Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық лизинг.doc

— 517.50 Кб (Скачать)

              Тәуекелділік түрлерін анықтау және оларды бағалау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Соған байланысты олардың жалпы процестің жеке бөліктері ретінде бөліп қарастыру мүмкін емес. Сонымен бірге талдау бір-біріне қарама-қарсы екі бағытта жүргізіледі, яғни бағалаудан тәуекелділік түрлерін анықтауға және керсінше. Бірінші жағдай арқылы пайда болған шығындардың себептері анықталса, ал екіншісінде арнайы жүргізілген талдаулар негізінде тәуекелділіктер және олардың салдарлары анықталады [28].

Тәуекелділік түрлері анықталып, оларға бағалау жүргізілгенне кейін болашақта мүмкін болатын шығындар көлемін азайту мақсатында тәуекелділіктерге әсер ету әдістері таңдалады. Әдетте тәуекелділіктің әрбір түріне оны азайтудың дәстүрлі екі-үш әдісін пайдалануға болады. Сондықтан да, тәуекелділікке әсер ететін әдістердің ішінен ең жақсыларын таңдау үшін, олардың тиімділіктерін салыстырмалы түрде бағалау мәселелері туады.

Экономика секторларындағы салалық ерекшеліктерге қарамастан, экономиканың барлық салаларында тәуекелділіктерді төмендеудің бір-біріне ұқсас механизмдері пайдаланылады. Олардың барлығын бірнеше бағыттар бойынша топтастыруға болады.Сол бағыттардың ішінен біздің ойымыз бойынша лизингтік қатынастарға тән тәуекелділіктерге әсер етудің төмендегідей әдістерін пайдалануға болады:

1.серіктестерді таңдау туралы қосымша ақпараттар жинақтау;

2.өзін-өзі сақтандыру және кездейсоқ шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервке сақтау;

3.тәуекелділікті бөлу (диверсификация);

4.сақтандыру.

Тәуекелділікті төмендетудің осы жоғарыда аталған бағыттарын таңдау кезінде лизингтік келісімге қатысушылар төмендегідей қағидаларды сақтандыру қажет деп ойлаймын:

-өзіндік капитал есебінен жоғары мөлшерде тәуекелділікке баруға болмайды;

-тәуекелділік салдарлары туралы ойлану қажет;

-аз мөлшердегі табыс үшін жоғары мөлшерде тәуекелділік жасамау керек.

Бірінші қағиданы іске асыру үшін лизингтік қатынастарға қатысушылар тәуекелділіктер бойынша мүмкін болатын ең жоғарғы шығын көлемін анықтау,оны лизингтік келісімге салынатын ақша қаражаттарымен салыстыру арқылы салынған капиталды жоғалту лизингтік келісімге қатысушы субъектіні банкроттылыққа әкелмейтіндігін анықтау сияқты іс-әрекеттер жасау қажет.

Лизингтік қатынастарға қатысушы субъектілер екінші қағиданы іске асыра отырып, ең алдымен мүмкін болатын шығынның ең жоғарғы көлемін білу арқылы тәукелділік салдарларын анықтау қажет және сол арқылы тәуекелділікті төмендету әдістері немесе сол шараларға қатысудан бас тарту туралы шешімдерді қабылдау талап етіледі [29].

Үшінші қағида шығын мөлшері салыстырмалы түрде жоғары болған жағдайда тәуекелділіктен бас тарту қажеттілігін көрсетеді. Енді жоғарыда көрсетілген тәуекелділіктерді төмендету әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.

Лизингтік келісімге қатысушы барлық субъектілер өздерінің тәуекелділіктерін неғұрлым төмендету қызығушылықтар бар. Бірақ олар тәуекелділіктен толығымен қаща алмайды.

1. Серіктестерді (контрпартнерлар) таңдаубойыншақосымша ақпараттар жинақ тәжірибе жүзінде келетін шараларды көмегімен іске асырылуы қажет деп ойлаймыз.

-   лизингтік қатынастар қатысушы барлық субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында міндетті түрде заң бөлімдерінің, аналитикалық бөлімшелердің және лизингтік операцияларды оқып-білу, болжау, жоспарлау үшін маркетингтік зерттеу қызметтерініңболуы керек;

              -баспасөз беттерінде және қауіпсіздік бөлімдерінің материалдары негізінде серіктестер бойынша ақпараттарды үнемі қадағалап, бақылап отыру керек.

              2.Тәуекелділіктерді басқару мәселелерін шешудегі маңызды қадамдардың бір келісімдерді толық немесе жартылай өзін-өзі сақтандыру жәнеақша қаражаттарын резервтерге сақтау мүмкіндіктерін оқып-білу болып табылады. Өзін-өзі сақтандыру бұл тәуекелдіктерді өзіне қабылдау болып табылады және тәуекелділікпен күрестің салыстырмалы түрде ең арзан әдіс болып саналады. Бұл жағдайда мүмкін болатын шығын ағымдық ақша қаражаттарымен немесе арнайы құрылған резервтердегі қаражаттармен жабылады. Сондықтан да өзін өзі сақтандыру мүмкіндіктерін пайдалану шектеулі. Осы әдіс негізінен мүмкін болатын шығындар сомасы аз болған жағдайда ғана өзін-өзі ақтайды. Өзін-өзі сақтандыру әдісін пайдаланудың лизингтік келісімдерге қатысушы тұлғалар үшін келеңсіз жақтарының болатынын да ескерген жөн. Бұл ең алдымен айналым капиталындағы ақша қаражаттарының азаюына әсер етеді. Кездейсоқ пайда болатын шығындардың орнын жабу үшінақша қаражаттарын резервттендіру бағыты да тәуекелділікті төмендетудің құралдарының бірі болып табылғанымен лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар өзіндік капиталдарының белгілі-бір бөлігін резервте кемі ұстауы қажет. Яғни, бұлақша қаражаттары жаңа және тиімді келісімдерді бекіту кезінде пйдаланылмайды, себебі, оларды айналысқа жіберу өте қауіпті. Ақша қаражаттарын резервке сақтау кезінде лизингтік жобаның құнына әсер ететінтәуекелділіктер мен сол жобаны іске асыру кезіндегі үзілістерді болдырмау үшін қажетті шығындар мөлшері арасындағы ара-қатынастарды белгілеу қарастырылады. Резерв сомасын анықтау кезінде лизингтік жоба құнының алғашқы бағалануының дәлділігін, нақтылығын ескеру қажет. Себебі, жоба құынынң нақты бағалы кездейсоқ шығындарды жабу үшін резерв қалыптастыру мөлшеріне әсер етеді. Өзін-өзі сақтандыру әдісін белгілі-бір деңгейде лизингтік қатынастарға қатысушы барлық субъектілерде тек қана өз күштерімен және ақша қаражаттарымен реттелуі мүмкін тәуекелділіктер де кездеседі. Тәуекелділіктің нақты бір түрлеріне әсер етудің тиімді тәсілдері таңдалғанан кейін лизингтік келісімдерге қатысушы әрбір субъектілерде тәуекелділіктердің барлық түрлерін басқарудың жалпы стратегиясын қалыптастыру мүмкнідігі пайда болады. Яғни, лизингтік келісімдер үшін қажетті объектілердің түрлерін қажетті қаржылық ресурстардың мөлшерін және т.б. анықтау бойынша шешімдер қабылданады. Қабылданған шешімдерге байланысты тәуекелділіктерге тікелей әсер ету жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше әдістерді пайдалану арқылы іске асырылады.

Тәуекелділіктерді басқарудың ең соңғы кезеңі лизингтік келісімдерді жүзеге асыру үшін бақылау болып табылады. Ол үшін лизингтік келісімдерді іске асыру барысында пайда болған шығындарды және оларды жою үшін жасалынған нақты іс-әрекеттерді қарастыруға мүмкіндіктер беретін нақты ақпараттар қажет.

Бақылау қызметі, бәрімізге белгілі басқарудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Яғни, бақылау пайда болған шығындар және олардың мөлшерін төмендету бойынша қабылданған шаралар туралы керекті ақпараттарды алудан тұрады. Осы ақпараттар негізінде тәуекелділік деңгейін өзгертуге әсер ететін жаңа құралдар да тууы мүмкін.

Сонымен лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін біздің ойымызша, лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында тәуекелділіктерді басқару бойынша арнайы бөлім құрылуы керек. Бұндай бөлім тек қана тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен айналысуы керек. Тәуекелділіктерді басқару стратегиясы лизингтік қатынастарға субъектілердің қызметтерінің бағыттарына, ұйымдастырылған басқару құрылымына байланысты құрылуы мүмкін.

Тәуекелділіктерді басқару бойынша арнайы бөлім сол шаруашылық субъектісінде тәуекелділікті басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастырады және осы қызметпен байланысты негізгі ережелерді жасаумен айналысады. Сонымен бірге осы сала бойынша таңдалған стратегияларды іске асыру қызметімен де айналысады. Яғни, тәуекелділік түрлерін анықтау, жасалынған экономикалық келісімдерді тіркеу және оларды статистикалық өңдеулерден өткізу.

Сонымен лизингтік қатынастарға қатысты тәуекелділіктерді басқарудың жалпы теорияларын қарастыра отырып, лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескеру арқылы лизингтік қатынасты бақару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторларды қажет деп ойлаймыз:

1.         бір лизингтік қатысушы тұлғалар санының неғұрлым көп болуы (лизингтік

компания, лизингке алушы, жеткізуші, сақтандыру компаниясы, кредитор және лизингтік келісімге жанама қатысушылар);

2.            лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы (3 жылдан жоғары);

3.            лизинг сипатының көп түрлілігі, яғни, лизинг ғылымы техникалық,

коммерциялық және қаржылық қызметтерімен өте тығыз байланысты.

Сондықтан да, лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаны негізгі қызметі болып табылу керек.

 

 

3.2. Қазақстандағы лизингтік механизмін жетілдіру жолдары

 

 

Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін:

- біріншіден, егер құрылғыларды лизингке алу банктік несие есебімен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса,

- ал екіншіден, кәсіпкердін, банктен несие алуы үшін сенімді несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығында бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайларды ескере отырып, біз лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғурлым перспективті нарықтарды бөліп қарастыруды ұсынамыз. Яғни, осы ұсынылатын механизмді қолдану арқылы лизингтік қатынасқа қатысушы субьектілер белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін. Ол үшін ең алдымен лизинггік қызметтер нарығын белгілі-бір сегменттерге бөліп қарастыру керек.

Лизингтік қызметтер нарығы сегменттерінің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына, оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.

Қаржыгерлердің III Конгресінде Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне индустриялдык, саясат шеңберінде приоритеттік маңыэы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі. Шағын кәсіпкерлік жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қатамсыз етеді және қоғам тұрақтылығының негізі – орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Осы сегментке тән сипаттық белгілердің              бірі-шағын кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелділі жоғары түрі болып табылатындығы. Оның себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

1) Шағын кәсіпорындардың көбісінің кепілге қоятын өтімділігі жоғары мүліктері жоқ;

2) Шағын кәсіпорындарда білікітілігі жоғары мамандардың аздығы немесе жоқтығы;

3) Қарызға алынған қаражаттардың өз мақсатына пайдаланылуына бақылау жүргізудің нақты мумкіндіктерінің жоқтығы.

Осы себептерге сәйкес шағын несиелік мекемелер мынадай мәселелерге кездеседі:

1)      Көптеген экономикалык. және қаржылык, ақпараттарды талдаудағы және шағын кәіспорындардың (әсіресе регионалдық) осы ақпараттарды беруден кәсіби деңгейлерінің төменділігі;

2) Шағын кәіспорындардың пайдаланатын құрылғыларының көп түрлілігі.

Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелділігінің жоғарлылығы шағын кәсіпорындар үшін банктерден берілетін несиелердің бағасы мен мерзіміне де әсерін тигізеді.

Ал, лизингтік қатынастар осындай тығырықтан шығудың бір жолы болып табылады, себебі лизингтік қатынастар кезінде несие беру үшін қажетті қамтамасыз ету мөлшеріне қойылатын талаптар банктік несиеге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

Біздің ойымызша, бүгінгі күні лизингтік компаниялар шағын бизнес сегментін игеруге неғұрлым көбірек ұмтылулары қажет. Ол үшін лизингтік компаниялардың ең төменгі шығындармен қамтамасыз етілетін перспективті инвестициялык, жобаларды таңдаудың тиімді механизмін құру арқылы, шағын кәсіпкерлер сегментіне тән тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктері болуы керек.

Міне осы стратегия осы сегментте белгілі бір жетістікке қол жеткізуге көмегін тигізеді.

Сонымен біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлер сегментімен лизингтік қатынастар орнатудың міндетті шарттарының бірі перспективті жобаларды таңдаудың тиімді механизмінің болуы. Осы жерде ең алдымен осы механизмнің міндеттері мен параметрлерін анықтау керек. Яғни, бір жағынан өмірлік қабілеттілігі жоқ жобаларды қаржыландыру арқылы тәуекелділікті жоғарлатуға жол бермеуді. Ал екінші жағынан өте қатаң талаптар қою арқылы барлык, жобалардың тым қатынасты сурыпталуын болдырмауды ескеру қажет. Бұл жерде лизингтік компанияның лизингтік келісім-шарттарды бекіту үшін қаралатын жобалар санын тәуекелділіктерді жоғарылатпай көбейтуге, яғни көрсетілген екі талапты біріктіруге мүмкіндіктері болуы қажет.

Осындай тығырықтан шығудың бір жолы біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әртүрлі ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың көптеген схемаларын құру. Бүгінгі таңда, лизингтік қатынастарға гарант ретінде мемлекеттік органдарды немесе өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары жеткізушілерді тартудың өте үлкен потенциалы бар. Себебі, қазіргі кезде мемлекет экономиканың кейбір нақты салаларын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Сонымен бірге, лизингтік компаниялар құрылғыларды (мүліктерді)
тиімді басқаруды ұйымдастыру арқылы өэ тәуекелділіктерін төмендете алады. Яғни, лизингтік компания өз қасиетіне тән емес қызметтерді де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық және қаржылық ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып өткеніміздей, көптеген шағын кәсіпорындарда осындай ақпараттарды беру үшін біліктілігі жоғары мамандар аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ осындай сызба бойынша әрбір жобаны таңдау, лизингтік компания үшін де қымбатқа түсетіні белгілі. Сондықтан лизингтік компания өз шығындарын азайту үшін халық шаруашылығының перспективті салалары мен бағыттарын үнемі қадағалап отыруы қажет. Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні
таңдайды және сол құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің дамытудың перспективтілігін толық есептейді мұндай жұмыстар атқарылғаннан кейін лизингтік компания белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін конкурс жариялауы керек. Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің мұндай жолын лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы деп те атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік процесті шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

Информация о работе Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері