Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық лизинг.doc

— 517.50 Кб (Скачать)

Жоғарғы сапалы жалға беру құрылыс объектілерінде келесілерді қамтамасыз етеді:

-      жұмыс сапасын жақсарту;

-      жұмысты жоспарланған мерзімде орындау;

-      жұмыстың ритмін және пропорционалдығын көтеру;

-      жұмысты жоспарланған бағамен бітіру.

Жоғары сапалы жалға берудің жалға берушілер үшін құндылығы төмендегідей;

-      фирма қызметімен тұтынушыларды ұстап тұру мүмкіндігі;

-      баға бәсекелесінен аулақ болу;

-      күшті қызметкерлерді сақтап қалу мүмкіндігі.

Жоғары сапалы жалға беру техника дайындаушыларға өте көп пайда келтіреді.

Бүгінгі таңда орташа 20% сатып алынған техникалар Европада жалға беруші компаниялармен жүзеге асады. Жалға беру бүкіл әлемде өте жылдам дамуда.

1 кестеде жалға берілген техникалардың сатып алынған техникалармен салыстыруы көрсетілген.

 

Кесте 1

Жалға берілген техникалардың қолданылуы

 

-           Тұтынушы

-           елдің аты.

-           Жалға берілген техниканың сатып алынған техникаға қарағандағы үлесі %

-           Жалға беруден түскен табыс млрд евро (доллор)

-           Солтүстік Америка

-           35

-           25 (доллор)

-           Біріккен Королдік

-           80

-           5

-           Германия

-           20

-           3

-           Франция

-           25

-           2

-           Испания

-           8

-           0,75

-           Нидерланды

-           25

-           0,6

-           Италия

-           10 кем

-           0,4

-           Қалған Европа

-           20

-           12-15

-           Япония

-           60

-           6 (доллор)

-           Россия

-           5

-           0,14 (доллор)

-           Индия

-           2

-           0,025 (доллор)

-           Қалған әлем

-           10 кем

-           4 (доллор)

Келтірілген мәліметтерден құрлыс техникаларын жалға беру нарығында Біріккен Королдік пен Япония үлкен жетістікке жеткені көрінеді. Басқа нарықтар өсу сатысында. Алдағы бес жылдықта Еуропа елдерінде құрылыс техникаларын сату мен жалға беру 40% өседі деп болжануда. Осы мерзңмде Солтүстік Америкада бұл көрсеткіш 35 тен 50% өсуі мүмкін. Соған сәйкес жалға беруден табыста артады.

Жоғарыда келтірілгендерді есепке ала отырып, жоғары сапалы жалға беру, лизинг операцияларының бір түрі ретінде жеке кәсіпорындар үшін ғана емес, толығымен мемлекет экономикасын көтерудің алғы шарты деп қорытындылауға болады.

Қазақстандық кәсіпорындардың құрылыс индустриясы бұл күнде негізгі өндірістік қорларды сапалы жаңартуда үлкен проблемалар туындауда, олар ресми статистикалық мәліметтермен бекіттілді. Мәліметтер бойынша 2003 жылы республикасының құрылыс саласының техникалық базасы 30,6 мың негізгі құрылыс машиналары мен механизмдері саналады. Мұнда көбінесе физикалық тозған немесе моральды ескірген техникалар бар. «Казахстройлизинг» ассоциациясының мәліметтері бойынша құрылыс мпшиналарының тозуы 50%, ал жаңару коэффицентті 15%. Жаңа немесе қымбат техникаларды сатып алу үшін қазақсан құрылысшыларының ақшалары жоқ.

ҚР құрылыс саласының материалды – техникалық базасы физикалық және моральдық тозудің кризистік деңгейіне жетті, сондықтан атқарылған жұмыстар заман талабына сай емес. Сонымен қатар құрылыс техникаларының тозуы, апатты жағдайларды тудырады, машина мен құралдар паркінің технологиялық қасиеттерін жоғалтады, отандық құрылыс мекемелері орындайтын жұмыстар көлемі кемиді. Мұның барлығы дамыған елдерде экономика «локомотиві» деп атайтын құрылыс саласын төмендетеді. Соның нәтижесінде ҚР территориясында жұмыс істейтін шетелдік құрылыс фирмаларының саны жалпы көлемінің үштен біріне жетті.

Қазіргі таңда көптеген отандық кәсіпорындар алдында жаңа технологиялар мен құралдар алу үшін ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту есептері тұр. Осындай жағдайда лизинг өндірісті дамыту үшін қаржыландырудың тиімді әдісі болмақ.

Осы күндеріастанада лизинг операцияларын жүргізу үшін «Шағын бизнесті қолдау орталығы» МКК және «Астана финанс»ААҚ жұмыс атқарады, бірақ бұл компаниялардың аванс төлемдерінің сыйақысы 30%, ал жалпы сыйақы 25% деп қарастырылған. Бұл шарттар тәжірбие жүзінде қазақстанның құрылыс компанияларына тиімді емес және банк несиелеріне еш айырмасы жоқ. Несие талдаушы «Астана финанс» ААҚ Е. Мажитовтың ойынша құрылыс техникалары мен несие ресурстарының қымбаттығына сәйкес мемлекет тарапынан қолдау қажет етеді және жылына 2,5 млрд теңге арнайы бюджеттік бағдарламамен бөлінуі тиіс деп есептейді. Осы шаралар нақты түрде отандық құрылыс компанияларына техникаларын жаңарту, технологиялық процестерді модернизациялау арқылы жалпы саланы табысты көтеруге ықпал етер еді.

Индустрия және сауда министрлігінде қажетті техника мен технологиялық құралдардың бөлінісі жасалған, лизингтік операцияны жүзеге асыру үшін қаржылық қорлар нарығы ізделуде. Құрылыс ісі бойынша комитте «Құрылыс салаларының материалдық- техникалық базасын жаңарту үшін лизингтік операцияларды несиелеу» бюджеттік бағдарлама жобасын бюджеттік комиссияға ұсынды.

Бағдарламаны қаржыландыру ҚР Ұлттық Банкінің қаржыландыру ставкасы бойынша 5 жылға жоспарланып жүзеге асады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру отандық құрылыс индустрияның өндірістік мүмкіндіктері мен бәсекелестігін арттырады, құрылыс, монтаж жұмыстарының өзіндік құнын кемітеді, көлемін арттырады, ал өз кезегінде құрылыс жинақ және ипотекалық несие жүйесін арттырады. Сондай-ақ құрылыс салаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттырады, құрылыс өнімінің сапасын жақсартады. Мұның өзі отандық өнеркәсіп өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық төлеу базасын арттыруға көмектеседі.

Ресейде лизинг жуйесін мемлекеттің қолдауы оның тиімділігін арттыратынына көңіл аударды. Оны заңмен: «Лизинг туралы» 29.10.1998 жылы бекітті. Бұл заңда мемлекеттік капиталдың лизинг қызметін құрудағы үлесі қарастырылады. Бізде де ол тәжірбиелерге назар аударыулда. Мысалы «КазАгроФинанс» ЖАҚ ауылшаруашылық құрылыстың лизингтік операцияларын қаржыландыруда мемлекеттік қолдаудың тиімділігі көрінеді. Қазақстанда т»Лизингті ауылшаруашылығында ұйымдастыру ережелері» 29.03.2001 жылы № 405 ҚР Үкімітінің қаулысымен бекітілді және табысты әрекет етуде. Аталған ережелер бойынша республикалық бюджеттен жаңа ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға жылдық пайызы 7%, мерзімі 7 жылға несие берілуде. Қазақстан лизингінің негізгі даму болашағын анықтағанда халықаралық оң тәжірбиелерді ескерген дұрыс.

Бұл зерттеу нәтижелері бойынша әлемдік тәжірбиеде жоғары сапалы лизингті дамыту ISO 9000 халықаралық стандарттарында келесі түрде формуланады:

-      тұтынушыға максимал бағытталу;

-      басшылық жағынан жеңімпаз болуды жүзеге асыру;

-      кәсіпорын мақсатына жету үшін барлық мүмкіндіктерді тарту;

-      кәсіпорын қызметіне процестік бап;

-      менеджментке жүйелік бап;

-      барлық қызметті тұрақты түрде жақсартуға бағытталу;

-      негізделген фактілерге сүйене отырып, шешім қабылдау;

-      жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді өзара тиімді қатынастар жасау;

Әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып, жалға беру сферасын табысты дамыту үшін келесі басты стратегиялары қабылдануы тиіс;

-      жалға беру қызметі өте жоғары сапалы болуы тиіс;

-      жұмысты әлемдік стандарт деңгейінде ұйымдастыру;

-      бағада алда болу ( ағымдағы шығындарды кеміту );

-      оперативті ( жұмыстар тез орындалуы тиіс );

-      нақты партнерлік – жалпы табыс кілті;

-      жалға ең күшті машиналарды беру;

Жалға беруді тиімді ұйымдастырудың алғы шарты келесі жұмыстарды енгізу қажет:

-      машина паркінің - өск немесе кему шешімін қабылдау;

-      машина паркінің құрамы туралы шешім қабылдау;

-      машина паркін жаңарту туралы шешім қабылдау;

-      келесі сатып алулар үшін машина моделін таңдау;

-      машина сатып алуға келісім-шарт дайындау;

-      машинаға ауыстыру жабдықтарын дайындау;

-      резервтегі машиналар паркін құру;

-      бұрын жұмыс істеген қажетсіз машиналарды сату.

Жоғарыда келтірілген сұрақтар шешімін табу үшін техникалық – экономикалық негізделуі тиіс.Қымбат әрі қуатты машиналарды пайдалану 3-5 жылмен шектелуі тиіс. Бұл кезде машинаны сатудан түскен ақша мен амортизациялық аударымдар сомасы алғашқы бағасынан асып түсуі тиіс. Жұмыс істеу мкрзімін шектеу келесі себептерге байланысты: жоғарғы өнімділік және сенімділік қамтамасыз етіледі, техникалық жүргізу шығындары кемиді, жөндеу базаларына салымдар азаяды. Бұл кезде де жұмыс істеп болған машинаны сату проблемасы бар [11].

Жалға берілетін машиналарды тиімді қолдану үшін келесілерге көңіл бөлу қажет:

-      тұтынушыларға машиналардың жаңа моделін таңдау мүмкіндігін ұсыну;

-      тұтынушыларды қажет ққжаттармен жабдықтау;

-      машиналардың қолдну деңгейін мерзімді бағалау;

-      әртүрлі аймақтарда қолданылатын машиналарды бағалау;

-      арнайы инспекция күшімен машина сапасын бақылау жалға берілген машиналарды оперативті лизинг қызметімен жүзеге асыру үшін, техникалық жабдығын ұйымдастыру қажет. Сапасыз сервистің теріс әсерлері көп, мысалы ҚМЖ қауіпсіздігі мен сапасы, мерзіміне теріс әсер етеді.

Жөндеу жүргізу базаларының сипатының маңызы зор. Жалға берілген машиналарды қаржылық қамтамасыз ету де маңызды. Оперативті лизинг процесінің жұмыс істеуі мен тиімді басқару үшін сәйкес ақпараттың жабдық талап етіледі. Мұнда кең қызмет өрісі инновациялық менеджмент үшін де туындайды. Лизинг бойынша сатып алынған құрылыс техникасының бағасын төмендету үшін жол құрылыс техникасын өндіретін ірі компаниялармен жұмыс істеген дұрыс.

Халықаралық тәжірибе дәлелгендей ірі компаниялар үін арнайы дилер желісі тиімді. Мұндай компаниялар жеке қаржылық-өндірістік топ құрады немесе ірі корпорацияның құрамына енеді.

Құрылыс фирмалары банк несиелері құрылыс техникаларын кепілдікке алып береді. Бұл кезде өз мүдделерін қорғау үшін мүліктерін сақтандыруды талап етеді. Сақтандырудың ең әйгілі түрі құрылыс-монтаж тәуекелін және техниканы барлық тәуекелділікпен сынудан сақтандыру. Дегенмен техниканы тұрақты түрде қорғауды бақылау өте күрделі. Сондықтан сақтандырушылаар құрылыс техникасын түгел паркімен және кем дегенде бір жылға сақтандыруды ұсынады.

13 автордың ойынша ең қиыны шағын құрылыс кәсіпорындарына берілген техникалардың қауіпсіз жұмысын кәсіпорындарына берілген техникалардың қауіпсіз жұмысын бақылау. Мұндай кәсіпорындардың ерекшелігі мен шарты лизингтік компаниялармен жұмыс ітеуге кедергі келтіреді. Лизинг алушылардың бұл категориясы әзірше ең көп алушылар қатарында. Қазіргі заңдылықтар лизинг келісім-шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауды қарастырады. Бірақ лизингтік компаниялар 5-10% ғана қабылдайды.

Лизингпен қамтамасыз ету жүйесі тұрақты түрде дамуда. Жаңа модеьдер туындап, өзара есеп айырысудың жүйелері өнделуде. Ең бастысы- қызығушы жақтардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескере отырып бір-біріне сеніммен лизингтік жобаларды құру және жузеге асыру

 

 

1.3  Лизингтің объектісі, субъектісі, жүргізу тәртібі

 

 

Лизингтік келісімінің негізін келесі элементтер құрайды:

а) келісім объектісі;

б) келісім субъектісі (лизингтік келісімге қатысушылар);

в) лизингтік келісім мерзімі;

г) лизингтік төлемдер;

д) лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.

а) Лизинг объектілері – лизингтік келісім объектілері материалдық құндылықтардың кез келген құндылықтары бола алады, егер де олар өндірістік циклде жойылмаса. Арендаға берілетін объектілердің табиғаты бойынша қозғалатын және қозғалмайтын мүлік лизингін ажыратады.

б) Лизинг субъектілері – лизинг келісімдері объектісіне тікелей қатынасы бар жақтар (қатысушылар) оның субъектілері болып табылады. Мұнда оларды тікелей және жанама түрде қатысушылар деп екіге бөліп қарастырады.

Тікелей қатысушыларға мыналар жатады:

- лизингтік фирмалар мен компаниялар (лизинг беруші және мүлікті жалға берушілер);

- келісім объектілерін жеткізушілер (жабдықтаушылар)

- өндірістік және сауда комланиялары;

Информация о работе Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері