Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа
Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Лизингтің көптеген функцияларынан негізгі төртеуін қарастыруға болады: қаржылық; өндірістік; өткізу; салықтық.
Қаржылық функция тауар өндірушінің қажетті өндіріс құралдар құнын бір мезгілде төлеуден босатып және оған ұзақ мерзімді несиені ұсынуда көрінеді.
Өндірістік функция қымбат бағалы және моральді ескіріп бара жатқан машиналарды сатып алуда емес, уақытша пайдалану арқылы өндірістік мәселелерді оперативті шешуде көрінеді. Бұл өндірісті материалды техникалық жабдықтаудың және жаңа техникаға, ғылыми техникалық прогресс жетістіктеріне жетудің тиімді тәсілі. Толық лизинг кезінде мүлікті беру кең көлемді техникалық қызмет көрсетумен, сақтандырумен, шикізатпен, жұмыс күшімен қамтамасыз етумен бірге жүреді [15].
Өткізу қызметі – бұл тұтынушылар шеңберін кеңейту және жаңа өткізу нарықтарын «жаулап алу». Лизинг аясына белгілі бір мүлікті тез арада сатып ала алмайтындарды тарту.
Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерді алу функциясының келесі ерекшеліктері бар:
- Лизингке алынған мүлік пайдаланушының балансында есептелінбейді (қаржылық лизингтен басқа), өйткені меншік құқығы лизинг берушіде сақталады;
- Лизингтік төлемдер өндірілетін өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына жатқызылады, яғни салық салынатын табысты азайтады;
- Лизинг объектінің пайдалы қызмет көрсету мерзімінің базасында емес, келісім шарт мерзіміне қарай жеделдетілген амортизацияны қолданады, ол өз кезегінде салықтық базаны азайтады және мүліктің жаңаруын тездетеді.
Активке меншік құқығы мен осы активті пайдаланудың құқығына бөлуде құрылған, қызмет көрсетудің құқықтық нысанына жататын, лизингтік операция экономикалық қызмет нысаны ретінде өзінің ішінде несие, аренда және инвестиция элементтерін ішіне кіргізеді. Лизинг басқа қаржыландыру нысандарына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар деп саналады. Әдебиеттерде кездесетін лизингтің артықшылықтары көп жағдайда даулы және сондықтан да оларды негіздеу мақсатында олардың мәнін ашып көрсету қажет. Төменде, лизингтік қатынастар субъектілері ала алатын, әдебиеттерде келтіріліп кеткен артықшылықтардың тізімі келтірілген.
Лизинг алушылар үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизинг 100% қаржыландыруды ұйғарады және барлық қарыз сомасын тез арада қайтаруды қажет етпейді;
- лизинг, лизинг алушыда оның қаржыландырылатын акитвтердегі қажеттіліктеріне тура сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бұл ұсақ қарыз алушыларға тиімді, өйтекені осындай икемді және ыңғайлы қаржыландыруды, ірі компаниялар алатын, ссуда немесе қайтадан басталатын несие арқылы ала алмайды. Лизингтік келісім шарт лизинг алушылардың спецификалық ерекшеліктеріне қарай жасалуы мүмкін;
- көптеген лизинг алушылардың ұзақ мерзімді қаржылық жоспарларды жүзеге асыру барысында, олардың қаржылық мүмкіндіктері үлкен дәрежеде шектелген болып келеді. Лизинг осындай шектеулерді өтуге мүмкіндік береді және осылайша инвестициялық және қаржылық жоспарлау кезінде үлкен икемділігіне әсер етеді;
- лизинг кезінде активтерді сатып алу мен қаржыландыру бір мезгілде шешіледі:
- лизинг арқылы активтерді сатып алуда, қаржыландыру, активті пайдаланудың барлық мерзімі ішінде жүргізілуі тиіс, “қаржыландырудың алтын тәртібі” орын алады. Егер активті сатып алу кезінде қарыз капитал қолданылатын болса, онда активті пайдалану мерзіміне қарағанда, әдетте қарызды тезірек өтеулінуіне талап етіледі.
- лизинг, лизинг алушының шешім қабылдауда икемділігін арттырады.
Сатып алу кезінде “сатып алмау” альтернативасы ғана бар болса, лизинг кезінде лизинг алушының кең таңдауы бар. Әртүрлі шарттары бар лизингтік келісім шарттардың ішінен лизинг алушыға, оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне жауап бере алатын біруін таңдай алады.
- лизингтік төлемдер белгіленген график бойынша жүргізілетін болғандықтан, лизинг алушы капиталдық салымдарға қаржыландыру шығындары мен өнімді өткізуден түсімдерді бақылауға мүмкіндігі көп болады да, сонымен ол құрал жабдықтарды сатып алу кезінде орын алатынға қарағанда, қаржылық жоспарлардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
- инвестицияланатын құралдардың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде, лизинг берушінің меншігі болып табылатын лизинг заты саналғандықтан, лизинг бойынша келісім шартты алу, оған балама ретінде сол активтерді алатын ссудаға қарағанда, жеңіл болып табылады;
- лизингті пайдаланған кезде лизинг алушы сол активті сатып алғанға қарағанда, өндірістік қуаттарды көбірек пайдалана алады. Уақытша босаған қаржылық ресурстарды, лизинг алушы басқа мақсаттарға қолдана алады;
- лизинг ұзақ уақыт бойы өндіріс өнімін жүзеге асырудың құралы болып табылғандықтан, мемлекеттік саясат әдетте лизингтік операцияларды ынталандыруға және кеңейтуге бағытталған;
- лизинг алушының төмен табыстылығы жағдайында, соңғысы табыс салығына жеңілдікті алуға мүмкіндік беретін, қайтарылатын лизингті қолдана алады;
- аса үлкен қаржылық ресурстары жоқ лизинг алушыға лизинг ірі проектіні бастауға мүмкіндік береді;
- лизинг затының үлкен жойылу құнын алу мүмкіндігі, көп жағдайларда лизинг алушылардың лизингті қабылдаудағы анықтаушы фактор болып табылады.
Жоғарыда келтірілгеннен басқа лизинг алушының арендаланатын мүліктің
есебін жүргізгенде бірқатар артықшылықтары бар. Олардың ішінде:
- лизинг алушы төлейтін лизингтік төлемдерді оның өзіндік құнында есепке алынады, яғни оларды төлеуге қаражаттар пайдаға салынатын салық қалыптасқанға дейін есептелінеді;
- лизинг, лизинг алушының балансында қарызды үлкейтпейді және меншіктік және қарыз қаражаттардың қатынасына тиіспейді, яғни қосымша қарыздарды алу бойынша лизинг алушының мүмкіндіктері азаймайды;
- лизингті пайдаланған кезде лизинг алушы сол активті сатып алғанға қарағанда, өндірістік қуаттарды көбірек пайдалана алады. Уақытша босаған қаржылық ресурстарды, лизинг алушы басқа мақсаттарға қолдана алады;
- лизингтік мүліктің есебі мен амортизациясы, лизинг берушінің балансында жүргізіледі. Лизингтің мерзімі әдетте, лизинг затының амортизацияланатын мерзіміне сәйкес келеді, бірақ лизингтің келісім шарттың мерзімі оған қарағанда қысқа болады. Неғұрлым лизингтің мерзімі ұзақ болса, сәйкесінше мүліктің қалдық құны төмен және мүлікті эксплуатациялау мен оны ары қарай қолдану шарттары жеңіл болады [16].
Лизингтік компаниялар үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизинг мүлігіне берілетін меншік құқығы, біршама салықтық жеңілдіктер береді. Үлкен деңгейлі салық салынатын табысы бар компаниялар, сол мүлікті сатып алуға несие бойынша пайыздарға қарағанда төмен лизингтік төлем ставкасы арқылы, табысқа салық салынуының жеңілдік режимі бар лизинг алушылардан салықтық жеңілдіктерді алмайды;
- лизингке берілетін мүлік лизинг берушінің меншігінде қалғандықтан, соңғысы бұл мүлікті өндірістік емес мақсаттарда (мысалы, несиелік қаражаттардың қайтарымдылығын қосымша қамтамасыз ету мақсатында) пайдалана алады;
- лизинг затының жеделдетілген амортизациясынан кейін жоғары жойылу құны. Лизинг затын өткізуден кейін осы бөлігінің қайтуы біршама үлкен пайда әкелуі мүмкін;
- сатушыға лизинг затын сатуға лизинг беруші тарапынан көмегі. Осындай келісімдерге сәйкес сатушы лизинг берушінің атынан клиенттерге лизингтің көмегімен өзінің өнімдердің қойылымдарын қаржыландыруды ұсынады;
- ақшалай несиеге қарағанда, мүлік нысанындағы инвестициялар, қаражаттарды қайтармау тәуекелін төмендетеді, өйткені лизинг беруші лизингке берілген мүлікке меншік құқығын сақтап қалады;
- лизингтік операцияны дайындауда және жүргізуде негізгі роль лизинг берушіде болады. Осы қызметтердің құны лизинг берушінің коммисиондық сыйақысының аз мөлшерін алмайды;
- лизинг беруші, лизингке берілген мүлікті кепілге бере отырып немесе лизингтік төлемдерге талаптарға құқықты бере отырып, қызметін жалғастыру және кеңейту үшін қосымша қаржылық ресурстарын қарастыруға мүмкіндігі бар;
- лизинг, қаржылық ресурстарды материалдық ресурстарды алуға тікелей жұмсайды да, сонымен ол несиелік қаражаттарды мақсатсыз пайдалану мәселесін шешеді;
- лизингтің көмегімен өндірістік құрал жабдықтарға инвестициялар, лизинг бойынша міндеттемелерді жабатын табысты алуға кепіл береді.
- Лизингтік мүлікті сатушысы үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизинг затын сатушысы өзінің өнімін өткізуге қосымша мүмкіндіктер алады;
- сатушы үшін мәміле аса тәуекелді емес, өйткені лизинг беруші өз мойнына мүлік құнының қайтпау тәуекелін лизингтік төлемдер арқылы алады.
- Лизингтік операцияларда қатысушы банктер үшін келесідей артықшылықтар бар:
- банктердің ең алдымен көрсететіні бұл мәміленің құнын біршама төмендетуге мүмкіндік беретін, салықтық артықшылықтар. Осы фактор батыс елдерінде лизингтің дамуына әсер етті. Мәміленің төмен бағасы проектілерді жүзеге асырудың ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді және қарыз алушылардың қарыз салмағын азайтады және нәтижесі ретінде ұсынылатын займдардың сапасын арттырады;
- шетелде өндірілген құрал жабдықтарды лизингке беру, шетелдік қаржылық ұйымдардан арзан ақша қаражаттарын немесе өздерінің өнеркәсіптерінің өнімдерін біздің елімізге экспорттауға қызығушылық танытқан мемлекеттердің ақша қорларын тартуға мүмкіндік береді;
- лизинг – ұйымдарға (банк клиенттеріне) айналым қаражаттарынан үлкен ақша қаражаттарын алмай, өндірісті қайта құруды жүргізуге көмектесетін, біздің еліміз үшін қаржыландырудың жаңа түрі;
- банк үшін несиелік портфельдің өтімділіктің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.
Лизинг алушының мемлекеті үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизинг қаржыландыру көздері арасында бәсекелестікті арттырады;
- лизинг капитал салымдардың жалпы деңгейін арттырады;
- лизингтік мәмілелердің сомалары ұлттық борышты есептеген кезде есепке алынбайды, яғни бөлек елдер бойынша Халықаралық валюта қоры белгілеген кредиторлық қарыз лимиттерін асыруға мүмкіндік пайда болады.
Жоғарыда айтылып кеткен артықшылықтармен қоса лизингте қаржылық
несиелік аяда және шешілмеген бухгалтерлік мәселелерден туындайтын, жетіспеушіліктері бар. Ұзақ мерзімді несиеге қарағанда лизинг, қатысушылардың үлкен санынан туындайтын ұйымдастырудың күрделілігімен ерекшеленеді.
- Лизинг алушы үшін лизинг келесідей жетіспеушіліктері бар:
- қаржылық лизинг кезінде лизингтік төлемдер, тіпті ғылыми-техникалық прогресс кезінде лизингтік мүлікті ескірген болса да, келісім шарттың аяқталуына дейін тоқтамайды;
- лизинг алушы құрал жабдықтың қалдық құны сомасының артуы кезінде ұтпайды;
- салықтық негізде құралған қайтарымды халықаралық лизинг, лизинг берушінің мемлекеті үшін шығындар әкеледі;
- халықаралық мультивалюталық лизингтік мәмілелерде валюталық тәуекелдерден толық кепілдеме берілмейді (бұл мәселе бір қатысушыдан екіншісіне аудару арқылы шешіледі).
Лизингтің сыртқы көрінісіндегі артықшылықтары мен жетіспеушіліктерді тізіп көрсетудің өзінде ғана, лизингтің инвестицияның тиімді нысаны бола алатынын айтуға болады [17].
2.2 Лизингтің Қазақстан Республикасында даму тәжірбиесі
Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы соңғы жылдары жалпы тұрақтылықпен және барлық макро және микрокөрсеткіштерінің жақсарыумен сипатталады. Бұл көрсеткіштер банктік секторына де оң әсерін тигізді. Коммерциялық банктердің ресурстық базасының ұлғаюның нәтижесінде олардың несиелік белсенділігі арта түсті және коммерциялық банктер Қазақстанның экономикасының нақты секторына аса ірі көлемде қаржы ресурстарын жұмсауына мүмкіндікке ие болды. Жалпы мемлекетте және банктік секторынде болып жатқан позитивті өзгерістер «ТемірБанк» АҚ инстиутционалдық дамуына да оң әсер етті.
Депозиттік базаның өсуі нәтижесінде активтерінің көлемі тез арада ұлғайды, бұл іс- әрекеттер нәтижесінде банкте тез арада жаңа талаптарға сай келетін несиелік саясатты қалпытастыру қажеттілігі пайда болды.
Кәсіпорындарының қаржылық жағдайының жақсаруы коммерциялық банктердің несиелік базасының өсуінің негізі болып келеді, яғни банктік несиеге үнемі сұранысты қалыптастырады.
Сырттан тартылған қаражаттарға сұранысты экономиканың регионалдық институттар тарапынан жүргізілетін талдау несиелеудің жаңа объектілерін және банктердің несиелік портфелінің экстенсивтік өсуін қамтамасыз етуге жол ашады.
«ТемірБанк» АҚ несиелік саясатының негізгі мақсаты- экономиканың нақты секторымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған несиелік ресурстарды тиімді басқаруды қамтамасыз ету және республика бойынша жоғары бәсекеге қабілетті несиелеу қызметіне қол жеткізу болып табылады
Несиелік саясатының негізгі міндеттері:
- экономиканың нақты секторының дамуын қамтамасыз ету үшін және жаңа жұмыс орындарын ашуға қарастырылған барлық іс- шараларына белсенді қатысу;
- халықтын әлеуметтік- тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде банктік барлық бөлімшелері белсенді қатысу тиіс;