статистика көрсетуде, экономикасы дамыған елдерде негізгі құралдарға салынған инвестициялар құрамында лизингтің үлесі 20 % нан 30 % дейін құрайды. Ал Қазақстан үшін негізігі құралдары қаржыландыруда бұл нысан өте өзекті, себебі республика бойынша негізгі құралдарының физикалық және моралдық тозуы 80 % құрайды. Бірақ, сонда да лизингті енгізуге барлығы сенімсіздікпен қарайды. Бұған себеп, лизингке қатысатын жақтардың көп болуы, әдетте үштен кем болмауы. Осы қатынастарға тек екі жақтан қатысуышыларды қамтамасыз ету үшін, яғни өндірушілердің және қаржыгерлердің, мемлекетте көптеген арнайы іс – шаралар жасалынды.
Лизингтік операцияларды жүргізу кезінде ең қиын мәселе бұл лизингтік төлемдерінің сомасын анықтау. Бұл есептеулердің негізіне жалға берілетін объектінің құнын есептеуде қоладанатын бекітілген әдістер жүйесі жатады.
Лизингтік төлем құрылымына кіретін элементтер:
- амортизация;
- лизингберуші бұл келісімді жасау үшін пайдаланған ресурстары үшін төлемдер сомасы;
- лизингберушінің көрсетілген қызметтері үшін табысы мен лизингтік маржа (1-3%);
- тәукелдік сыйақысы, оның мөлшері лизингберуішінің тәукелдік деңгейіне байланысты ;
- Соңғы үш элементтер (ресурстарға төлемдер, лизингтік маржа, тәукелдік сыйақысы)лизингтік пайызды құрайды.
- Лизинг қарапайым жалгерлік қатаныстарға ұқсағанымен олардың арасында белгілі айырмашылықтар да бар. Олар:
- арендаға қарағанда лизинг әдетте ұзақ мерзімге жасалынады;
- лизингтің объектілеріне арендаға қарағанда жер учаскілері және басқа да табиғы объектілері жатпайды;